Құқық қорғау органдарының түсінігі


Жоспары:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Құқық қорғау органдарының түсінігі
- Құқық қорғау органдарының түрлері
- Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер
- Құқық қорғау органдарының түсінігі
Құқық қорғау қызметі - қиын және түрлі үлгілерде болатын қызмет. Оларға конституциялық бақылау, сот төрелігі, соттарды ұйымдық қамтамасыз ету, прокурорлық қадағалау, қылмыстарды анықтау және тергеу, заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау жатады. Осы бағыттардың әрқайсысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: ҚР Конституциясының ұйғарымдарын бұзуды жою, азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді әділ талқылау және шешу, соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау; прокурорлық ден қою құралдарының көмегімен заңды бұзуды анықтау және жою; қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және ашу; сотта нақты істерді қарау үшін материалдар дайындау; кімге қажет болса, барлығына білікті заң көмегін ұсыну. Осы нәтижелердің орындалуын құқық қорғау органдары қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган.
- Құқық қорғау органдарының түрлері
Құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, коррупцияға қарсы және экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жатады.
Құқық қорғау органдарына қызметке жасы 18-ге толған, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайы, білім деңгейі жөнінен өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.
Сонымен қатар арнаулы мемлекеттік органдар да бар. Оларға ұлттық қауіпсіздік қызметі, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметі жатады. Арнаулы мемлекеттік органдар ҚР Президентіне тікелей бағынады және есеп береді, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ жедел іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар.
Кіріспе
Құқық қорғау органдары - заң және құқық тәртібін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрес міндеттерін атқаратын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституциялық кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік (Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік), кедендік бақылау, әділет органдары жатады. Кең мағынада алғанда, Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемлекеттік институттарды да: адвокатураны, аралық сотты, т. б. қамтиды. Күшейтілген қылмыстық-құқықтық қорғау жүйесіне қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік шаралар да кіреді.
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.
Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау - бақылау және қадағалау қызметі деп аталады
Негізгі бөлім
Құқық қоргау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды. Қылмыстың жасалуына итермелеген себеп пен жағдай және қылмыстылықтың жолын кесу шараларын қабылдау.
Сот - әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі - қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.
Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:
- - Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады.
- - Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді. Сот әділдігінің барлық маңызды мәселелерін тек қана заң анықтайды.
Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгенін көрсетеді. Сот шешімін орындамау мемлеттік мәжбүрлеу, тіптен бостандығынан айыру шарасын қолдануға алып келеді. Қазақстан Республикасында сот әділдігі соттар арқылы ғана жүзеге асырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар сот әділдігін жүзеге асыра алмайды. Соттың шығарған шешімдерін бұзуға немесе өзгертуге тек қана соттардың ғана құқығы бар.
Сот билігін жүргізуші - судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз соттап жіберуден қорғайды. Әр азамат заң жүзінде кінәлілігі дәлелденгенше кінәлі емес деп есептеледі. Тек сот үкім шығарғаннан кейін ғана оны қылмыскер деп айта аламыз.
- Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады. Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау - бақылау және қадағалау қызметі деп аталады. Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен. Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады. Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т. б., сот органдары, адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т. б. Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді. Полиция органдарының қызметі. Полиция - Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы - көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы - жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары - күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т. б. Заң бойынша - полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т. б. міндетті. Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т. б. құқық береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz