Аналитикалық химияны зерттеген ғалымдар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Аналитикалық химияның қысқаша даму тарихы
Орындаған: Жақсыбаева Ақсымбат
Қабылдаған: Сарыбева Жанай
Тобы: Х-21-3
Тараз 2022 жыл
Жоспар:
- Аналитикалық химия туралы жалпы түсінік
- Аналитикалық химияның даму кезеңдері
- Аналитикалық химияны зерттеген ғалымдар
1. Аналитикалық химия , аналитика (грек. аnalysіs - талдау, жіктеу ) - заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым.
Ең алғаш «химиялық анализ» ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль, ал «аналитикалық химия» ұғымын 1801 ж. В. А. Лампадиус енгізген. Аналитикалық химияның даму кезеңдері: алхимия' (4-16 ғ-лар), 'иатрохимия (16-17 ғ-лар), флогистондық (17-18 ғ-лар) және ғылыми (19-20 ғ-лар) болып бөлінеді. Бұл ғылымның негізгі міндеттері - талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған байланысты аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым болып табылады. Онда сапалық және сандық талдау жүзеге асырылады.
Сапалық талдау зерттелетін заттың құрамын, ал сандық талдау сол құраушы заттардың массасын не массалық үлесін анықтайды. Зерттелетін бөлшектердің табиғатына байланысты элементтік (атом-ионды), заттық, молекулалық, фазалық және функционалдық талдау болып жіктеледі. Аналитикалық белгінің табиғатына және оны өлшеу тәсіліне байланысты талдаудың химиялық (классик. ), аспаптық, биология әдістері бар. Химиялық әдістер (гравиметрлік, титриметрлік) химиялық реакциялар арқылы жүргізіледі. Аспаптық әдістер физикалық құбылыстар мен процестердегі және хим. реакциялардағы құбылыстарды физика әдістермен өлшеуге сүйенеді. Биологиялық әдістер тіршілік құбылыстарын саралауға негізделген.
2. Ерте заманнан адам әр нәрсенің түр-түсі, иісі, дәмі, қаттылығы бойынша қарапайым тәсілдер қолданып заттарды ажырата алған. Сол кездің өзінде заттарды қайта кристалдау, сүзу және қайта айдау арқылы тазарта білген.
Алғаш «химиялық анализ» терминінін ағылшын ғалымы Бойль 17-ғасырдың басында енгізді. Ол күкірт және тұз қышқылдарын кальций мен күміс-тұздары көмегімен анықтауды және индикаторды енгізді.
Аналитикалық химия жеке ғылым ретінде М. В. Ломоносовтың массалардың сақталу заңын ашып, сол бойынша есептеулер жүргізгеннен бері дами бастады. М. В. Ломоносовпен қатар өмір сүрген академик Т. Е. Ловиц анализдің негізін салды.
Зат массасының сақталу заңын пайдаланып француз ғалымы Лавуазье оксидтерге химиялық анализ жүргізді.
18-19 ғасырда аналитикалық химияның дамуына швед химиктері Бергман мен Берцелиус жұмыстарының маңызы зор болды. Ал француз ғалымы Гей-Люссак заттарға титрометрия әдісімен анализ жасауды алғаш іске асырды. 1859 жылы неміс ғалымдары Бунзен мен Кирхгоф спектрлік анализдің негізін қалады. Аналитикалық химияның ең көрнекті даму белесі- Д. И. Менделеевтің периодтық заңды ашуы мен период жүйесін жасауы еді.
Алғаш сапа және сан анализінің теориялық негізін Н. Н: Меншуткин 1871 «Аналитикалық химия» деген кітабында жазды. Онда сапа анализінің күкіртті сутегі әдісі алғаш қолданылған.
Аналитикалық химияның келесі даму белесі атом құрылысының ашылуы мен, ерітінділер теориялары және электролиттік диссоциация теорисымен байланысты.
1903 жылы орыс ғалымы М. С. Цвет хромотографиялық анализді ашты. Совет үкіметі орнағаннан соң аналитикалық химияның теориялық және іс жүзінде дамуына үлес қосқан ғалымдар саны өте көп болды. Қазір халық шаруашылығының аналитикалық химия қолданылмайтын бірде-бір саласы жоқ десе болады. Аналитикалық химияхалықаралық бірлік жүйесіне 1982 жылы енді.
Қазақстанда Аналитикалық химияның дамуы М. Т. Козловскийдің есімімен байланысты. Оның басқаруымен жүргізілген ғылым жұмыстардың нәтижесінде Қазақ мемлекеттік университетінің Аналитикалық химия кафедрасы ірі ғылым ортақа айналды. Аналитикалық химия салаларының ішінен Қазақстанда, әсіресе, электраналитикалық химия мен фазалық талдау жақсы дамыды.
Аналитикалық химия мен анализ әдістерінің көптеген тәсілдері өте ертеден белгілі. Ең алдымен сынамалық сулы немесе «құрғақ» түрде, сынаманы ерітпей, яғни ерітінділерді қолданбай сынамалы анализдеу болды, Сынамалы анализ үрдістері арқылы қымбат металдардың тазалығын бақылап, олардың кен мен құймалардың құрамындағы мљлшерін анықтаған. Сынамалы анализді жүргізу техникасы қымбат металдарды алудың өндірістік үдерісін лабораториялық жағдайда жүргізуге мүмкіндік берді. Анализдің мынадай әдістері Ежелгі Египет пен Грецияда қолданылған. Ол кезде ерітіндідегі реакцияның практикалық маңызы оншалықты болмайтын.
XVII ғасырдың ортасында өнеркәсіп пен әртүрлі өндірістің дамуы анализ бен зерттеудің жаңа әдістерін қажет етті. Себебіі сынамалы анализ химиялық және басқа да өндірістерді қанағаттандыра алмады. XVII ғасырдың ортасын аналигикалық химияның пайда болуы және химияның ғылым ретінде қалыптасуы деп есептейді. Кеннің, минералдардың және басқа заттардың құрамын анықтау үлкен қызығушылық тудырды.
XVII - XVIII ғасырларда «пробиркалық анализ» кең қолданылды. Осындай анализдің көмегімен бағалы металдардың тазалығын тексеріп, олардың рудадағы мөлшерін анықтаған. Сондықтан бұл кезде химия ғылымындағы зерттеудің негізгі үрдісі химиялық анализ болды. Р. Бойль (1627-1691) «химиялық анализ» деген терминді ұсынып, химиялық анализ туралы жалпы түсінікті қалыптастырды. Сонымен бірге ол заманауи сапалық анализдің «сулы» жолын ұсынып, осылайша реакцияны ерітіндіде жүргізудің негізін салды. Сол кезде белгілі болған сапалық реакцияларды бір жүйеге келтіріп жэне бірнеше жаңа сапалық үрдістерді (аммиакқа, хлорға және т. б) ұсынды, қышқылдар мен сілтілерді анықтау үшін лакмусты қолданды жэне тағы да басқа маңызды жаңалықтар ашты.
3. Аналитикалық химия жеке ғылым болып тек М. В. Ломоносовтың жұмыстарынан кейін, әсіресе зат массасының сақталу заңы ашылғаннан соң ғана, яғни химиялық өндірістерде сандық есептеулер жүргізілуіне байланысты қалыптаса бастады.
М. В. Ломоносов (1711-1765) химиялық реакцияларды зерттеу кезінде алғашқы рет таразыны жүйелі түрде қолданған.
Химиялық анализдің дәлдігі жоғары үрдістерін қолдану көптеген табиғи заттардың және технологиялық өнімдерінің құрамдарын анықтауға және химия ғылымының бірқатар заңдарының ашылуына әсерін тигізді. А. Л. Лавуазье (1743-1794) ауаның, судың және басқа да заттардың құрамын анықтады, жанудың оттектік теориясын қалыптастырды. Д. Дальтон (1766- 1844) заттың атомдық теориясын дамытты және құрам тұрақтылығы мен еселік қатынас заңын дәлелдеді.
Ж. Л. Гей- Люссак (1778-1850) пен А. Авогадро (1776-1856) газдар заңын қалыптастырды Аналитикалық химия жаңа әдістермен толықтырыла отырып, одан әрі дамып, жетілдірілді.
XVIII ғасырдың соңында Т. Е. Ловиц (1757-1804) М. В. Ломоносовтың идеясын дамыта отырып, кристалдар формасы мен олардың химиялық құрамы арасындагы өзара байланыстыр бар екендігін ашып, сапалық анализдегі тұздардың кристалдары формасы бойынша үрдісті- анализдід негізін салды.
М. В. Севергин (1765-1826) ерітінді түсінің қанықтығы мен концентрациясы арасындағы байланысқа негізделген колориметрлік анализді ұсынды. Сонымен қатар М. В. Севергин химиялық анализ бойынша бірнеше жетекші-еңбектер шығарған.
Ж. Л. Гей-Люссак «титрлеу» деген терминді енгізіп, анализдің титриметриялық әдісін жасады. Бұл әдіс гравиметриялық әдіспен бірге классикалық аналитикалық химияның негізін қалады. .
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында көптеген ғалымдар - Т. У. Бергман (1735-1784), Л. Ж. Тенар (1777-1857), К. К. Клаус (1796-1864 жүйелі (систематикалық) сапалық анализдің негізін қалады. Бұл жұмыстарды К. Р. Фрезениус (1818-1897) аяқтап, сапалық және сандық анализ бойынша оқулық жазды. .
И. Я. Берцелиус (1779-1848) пен Ю. Либих (1803-1873) органикалық қосылыстардың құрамындағы негізгі элементтерді - С, Н, N жэне т. б. анализдеу әдістерін дамытты. Титриметриялық анализде қарқынды дамып, оның иодометрия, перманганатометрия сияқты түрлері пайда болды.
1859-1860 жылдары Р. В. Бунзен (1811-1899) мен Г. Р. Кирхгоф (1824- 1887), олар аналитикалық химияның негізгі әдістерінің бірі және осы күнге дейін даму үстіндегі спектральды анализді ұсынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz