Әйелдерді гинекологиялық тексеру


СЫРТҚЫ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІН ҚАРАП ТЕКСЕРУ
Гинекологиялық тексеру науқас қуығын /зәрді өздігінен шығару мүмкіндігі болмаған жағдайда қатетер арқылы босатады/ және ішекті босатқаннан кейін /үлкен дәретті босату/, науқасты гинекологиялық креслоға, аяқтарын тізе мен жамбас-сан буындарында жартылай бүгіп, арқасына жатқызады. Тексеруді зарасыздандырылған резеңкі қолғапикиіп жүргізеді. Сыртқы жыныс мүшесін қарау барысында түктенудің сипаты мен деңгейіне, үлкен және кіші жыныс еріндерінің дамуына көңіл бөледі. Ерлер типті түктену /кіндікке дейін/ ісік не аналық без қызметінің бұзылуына күмән келтіреді. Жыныс еріндерінің гипоплазиясы жыныс жүйесінің толық жетілмеуіне тән. Жыныс саңылауының ашылуы қынап пен жатыр қабыр, аларының төмен түсуі мен түсіп қалуына тән, ол күшенгенде жақсы білінеді. Қарау кезінде патологиялық процестерді: жараларды /қатерлі ісік, мерез/, қызарған және ісінген жерлерді, кандилома, жыланкөз, тыртықты, көк қан тамырының варикозды кеңеюін артқы тесік маңайының жарықтарын, қынап пен көтеншек бөлінділерін анықтайды. Кіші жыныс ернін сол қолдың саусақтарымен ашып, қынап сағасын және осы жерде орналасқан үрпінің сыртқы тесігін және үрпі маңайының жолдарын, қыздықты және үлкен вестибулярлы бездің шығару өзегін қарайды. Патологиялық сұйықтық барлығы /іріңдік/, шырышты қабаттың қызарған аймақтары сөз не арнайы емес қабыну процестеріне тән. Қыздықтың жағдайы /оның бүтіндігі, тесіктің пішіні / анықталынады. Айнаның көмегімен қарау Қарау жұмысы қынаптың тексеруге дейін жүргізілуі тиіс, өйткені соңғы тексеру барысында патологиялық процестер суреттемесінің өзгеруі мүмкін /ісіктің немесе жатыр мойыны полипының бұзылуы және т. б. /. Тексеру барысында бактериоскопиялық және цитологиялық тексерулерге айнаның көмегімен жұғынды алады, оны қынаптық тексеруге дейін жасаған дұрыс. Жыныстық қатынаста болмаған науқастарды әдетте айнамен тексеруге болмайды, ерекше көрсетулер бойынша, мысалы қыз балалардағы ювенильды қан кетуде жатыр мойнын қарау қажет. Балалар тәжірибесінде балалардың гинекологиялық айналары қолданылады. Қынап айнасының бірнеше: цилиндрлік, ашпалы /қақпалы/ және қасықша тәрізді түрлері бар. Металдық құралдары дайындау ережесіне сәйкес айналарды зарасыздандырады. Қолданылған айналарды щеткімен су ағынында жуады, сосын құрғатылған ыстық шкафында, автоклавта немесе 1% натрий гидрокарбонат ерітіндісіне 12-15 минут көлемінде зарасыздандырады.
АЙНАМЕН ҚАРАП ТЕКСЕРУ
Қарау жұмысы қынаптың тексеруге дейін жүргізілуі тиіс, өйткені соңғы тексеру барысында патологиялық процестер суреттемесінің өзгеруі мүмкін /ісіктің немесе жатыр мойыны полипының бұзылуы және т. б. /. Тексеру барысында бактериоскопиялық және цитологиялық тексерулерге айнаның көмегімен жұғынды алады, оны қынаптық тексеруге дейін жасаған дұрыс. Жыныстық қатынаста болмаған науқастарды әдетте айнамен тексеруге болмайды, ерекше көрсетулер бойынша, мысалы қыз балалардағы ювенильды қан кетуде жатыр мойнын қарау қажет. Балалар тәжірибесінде балалардың гинекологиялық айналары қолданылады. Қынап айнасының бірнеше: цилиндрлік, ашпалы /қақпалы/ және қасықша тәрізді түрлері бар. Металдық құралдары дайындау ережесіне сәйкес айналарды зарасыздандырады. Қолданылған айналарды щеткімен су ағынында жуады, сосын құрғатылған ыстық шкафында, автоклавта немесе 1% натрий гидрокарбонат ерітіндісіне 12-15 минут көлемінде зарасыздандырады. Алдын-ала сол қолмен кіші жыныс ернін ашып, қасықша тәрізді айнаны сақтықпен қынаптың артқы қабырғасына кіргізеді, оны қынаптың артқы күмбезіне дейін апарады. Содан кейін оң қолмен көтергішті /подьемник/ кіргізеді, ол қынаптың алдыңғы қабырғасын көтереді, жатыр мойнын ашып, оны қарайды, оның пішініне, тыртық, жара, жыланкөз, полип барлығына, бұрын салынған қысқаштар орнына сипаттама береді. Жатыр мойнының конус пішінді, нүктелі ернеуі тумаған әйелдерде кездеседі. Тыртықты деформация босану кезіңдегі жарақатты көрсетеді. Жатыр мойнының гипертрофиясы созылмалы қабынуды көрсетеді. Ернеудің саңылаулы түрі туған әйелдерде кездеседі. Ернеудің орналасуына көңіл аударады. Оның бүйірінде табылу /эксцентрлі/, еніне қарай өсуі жатыр мойнының ісігін білдіреді, сонымен қатар мойынша жүктілігінің белгісі болуы мүмкін. Жүктілікке жатыр мойнының көгеруі тән. Сыртқы ернеуде поиптер, ісіктер /қатерлі ісік, субмукозды миома/ болу мүмкін. Бөліндіге /іріңді, қанды/ сипаттама берілуі тиіс. Патологиялық өзгерістерді /жыланкөз, қызарған жерлер/ теріске шығару үшін айнаны шығара отырып, қынап қабырғаларын қарау керек. Ішкі тексеру. Ішкі тексеру бір қолды қынаптық, екі қолды қынаптық /ныпаты-ішті қабырғалары/, көтен ішекті -ректальды және көтен-қынапты-ректовагинальды болып бөлінеді. Қынаптық тексеруді оң қолдың саусақтарымен алдын-ала кіші жыныс еріндерін ашып, саусақтарды біртіндеп/алдымен 3-ші саусақты, сосын 2-ші саусақты/ қынапқа кіргізеді.
ҚЫНАПТЫҢ ТАЗАЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІН АНЫҚТАУ
Көп жағдайларда гинекология кафедрасында емдеу кезінде дәрігер қынаптың тазалығын анықтайтын талдауды ұсынады. Гинекологиядағы осы анықтамаға сәйкес пайдалы микроорганизмдердің патогендік және оппортунисттік патогендерге шоғырлануы тұрғысынан айтылған микрофлораның құрамын түсіну әдеттегідей.
Әйелдің қынапшылығының тазалығы қандай дәрежеде?
Әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің күйіне тікелей әсер ететін осы параметрді белгілеу қынаптың тазалығының дәрежесін анықтау үшін жағылу арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда, вагиналды флора жағдайын бағалау кезінде дәрігерлер 4 дәреже бөледі.
Қынаптың 1 дәрежелі тазалығы Доддерлейн және Лактобакилстің родиагрозды ағзасындағы қатысуымен сипатталады. Бұл микроорганизмдер сау қынаптың негізін құрайды. Сонымен қатар, қоршаған орта қышқыл болып табылады. Кез келген патогендік микробтар, қан клеткалары, атап айтқанда лейкоциттер жоқ.
2 әйел жынысындағы қынаптың тазалығы репродуктивті жастағы әйелдердің көпшілігінде кездеседі, т. к. бірінші дәрежелі жыныстық белсенділік, гигиеналық ережелерді бұзу және оппортунисттік патогендердің пайда болуына ықпал ететін басқа да факторлар сирек кездеседі. Белгілі бір тазалық дәрежесі үшін, лактобактериялардың бірдей Додерайрин тұқымдарының болуы тән. Алайда, бұл жағдайда cocci бір мөлшерде болады. Сонымен қатар, 10-ға дейін лейкоциттер болуы мүмкін және 5-тен артық емес эпителий жасушалары болуы мүмкін.
Вагинаның 3 дәрежелі тазалығы репродуктивтік жүйеде қабыну үрдісінің болуымен сипатталады. Бұл жағдайда сілтілі сілтілікке айналады, ал Додерлине таяқтарының саны күрт төмендейді. Бұл жағдайда патогендік микроорганизмдердің өсуі байқалады: стрептококк, стафилококк, саңырауқұлақтар, E. coli. Лейкоциттердің саны артып, микроскоптың көрінісі саласында зертханалық техник 30-ға дейін осындай клеткаларды есептей алады. Әдетте, бұл қынаптың тазалығы дәрежесі деу және қышу сияқты симптомдармен бірге жүреді.
4 дәреже бактериялық вагиноз немесе инфекция кезінде байқалады. Орташа сілтілі болып табылады, ал Doderlein таяқтары мүлдем жоқ. Бұл жағдайда бүкіл флора патогендік микроорганизмдер болып табылады, бұл лейкоциттердің санының ұлғаюына алып келеді - олар 50-ден көп деп табылды. Қынаптың 3 және 4 дәрежелі тазалығында әйел емдеуге мұқтаж.
БИМАНУАЛДЫ ТЕКСЕРУДІ ЖҮРГІЗУ
Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық, 1 рет қолданылатын резеңке қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Әйелге осы тексерудің мақсатын түсіндіріңіз.
2. Қуықты босатудың қажеттілігін түсіндіріңіз.
3. Әйелді гинекологиялық креслоға жаялық үстіне арқасымен ( аяғын тізе, жамбас сан буынында бүгіп, бұтын ашып) жатқызыңыз.
4. Тексеру барысында тыныштық қалыпта болуын түсіндіріңіз.
5. 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.
6. Сол қолдың 1ші 2 ші саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашыңыз.
7. Оң қолдың 2, 3 ші саусағын қынапқа енгізіңіз(бас бармақ қасаға қарап орналасуы керек) .
8. Оң қолдың саусағын қынапқа енгізіп, қынаптың және қынап күмбездерінің жағдайларын анықтаңыз.
9. Сауақтарды жатыр мойнының астына енгізе отырып, сол қолды құрсақ үстіне орналастырып саусағымен жатырды басып тексеріңіз.
10. Жатырды сипалай отырып оның орналасуын, көлемін, пішінін, тығыздығын, қозғалыстығын, ауру сезімін анықтаңыз.
11. Сыртқы және ішкі саусақты жатырдың бұрышынан жамбастың беткейлі бөлігіне дейін ауыстырыңыз. Жатыр түтігін, аналық бездің, көлемін, пішінін, ауырсыну сезімін, қозғалысын анықтаңыз.
12. Оң қолдың көмегімен жамбастың ішкі беткейін (сегізкөз ойысын, мүйісін) сипаңыз.
13. Оң қолды жатырдан шығара отырып, оны мұқият қарап оның қосалқы бөліктерін жамбас қуысын қараңыз.
14. Қолғапты шешіп оны профилактикалық инфекциялық ережесіне сәйкес тастаймыз.
15. Қолыңызды сабынмен
ЖАМБАСТЫҢ СЫРТҚЫ ӨЛШЕМДЕРІН ӨЛШЕУ.
Мақсаты-үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу және анықтау.
Көрсетулері -жүкті әйелдің әйелдер консультациясына алғашқы келуі, тар жамбас.
Қарсы көрсетулері- жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.
Ресурстары- тақтай төсек (кушетка), жеке жаялық, Мартин жамбасөлшегіші, дәкелік шариктер, спирт, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге қазіргі зерттеулердің қажеттілігін және маңызын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.
2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
4. Әйелден арқасымен тақтай төсекке жатуын, астына бір реттік жаялықты салуын, ішін ашуын, аяқтарын жамбассан және тізе буындарында жайуын және аяқтарын бірге қосуын сұраңыз.
5. Мартин жамбасөлшегісін алыңыз және жүкті әйелге бетіңмен қарап, тақтай төсектің оң жағына отырыңыз. Жамбасөлшегіштің тармақтарын қолдарыңызға алыңыз, үлкен және сұқ саусақтар түймешіктерді ұстайды, ал шкала бөліктерін жоғары қаратыңыз. Жамбасөлшегіштің түймешіктерін спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.
6. Сұқ саусақтармен мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қылқандарын пальпация жасаңыз, соларға жамбасөлшегіштің түймешіктерін қойыңыз, сосын
Distantia spinarum-ды (қалыптыда 25-26 см) өлшеңіз.
7. Distantia spinarum-ды өлшегеннен кейін, әріқарай саусақтарды мықын сүйектерінің қырларымен артқа қарай жылжыта отырып, ең алыстағы нүктелерді табыңыз, осыларға жамбасөлшегіштің түймешіктерін қойыңыз, сосын Distantia сristarum-ды (қалыпты жағдайда 28-29 см) өлшеңіз.
8. Distantiа сristarum -ды өлшегеннен кейін, жамбасөлшегішті санға қарай түсіріңіз, пальпация жасап, сан сүйектерінің үлкен ұршықбастарын табыңыз, осыларға жамбасөлшегіштің түймешіктерін қойыңыз, сосын Distantia trochanterica-ны (қалыпты жағдайда 30-31 см) өлшеңіз. Егерде сүйектердің ұршықбастарын пальпация жасауға болмаса, онда жүкті әйелден аяқтарын қозғалтуын сұраңыз және сандағы ұршықбасын бекітіңіз.
ДИАГОНАЛЬДІ КОНЬЮГАТА - CONJUGATA DIAGONALIS
Диагональді коньюгата - шат сүйегінің төменгі қырынан сегізкөздің ең шығыңқысы мүйісіне дейінгі аралық.
Диагональді коньюгатаны өлшеу
Тура өлшемін білу үшін, әйел қынабын зерттеу керек, екінші және үшінші саусақтарды қынапқа енгізе отырып, IV-V саусақтарды бүгеді. І-үлкен саусақты шат сүйегінің үстіне орналастырады. Қынапқа енген саусақты мүйістің ұшына жеткізіп, ал алақанның үстіңгі қырын қасағаның төменгі қырына тірейді. Сосын қынаптағы ІІІ-саусақ аралығы мен алақанның шат сүйегіне түйіскен жерін жамбас өлшеуішімен өлшейді.
Бұл аралық 12, 5-13 см. тең.
Кіші жамбас қуысының ішкі тік өлшемін анықтау үшін: диагональді коньюгатадан 1, 5-2 см. алып тастайды.
Жамбас қуысының шығаберістерін өлшеу
І Жамбас қуысының шығаберісінің тік өлшемін өлшеу үшін өлшегіштің бір түймесін қасағаның төменгі қырының ортасына қойып, екінші ұшын құйымшақтың ұшына тірейді. Алынған мөлшер 11 см. Болады. Осы алынған мөлшерден 1, 5 см. алып тастаса (тіндердің қалыңдығына қарай), жамбас қуысының шығаберісінің тік өлшемі шығады.
Қалыпты жағдайда тік өлшем 9, 5 см. -ге тең.
Шат бұрышын өлшеу үшін әйел аяғын бүгіп, ішіне қарай жиырып, шалқасынан жатады. Екі басбармақ шат және шонданай сүйектерінің төменгі бұтақтарына қатты тіреледі, екі үлкен саусақтың түйіскен ұшын қасаға сүйегінің төменгі қырына тірейді, саусақтардың көрінісі арқылы шат бұрышының көлемін шамалауға болады.
Жамбас қуысының қиғаш өлшемдері
Бір жақ мықын сүйегінің алдыңғы-жоғарғы өсінділерінен, екінші жақ мықын сүйегінің артқы-жоғарғы өсінділеріне дейін және керісінше өлшейді.
Симфиздің жоғарғы қырынан, оң және сол жақ артқы-жоғарғы өсінділеріне дейінгі арақашықтықты өлшейді.
Сегізкөз ойығынан мықын сүйегінің оң және сол жақ алдыңғы-жоғарғы сүйек өсінділеріне дейінгі аралық.
Бір жамбастың қиғаш өлшемдерін екінші жамбастың өлшемдерімен салыстырады, егер айырмашылығы 1 см-ден асса, ол жамбас ассиметриясын көрсетеді.
НАҚТЫ КОНЪЮГАТЫ АНЫҚТАУ
Мақсаты: тар жамбасты анықтау.
Нақты коньюгатаны(conjugata vera) сыртқы және диагональді коньюгата арқылы табуға болады.
Сыртқы коньюгата өлшемін білудің маңызы зор, өйткені бұл арқылы кіші жамбас қуысының кіреберісіндегі-ішкі тік өлшемді(conjugata vera) анықтауға болады. Мысалы, сыртқы тік өлшем 20см болғанда, одан 9см-ді алып тастаса, ішкі тік өлшем 11см-ге тең. Диагональді коньюгатадан 1, 5-2см алып тастаса нақты коньюгатаны анықтауға болады.
Әйелді зерттеу жүргізетіндігі туралы және зерттеу алдында қуығын босатуды ескертіңіз.
Жаялықтың үстіне гинекологиялық креслоға әйелді шалқасынан жатқызыңыз.
Қолға стерильденген қолғап киіңіз.
Сол қолдың бірінші, екінші саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың екінші, үшінші саусағын біртіндеп қынапқа енгізіңіз.
Оң қолдың үшінші саусағын сегізкөздің мүйісіне тіреп, сол қолдың сұқ саусағын оң қолдың шат сүйегіне түйіскен жеріне қойып ұстаңыз.
Сол ұстаған күйі саусағыңызды қынаптан шығарыңыз.
Ассистенттің көмегімен белгіленген аралықты сантиметрлік лентамен немесе жамбас өлшегішпен өлшеңіз. Қалыпты жағдайда бұл аралық 13 см тең. Нақты коньюгатаны табу үшін өлшеген өлшеммен 2 см шегеру керек.
Инфекцияның алдын алу шараларының ережелерін сақтай отырып қолыңыздағы қолғапты шешіп, тастаңыз.
Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Сантиметрлік лентаны және жамбас өлшегішті залалсыздандырыңыз.
Медициналық құжатқа нәтижесін жазыңыз.
СОЛОВЬЕВ ИНДЕКСІН ӨЛШЕУ
Өлшем Соловьев индексі ескере адам дене бітімі үш түрін ескере отырып, дәл және дұрыс салмақ нормаларын анықтау үшін көмектеседі. Осы индексін есептеу үшін, сізге сантиметрмен, қылқалам жұқа нүктесінде шеңберді өлшеу қажет. Бұл сайттың Обхват сүйек өлшемін көрсетеді. Бұл көрсеткіш, сіз Бұлшық, дене параметрлерін, пропорционалдық және оның конституция түрін орнатуға мүмкіндік береді. Соловьев индексі ол адамның физикалық жағдайын талдау, ескеру қажет.
Соловьев индексі әйелдерге арналған 15 кем және ерлер үшін 18-ден аз болса, осы түрі астениялық деп аталады. Astenik орган ол тар кеуде және иығына, жұқа сүйек пен сипатталады, нәзік болып табылады ұзақ мойынға. Әдетте, asthenics биік, олар табиғатта жұқа болып табылады. гипотензия, невроздар, іш ауру, өкпе туберкулез ауыр нысаны, Ойық жара ауруы: мынадай аурулардың Бұлшық артты тәуекел осы түрі үшін.
Егер Соловьев индексі, бұл гипрестеник орган түрін көрсетеді. Hypersthenics сырттай мығым қайраткері толық көрінеді. Олар қысқа мойын және аяқ, күшті қаңқа және дөңгелектенген сипатталады кеуде қуысының. әдетте орта биіктігі мен мығым денелі адамдар гипрестеник түрі. Ең жиі, олар жүрек-қан тамырлары жүйесі, қант диабеті, аурулары бейім өт тас ауруы кезінде- және семіздік.
ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕН АНАМНЕЗ ЖИНАУ ТЕХНИКАСЫ
1. Паспорттық бөлім.
2. бала күнінде, ересек жаста ауырған аурулары, олардың ағымы, емі.
3 . Тұқым қуалаушылық.
4. тұрмыс жағдайы
5. Эпидемиологиялық анамнез.
6. Аллергологиялық анамнез.
7. Акушерлік-гинекологиялық анамнез:
менструация функциясы (менархе и менструальді циклдың қалыптасуы, ұзақтығы, ауыру сезімі және жиілігі, қан щығынының көлемі, соңғы менструация күні) ;
жыныстық өмір (қай жаста, некеде бар-жоқтығы) ;
гинекологиялық аурулар (қандай, қашан, ұзақтығы және ағымының сипаты, жүргізілген терапия, емінің нәтижесі) ;
репродуктивті функция - алдыңғы жүктіліктерінің ағымы, нәтижесі (жасанды түсік және өздігінен болған түсіктер)
осы уақыттағы жүктілік ағымы (бірінші және екінші жартысындағы ағымы, ауырған аурулары, қай аптада, емі және нәтижесі, емі амбулаторлы және стационарлы ма және т. б) .
Мақсаты: жүктілік ағымын, ерекшеліктерін анықтау
Құрал -жабдықтар: босану тарихы, қалам
Іс- әрекет алгоритмі
Жүкті әйелді жылы жүзбен қарсы аламыз. Танысамыз. Сырласу тәртібін сақтаймыз
Паспорттық деректерді жинаймыз: аты-жөні, жасы, мекен-жайы, қызмет орны, жануялық жағдайы
Түскен кездегі шағымдарын анықтаймыз
Өмірлік анамнезін жинаймыз: жануяда нешінші бала, балалық, жасөспірімдік кезендегі дамуын, жалпы ауырған ауруларын, операция, жарақаттар болуын анықтайыз. Туберкулез, Боткин ауруы, жыныстық жолен жұғатын ауруларын анықтаймыз.
Арнайы анамнез жинаймыз: етеккір қызметі (менархе, келуі, тұрақталуы, реттілігі, ұзақтығы, ауырсынуы) жыныстық қатынас (неше жастан, некесі), бала көтеру қызеті (алдында болған жүктіліктер ағымы, аяқталуы, асқынулары)
Аллергиялық анамнез. Гемотрансфузия мүмкіндігіне көңіл аударамыз
Қазіргі жүктілік ағымы ( соңғы етеккірі, ЖДА тіркеуге түру уақыты, үштіктер бойынша жүктілік ағымдары, экстрагенитальді аурулары)
СЫРТҚЫ АКУШЕРЛІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ
Студенттерге тапсырма: емтихан қабылдаушыға бір уақытта жасап жатқан әрекетіңізді айта отырып, алынған мәліметтер бойынша комментарий жасаңыз,
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:студенттің ісін төменде көрсетілген пункт бойынша бағалаңыз.
№ Бағалау критерилері
Науқасқа жүргізілетін іс-әрекеттерді түсіндіріп, сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып және оған жауап беру.
Қолды сабынды сумен мұқият жуыңыз. Таза, құрғақ сүлгімен сүртіп, бір реттік қолғапты киіңіз.
Жүкті әйел биік қатты кушеткаға аяқтарын жамбас-сан және тізе буындарында бүгіп жатады. ( Іштің бұлшық еттерін босату үшін)
Зерттеуші жүкті әйелдің оң жағынан бетіне қарап тұрады
Бірінші әдіс арқылы жатыр түбінің биіктігін анықтаймыз
Екі қолдың алақанын жатыр түбі аймағына орналастырамыз, саусақ ұштары бір-біріне бағытталған, бірақ жанаспайды. Жатыр түбінің биіктігін семсер тәрізді өсіндіге немесе кіндікке қатынасы бойынша анықтаймыз. Жатыр түбінде орналасқан ұрықтың бөлігін анықтаймыз. ( Жамбас бөлігі келсе-ірі, жұмсақ, баллатирленбейді. Ал басы келсе-ірі, тығыз, баллатирленеді)
Екінші әдіспен орналасуын, позициясын және ұрық түрін анықтаймыз.
Қолды жатыр түбінен жатыр бүйіріне ауыстырамыз. Оң және сол қолды кезектестіріп, жатырдың бүйір бөліктерінің пальпациясын жүргіземіз. Сол қолды қозғалыссыз қалдырып, жатырды фиксациялап, оң қолды жоғары және төмен қозғалтып, ұрықтың орналасуын анықтаймыз. (егер ұрықтың арқасы болса-жұмсақ, тегіс болады. ) Оң қолмен жатырды бірнеше рет басып, сол қолмен ұрық бөліктерін анықтаймыз(ұрықтың ұсақ бөліктерін) . Мәліметтер алғаннан соң қорытынды жасаймыз(позиция-біріншілік, екіншілік; позиция түрі-алдыңғы, артқы)
Үшінші әдіспен ұрықтың келген бөлігін анықтаймыз.
Пальпацияны бір оң қолмен жүргіземіз. Бұл кезде бас бармақты максималды түрде қалған төрт саусақтардан алшақтатамыз. Саусақтарды ақырын қозғалыспен терең детіп және бас бармақ пен қалған төрт саусақпен ұрықтың келген бөлігін ұстаймыз да басының «баллотирлеуші» симптомын анықтаймыз
Төртінші әдіспен ұрықтың келген бөлігінің кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтаймыз.
Бұл тәсілді орындау үшін жүкті әйелдің аяқтарына бетімен бұрылып, оң жағында тұрамыз
НӘРЕСТЕНІҢ ЖҮРЕК СОҒЫСЫН АКУШЕРЛІК СТЕТОСКОП АРҚЫЛЫ ТЫҢДАУ
Мақсаты- нәрестенің орнынын, жатуын және позициясын анықтағаннан кейін, акушерлік стетоскоппен нәрестенің жүрек соғысының сипатын бағалау және анықтау.
Көрсетулері -жүктіліктің екінші жартысында әйелдер консультациясына әрбір келуі кезінде немесе босану кезінде.
Қарсы көрсетулері - жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.
Ресурстары - тақтай төсек немесе кереует, жеке жаялық, акушерлік стетоскоп,
ультрадыбысты аппарат, дәкелі шариктер, спирт, гель, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы зерттеудің қажеттілігін және мақсатын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.
2 . Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
4. Әйелді арқасымен жеке жаялыққа, аяқтарын созып және ішін ашып тақтай төсекке немесе кереуетке жатуын сұраңыз.
5. Әйелдің оң жағына, оның бетіне қарап отырыңыз.
6. Акушерлік стетоскопті спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz