Ертедегі дене шынықтыру мен спорт



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Ертедегі дене шынықтыру мен спорт
3. Дене мәдениетінің даму ерекшеліктері
4. Дене мәдениеті халықтар тұрмысында
5. Қорытынды

Қазақ халқының дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі дене тәрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесіне жарағандығын кейбір археологиялық деректер дәлелдейді. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында б. з. б. IV-III ғасырларда тоғызқұмалақ тастары табылды.
Сол жылы Тараз қаласынан 30 км жерде архелогтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін кездестірді.
Түрік қағандығы дәуірінде Қазақстан жерінде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтерді. Көне Таразда әнші-күйшілер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерін көрсетушілер бас қосып отырған.
VII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алған Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға көңіл бөлгені байқалады.Ұлттық спорт түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, жорға жарыс, асық ату, бестас сияқты спорт жарыс ойындары бар.
"Бәйге жарысы"
Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп, толықтырып отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерін, әр түрлі дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп келген. Әр рудың, әр жүздің, әрбір хан мен бай-манаптың, болыс-бектің өз балуаны, өз мергені, өз сәйгүлігі болған. Олар бәйге-жарыстарда ірі рулардың намысын қорғаған.
"Күрес"
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкілдерімен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер етті. Мұндай жағдай, әсіресе, Қазан төңкерісінен кейін берік қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесі еңбекшілердің денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргізілді.

Қазақша күрес
Қазақ күресінің даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен палуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан.

Асық ату
Асық ату -- ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген.

Көкпар
Көкпар - қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған.Семіз серке терісі жыртылмайды.
Бұл жарыста салт аттыларға оңай тимейді. Өйткені салмағы 30-40 кг немесе 50-60 кг болатын бассыз серкені (ешкі) спортшылар жерден алу керек.

Аударыспақ

Аударыспақ -- спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін қазақтың ұлттық спортының бір түрі. Бұл ойында екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады. Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады.
Дене мәдениетінің даму ерекшеліктері
Ежелгі Римнің тәрбие мәселесінде ұлдар қыздарды бөлек тәрбиелей бастады. Ұлдар әкелерімен бірге аң аулаумен, егін егіп, таза дене қимылы жаттығуларын еңбек арқылы жетілдіріп отырды. Қыздар үй шаруасын істеп шешелерінің қасында болды. Байлар ат жарысы, садақ ату, дротик лақтыру секілді ойындарын ойнап жатты, атта шабу, күймедегі жарыстарды өткізіп тұрды. Троялық ойындар ерекше болды: лабиринт бойынша жарыстар, атты жауынгерлер жарыстары болып жатты. Римдік тәрбие сарамандық бағытта болды.
Республикалық Римде (біздің эрамызға дейін ҮІ-І ғасырлар) құл иеленушіліктің дамуына және соғыстардың жиі болуына байланысты, тәрбие жүйесі рим әскерінің жасақталу міндеттерімен сәйкес құрылды. Бірақ, өзіндік экономикалық және саяси дамуы, әскери ұйымдастыру ерекшеліктері құл иеленуші Римнің дене тәрбиесінің әдістері мен түрлері грек жүйесінен өзгешеленуіне мүмкіндік берді. Рим мектептерінде (элементарлық, грамма-тикалық, шешендік) дене тәрбиесі болмайтын. Елдегі болып жатқан саяси-экономикалық ахуалдар өзінің септігін тигізді. Байлар байларды, кедейлер кедейленді. Катон - үлкен біздің эрамызға дейін ІІІ-ІІ ғасырларда өзін гимнастикалық жаттығуларымен үйреніп, баласын үйретіп әскерге жіберуге 17 жасынан даярлады. Онда найза, дротик лақтыру, суыққа, аштыққа, төзімділікке үйретіп, Рим әскерінде әскери-дене тәрбиесі мектебін өтті. Спартандық жүйе енгізілді. Әскерилер үшін Марс алаңында сайыстар өткізілді. Онда доп ойыны, дротик, диск лақтырды.
Ғалымдардың пайымдауынша, римдіктер спартандықтарға қарағанда, одан да өткір әр жауынгерді дайындау жүйесін жасаған. Жауынгерді үйрету өте қатаң болатын, онда барлық мүмкіншіліктерді сарқа пайдалануды үйрететін. Әртүрлі іс-қимылдар мен қару-жарақты қолдана білуден басқа, жүгіру, секіру, сырықпен секіру, тауға өрмелеу, күрес, жүзу т.б. секілді жаттығуларды орындау міндетті болатын. Оны тек жаңадан қызметке алынған жастар ғана емес, сонымен бірге, талай ұрыстарды басынан өткізген тәжірибелі жауынгерлер де орындауға міндетті болатын. Бұл дене қуатын арттырып, көңіл-күйді сергітетін. Бұндай жүйе кәсіпқой римдік әскер пайда болғанша өмір сүрді. Тек біздің дәуірімізге дейін ІІ ғасырдың аяғында әскерде арнайы жалдамалылар қызмет ете бастағаннан кейін ғана, бұл жүйе өзінің маңызын жоғалтты. Бірақ, римдік бай жастар дене қимылы жаттығуларымен және ойындармен әрі қарай айналыса берді. Мұнда доп ойнау, қырдан сайға, сайдан қырға жүгіру, дротик пен диск лақтыру жаттығулары орындалды. Бірақ, бұл сабақтар ешқашан да ойын, жарыс түрлеріне айналған емес [7].
Біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырдың соңында Римде әскери-құл иеленушілер диктатурасы орнады. Бұл рим қоғамының бірден бөлініп кетуіне әкелді. Бір шетінен, әбден байып, есірген бай-шонжарлардың аз ғана тобы, екінші шетінен - тұрмысы әбден жүдеген кедей халықтың өте үлкен тобыры болды. Әскери-дене қимылы даярлығын жоғалтып алған рим бай-манаптары жалдамалы әскерлерінің арқасында шат-шадыман өмір сүріп, қарапайым халықтың әбден ашу-ызасын келтірді. Әсем термаларда (шомы-латын орындарда) жылы суда мәз болып, уқалау қабылдап, жеңіл-желпі жаттығулар жасап рақат өмір сүрді. Цирктер мен амфитеатрларда әртүрлі қызықтарға батып жүрді. Осындай ойын-сауықтар арасында күймедегі ат жарыстар, күрес, жұдырықтасу, семсерлесу түрлері кеңінен танымал болды.
Сол кезде аш-жалаңаш қарапайым римдіктер нан мен сауықты талап етті. Ойын-сауық үшін үлкен амфитеатрлар мен цирктер салына бастады. Осылайша, біздің дәуірімізге дейін І ғасырда 50 мың көрерменге арналған Колизей амфитеатры салынды. Оның қалған қалдықтары осы күнге дейін сақталынған. Әртүрлі саяси топтар өздерінің мүдделерін астыртын орындап алу, алға қойған мақсаттарына жету үшін, қарапайым халықтың ойын-сауықтарға құмарлығын пайдаланып, әртүрлі қойылымдар көрсетіп жатты. Осындай мерекелер мен әртүрлі ойын-сауық іс-шаралары әсіресе, Цезарьдің билікке күресі кезінде көп қолданылды. Жеңіске, билік басына осындай жолмен жетіп алуға мүмкіндіктердің көп екенін байқаған Ежелгі Римнің басқа да императорлары қолдана бастады. Мысалы, император Нерон б.д.д 60 жылы Неронея мерекесін ұйымдастырды. Онда атлеттер мен күймеде шабу жарыстары өтті. Б.д.д. 86 жылы император Домициан Капитолиялық ойындарды ұйымдастырды. Онда дене қимылы жаттығуларын орындайтын атлеттермен қатар, музыкашылар, тақпақ айтушылар, ақындар өнер көрсетті.
Грек мәдениеті енгелі, римдіктер Олимпиадалық ойындарды өткізбекші болды. Бірақ, ол сәтсіздікке ұшырады. Рим байлары армия, құлдар ұстап өздері дене қимылы жатығуларын ұмыта бастады. Байлар кедейлер арасындағы алшақтық өсе берді. Көптеген кедейленген римдіктер әртүрлі ойындар мен қызықшылықтар өткізілуіне күш салды. Ол үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Денешынықтыру мәдениеті
Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың мәні
Емделу жаттығуларының жүйесі
Гимнастика спорттың бір түрі
Эстетикалық және дене тәрбиесі істері
Дене шынықтырудың қағидалары
Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи педагогикалық мәселелері
Ұлттық спорт түрлері
Оқу бағдарламасы дене шынықтыру 1- 4 сыныптар
Пәндер