Төлем құралы - ақша



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Эконмика және құқық факультеті
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ КАФЕДРАСЫ

Төлеуғали Н
Рысбаев А.

Тақырыбы: Ақша айналысы

Мақала

Білім бағдарламасы 6В04104-Қаржы

Пән оқытушысы: Исетова А.

Ақтөбе, 2021ж
Жалпы алғанда ақша қазіргі өмірде ең маңызды құрал болып табылады. Б.з.б 3 ғасырда күміс пышақтарды ақша ретінде қолданса, 1 ғасырында осы қазіргі ақшаның орнын алтын, күміс құймалар алмастырған. 5-6 ғасырларда ғұндар екі бетінде жазулары бар теңгелерді қолданған. Сол арқылы сауда саттықпен айнаысып отырған.
Ақша- жалпы алғанда ақша төлем құралы немесе бір заттың немесе қызметтің құны ретінде қолданылады. Ақша айналыс құралы ретінде де қолданылып жүрді. Жалпы алғанда ақшаның экономикада алар орны ерекше. Ақшаның атқаратын жалпы қызметтері:
1.Құн өлшемі. Яғни, ақша белгілі бір заттың немесе қызметтің құны ретінде қолданылады.
2. Айналыс құралы. Яғни, ақша айналыс құралы қызметінде делдал болып табылады. Тауарлар айналыс кезінде бір қолдан келесі бір қолға өтіп отырады, сол кезде ақша үнемі қозғалыста, айналыста болады.
3. Төлем құралы. Яғни, ақша төлем құралы ретінде тауарлар мен қызеттерді төлеу, жалақыларды төлеу, банктік қарыз және сақтандыру бойынша төлемдерді атқарады.
4. Қор жинақтау. Жалпы алғанда әр адам табыс тапқан кезде ақшасын екіге бөлген дұрыс. Яғни, бір бөлігін қажеттілігін қамтамасыз ету үшін және бір бөлігін қор ретінде жинақтайды, міне осы екінші бөлігін жинақтау арқылы ақшаның қор жинау қызметі іске асады.
5. Дүниедүзілік ақша. Ақша бұл қызметінде халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.[1]
Ақша негізінен өзінің даму уақыты ішінде екі түрге бөлінеді: толық құнды ақша және толық құнсыз ақша.
Толық құнды ақша- номиналдық құны оны шығаруға кеткен нақты құнымен тең болатын ақша. Бұл ақшаларға металдан жасалған ақшалар жатады, яғни мыстан, күмістен және алтыннан жасалған ақшаларды айтады. Жалпы монеталар әр түрлі болған. Монетаның бет жағы- аверс, артқы жағы- реверс, және жаны гурт деп алаталады.
Алғашқы монеталар б.э.б VII ғ ежелгі Қытай және ежелгі Лидия мемлекетінде пайда болған. Жалпы монета сөзі латынша "moneo" - "кеңес беремін, көңіліңнен шығамын" деген мағынаны береді.
Толық құнсыз ақша- номиналдық құн нақты құннан, яғни оны өндіруге кеткен құннан асып кетуі болып табылады. Оларға мыналар жатады:
1. Құнның металдық белгілері - арзан металдан жасалған ұсақ ақшалар жатадығ яғни алюминий, жез жатады.
2. Құнның қағаздан жасалған белгілері. Қағаз ақша- нағыз ақша өкілі болып табылады, олар тарихта металл ақшалардың ізбасарлары яғни орынбасарлары ретінде белгілі. [2]
Алғашқы қағаз ақшалар Қытайда 1690 ж, Солтүстік Америкада 1762 ж, Австрияда 1769 ж пайда бола бастады. Оның пайда болу себептері: монеталарды тасымалдау қиын болған соң және қағаз ақшаны шғару монетаға қарағанда арзанға шығуы және қағаз ақшаның монетаға қарағанда құнды болуы.
Ақша айналысы -- шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды іске асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың айналысы.
Ақша айналысының негізгі екі құралы бар олар қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандары. Осы екі нысандарға қысқаша тоқталып өтсем.
Қолма-қол ақша- бұл ақша қозғалысы нақты болып табылады, және төлем құралы ретінде ақша банкноттар, монеталар және қағаз ақшаларды құрайды.
Қолма-қолсыз ақша- жалпы қолма-қолсыз ақша негізі төлем құралы ретінде банк карточкалары арқылы және электронды аударымдар арқылы клиенттің жеке банк шоты арқылы төлем жасау. Қолма-қолыз ақшаның ажырамас бір бөлігі бар ол: "электрондық ақша" .
Электрондық ақша- дегеніміз ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарың пайдаланатын байланыс арқылы атқарылатын банк пен клиент немесе сатушы мен сатып алушы арасындағы төлем құралы. Электронды ақшалар пластикалық карточка түрінде болады және оның екі түрі бар:
1. Дебеттік карточка- банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, банк пен клиент арасындағы келісім-шарқа сәйкес шотындағы ақшалай қаражатты пайдалануға, керекті заттарды сатып алуға, банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алуға немесе қызметтер мен тауарлардың құның төлеуге арналған төлем құралы.
2. Кредиттік карточкалар- оның элименті мен карточка иесі арасындағы келісім-шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, немесе қолма-қол ақша алуға арналған несие карточкасы. [3]
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктерінде дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Олар: "Eurocard", ''Mastercard'', ''Visa'', ''ALTYN'', "Maestro'' және т.б жатады. Еліміздегі карта жүйесінің 67%ы "Mastercard" және "Visa" негізінде жұмыс істейді.
Осы электрондық ақшалар қазір Қазақстан Республикасында кеңінен қолданылуда, қазір көп жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің жалақысын осы дебеттік карточкаға салады. 2021 жылдың 1 қазандағы статистика бойынша жалпы банктердің айналымдағы карточкаларының саны 44,3 млн-ға жеткен. Банк карточкаларын ұстаушылардың саны болса, 37,2 млн-ға жеткен. 2019 жылмен салыстырғанда бұл - 44,9%-ға артық көрсеткіш. Зерттеулер көрсеткендей Алматы қаласында 16 жастан асқан әр қолданушыда 9 карта, ал Нұр-Сұлтан қаласында 6 карточкадан бар деп есептеледі. Ал енді өзіңіз ойланып қараңыз, қазіргі цифрлық дамыған заманда көптеген қолданушылар банк карточкаларын пайдаланады, бұл өте тиімді болып табылады.
Осы екі ақша айналымының құралдары бір-бірімен тығыз байланысты, себебі осы қолма-қол ақша әрқашан банк терминалдар арқылы қолма-қолсыз ақшаға айналып отырады, сол секілді қолма-қолсыз ақшада кей жағдайларда қолма-қол ақшаға айналады. Мысалыға: Зейнетақ, жәрдемқы немесе шәкіртақы түскен кезде осы ақша қаражаттарын кей адамдар банкоматтар арқылы шығарып алады.
Әлемді шарпыған пандемия елге көп нәрсені үйретті. Былтырғы зерттеудің нәтижесі ел тұрғындарының цифрлық сауаттылығы артқандығы белгілі болды, бұрын соңды банк карточкаларын ұстамаған адамдар өз алдарына шот ашып банк карточкаларын ие болды. Бұның барлығы ел ішінде қолма-қолсыз ақшаның дамып келе жатқандығын көрсетеді.
ХХІ ғасырда қолма-қол ақшамен жүрген адамдарды сирек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік ақша қызметі
Ақша өндіріс элементінің дамытудың теориялық және практикалық негіздері, Қазақстан Республикасында қазіргі ақша айналымын тұрақтандыру мәселелері
Ақша теориясы туралы ақпарат
Ақша нарығы туралы
Толыққұнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қатынастарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша
Айналыс құралы
Ақшаның маңызы мен қажеттілігі, шығуы
Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
Металл ақша айналысы
Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері
Пәндер