Химия сабағындағы халықтық педагогиканың ұғымдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

ТҮЙІНДЕМЕ

Этнопедагогика - өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша бұқара көпшіліктің тәжірибесі туралы ғылым, олардың педагогикалық көзқарастары, тұрмысы, отбасы, ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың педагогикасы туралы ғылым екендігі белгілі. Дипломдық жобада этнопедагогиканың химия пәнімен байланысы ашып түсіндірілді.

Этнохимияны өз еліміздің тарихымен, салт-дәстүрімен, әдеп-ғұрпынмен ұштастыра отырып этнопедагогиканың мәні түсіндірілді. Қазіргі таңда оқушылар химия ұғымдарын түсініп қана қоймай, мәселелерді химиямен байланыстыра алуы және идеялар немесе іс-әрекеттер түрінде болсын, түйіндерді шешуде белсенді рөл атқарады. Осы мақсаттарға жету үшін химияны зерттеу оқушылардың әлеуметтік өмірдегі қабілеттерін дамыту құралы бола алуы керек.

Дипломдық жобаның жаңалығы ретінде орта мектептің химия курсынан қазақ этнопедагогикасының элементтерін «Этнопедагогика элементтерін химияны оқыту үдерісіне енгізу» элективті пәнді енгізу арқылы білімалушылардың білім деңгейін тереңдету мақсатында курс ұйымдастырылды.

Дипломдық жобаның көлемі 60 бет (қосымшаны қоса есептегенде), құрылымы бойынша кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Жобада 2 сызба, 5 кесте, 2 диаграмма көрсетілген. Қосымшада суреттер мен оқу әдістемелік құралы берілген.

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: КІРІСПЕ
: 7
: 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Қазақ этнопедагогикасының білім беру үрдісіндегі өзіндік ерекшеліктері мен тәлімдік тағылымдары
: 11
: 1. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Халықтық педагогиканың ғылыми-теориялық негізі
: 11
: 1. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Халықтық педагогика элементтерін оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде тиімді қолдану
: 12
: 1. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Білім беру үдерісінде халық педагогикасын пайдаланудың тиімділігі
: 15
: 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Халықтық педагогика - сабақ мазмұнында
: 18
: 2. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Химия сабағындағы халықтық педагогиканың ұғымдары
: 18
: 2. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Білімалушылардың химия пәнінен шығармашылық дербестіктерін халықтық педагогика элементтері арқылы арттыру
: 22
: 2. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Химия сабақтарында білімалушылардың ғылыми көзқарастарын халықтық педагогика негізінде қалыптастыру
: 27
: 2. 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Химия сабағынан сыныптан тыс жұмыстардағы қазақ халықтық педагогикасының рөлі
: 32
: 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Эксперименттік бөлім және оның нәтижелерін талдау
: 35
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ҚОРЫТЫНДЫ
: 41
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 42
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ҚОСЫМШАЛАР
: 44


КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конститутциясында, «Білім туралы» Заңында және «Білім» туралы мемлекеттік бағдарламасында Қазақстандық білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін дамыту туралы жұмыстарды іске асыру қарастырылған.

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматов «Өзінің және басқа халықтың даму тарихын білмеген адам, қоғамның алға даму тарихынан тыс қалып, бір күндік қана өмір сүреді»[1], - деген сөздерін еске алуға болады. Бүгінгі таңда қазақ этнопедагогикасы үлкен жетістіктерге жетіп педагогикалық зерттеудің тұрақты нысаны ретінде қарастырылып келеді. Өйткені, этнопедагогика - жалпы педагогика ғылымының бір саласы.

Жеке тұлғаның дамуының алғашқы сатысы мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады және оның дүниетанымдық көзқарасы да осы жаста қаланады. «Атадан ұл туса игі, ол ата жолын қуса одан игі», - деген ата-бабаларымыздың болашақ ұрпаққа артқан үмітін білім беру үдерісінде олардың дүниетанымын қалыптастыру, халық қазынасымен сусындату, білім мен ғылымға құштар, ой-өрісі жоғары жастарды тәрбиелеу бүгінгі таңның талабы, сондықтан ол дипломдық жобаның өзекті мәселесі болып қалады.

Оқушы тек пәннің мазмұны туралы дайын ақпарат пен білім алумен ғана шектелмеуі керек, ол оқушының қабілеттерін нақты дамытып, оның қызығушылықтарының тәжірибесін ілгерілетіп, оқыту элементтерімен таныстыратындай, шығармашылық ойлау мен өмірлік құзіреттілікті қалыптастыратындай болуы керек. Осындай мәселелерді шешуде химия курсында қазақ этнопедагогикасын пайдаланып оқытудың маңызы өте зор. Осы асыл мұрамызды жас ұрпаққа химия пәнінен тақырыпқа байланыстыра қолдану арқылы жеткізген жөн.

Дипломдық жобаның мақсаты: дипломдық жобаның зерттеулеріне сүйене отырып қазақ этнопедагогикасын химия сабақтарында қолдану арқылы жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру және ұлттық-асыл мұраламызға білімалушылардың қызуғушыдығын арттыру үшін ертеден келе жатқан құнды мұраларымызды іріктеп, оларды оқу-тәрбие үдерісінде іске асыру.

Дипломдық жобаның зерттеу нысаны: қазақ этнопедагогикасынының оқу-тәрбие үдерісіндегі құралдары.

Дипломдық жобаның зерттеу пәні: қазақ этнопедагогикасының құралдарын оқыту мен дамыту және тәрбиелік мақсаттарында пайдаланатын мұғалімнің қызметі.

Зерттеу болжамы: Білімалушылардың химия сабағында алған қазақ этнопедагогикасынының элементтерін халық тұрмысындағы химиялық құбылыстармен ұштастырса, онда химия пәнінің білім беру сапасы жоғарлайды.

Дипломдық жобаның келесі міндеттері айқындалды:

  • оқу тәрбие үрдісінде қазақ этнопедагогикасының элементтерін тақырыптық жұмыстарда үйлесімді қолдану;
  • еліміздің болашақ ұлтжанды және бәсекеге қабілетті ұрпағын тәрбиелеуде ұлттық дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру;
  • қазақ этнопедагогикасы бойынша дидактикалық тапсырмаларды (ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер элементтері мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар және т. б) жинақтап құрастыру;
  • дипломдық жоба зерттеулерінде қазақ этнопедагогикасының элементтерін енгізіп өткізген сабақтардың әдістемесі мен әзірлемелерін ұсыну;
  • қазақ этнопедагогикасының элементтерін химия сабақтарында қолданып педагогикалық зерттеулерді химия сабақтарында жүргізіп оның нәтижелеріне талдау жасау;

Дипломдық жобаның жаңалығы: орта мектептің химия курсынан қазақ этнопедагогикасының элементтерін «Этнопедагогика элементтерін химияны оқыту үдерісіне енгізу» элективті пәнді енгізу арқылы білімалушылардың білім деңгейін тереңдетіп, пәнге қызығушылықтарын арттыру және олардың бойында патриоттық сезімді ояту.

Жобаның теориялық маңыздылығы: химия курсын меңгеруіне қазақ этнопедагогикасының әртүрлі әдістемесі мен тәсілдерінің әсері зерттелді; орта мектепте химия курсын оқытуда білімалушылар қазақ этнопедагогикасың қалыптастырудың әртүрлі әдістері мен құралдары анықталды; сабақтан тыс жұмыстарда элективті курсты оқытуда арнайы тапсырмалар арқылы білімалушыларға химия пәнін оқытуды ұйымдастыру ұсынылды.

Дипломдық жобаның практикалық маңыздылығы: дипломдық жоба химия сабағында қазақ этнопедагогикасының элементтерін оқу үрдісінде пайдалану арқылы өмірмен байланыстыра отырып, білімалушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

Зерттеу әдістері. Тақырып бойынша этнографиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу және талдау; әлеуметтік-педагогикалық зерттеушілік, эксперименттік.

Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезең - әдеби дереккөздерді талдау (тақырып бойынша этнографиялық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер), этномәдени компонентті теория мен практикада пайдалану мәселесін зерделеу; химия курсы бойынша сыныптан тыс «Этнопедагогика элементтерін химияны оқыту үдерісіне енгізу» аты элективтік курс бағдарламасы және сабақ жоспарлары әзірленді, сынақтан өтті және түзетілді. Екінші кезең - анықтау және қалыптастыру эксперименттерін жүргізу, зерттеу нәтижелерін талдау, түсіндіру, жалпылау.

Нәтижелерді апробациялау және енгізу. химия курсы бойынша сыныптан тыс «Этнопедагогика элементтерін химияны оқыту үдерісіне енгізу» элективтік курс бағдарламасы педагогикалық тәжірибе кезінде Тараз қаласының мектептерінде апробациядан өтті.

Тәжірибе 2021-2022 оқу жылында Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №10 және №23 орта мектептері мен №12 мектеп-гимназиясының 8-10 сыныптарында жүргізілді. Тәжірибеге қатысқан барлық білімалушылар саны: 60.

1 Қазақ этнопедагогикасының білім беру үрдісіндегі өзіндік ерекшеліктері мен тәлімдік тағылымдары

1. 1 Халықтық педагогиканың ғылым-теориялық негізі

Балаларды тәрбиелеу үшін арнайы қоғамдық орны жоқ болса да қазақтар өз ұрпақтарын бесікте, өлеңдер, ертегілер, поэмалар арқылы тәрбиелеген. Бүгінгі тәрбие мен білім берудің көптеген көкейкесті мәселелерін халықтың педагогикалық шығармашылықпен дамыту негізінде шешуге болатындығы жайлы білімалушылардың, мектеп мұғалімдерінің түсінігін қалыптастыру, халықтың педагогикалық тәжірибесіне мұғалімдер мамандығына дайындаудың аса қажетті мазмұндық компонент ретіндегі көзкарасының қалыптасуына ықпал етуде.

«Профессор И. Т. Огородников, Г. Н. Волковтың Этнопедагогика атты еңбегiнде Егер халықтық педагогика мен этнопедагогикаға арналып екi хрестоматия жасалатын болса, бiрiншiсiне бала тәрбиесi жөнiндегi ауыз әдебиетi үлгiлерi мен халықтың салт-дәстүрлерiне арналған этнографиялық тәлiмдiк жазбалары енгiзiлген болар едi де, ал екiншiсiне халық педагогикасы мен халықтың тәлiм-тәрбиелiк ойларын зерттеуге арналған педагог-ғалымдардың еңбектерi енген болар едi - деп атап өткен. Халық педагогикасының таза тәжiрибеге негiзделген тәрбиенiң эмпирикалық түрi екенiн және оның этнопедагогиканың ғылыми зерттеу нысаны болып саналатынын ашып көрсетедi. Өткен ғасырлардағы педагогика тарихына көз жiберсек, ұжымдық педагогикалық тәрбиенiң мәнi мен маңызына, халықтық тәрбие жөнiнде әл-Фараби, Ибн-Сина, Фердауси, Омар Хаям, Я. А. Коменский, И. Г. Песталоций, К. Д. Ушинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдар көптеген шығармалары мен өз тұжырымдарын жазып үлес қосқан. Олар халықтың бала тәрбиелеудегi тәжiрибесiнiң, педагогикалық ойларының прогрессивтiк жақтарына ерекше мән берiп, халықтық тәрбиенiң негiздерiне ғылыми талдаулар жасады»[2] . Мағжан Жұмабаевтың педагогикасындағы құрам-жіктемелер бүгінгі әлемдік педагогикамен үндесетінін көптеген ғалымдар анықтаған:

  • Жалпы педагогика - аға буынның әлеуметтік тәжірибені жас буынға түсіндіру;
  • Дидактика - оқытудың негізгі жалпы жолдары;
  • Әдістеме - белгілі бір пәнді қалай оқыту жолдары;
  • Мектеп басқару - өзінің ісін ұйымдастыру;
  • Педагогика тарихы - тәрбиенің қалыптасу тарихы.

«Халық педагогикасы мен психологиясын оқу-тәрбие жұмыстарына енгізу жолдарын ғылыми тұрғыда белгілеу мақсатында жергілікті жерлерде әр түрлі бағыттарда семинарлар-мәжілістер, пікір алмасу іс-шаралары, сондай-ақ мұғалім-ұстаздардың заман талаптарына сәйкес білімдерін жетілдіру мәселелері қызу қолға алынды. Мектеп, мектептен тыс мекемелер, балабақшалар мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ескі педагогикалық тәжірибелердің орнына жаңаша, ұлттық тәлім-тәрбиенің қағидаларына негізделіп жазылған»[3] .

1. 2 Халықтық педагогика элементтерін оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде тиімді қолдану

ХХІ ғасырда қоғамның өзгеруімен білім беру саласындағы мемлекеттік саясат өзгерді. Қазіргі уақытта өскелең ұрпақтың этникалық мәдениет құндылықтарын игеруі, сақтауы және оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесі білім беру үшін маңызды болып отыр. Кез келген халықтың мәдениетін құрайтын ұлттық құндылықтарға жүгіну, өзінің ана тілін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін сақтау арқылы этникалық мәдениетті жандандыруға ұмтылуды ынталандырады. Этникаға деген қызығушылық артып, қазіргі қоғамда, оның ішінде білім беру жүйесінде этнопедагогикалық білімнің маңызы артып келеді [4] .

Этнопедагогика - бұл халық даналығы, халық ойы, адамгершілік тәрбиенің бастауы ғана емес, бұл халықтың жаратылысының қайнар көзі, тамыры (1-2 сызба) . Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Ш. Айтматов: «Өзінің және басқа халықтың даму тарихын білмеген адам, қоғамның алға даму тарихынан тыс қалып, бір күндік қана өмір сүреді»[1] деген. Бүгінгі таңда жастар арасындағы жағымсыз қасиеттер мен жағымсыз әрекеттердің толқыны біздің халықтық білім беруден бөлінуіміздің нәтижесі екенін жоққа шығаруға болмайды.

№ 1 сызба. «Қазақ халқының этнопедагогикасының өзгешеліктері»

№ 2 сызба. «Этнопедагогика ұғымына сәйкес білімалушылардың моделі»

Этнопедагогиканың озық дәстүрлерін пайдалана отырып, білімалушылардың бойына қасиеттерді қалыптастыруда, сыныптан тыс өткізетін іс-шаралардың орны ерекше (1- кесте) .

1-кесте. «Халықтық педагогиканы сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың міндеттері мен мақсаттары»

Халықтық педагогиканы сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың
Халықтық педагогиканы сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың:

Міндеттері:

:
:
:
:
:
:
:
:
1.
Халықтық педагогиканың элементтерін қолдануға қолайлы жұмыс түрін ұйымдастыру
2.
Керекті материалды іріктеу
3.
Қазіргі заман оқыту технологияларын тиімді қолдану
4.
Этнопедагогика бойынша көрнекі құралдарды қолдану
5.
Өз іс-тәжірибең бойынша әдістемелік нұсқалар жазу

Мақсаттары:

:
:
:
:
:
:
:
:
1.
Қазіргі заман талабына сай азаматты тәрбиелеу
2.
Ұлттық намыс, қадір-қасиет тәрбиелеу
3.
Ұлттық намысқа қарсы қылықтарды әшкерелеу
4.
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
5.
Басқа халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сыйлауға тәрбиелеу
Халықтық педагогиканы сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың:
Халықтық педагогиканы сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың:
Халықтық педагогиканы сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың:
Халықтық педагогиканы сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың:
Халықтық педагогиканы сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың:
Халықтық педагогиканы сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың:
Халықтық педагогиканы сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың:
Халықтық педагогиканы сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың:
Халықтық педагогиканы сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың:
Халықтық педагогиканы сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолданудың:

Бүгінгі күні жас ұрпақтың рухани жан дүниесін дамытудағы және білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық құндылықтарымызды ескере отырып, оқушыларға терең білім беру мен тәрбиелеу. Соған байланысты бүкіл тарихи, мәдени адамгершілік, рухани құндылықтарымыз жаңа заман тұрғысынан қайта бағаланып отыр. Этнопедагогика - халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, мазмұнынның, әдіс-құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы сондай-ақ, педагогика - белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы екені белгілі [5] .

Әрине, халықтың ұлттық құндылықтарын тиімді, шығармашылықпен қолдана білу - әрбір ұстаздың міндеті. Білімалушыларды халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге, өнер-білімін үйренуге тәрбиелеу қажет. Өз халқының мол мұрасын, ұлттық ерекшеліктерін білу жас ұрпақты адамгершілікке баулуда берері мол. Осы орайда, химия пәнін оқытуда ұлттық құндылықтарды пайдаланудың мүмкіндіктері жоғары. Ұлттық құндылықтарды химия сабағында қолдану - білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік мақсаттарын жүзеге асырып, оқушының өмірге өзіндік көзқарасын, қоғамдық ой-пікірін, ұлттық құндылықтарды білімалушының санасында байланыстыра білу негізінде ұлттық мәдениет пен рухты сақтауға тәрбиелейтін үдеріс болып табылады.

Химия пәнінің оқу бағдарламасына, сонымен бірге базалық білім мазмұнына талдау жасау нәтижесінде ұлттық құндылықтарды пайдаланудың мүмкіндіктері әсіресе, 8-10-сынып білімалушыларға халықтық педагогиканы, қазақтың ақын-жазушыларының еңбектерінен көрнекі құралдар, есептер, мысалдар, мәтіндерді кіріктіре енгізіп оқыту мүмкіндіктері өте зор екендігі анықталды. Мысалы, оқу бағдарламасына сәйкес «Металдар және құймалар», «Заттың құрылысы», «Сабын мен синтетикалық жуғыш заттар», және т. б. тақырыптарында оқытылады. Әрбір тақырып бойынша ұлттық құндылықтарды, қазақтың ақын-жазушыларының еңбектерінен мысалдар келтіру немесе проблема тудыру арқылы базалық білім мазмұнын игеруіне көмектеседі, әрі өмірмен сабақтастыруда қызығушылығы артып танымдық іс-әрекеттері қалыптасады. Соған байланысты оқу бағдарламасына халық педагогикасының материалдарымен толықтыру қажет деп есептейміз.

Біз этнопедагогика элементтерін сабақтарда ғана емес, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында да енгіземіз. Өйткені, бұл оқушыларға ұлттық рухты дамытуға мүмкіндік береді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы-сабақтың табиғи жалғасы.

1. 3 Білім беру үдерісінде халықтық педагогиканы пайдаланудың тиімділігі

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және технологиялық өзгерістерге, ұрпақты тәрбиелеудегі бетбұрысқа байланысты білім беру мен тәрбие жүйесін жаңа деңгейге көтеру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты қазіргі заманғы халықтық педагогика халықтың ұлттық-мәдени жетілуін, жас ұрпақты өз халқының рухани қазыналарымен, ата-аналардың озық, ұлттық дәстүрлерімен тереңірек таныстыруды қамтамасыз етеді, олардың негізінде тұлға, шығармашылық қабілеттер, қабілеттер қалыптасады және дамиды. Шынында да, егеменді мемлекеттің болашағы, оның рухани және материалдық дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне байланысты. Кез-келген жасөспірімнің қалыптасуында күн сайын сезінетін, көретін құбылыстар, оқиғалар үлкен орын алады. Олардың ішіндегі ең бастысы-қазақ халық педагогикасы. Тиімділіктің негізгі бағыттарының бірі студенттерді оқыту болып табылады, ол ұрпақтарды тәрбиелеуде қазақ халқының өмір салты мен әдеттерін көрсетеді [6] .

М. Жаздықбаева «Педагогика» негізгі кітабында тренингтің білім беру және тәрбие мақсаттары ұлттық білім беруге негізделгені, бұл сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және жастардың хабардарлығын арттыруға көмектесетіні атап өтілген. Д. Қ. Әшімхановтың «Бес арыс» жұмысында жұмысын бағалай отырып, біздің дана ұстаздарымыздың бірі балаларды тәрбиелеудегі, олардың білімін кеңейтудегі және көзқарасын қалыптастырудағы білім мен ұлттық дәстүрлердің рөлін атап көрсетеді. Бұл ғалымдар жастардың болашағы жастардың жалпы дамуы үшін нені және нені үйрену керек екенін және ұлттық зерттеу барысында алынған білімге сүйене отырып, оларға адамдардың рухани байлығын сіңіруге болатындығын айтады.

Халықтық педагогика элементтерін сабақтарда және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың жаңа дәстүрлі емес әдістерімен ұштастыра пайдалану химиялық оқытудың тиімділігін арттырады, оқушыларды химиялық біліммен қамтамасыз етеді және олардың тілдік байлығын, ойлауын дамытуға, адамгершілік, патриотизм, ұлттық мәдениетті танымал ету дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. Ең бастысы, оқушылар жеке тұлға ретінде қалыптасады, яғни халықтық педагогика элементтерін қолдану мазмұн тұрғысынан білім көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан ол оқытудың ғылыми әзірленген компоненті болып табылады және мектептер практикасында сынақтан өткізілген әдіснаманы талап етеді.

«Халықтық педагогиканың элементтерінің бірі қазақтың ұлттық ойындары болып табылады. Ұлттық ойын - мәдени мұралардың бірі болып саналады, ғасырлар бойы балаларды тәрбиелеудің бір құралы болып келеді. Ойнау барысында баланың дұрыс қозғалу, ойлау қабілеттері, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, ұлттық ойындарды сабақта сергіту минуттарында Бес саусақ, Жылдам айт үй тапсырмасын сұрағанда, сабақты бекіту, қайталау сабақтарында, Сиқырлы кесе, Асық иірім, Қоржындағы асықтар, Құрақ құру, Ханталапай, Ханым дат, Қоржындағы сандар, ойындары байқағыштыққа, қырағылыққа, батылдыққа, шапшаңдыққа баулиды»[7] .

Көптеген ғасырлар бойы қазақтардың білім, күнделікті өмір, өнер және өмірлік тәжірибе туралы адамгершілік істері мен сөздері халық педагогикасының қазынасына айналды. Барлық уақытта жас ұрпақты тәрбиелеу адам міндеті болды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастырып келе жатқан жас түлектерді тәрбиелеудің сан ғасырлық әдістері мен әдістерін, парасаттылық, парасаттылық, адалдық, парасаттылық, іскерлік, мейірімділік, мейірімділік, еңбексүйгіштік, аға буынға құрмет, оларға құрмет сияқты қабілеттерін пайдалана отырып, өмірлік тәжірибесі сынағынан өтті. Мұның бәрі гуманитарлық білім берудегі халықтық педагогиканың рөлін көрсетеді.

Сабақтарда халықтық педагогиканы қолданудың тиімділігі-оқушылардың жан-жақты дамуы, тақырып теориясымен танысу, осы тақырыпқа сәйкес келетін халықтық даналық. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызға деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Жастарды оқыту және тәрбиелеу үшін адамдардың көзқарастарын қолданатын құралдарды халықтық педагогика деп атауға болады, өйткені халықтық педагогика адамдардың өмірлік тәжірибесін және оның жастарды тәрбиелеуде қолданылуын көрсетеді.

Оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтарға және адамның қоршаған әлеммен жеке қарым-қатынасына (этика, эстетика, мораль тұрғысынан) оқыту мақсаты оларға біздің қоғамның мәдени және рухани мұрасының, дәстүрлері мен салттарының ең жақсы үлгілерін дарыту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан мектепте оқушыларды тәрбиелеудегі басты талап-ұлттық білім беру дәстүрлерін басшылыққа алу, бұл мәселені шешудің таусылмайтын көзі және қайнар көзі-халықтық педагогика [8] .

2. Халықтық педагогика - сабақ мазмұнында

2. 1 Химия сабағындағы халықтық педагогиканың ұғымдары

Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттің тәуелсіз, ұдайы дамып отыратын және тиімділігі жоғары білім беру жүйесі болуға тиіс. Ол біртіндеп елдің экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайтты. Жас ұрпақты өз халқына және өз еліне деген сөзсіз сүйіспеншілікке тәрбиелеудің бір тәсілі-Қазақстанның азаматтық дәстүрлерін білім беру процесіне сәтті енгізу.

Бұл дәстүрлі білім мен тәрбие аясында халқымыздың өмір бойы жинаған тәжірибесінің нәтижесі. Ол ғасырлар бойы өткен тұжырымдамаларды, тұжырымдамаларды, талаптарды қамтиды. Мәдени мұра ашылады және жаңартылады, өйткені қауымдастық дамып, жаңа мазмұн пайда болады. Сондықтан Қазақстанның мәдени мұрасы адамдардың қабылдаған идеялары мен идеяларына, практикалық шешімдеріне өте бай. Мәдени мұраның тәрбиелік мәні әрқашан заманауи білімнің, тамақтанудың және адамдарды энергиямен байытудың алтын бағыты болды.

Көшпелі мемлекеттердің бүкіл өмірі табиғатпен байланысты. Ұлы шөлдегі өміріне бейімделе отырып, олар өмір сүретін аймақтың барлық аспектілерін білуге және бағалауға, сол кездегі құбылыстар туралы білуге, теңдестіруге және ойлауға үйренеді [9] .

Ежелгі қазақ халқы қоршаған ортаны бір-бірінен оқшауланған заттар мен құбылыстардың хаотикалық жиынтығы ретінде емес, біртұтас ретінде қарастырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
Табиғаттың адам өміріндегі маңызы
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Ерте жастағы және І сәбилер тобындағы балаларды үй жануарлары, жабайы аңдармен таныстыру әдістемесі
Салыстырмалы педагогиканың функциялары мен міндеттері
Бастауыш мектепте оқыту туралы
Қазақ тілі сабақтарында ұлттық ойындарды қолданудың тиімділігі
Ана тілі пәнін оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz