Фарабидің астрономия мен астрология жөніндегі еңбектері
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі
Орындаған: Әмірхан Шамшат
Тексерген: Рсымбетова Нұржамал
Тараз қаласы 2022
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби - көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол - философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты "Музыка туралы үлкен трактат" деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.
Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Мәселелердің түп мазмұны", "Ғалымдардың шығуы", "Бақытқа жету", "Азаматтық саясат", "Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері" сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.
Əбу Насыр əл-Фарабидің өзінен: Сіз қандай ғылымдар саласында еңбек еттіңіз? -- деп сұрай қалсақ, ол не дер еді? Біздің ойымызша, ол былай дер еді: Менің айналысқаным бір-ақ түрлі ғылым, оның аты -- Табиғат пен адамзат деп аталады. Оп-оңай, екі-ақ ауыз сөз. Бірақ осы екі сөздің шеңберінен тыс ғылым қайда, ондайды естіген жан бар ма? Олай болса, Фараби қамтыған ғылым мен өнер жоқ деуге болады.
Ол жаратылыстану, философия, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия, əдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мəлім [4; 192, 193].
Бір қызығы, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш -- 160, ал тəжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді [5; 111].
Келтірілген еңбектер санының өзі Фарабиден бізге көп мұра қалғанын байқатады. Мың жылдан асса да осынша рухани мол дүниесінің қолдан қолға өтіп бізге аман жетуі Фарабидің ұлылығының, данышпан білімпаздығының тағы бір айғағы болса керек. Ендігі парыз осы еңбектердің барлығын жинап, екшеп-талдап ұрпақтар кəдесіне жарату болып отыр.
Əл-Фарабидің мұрасын зерттеуге жол ашқан немістің атақты ғалымы Дитерици болды. Осынау зерделі зерттеушінің бағалауынша, əл-Фараби ғылымдағы ержүрек қаһармандар санатына қосылады. Ол соқыр сенім кесапатына қарсы, өзінің тарихын қанмен жазған, рухани бостандық пен гуманизмнің қасиетті заңдарын таптау үшін бар зұлымдығын жасап баққан баққұмар мансапқорлыққа қарсы аянбай күресті [6].
Əбу Насыр əл-Фараби өзінің барлық жұмыстарын адамға арнады. Арабтілді философтар шешкен басты мəселелер - білім, таным, дүниедегі Ақиқатты іздеу мəселелері болды.
Ол үшін əл-Фараби ежелгі грек ғалымдарының еңбектерін өз бетінше оқып, талдап, түсіндірмелер жазып, ары қарай дамытқан, трактаттар жазған. Ол шамамен Аристотельдің барлық кітаптарына түсініктеме берген. Птоломейдің Алмагесіне жəне Порфирийдің Эйсогесіне түсініктеме жазған. Эфклидтің геометрия жайындағы кітаптарын терең зерттеген. Платонның күллі кітаптарын оқыған [7].
Өкінішке орай, ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық ғылыми еңбек деуге болады. Осы шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық жəне ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген əсері толассыз.
Фарабидің энциклопедиясы
Ғылымның даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап, реттеп белгілі бір жүйеге салу тəртібі ежелден бар.
Бабамыз Фараби бұл тұрғыда да қарап қалмай, өзінің ең атақты шығармаларының бірі Ғылымдар энциклопедиясы деп аталатын трактатын жазған. Бұл еңбектің ғылым тарихында алатын орны ерекше үлкен. Осы трактат Ғылымдар энциклопедиясы, Ғылымдар реті, Ғылымдар классификациясы, т.б. аттармен Шығыс пен Батыс елдерінде өте ертеде-ақ мəлім болып, одан көп ғұламалар тəлім алды.
Бұл кітап мындай бес тараудан тұрады: 1. Тіл білімі жəне оның тараулары; 2. Логика жəне оның тараулары; 3. Математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, айла-əрекет жөніндегі ғылым (механика); 4. Физика мен метафизика жəне олардың тараулары; 5. Азаматтық ғылым жəне оның тараулары, заң ғылымы жəне кəлəм (дін ғылымы) [8].
Тіл білімі. Фараби тіл білімін 7 тарауға бөледі: дербес жəне қарапайым сөздер мен сөйлемдер туралы; мəнерлеп оқу ережелері; тілдің заңы мен ережелері жайлы ғылым; дұрыс оқу ережелері; өлең жазу; шайырлық туралы ғылым немесе поэтика. Кейінгінің өзі ырғақ, ұйқас жəне поэзия болып үшке бөлінеді.
Логика. Фарабидің анықтауы бойынша, логика -- ойлаудың заңдары мен ережелері туралы ғылым. Бұл ғылымның арқасында адам өзінің ойлау əрекетін тəрбиелей алады; өзінің ойын анықтап айқын, жүйелі түрге келтіреді; ой қорыту, талқылау барысында логикалық қателер жіберуден аулақ болады.
Математика. Фарабидің энциклопедиясында математика ғылымдарына көп орын берілген. Ол математиканы үлкен-үлкен жеті тарауға бөлген. Арифметика, яғни, сан туралы ғылым. Оған практикалық жəне теориялық арифметика деп айрықша мəн берді. Фарабидің түсіндіруі бойынша, сан объективті ақиқат нəрселердің сезіп-түйсінуге болатын, яғни көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын жақтарын елеусіз қалдырып, тек саналуға, есептеуге тиісті қырларын бейнелейді. Бұл өте дұрыс материалистік түсінік.
Геометрия. Бұл ғылымның мазмұны мен мəнін ғалым төмендегіше тұжырымдайды. Геометрия екі ғылымды біріктіреді: біріншісі -- практикалық геометрия; екіншісі -- теориялық геометрия. Практикалық геометрия сызықтар мен беттерді, ағаш ұстасы, темірші, тас қалаушы, жер өлшеушілердің ыңғайына лайық ағаш, темір, тас денелердің бетінде қарастырылады. Теориялық геометрия сызықтардың, жазық фигуралардың, геометриялық денелердің формасы мен мөлшерін, теңдігі мен теңсіздігін, олардың түрлері, реті жəне басқа осыларға байланысты барлық нəрселерді зерттейді.
Оптика. Фарабидің жіктеуі бойынша, математикаға оптиканы да жатқызған. Бұл туралы ол былай дейді: Оптикада геометрия тəріздес форма, шама, рет, тəртіп, орын, теңдік, теңсіздік, т.б. нəрселерді қарастырады. Оптиканың мəні мен ақиқаты, анық пен оның алдамшы көрінісінің парқы ажыратылады, қатаң дəлелдеу жолымен мұның себебі айқындалады, көзбен көруде кездесуі мүмкін болатын қателердің барлығы ескеріледі, одан құтылуға көмектесетін, яғни қарастырылып отырған нəрсенің мөлшері, формасы, орны, құрылысы, т.б. туралы ақиқатқа жеткізілетін əдіс, айлалардың түрлері көрсетіледі.
Астрономия. Астрономия деген бір атпен екі ғылымды түсінеміз, -- дейді ғалым. Олардың біреуі -- жұлдызнама. Бұл ғылым жұлдыздарға қарап болашақта не болатынын, кейде қазіргі кезде болып жатқан жəне өткенде болған оқиғаларды болжауға арналған. Екіншісі -- математикалық астрономия. Астрономияның осы бөлігі ғана математикалық ғылымдардың қатарына жатады, ал қабілет -- өнердің бір түрі; ол арқылы не болатынын адам болжамдай алады; мəселен, түс жору, құстың ұшуы бойынша жорамалдау, бал ашу, т.б. қабілеттер.
Жаратылыстану мен метафизика. Фарабидің анықтауы бойынша, физика, яғни жаратылыстану, -- табиғат туралы, оның негізгі принциптері мен бөліктері жайлы, табиғи денелерге тəн акциденциялар туралы, табиғи деректер мен элементтердің өзара əсері жайлы ғылым. Ал метафизика болмыстың жалпы принциптері мен категорияларын зерттейді.
Қала, заң жөніндегі ғылымдар жəне дін ғылымы (кəлəм). Ғылымдардың бұл салалары этика, тəрбие, мемлекет басқару мəселелерімен айналысады.
Фарабидің энциклопедиясы ХІІ ғасырда арабшадан латын тіліне екі рет аударылған. Одан кейінгі ғасырларда бұл еңбек толық немесе үзінді түрінде ескі еврей, неміс, ағылшын, француз, түркі, т.б. тілдерге тəржімаланған. Роджер Бэкон, атақты Əбу Əли ибн Сина (980 - 1037) жəне басқалар тікелей соның əсерімен өздерінің көпке мəлім энциклопедиялық еңбектерін жазған [9].
Ұлы ғұламаның бұл еңбегінің құндылығы, оны басқа халықтардың өз қажетіне жаратып, оның еңбек заңдарына, еңбек адамдарының өз жұмысына саналылықпен, ұқыптылықпен қарап, өндірісті дамыту, еңбек өнімін, жеке адамның еңбекке құштарлығын, ьнта-жігерін арттыру мақсаты көзделгендігінде.
Ғылымдар энциклопедиясында ойшыл ғалым Аристотельден өзіне дейінгі 1300 жылдай уақыт ішінде өркендеген ғылымдарға талдау жасаған, пəнін тағайындаған, мазмұнын анықтаған, үйрену жəне үйрету жолдарын белгілеген. Бұл еңбек Фарабиден кейін де 500 жыл бойы Шығыс, Батыс оқымыстыларының қолынан түспес кітабына айналды. Жоғары мектептерге ғылым негіздері жөніндегі басты оқулық болды.
Ұлы ойшылдың еңбектерінің бəрін де философиялық тұрғыдан қарауы
Араб мəдениетінің философиялық екі тарауы болған деп саналады. Оның бірі ертеден келе жатқан теологиялық-мистикалық, дүниеден безуші -- аскеттік-дəруіштік ағым; екіншісі дүние кілтін табиғатты зерттеуші адам ақылынан іздейтін ақли (рационалдық) ағым.
Ғылым мен білімнің өркендеуіне ақли ағымның зор əсер еткені мəлім. Осы айтылған ақли -- рационалдық ағымның негізін салушы ретінде көбіне үш адамның -- əл-Кинди, əл-Фараби, Əбу Əли Ибн Синалардың есімдері аталады. Араб мəдениетінің негізін салушы осы үш философ. Фараби алғашқы жаңа талап кезінде əл-Кинди еңбегімен танысып, содан əрмен қарай өрлей бастаған болса, кейінгі Əбу Əли ибн Сина да өзінің философиялық бағытын Фараби еңбегінен бастаған. Фарабидің атағы философ ретінде Аристотель, Платон сияқты ірі философтардың еңбектерін талдаумен əйгілі болады.
Əл-Фараби өзінің Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат атты еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеру үшін қажет болатын тоғыз шарты жайлы өз пікірлерін ортаға салған. Оның пікірінше, тұңғыш рет грек философы Пифагор философиялық бағыттың алғаш негізін құрастырған.
Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің Категориялар,Метафизика, Герменевтика, Риторика, Поэтика, бірінші жəне екінші Аналитика,Топикасы мен Софистикасына түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мəдениетін таныстыруда үлкен рөл атқарды [10; 31].
Фараби Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да Ғылымдардың шығуы, Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі, Кемеңгерлік меруерті, Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы, Музыканың үлкен кітабы, Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы, Ақылдың мəні туралы, Əлеуметтік-этикалық трактаттар, Философиялық трактаттар, т.б. сол сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған.
Əл-Фараби Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат деген еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларында өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп жүйелейді.
Осы трактатында Қайрат, Ақыл жəне Жүрек сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп:
Жүрек -- басты мүше, мұны тəннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес [11], -- деп жүрекке шешуші мəн береді.
Əл-Фарабидің қайрат, ақыл жəне жүрек жайындағы философиялық ой-пікірлерін Абай өзінің Əсемпаз болма əрнеге... атты өлеңінде де əрі ойшыл-кемеңгер, əрі аса дарынды сөз зергері ретінде оқырманға зор шеберлікпен жеткізген [12]:
Əсемпаз болма əр неге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де -- бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Абай ақыл мен қайраттың иесі болған адамды жарты адам дейді. Өйткені ондай адам тек суық ақыл мен жүгенсіз қайраттың ғана өкілі болып табылады. Ал бойына осы екі қасиетпен қоса қабат əділет-шапқат (жүрек) біткен адам ғана толық адам, яғни ол енді нұрлы ақылдың өкілі деп танылады.
Əл-Фараби өзінің Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында деп аталатын зерттеуінде [13] адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны потенциалды интеллект, актуалды интеллект, жүре келе дарыған интеллект, əрекетшіл интеллект сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Əл-Фараби жүре келе дарыған интеллект туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллекттің өзі жүре келе, есітіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді.
Ғұламаның интеллект жөніндегі философиялық ой-тұжырымын араға тоғыз ғасырдай уақыт салып барып, қазақ қауымының жаңа тарихи жағдайында Абай Құнанбайұлы зор білгірлікпен жалғастыра түскен [13].
Фарабидің философиялық еңбегін талдау деген сөз -- оның барлық ғылыми табыстарының қорытындысын шығару деген сөз. Ол өзінің еңбектерінің бəрін де философиялық тұрғыдан қарайды. Кейбір табиғи құбылыстарды талдаған қағидаларында оның табиғат зерттеуші ғалымдығы мен ойшыл философтығы арасын айыру өте қиын.
Философия жөнінен алғанда Фарабиді Аристотельдің шəкірті дейді. Оның шындығына біз де таласпаймыз. Фараби Аристотельді (Арстулаизды) аса жоғары бағалаған. Əсіресе, оның логикасын жақсы көріп: Бұл кітапты жүз мəртебе оқыдым, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz