Музыкант маманның шығармашылық даму негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Музыкант маманның шығармашылық даму негіздері

Педагогикалық іс - әрекеттің маңызды мәселесінің бірі оның бірлескен сипаты. Оқытушы өзінің мақсатын, іс - әрекетін оқушының білімі мен тәрбие деңгейімен ұштастыра отыру негізінде өз ара түсіністік пайда болады. Осы әрекетте коммуникативтік қабілет өзара түсіністік орнатуға және бірлескен іс - әрекет үшін жәйлы жағдай жасауға бағытталады. Оқу орындарында студенттер білік пен дағдыны негізінен аудиторияда музыкалық аспапты оқу барысында меңгереді. Музыка пәнінің мұғалімінің жалпы гуманитарлық жақтарынан басқа өзіндік ерекшеліктері әртүрлі орындаушылық, музыкалық іс - әрекеттермен де анықталады. Сабақ барысында музыка мұғалімі орындаушы - аспапшы да, вокалшы да, дирижер да, теоретик те, музыкалық тарихшы - насихатшы да болады. Жалпы музыка пәнінің оқытушысының шығармашылық іс - әрекеті музыкамен және жалпыпедагогикамен тығыз байланысты. Келешек музыка оқытушысының барлық іс - әрекет жүйесі педагогикалық міндеттерді талдауға және педагогикалық міндеттерді шығармашылықпен шешуге даярлығын қалыптастыруға, оқу процесін жақсартуға және жетілдіруге ықпал етуі тиіс.

Қазіргі кездегі оқыту тәжрибесі студенттердің шығармашылық дамуына, өзіндік ойлауын қалыптастыруға жеткілікті ықпал ете қоймайды. Ол көпшілік жағдайда оқытудың репродуктивтік әдістеріне бағытталады. Пайдаланылып жүрген әдістер мен тәсілдердің тиімділігі аз, үйткені ол студенттерді интеллектуалдық және эмоционалдық тұрғыдан жеткіліксіз дамытады, олардың белсенділігі мен дербестігіне қарқын бере алмайды, музыкалық және шығармашылық қабілетін дамытуға жеткіліксіз ықпал етеді.

Көптеген музыкант - педагогтардың пікірінше заманауи музыкалық оқытуда оқушылардың қабілетін жаттықтыру басымдық алады. Оқу жылы бойы бағдарлама бойынша оқытылған бірнеше шығарманы жаттау, дыбыс бойынша жұмыс істеу, ансамбльде ойнау, шығармашылықпен шұғылдану сияқты іс-әрекет түрлерімен шұғылдануға уақыт қалмайды. Мұғалім тек музыкалық аспаппен ғана жұмыс істеумен шектеліп қалмауы керек. Бірақ кей жағдайларда студенттердің музыкалық ойлауын дамытуға көңіл аз бөлінеді де, соның салдарынан орындаушылық ой-өрісінің дамуы тежеледі.

Ғылымның дәлелдегеніндей, көбінесе қозғалу және көру дағдылары тез және оңай қалыптасады. Музыкалық білім берудің заманауи әдістемесінде «көремін-естимін-ойнаймын» деген қағида қалыптасқан.

Орындаушылық іс- әрекеттің міндеттері мыналарды қарастырады: аспапта әртүрлі стильдегі шығармаларды орындау білігі; нотаның мәтінін оқу және өзінің орындаушылық тәжірибесінің негізінде музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін ашу білігі; музыкалық шығармамен өзбетімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру; мектеп бағдарламасына енген репертуардың орындалу ерекшеліктерін білу.

Кез-келген аспапта ойнау өнері көркем бейне мен техникалық шеберліктің бірлігіне негізделеді, ол музыкантқа тыңдаушыға өзінің орындауы арқылы нені көрсеткісі келгендігін жеткізуге мүмкіндік береді. Өзінің техникалық шеберлігін үнемі жетілдіріп отыру - музыканттың көркем шығармалар орындауда өзінің мүмкіндігін кеңейту жұмысы болып табылады.

Сонымен, негізгі музыкалық аспап (қобыз) класындағы оқу процесі орындаушылық және әдістемелік дайындықтың өзара байланысында, шығармашылық белсенділікке, дербестікке қажетілікті дамытуда деп есептейміз. Ең бастысы - сауатты, ой-өрісі кең, аспапты жақсы меңгерген музыка мұғалімін даярлау.

Жеке сабақтар негізгі музыкалық аспап класында ең негізгі жұмыс түрі бола отырып, мыналарды көздейді: болашақ маманның дамуына жеке тұлғалық көзқарас; оның шығармашылық дербестігін анықтау және қалыптастыру; оның іс-әрекетінің қайталанбас «технологиясын», кәсіби көзқарастарын дамыту.

Музыкалық шығарманың өзіндік ерекшелігін аша отырып, мұндағы эмоционалдық, поэтикалық ерекшеліктердің композициялық ерекшеліктермен өзара байланысын түсінуге көмектесе отырып, орындау кезінде оның қалай жүзеге асқандығын санасынан өткізу арқылы педагог шығармашыл музыкалық ойлауды тәрбиелейді, ол болашақ мұғалім тұлғасын кәсіби-шығармашылық тұрғыдан дамытудың қажетті шарты болып табылады.

Бағалаудың өлшемдік технологияларының ерекшелігі

Қысқаша түсінік: Критериалды бағалау деп оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар ж. т. б. ) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген бағалау үдерісі деп түсінеміз.

Бағалаудың өлшемдік технологиялары тәжірибеге енгізу үшін негізгі мақсаттық блокқа топтауға болатын бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Біріншіден, мұндай көзқарас мұғалім мен оқушыға оң нәтижелі үлгерімнің негізі болатын жекелеген тапсырмаларды оқушылардың табысты орындауларын анықтауға арналған жеткілікті деңгейде ашық, нақты және шынайы құрал береді.

Екіншіден, белгілі бір параметрлерді қолдану жекелеген оқу курсының ғана емес, мектептік білім берудің сәйкес деңгейлерінің білімін алудағы мақсаттық нұсқауымен бағалау жүйесін байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл бағалау критерийі әр оқушының қандай деңгейде игергендігін анықтауға мүмкіндік беретін нақты түрде қалыптасқан оқыту мақсаттары түрінде болғанда ғана мүмкіндік болады. Бағалаудың өлшемдік технологиялары осы қасиетінің екінші жағы мұғалім өз жұмысын жоспарлау кезінде оқу үдерісінің жалпы мақсаттарын үнемі есте ұстап отыруында. Олардың ешқайсысын ұмытып қалдыруға болмайды, өйткені, олардың барлығы, әрқайсысына лайық тапсырмалар іріктелуі және оны орындау үшін дайындық жүргізу бойынша әрекеттер жүйесі қажет болатын бағалау критерийіне салынған.

Үшіншіден, критериалды бағалау жүйесінің ашықтығы мен процедуралық анықтылығы оқу орнының әкімшілігіне де, ата-аналарға да оқу үдерісіне белсене қатысуға мүмкіндік беретін әлдеқайда мықты аспап етеді. Білім беру мекемелері басшыларының мұғалімнің көп аспектілі және ақпарат беріт отыратын қызметінің нәтижелерін тексеру құралы пайда болады. Өз кезегінде, ата-аналар өз балаларының жетістіктері жайлы толық мағлұмат алады және олардың мектепте оқушыларға жалпы нені үйрететінін білуге мүмкіндігі болады. Ақырында, жоғарыда келтірілген жағдайлар білім беру үдерісіне қатысушылардың арасындағы қатынастың әлдеқайда ашық болуына себепкер болады. Бұл әсіресе оқушыларға қатысты, өйткені критериалды бағалау олардың оқу әрекетіне (мақсат пен міндеттерді өз бетімен анықтауға, тапсырманы орындаудың критерийлерін белгілеуге, жауаптарын дайындауға, қиындық келтірген мәселелердің себептерін анытауға, қателіктерді түзету бойынша жұмыстар жүргізуге) белсенді араласуына мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
Данышпандық - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі
Педагогикалық шеберлік пен әдеп
Орта топ балаларын музыка тыңдауға үйретудің ерекшеліктері (4-5 жас)
Болашақ маманды дайындаудың психологиялық - педагогикалық аспектілері
Бастауыш сыныпқа музыкалық тәрбие беру арқылы эмоцияларын қалыптастыру
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш мектептің болашақ мұғалімінің кәсіби дайындығының ілімдік негіздері
Музыкалық қабілет мәселелеріндегі адамның тұжырымдамасы
Балалардың музыкалық қабілеттілігін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz