Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік беру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Мақсаты: Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік беру.

Жоспар:

:: Педагогика әдіснамасы мен әдістері.
:: Педагогика әдіснамасы жонінде түсінік.
:: Педагогиканың философиялық негіздемесі.
::Педагогиканың зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі.

Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория-таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл-теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл-осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық концепциясы, көбінесе, ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологиялық-педагогикалық ғылымғы және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық концепция психология-педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және оның ең басты құрылымдары болып табылады.
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады.Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психологиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.Зерттеушіге, кейде, ғылымдағы көпшілік қабылдаған, тұрақты ережелер туралы, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептер бағыттары туралы ұмытып, олардан бас тартып, оларды дәлелді түрде жоққа шығарудың пайдасы көп болады. Сондай-ақ, әртүрлі тұжырымдарға, олардан шығатын мәселелерге және оларды шешудің ерекше тәсілдеріне сын көзбен қараудың да пайдасы зор. Іске осылайша қарау теориялық материалға деген өзіндік қатынасты қалыптастыруға, белгілі бір тұжырымдарға сүйеніп, бір жағынан философиялық ережелер ықпалындағы, ал екінші жағынан ғылыми-педагогикалық танымның белгілі бір саласына бағытталған кейбір тұжырымдарды сынауға көмектеседі.Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан зерттеушілер ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қортындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бұл зерттеліп жатқан саладағы жаңа жүйелік тұтастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі білім қайта құрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қорытындылар мен нақтыландырулардың негізін құрастыру қажет. Теориялық білім, сөздің жалпы мағынасында дегеніміз белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал тар және арнайы мағынасында, ол дегеніміз педагогикалық іс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтердің басқа элементтерге тәуелділігін сипаттайды, ал теория мазмұны пікірлер мен түсініктер жинынтығынан тұрады. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәрбиесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қорытындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол-осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құрылуының механизмі. Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теория-әдіснамалық білімдерге сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі. Осының бәрі ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық теорияның тұтастығын құрайды.Философиялық білімдердің даму сатыларының әдіснамасының орынды негіздері уақыт өте келе қорытындыланып, шығармашылықпен қайта құрылып, бұл күндері жалпы сипатқа ие болып отырған және ғылыми білімнің зерттелінетін саласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы ұйымдастыратын бастауына айналып отыр.Қазіргі заманғы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдіснаманың философиялық және нақты-ғылыми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәнінен дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік
Педагогика ғылымының қызметтері
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан дамыту
Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы
Тұтас педагогика ұғымы
Әдіс пен технология
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері
Педагогика ғылымының әдістері
Пәндер