Наурызым қорығының экологиялық жағдайына баға беру


Наурызым қорығының экологиялық жағдайына баға беру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫНЫҢ ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАНДШАФТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Наурызым қорығының физикалық-географиялық ерекшеліктері
1. 2 Қорық аумағын шаруашылық игеру тарихы
1. 3 Қорықтың топырақ жамылғысы сипаттамасы
2 НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Қорық маңындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі
2. 2 Ластанудың қорық экожүйелерінің жай-күйіне әсері
2. 3 Сынақ алаңдарын зерттеу деректері бойынша қорық экожүйелерінің жай-күйін бағалау
3 НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
3. 1 Қорықты рекреациялық құрал ретінде аймақтарға бөлу.
3. 2 Рекреациялық жүктемелер бойынша қорық биоалуантүрлерінің жай-күйі мен динамикасын бағалау
3. 3 Қорық аумағының болашақтағы даму перспективалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Мемлекеттік табиғи қорық деп - табиғи процестердің, тұрпатты және бірегей экологиялық жүйелердің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуан түрлілігі мен генетикалық қорын табиғи жағдайда сақтап, дамуын зерттеуге арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды айтады. Мұндаға орман-тоғай, жайқалған шабындық, аң-құстар, жәндіктер, өзендер мен көлдердің табиғи тыныс тіршілігінің мүмкіндігінше бастапқы әрі әсем қалпында сақталуы тиіс. Табиғаттың қазынасы сарқылмайтын қор емес, оның адам игілігіне мәңгілік қызмет етуі үшін табиғаттағы тепе теңдік заңдарының сақталуы жолындағы қиындығы мен қызығы мол міндеттерді жүзеге асырып жатқан мемлекеттік мекеменің бірі - осы Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы.
Қорықтың құрылуының негізгі мақсаты - ата-бабадан мәңгілік мұра боп қалған табиғатты тұяқ тигізбей сол қалпында келер ұрпаққа табыс ету, Солтүстік Қазақстанның далалық аймағының жануарлар және өсімдіктер дүниесін, сирек және бірегейлі табиғи кешендерді өз қалпында сақтау. Айрықша қорғалатын жерді, ондағы өсімдіктер мен аң атаулыны аялап, сақтау қорықшылардың тікелей міндеті. Біріншіден ол, браконьерлерден, екіншіден өрттен қорғау, ал үшінші бағыты - ондағы өсімдіктер мен аңдарға ғылыми негізінде зерттеу жұмысын жүргізу болып табылады.
Бүгінде Наурызым қорығында 45 мемлекеттік инспекторлар қызмет етеді.
Олардың міндеті - осы табиғи байлықты қорғап, қорын молайтып, ғылыми тұрғыда зерттеп, келешекте халық игілігіне жарату. Сондықтан да тірлігіміздің тірегі - табиғат - ананы аялау адамзат үшін маңызы зор мәселеге айналуда.
Қорық ұжымы Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының аясында көптеген игілікті істерді атқарып келеді. Қорықтың жұмыс бағыты негізінен - күзет, ғылми ақпарат, экологиялық ағарту болып үш салаға бөлінеді (1сурет) . Қорығымыздағы жұмыстардың нәтижелі әрі табыста болуы білікті мамандарға байланысты. Сол себепті, туған табиғатымызды қорғап, қорық жұмысын жандандырудағы күрделі мәселелерді әр уақытта ғылыми кеңес пен ұжым жиналыстарында талқыға салып, бірлесіп шешу дәстүрге айналған.
1 сурет - Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығының жұмыс бағытының сұлбасы
Зерттеудің негізгі мақсаты:
Наурызым қорығының экологиялық жағдайына баға беру.
Зерттеудің міндеттері:
- Аймақтың табиғи - климаттық жағдайын, алаңын, жер бедері мен ауа райы жайлы мәліметтер жинау;
- Наурызым қорығы жағдайында флора және фауна түрлерінің өзгеру динамикасын анықтау;
- Қорық аумағында экотуризм бағытын дамытуға шаралар мен ұсынымдар ұсыну;
Зерттеу әдістері:
Теориялық - аналитикалық зерттеу әдістері бойынша арнайы теориялық және әдістемелік мәліметтерді зерттеу және талдау;
Сауалнама - сауалнаманы қолдану арқылы жазбаша түрде жүргізілетін әдіс. Сауалнама нәтижесінде алынған жауаптарды кесте, диаграмма, график ретінде тұжырымдалады.
1 НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫНЫҢ ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАНДШАФТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Наурызым қорығының физикалық-географиялық ерекшеліктері
«Наурызым Мемлекеттік Табиғи Қорығы» ММ-сі Торғай өлкесінің орталық болігінде орналасқан, оның аумағы көлдер жүйесімен қатар, орманды құрғақ Торғай даласының қойнауына кіреді. Және де Қостанай облысының Науырзым мен Әулиекөл аудандарына жайылған. Бұл табиғи аудандар Торғай өлкесінің құрамы.
Дәл қазіргі уақытта Науырзым қорығы орманды, су батпақты, орман далалы және далалы аймақтарын қоса алғанда 191381 га аумақты алып жатыр (2 сурет) .
2 сурет - Науырзым Мемлекеттік Табиғи Қорығының алаңының сызбанұсқасы
Қорық территориясы координаттар жүйесі бойынша меридиан бағытына 63 км (солтүстік ендігі бойынша 63°30°) ендік бағытына 65 км (шығыс ұзақтығы бойынша 51°30°) созылып жатыр.
Әкімшілік-шаруашылық қатынаста қорық түрлі 3 экологиялық жүйеден тұрады. Олар: Тірсек-Қарағай, Сып-Сың Ағаш және Науырзым-Қарағай тоғайлы сай-салалары. Олардың ішіндегі ең үлкені - Науырзым. 36918 га жерін Ақсуат, Сарымойын, Жаркөл сияқты ірі көлдер алып жатыр ( 3-4 сурет) .
3 сурет - Науырзым қорығының экологиялық жүйелері
«Науырзым Мемлекеттік Табиғи Қорығы» ММ-сіңің құрамына кіреді:
- Қатаң қорғалатын территория, алаңы - 191381 га. Қорық жұмыстарынан тыс жұмыстарға қатаң тыйым салынады.
- Дәстүрлі шаруашылық алаңқайы (қорғалатын аймақ), алаңы - 1 га. Бұл жерде қорық қажеті үшін шабындық жұмыстары жүргізіледі (6 участок), қызметтегі малдар (жылқы) жайылады (1 участок) . Бұл учаскілер 1988 жылы бөлінген.
- 3 орманшылық пен бөлек шаруашылықты қосатын буферлі аймақ (эколгиялық коридор), алаңы - 31159 га.
Қорықтың орталық мекені Караменды ауылында орналасқан. Мұнда негізгі тұрғын және әкімшілік ғимараттар, оның ішінде қорық кеңсесі (5 сурет) мен табиғат музейі (6 сурет) орналасқан.
5 сурет - Қарамеңді ауылында орналаласқан Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығының кеңсесі
6 сурет - Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығының музейі
Ауа-райы
Қорықтың басқа да дүниелері сияқты ауа-райы да әр қилы. Қыста күн 45, 7°С-қа дейін суытады, жазда дәл осындай 40-45°С-қа дейін ыстық болады. Қараша айында алғашқы қар түсіп, желтоқсан айының ортасында дала аппақ қармен жамылып жатады. Далада тұрақты жел соғуының әсерінен қар тығыз болады, оның қалыңдығы 18-30 см-ге дейін жетеді. Орман ішіндегі қар өте қалың емес (6-10 см-ден аспайды) әрі жұмсақ, борпылдақ болып келеді. Оның астында тоңазыған жер - тереңдігі 1 м-ге дейін болады.
Наурыз айының аяғына қарай қар шөге бастайды, барлық жерде су тасып, бұлақтар аға бастайды. Сәуір айында шөп шыға бастайды. Бірақ, айдың ортасына қарай қайта қар түсіп, күн суытуы әбден мүмкін. Бұл көпке созылмайды, мамыр айының аяғында күн жылып, температура 30-32°С-қа дейін көтеріледі.
Жаз айлары өте ыстық болады. Солтүстік-батыстан үнемі аңызақ жел соғып тұрады. Жазда да күн суып, 2-3°С-қа дейін температура түсуі мүмкін. Жиілетіп жаңбыр жауады, жоғарыда айтылғандай, жыл бойы жауатын жауын-шашынның 30-40%-ы жаз айларының үлесіне тиеді. Тамыз аяғының аяғына қарай ағаш жапырақтары сарғая бастайды.
Қорық территориясы шұғыл континентальды климат, яғни Батыс-Сібір климат облысына жатады. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аз қарлы да қатты. Орташа жылдық температура +2, 4°С, абсолюттік максимумда +41, 6°С және абсолюттік минимумда -45, 7°С. Орташа шілделік температура +19, 3-24, 2°С, орташа қаңтарлық температура -17-18°С. Күннің жарқырауының ұзақтығы жылына 2000-2400 сағат(Утешев, 1952ж), максимумы жаз айларында түседі. Қысқа қарай Сібір антициклонының құрылуы мен арктикалық салқын массаның келуімен жылу төмендейді. Сібір антициклонының батыс сілемі шамамен 50° с. ш-дай өтеді, сондықтан Қостанай облысы территориясында салқын уақытта оңтүстік және оңтүстік-батыс бағытындағы желдер басым болады. Желдің орташа жылдамдығы 4-6 м/сек. Облыс үшін желді ауа-райы қолайлы болып келеді. Көктемі қарқынды соңғы қыраумен жалғаспайды. Жазда күн айтарлықтай ашық болады. Ең ыстық ай - шілде, дегенмен, бұл уақытта да температура 2-3°С-қа дейін төмендеуі әбден мүмкін. Жазда солтүстік және солтүстік-батыс желдері соғады (Утешев, 1952) . Көпжылдық деректер бойынша, қорық аумағындағы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 233 мм. Жауын-шашын әр айға тең бөлініп түспейді, жауынның максимумы (30-40%) жаз айларында жауады. Вегетация кезі үшін қорық аумағына құрғақшылық және жартылай құрғақшылық кезеңдері тән.
Мұнда мамыр айынан бастап қыркүйек айының бірінші жартысына дейін созылатын құрғақшылық кезеңі басталады. Науырзым қорығының аумағында соңғы қырау жиі байқалады (мамырдың аяғы - маусымның басы), мамыр айының басында ауа-райының күрт салқындауы байқалады, айтар болсақ, 1972 жылы 8 мамырда температура күрт төмендеп (-8°С), қар түскен. Дәл осындай жағдай 1971 жылы мамырдың 10-11 жұлдыздарында да болған. Сонымен қатар, мамырдың аяғына қарай температураның 30-32°С-қа дейін күрт жоғарылауы әбден мүмкін.
Алғашқы күзгі боз қырау желтоқсан айының екінші жартысында басталып, наурыз дың аяғы мен сәуірдің басында аяқталады.
Қар қалыңдығы ашық жерлерде 18-36 см, ал қорғалатын, яғни жабық жерлерде 50-60 см-ге дейін болады. Ашық жерлерде топырақ 1 м тереңдікке дейін мұздап, қатады.
Жер бедері
Картадағы Батыс Сібір мен Тұран ойпатын қосатын жасыл белдеулерге көз салыңызшы. Теңіз деңгейінен 200 метр төмен жатқан ені 15-50 км-дей болатын табиғаттың бірегей туындысы - Торғай ойпаты осы.
Мыңдаған жылдар өткен соң Торғай ойпатының түбінде сазды шөгінділер жинала бастады. Теңіз сияқты шалқып жатқан бұл сазды шөгінділерді - чеган балшығы деп атаған. Науырзым қорығының көптеген жерлерінен осы шөгінділерді көруге болады. Қорық қоңыр топырақты бетегелі-қаулы құрғақ дала аймағында орналасқан. Территорияның бірегей ландшафтының алуантүрлілігі жер бетінің күрделі құрылысы мен ландшафтың қалыптасуына байланысты. 30 мың жыл бұрын Арал-Каспий су алабы оңтүстігінде Батыс-Сібір ойпатын жауып жауып жатқан мұздықтардың еруі кезінде мұзық тасу сулары бірнеше рет жарып өтті. Олар орталығында қорықтың үлкен территориясы орналасқан өтпелі Торғай жырасы деп аталатын кең аңғарды шайып өтті. Мұздық дәуірінен кейінгі баурайлардың өзгеруі, үстірттен ағатын өзендердің жарып шығуы, қатты жел әсерлері жер бедерінің қалыптасуын аяқтады. Жел үріп әкелген құмдар Торғай жырасы орталығына орнықты. Қазір осы сілемде Науырзым Қарағай орманы өседі, ол Қазақстан даласындағы ең қиыр оңтүстік орман болып табылады. Қазіргі кезде жер беті жасы мен геологиялық құрамы әр түрлі түзілістермен жабылған, онда шұбар топырақ-өсімдік жамылғысы қалыптасқан және жануарлар әлемінің алуан түрі кездеседі.
Қорық жазықтық-шөлді дала аймағына жатады.
Жалпы Науырзым қорығының төрттен бір болігін көлдер алып жатыр. Оның ішінде ең ірілері - Ақсуат-200 км², Сарымойын - 176км² және де Жаркөл, Қаражар, Шошқалы сияқты көлдер (7 сурет) .
7 сурет - Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығы көлдерінің картасы
Бұл көлдердің жалпы аумағы 36918 га-дай болады. Олар бірнеше су айдындарына бөлінген, көктемгі су тасқыны кезінде бұл айдындардың бәрі бір-бірімен қосылып кетеді. Олардың шетін қамыс, құрақ, қоға, таспа қоға және қараңқай қоршай өсіп тұр. Осылардың кейбіріндегі су тұщы немесе шамалы тұзды (1 метрде 2 грамға дейін тұзды болады), ал басқа айдындардың суы өте тұзды (1 литрде 15 грамға дейін тұз) .
1. 2 Қорық аумағын шаруашылық игеру тарихы
Бұл жер адамдарға сонау ерте замандарда-ақ белгілі болған. Сонау ерте замандағы оқиғаны мыңдаған жылдар бойы сақтап келеді. Жазиралы даласы, жайқалған ну орманы мен көлдердің жиегінде өмір сүрген ет пен сүйектен жаралған тайпалар мәңгілікке жоқ болып кетті. Тек қана найзалар мен жебелердің ұштары, сауыттардың сынықтары мен тас пышақтар жел айдап әр жерге шашырады да, үстін құм басып қалды. Мыңдаған жылдардан өткен соң оларды профессор А. Н. Формозов, Наурызым орта мектебінің оқушылары мен Қостанай өлке тану музейінің археологтары жинастырып алды. Олар зиратты, бірге көмілген қыш құмыраларды және ертеректегі тайпалардың тұрған мекендерін қазды. Ғалымдар өздерінің материалдары мен оқушылардың жинаған заттарын мұқиат зерттей келіп, көл маңында адамдар бұдан үш мың жылдан артық уақыт бұрын өмір сүрген деген тұжырымға келген. Оларды сақтар мен саматтар ығыстырған. Мұнда жауынгер скифтер де болған көрінеді-олардың найзаларының үш қырлы ұшы мен жебелері жиі кездеседі. Ал оларға дейінгі болған адамдардың кім екені тек ғасырлар құрдасы кең сахараға ғана мәлім.
Бұл көне ескерткіштер Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының “Табиғат мұражайында” сақталып келеді.
Өлкенің ежелгі тарихы нашар зерттелген, материалдар өте аз және оларды табу қиын. Жүздеген жылдар өтті. Өмір өз кезегімен өтіп жатты. Дегенмен зерттеу ғалымдардың жазған деректері де аз да болса бар.
Наурызым 1762 жылы П. Г. Рычковтың “Орынбор топографиясы яғни Орынбор губерниясын мұқият суреттеу” деген кітабында алғаш рет баспа бетін көрген. Бұл кітап шыққан соң мәліметтер анда-санда жарық көре бастаған. Науырзымда 1771 жылы болған академик Ф. Фальк 1826 жылы Науырзым ормандары туралы бірнеше жолдық қана дүние жазды. 1820-1822 жылдары А. Левшин Науырзымның өсімдіктер дүниесі мен топырағын суреттеді. 1849 жылы Н. Яковлев орманды алғаш рет суретке түсірген. Ол кездерде ормандар қазақ руларының иелігінде болған. Қыстың күні қазақтар ауа райының қолайсыз кезендерінде малдарын орманда ықтатып, ал өздері ағаштан баспана жасаған, отын еткен. 1902 жылға дейін көшпелі қазақтар ормандарда қыстаған. Мемлекет құрамына Аманқарағай, Басаман, Қазанбас, Терсек, Сыпсың және Науырзым орман жайлары кіретін Николаев орманшылығы ұйымдастырылған. “Торғай облысының құстары” деген алғашқы орнитологиялық еңбек П. С. Назаровтың басшылығымен 1887 жылы жарық көрді. Одан кейін П. П. Сушкиннің “Орта Қырғыз даласының құстары” деп аталатын 1908 жылы шыққан монографиясы толықтыра түсті. Әр кезеңде Науырзымда жұмыс істеген ботаниктер орман мен селеулі даланы қорғау қажет екенін айтқан. Бірақ бұл өлкенің табиғатын сақтауға тек қана Совет өкіметі орнаған соң мүмкіндік туды. Қазақстанда далалы өңірді қорғайтын қорық ұйымдастыру мәселесі қойылғанда РСФСР Халық ағарту комиссариаты профессор И. И. Спрыгинге соған лайықты орын табу жөнінде тапсырма берілген. Ол бұл аймақтың кең көлемді аумақтарын зерттей отырып, мынадай шешімге келген. Аманқарағай өнеркәсіпті орман шаруашылығынан Науырзым, Терсек және Сыпсын ормандарын алып тастап, оның орнына Торғай ойпаңының кең көсілген далалық учаскілері мен көлдерін қосу керектігін айтқан. Экспедиция материалдары мұқият зерттеліп, ақырында 1931 жылы Қазақ ССР-нің “Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы” ұйымдастырылған. Одан кейін бірнеше рет жабылып, 1966 жылы қорық болып қайтадан ашылды. Науырзым қорығы құрылған күннең бастап ақ Москва университеті жас зерттеушілерінің үңіле зерттейтін объектісіне айналды. Олар мұндағы өсімдіктер мен жануарлардың есебін алды, басқа да экологиялық жұмыстар атқарылды. “Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы жайындағы еңбектердің алғашқы томы жарық көрді. Қорықтың алғашқы ғылыми қызметкерінің бірі А. И. Купреиников ол туралы былай деп жазған. “Науырзым-табиғаттың өзі жасаған музейі, географиялық контрастар музейі” Тұзды көл жағасындағы орман, құмдағы қарағайлар, қылтанды орман ішіндегі батпақты сор, қарағайлы тоғайдың етегіндегі жусан өскен сортаң жер - осының бәрі бір жерге жиналып, шоғырланғандықтан да ғажайып көрініс береді, табиғаттың қайталанбас суретіне қарап көз тоймайтындай”. Қарауытқан қарағайлы тоғай, шоқ қайыңдар, құм шағылдар мен дала шөптері - міне, осының бәрі Науырзым қорығын құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz