Шешендік сөздердің мазмұндық түрлері
Шешендік сөздердің мазмұндық түрлері
Жоспары:
1.Шешендік сөздер
2.Шешендік сөздердің түрлері
3.Қазақ халқының шешендері
4.қорытынды
Шешендік сөздер - қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен Тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары - пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді. Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер - тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Ол түркітектес халықтардың көпшілігінде кездеседі.[1]
Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанр. Шешендік сөздер қазақ халқының даналық үлгісі болып табылады. Шешендік сөздер тарихы бірнеше кезеңге бөлінеді:
1. ХІІ - ХІІІ ғасыр - Майқы би, Аяз би.
2. ХІV - ХV ғасыр - Асан қайғы, Жиренше шешен.
3. ХVІ - ХVІІІ ғасыр - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Қазақ шешендік өнері Майқы би мен Аяз биден басталады. Халық арасында Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би деген нақыл сөз содан қалған. Шешендер - ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын даналық сөздің иелері. Бөлтірік шешеннің айтуынша, тәтті де, ащы да сөз болған. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау да ерекше айтып кеткен.
Қазақ шешендік өнерінің тарихынан ерекше орын алатын би - Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келіп, 1756 жылы дүние салған. Әз Тәуке ханның Жеті жарғы заңдар жинағын жасауға қатысқан, Билер кеңесінің мүшесі болған. Төле биді әділдігіне, парасаттылығына қарап Қарлығаш әулие, Қарлығаш би деп атаған. Төле биден қалған көптеген нақыл, өсиет, шешендік сөздер, толғаулар бар. Мысалы,
Жаңбыр жаумаса, жер - жетім,
Басшысы болмаса, ел - жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз - жетім...
Атың жақсы болса - ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса - жан мен тәннің шырағы.
Әйелің жақсы болса -
Бірінші - иманың,
Екінші - жиғаның,
Үшінші - ырысыңның тұрағы...
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Көп тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала.
Өзегің талса өзен бойын жағала
Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол!
Төле бидің даналығы, шешендігі, тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақыл сөздері ел арасына мол тараған. Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол айтып кеткен билік сөздер жөнінде Ш. Уәлиханов, Ресей ғалымдары А. Левшин, Г. Потанин, Ә. Диваев, кеңес дәуірінде Б. Адамбаев, Ә. Мәметова, М. Қалдыбаев, т.б. ғалымдар, тарихшылар, фольклортанушылар зерттеу жүргізген.
Қазақ халқының айтулы кемеңгер билерінің бірі - Қаз дауысты Қазыбек би Сырдария жағалауында дүниеге келіп, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбектің әкесі Келдібек те кезінде елді аузына қаратқан би болыпты.
Қазыбек есімі Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама атанған Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жылдары екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде әйгілі болған. Қалмақ ханына елшілікке барғанда жасқанбай өз ойын жалынды сөздермен бұршақтай жаудырып, мірдің оғындай өткір сөздерімен жоңғар ханының аузын аштырмай тұтқындағы ұл-қыздарды босатып алады. Қалмақ ханы Қазыбектің саңқылдағын даусына орай Қаз дауысты Қазыбек деген ат береді.
Қаз дауысты Қазыбек бидің толғаулары, нақыл сөздері, өмірдегі сыйластық, татулық, қадір-қасиет, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға арналған. Мысалы, Кім жақын, не қымбат, не қиын? деген сұраққа Қазыбек би аса тапқырлықпен былай жауап берген екен:
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асын -
Қимас жақын қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын.
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт-берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz