Азаматтық қорғаныстың міндеттері жайында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

СӨЖ

Жұмыстын түрі: Өзіндік жұмыс
Пән: Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздік негіздері
Тақырыбы: Азаматтық қорғаныстың міндеттері
Орындаған: Әбілқасым Зейнеп НВП 20-3
Қабылдаған: Ділдәбек. Д

2022-2023 жж

Азаматтық қорғаныстың міндеттері
Азаматтық Қорғаныс -- мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі Азаматтық қорғаныс республикамыздың ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өзі құрылған сәтінен бастап халықты және ел аумағын авиациялық, зымырандық қару-жарақ пен жаппай қырып-жоюшы (зақымдау қаруы) қарудың қатерінен қорғаудың стратегиялық міндетін орындайды. Бүгінгі күні Азаматтық корғаныстың міндетіне бейбіт уақыттағы табиғи апаттардан -- жер сілкінісінен, су тасқынынан, т.б. төтенше жағдайлардан қорғау жатады. Азаматтық қорғаныстың негізгі ережелері, міндеттері мен қағидалары 2014 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Президентінің қолы қойылған Азаматтық корғау туралы Заңында баяндалған. Азаматтық қорғаныстың міндеттері: 1) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын алдын алу және тоқтату; 2) бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу арқылы адамдарды құтқару және көшіру; 3) азаматтық қорғау күштерін құру, оларды даярлау және ұдайы әзірлікте ұстап тұру; 4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын даярлау және халыкты оқыту; 5) қорғаныс құрылыстарының, қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының сақтық қорын және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкін жинақтау және әзірлікте ұстау; 6) төтенше жағдай туындау қатері туралы болжам болған кезде күнібұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына хабар беру және құлақтандыру; 7) азық-түлікті, су қорларын (шаруашылық-ауызсу мақсаттары үшін су жинау орындарын), тағамдық шикізатты, жемді, жануарлар мен өсімдіктерді радио-активтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан, эпизоотиядан және эпифитотиядан қорғау; 8) өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 9) құлақтандыру және байланыс жүйелерін құру, дамыту және ұдайы әзірлікте ұстап тұру; 10) заманауи зақымдау құралдарының қауіпті фактор-ларының әсер етуін азайту немесе оларды жою жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу, оны әзірлеу және іске асыру; 11) мемлекеттік қорды қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету. Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесі -- тұрғындар мен объектілерді және Қазакстан Республикасы аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстардан туындаған қауіп-қатерден қорғау бойынша жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған басқару органдарының және Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының жиынтығы. Азаматтық қорғаныс (АҚ) -- бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы аумағын және халқын заманауи зақымдаушы құралдардан, табиғи және техногенді төтенше жағдайлардан қорғау бойынша жалпы-мемлекеттік іс-шаралар кешенін орындауға міндетті азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс іс-шаралары республикалық және аумақтық деңгейде, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс санатына жататын ұйымдарда объективті деңгейде ұйымдастырылады және орындалады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық құтқару
Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері
Азаматтық қорғаныстың міндеттері
Өмір-тіршілік туралы курстың мақсаты және мазмұны
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары
Азаматтық қорғаныс мәселелері
Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігіндегі рөлі
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі
Пәндер