Аналитикалық химияның түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Аналитикалық химияның қысқаша даму тарихы
Орындаған: Ербатшаева Жанна
Қабылдаған: Сарыбева Жанай
Тобы: Х-21-3

Тараз 2022 жыл

Жоспар:
Аналитикалық химияға жалпы мағлұматтар
Аналитикалық химияның түрлері
Аналитикалық химияны зерттеу жұмыстары
Ғалымдардың еңбектері

1.Аналитикалық химия, аналитика (грек. аnalysіs - талдау, жіктеу) - заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым.
Ең алғаш химиялық анализ ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль, ал аналитикалық химия ұғымын 1801 ж. В.А.Лампадиус енгізген. Аналитикалық химияның даму кезеңдері: алхимия' (4 - 16 ғ-лар), 'иатрохимия (16 - 17 ғ-лар), флогистондық (17 - 18 ғ-лар) және ғылыми (19 - 20 ғ-лар) болып бөлінеді. Бұл ғылымның негізгі міндеттері - талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған байланысты аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым болып табылады. Онда сапалық және сандық талдау жүзеге асырылады.
Сапалық талдау зерттелетін заттың құрамын, ал сандық талдау сол құраушы заттардың массасын не массалық үлесін анықтайды. Зерттелетін бөлшектердің табиғатына байланысты элементтік (атом-ионды), заттық, молекулалық, фазалық және функционалдық талдау болып жіктеледі. Аналитикалық белгінің табиғатына және оны өлшеу тәсіліне байланысты талдаудың химиялық (классик.), аспаптық, биология әдістері бар. Химиялық әдістер (гравиметрлік, титриметрлік) химиялық реакциялар арқылы жүргізіледі. Аспаптық әдістер физикалық құбылыстар мен процестердегі және хим. реакциялардағы құбылыстарды физика әдістермен өлшеуге сүйенеді. Биологиялық әдістер тіршілік құбылыстарын саралауға негізделген.
2.Ерте заманнан адам әр нәрсенің түр-түсі, иісі, дәмі, қаттылығы бойынша қарапайым тәсілдер қолданып заттарды ажырата алған. Сол кездің өзінде заттарды қайта кристалдау, сүзу және қайта айдау арқылы тазарта білген.
Алғаш химиялық анализ терминінін ағылшын ғалымы Бойль 17-ғасырдың басында енгізді. Ол күкірт және тұз қышқылдарын кальций мен күміс-тұздары көмегімен анықтауды және индикаторды енгізді.
Аналитикалық химия жеке ғылым ретінде М.В. Ломоносовтың массалардың сақталу заңын ашып, сол бойынша есептеулер жүргізгеннен бері дами бастады. М.В. Ломоносовпен қатар өмір сүрген академик Т.Е. Ловиц микрокристаллоскопиялық анализдің негізін салды.
Зат массасының сақталу заңын пайдаланып француз ғалымы Лавуазье оксидтерге химиялық анализ жүргізді.
18-19 ғасырда аналитикалық химияның дамуына швед химиктері Бергман мен Берцелиус жұмыстарының маңызы зор болды. Ал француз ғалымы Гей-Люссак заттарға титрометрия әдісімен анализ жасауды алғаш іске асырды. 1859 жылы неміс ғалымдары Бунзен мен Кирхгоф спектрлік анализдің негізін қалады. Аналитикалық химияның ең көрнекті даму белесі- Д.И. Менделеевтің периодтық заңды ашуы мен период жүйесін жасауы еді.
Алғаш сапа және сан анализінің теориялық негізін Н.Н: Меншуткин 1871 Аналитикалық химия деген кітабында жазды. Онда сапа анализінің күкіртті сутегі әдісі алғаш қолданылған.
Аналитикалық химияның келесі даму белесі атом құрылысының ашылуы мен, ерітінділер теориялары және электролиттік диссоциация теорисымен байланысты.
1903 жылы орыс ғалымы М.С. Цвет хромотографиялық анализді ашты. Совет үкіметі орнағаннан соң аналитикалық химияның теориялық және іс жүзінде дамуына үлес қосқан ғалымдар саны өте көп болды. Қазір халық шаруашылығының аналитикалық химия қолданылмайтын бірде-бір саласы жоқ десе болады.Аналитикалық химияхалықаралық бірлік жүйесіне 1982 жылы енді.
Қазақстанда Аналитикалық химияның дамуы М.Т.Козловскийдің есімімен байланысты. Оның басқаруымен жүргізілген ғылым жұмыстардың нәтижесінде Қазақ мемлекеттік университетінің Аналитикалық химия кафедрасы ірі ғылым ортақа айналды. Аналитикалық химия салаларының ішінен Қазақстанда, әсіресе, электраналитикалық химия мен фазалық талдау жақсы дамыды.
Аналитикалық химия мен анализ әдістерінің көптеген тәсілдері өте ертеден белгілі. Ең алдымен сынамалық сулы немесе құрғақ түрде, сынаманы ерітпей, яғни ерітінділерді қолданбай сынамалы анализдеу болды, Сынамалы анализ үрдістері арқылы қымбат металдардың тазалығын бақылап, олардың кен мен құймалардың құрамындағы мљлшерін анықтаған. Сынамалы анализді жүргізу техникасы қымбат металдарды алудың өндірістік үдерісін лабораториялық жағдайда жүргізуге мүмкіндік берді. Анализдің мынадай әдістері Ежелгі Египет пен Грецияда қолданылған. Ол кезде ерітіндідегі реакцияның практикалық маңызы оншалықты болмайтын.
XVII ғасырдың ортасында өнеркәсіп пен әртүрлі өндірістің дамуы анализ бен зерттеудің жаңа әдістерін қажет етті. Себебіі сынамалы анализ химиялық және басқа да өндірістерді қанағаттандыра алмады. XVII ғасырдың ортасын аналигикалық химияның пайда болуы және химияның ғылым ретінде қалыптасуы деп есептейді. Кеннің, минералдардың және басқа заттардың құрамын анықтау үлкен қызығушылық тудырды.
XVII - XVIII ғасырларда пробиркалық анализ кең қолданылды. Осындай анализдің көмегімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналитикалық химия заттың химиялық құрамы мен құрылымын анықтау әдістері туралы ғылым
Аналитикалық химияның даму кезеңдері
Қазақстандағы аналитикалық химияның дамуы
Аналитикалық химияны зерттеген ғалымдар
Аналитикалық химия функциялары
Химияның маңызы және міндеті
Аналитикалық химия және экология.
Аналитикалық химияның талдау әдістері
Аналитикалық химияның даму тарихы
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
Пәндер