Қазақстан электрэнергетикасының даму тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТІРЛІГІ
Ғ.Дәукеев атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Электрмен жабдықтау және энергияның жаңартылған көздері кафедрасы

Мамандыққа кіріспе пәні бойынша
СӨЖ-1
Тақырып:Қазақстан электрэнергетикасының даму тарихы

Орындаған:Жапар Досбол
Қабылдаған:аға оқытушы
Агимов Т.Н
Кіріспе
Шаруашылықтың аса маңызды саласының бірі - электр энергетикасы. Бұл сала
өнеркәсіп пен қоғамның барлық өндіргіш күштерінің аумақтық орналасуы мен
дамуына әсер етеді. Сондықтан да электр энергетикасын республика
шаруашылығының жетекші саласы деп атауға болады.
Жалпы электр энергиясын өндіруде еліміздің электр станциялары:
жылу электр станциясы (ЖЭС), су электр станциясы (СЭС), атом электр
станциясы (АЭС) деп бөлінеді.
Ғылыми - техникалық прогрестің басты бағытарының бірі -
шаруашылықты электрлендіру. Өндірісте жаңа технологияны кеңінен
пайдалануда, автоматтандыру мен копьютерлендіруде электр энергиясына деген
сұраныс артады. Энергия мен жылуды көр қажет ететін өндірістер (алюминий,
магний, титан өнеркәсіптері, ферроқорытпа өндірісі) электр энергиясын
өндіретін орталықтың маңына шоғырланады. Мысалы, орташа есеппен 1 т
алюминий өндіру үшін 18 мың кВт - сағ, ал маний өндіру үшін 20 мың квт-сағ
электр энергиясы қажет. Ірі электр станцияларының маңына металлургия,
электрохимия өндірістері орналастырылады
Электр энергетикасы''' -- [[энергетика]]ның басты құрастырушысы, оның басты міндеті -- электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.
Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да...) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.
Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі -- оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болатын
Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі (ҚР БЭЖ) Қазақстан Республикасының тұтынушыларына сенімді және сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін, электр станцияларының, электр беру желілерінің және қосалқы станциялардың үйлесімі болып табылады.
Электр қуаты нарығы екі деңгейден тұрады: көтерме және бөлшек электр энергиясы нарығы, жылу энергиясының нарығы бір деңгейден тұрады - бөлшек сауда нарығы.

Жоспар.

I.Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері
2.Электр энергиясың негізгі өндірушілері
а) Жел электр станциясы. ( Қордай ЖЭС)
б) Су электр станцияссы. (Бұқтырма СЭС)
1.Қазақстан элекр энергетикасының дамуының негізгі кезендері
Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:
Бiрiншi кезең 1918 -- 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.
Екiншi кезеңде (1946 -- 58 ж.) аймақтық электр станцияларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды.
Үшiншi кезеңде (1959 -- 90 ж.) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты.
Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс өзенінде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды. 1990 ж. КСРО экономикасының құлдырауы қарсаңында республика электр станцияларының қуаты 18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104,8 млрд. кВтсағатты құрады, оның 87,4 кВтсағаты меншiктi электр станцияларында өндiрiлдi. 1990 ж республикада 131,5 млн. т көмiр, 25,5 млн. т мұнай мен газ конденсаты және 6,8 млрд. м3 газ өндiрiлдi. Өндiрiлген көмiр мен мұнайдың едәуiр бөлiгi республикадан тысқары шығарылды. 1990 ж. басқа елдерге 10 млн. т кокстелетiн және 46,6 млн. т энергет. көмiр (42,9%), 21 млн. т мұнай мен газ конденсаты (82,4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесi 15% болды. 1990 ж. республиканың ұлттық табысындағы үлестi энергия сыйымдылығы 1 сомға шаққанда 4,01 кг болды, мұның өзi өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп. Қазақстан электр энергетикасы 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешiрдi. Республиканың қолданыстағы энергетикалық қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 ж. ортасына қарай бұл қуат 10000 мВт-қа дейiн қысқарды. 2000 жылдың қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көрсеткiшi 8560 мВт-қа дейiн төмендедi. Қазақстан энергия өндiрушi қуаттардың тапшылығы және артық электр қуаты бар аймақтардан оны жеткiзе алатын электр желiсiнiң жоқтығы себептi оңтүстік және батыс аймақтар үшiн электр қуатын сырттан алды. ҚР Үкiметi 1996 ж. электр энергетикасының қуат өндiрушi және электр тораптары активтерiне мемлекеттік монополияны реформалау, сөйтiп электр қуатының бәсекелi рыногiн жасау қажеттiгi туралы шешiм қабылдады. Осы мақсатта электр энергетикасын құрылымдық жағынан қайта құрудың үкiметтiк бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарламаны iске асыру электр энергетикасының бәсекелi бөлiгiн (электр қуатын өндiру және оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және бөлу) қамтамасыз етiлдi. Iрi электр ст-лары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр станциялары (ЖЭО) жергiлiктi басқару органдарының меншiгiне берiлдi. 1120, 500 және 220 кВ кернеулi негiзгi тораптардың активтерi негiзiнде Электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания (КЕGOC ААҚ), 110 -- 35, 6 -- 10 және 0,4 кВ кернеулi аймақтық электр тораптары негiзiнде бөлу электр тораптық акционерлік компаниялары (АЭК АҚ) құрылды.

Ресей империясы жас Қазақ республикасына ешқандай энергетекалық мұра қалдырмады. Революцияға дейінгі Қазақстанның барлық электр станцияларының жылдық электр өнімі 1,3 млн. кВт. механикаландырған бір совхоздың тұтынатын электр энергиясынан 2-3 есе аз болды. Бұл, негізінде Ертіс өңірі мен Орталық Қазақстанның тау-кен рудалы кәсіпорнына қызмет ететін кішігірім электр станциялары болатын. Олар локомобильдермен, не екі ырғақты мұнай двигателдерімен жабдықталды, яғни бу турбиналары болған жоқ.
1920 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлба және Громатуха өзендерінде су электр станцияларын салу ісіне көніл аударылды. ГОЭЛРО жоспары бойынша Қазақстанда, оның ішінде Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында су электр станцияларын салу ісі белгіленді.
Қазақстанның энергетикасы дамуының өсу қарқа\ынын техникалық деңгейі жағыннан шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңге 1920 жылдар кіреді. Бастапқы кезде империалистік және азамат соғысы салдарынан құлдырып кеткен шаруашылықтарда, әсіресе тау-кен өнеркәсібі үшін шамалы қуатты электр станциясын салу қажеттілігі туды. Мысалы, Орталақ Қазақстандағы Қарсақпай және Шығыс Қазақстандағы Глубоков электр станциялары мыс балқату зауыттарын электрмен қамтамасыз ету мақсатында салынды. 1928 жылы Риддер жанындағы қуаты 3 МВт Жоғарғы Хариуз су электр станциясы іске қосылды. Міне, бұл станция Қазақстан су энергиясы құрылысының бастамасы болды.
Бірінші кезеңнің аяғына таман республиканың электр станцияларының қуаты 9 МВт, ал электр энергиясының өнімі 7 млн. кВт сағқа (1913 ж. 1,3 млн. кВт болатын) жетті. Осы цифрлар қазіргі түсінік бойынша, әрине, көзге тым қораш болып көрінеді.
Қазақстан энергетикасының дамуының екінші кезеңі - 1930 жылдары индустриялы Қазақстанның айқын түрін белгілеген, өнеркәсіппен күрделі жаңа құрылыстың қарқындап даму уақыты болды. Ірі өнеркәсіп орындарымен қатар сол кездегі біршама қуатты электр станциялары салына бастады.
Электр станцияларының саны мен жалпы қуатыкүрт артты. Бірыңғай өнеркәсіптік станциялармен қатар тұрмысқа және ауыл шаруашылығына қажет электр станциялары, сонымен бірге темір жол транпорты мен байланыс жолдарына қызмет ететін электр стнциялары салынды.
1934 жылдың басындыа, республиканың барлық электр станцияларының жалпы қуаты 60 МВт-ға жетті, бұл бірінші кезеңдегі жағдаймен салыстырғанда 6,5 есе көп еді.
Электр станциялары қуатының негізгі үлесі (80% шамасында) ауыр өнеркәсіпке берілді. Олардың орташа бірлік қуаты, сол кезгі шамамен алғанда айтарлықтай көп еді. Тұрмысқа қажет электр станцияларының барлығы да кіші-гірім болатын, тек кейбір облыс орталықтарындағы станцияның қуаты бірнеше жүздеген киловатқа жетті. Бастапқыда тұрмыс мұқтаждарын өтеуге арналған бұл станциялар негізінен қалалардағы тез өсіп келе жатқан орташа және ұсақ өнеркәсіптерді электрмен қамтамасыз етуге пайдаланылды. Сондықтан олар сарқыла пайдаланылып, қалалардың көпшілігі электр энергиясына мұқтаж бола бастады.
Бірінші жене екінші кезеңдер аралығында мынадай ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты, Ақтөбе химия комбинаты, Шығыс Қазақстан облысындағы тау-кен металлургия кәсіпорындары, Семей ет комбинаты салынды. Осыған орай, Қазақстанда алғашқы бу турбиналы электр станциялары салынды, олардың қуаты мыңдаған киловатқа жетті. Оның ішіндегі ең ірілері: 1932 ж. іске қосылған. Қарағанды орталық электр станциясы Шымкент қорғасын зауытының орталық электр станциясы (1934ж.), Семей ет комбинатының жылу электр орталығы (1935ж.), Алға қаласындағы Ақтөбе химиа комбинатының жылу электр орталығы (1935ж.), Қаратау орталық электр станциясы (1935ж.). Мұның бәрі зауыттың электр станциялары еді. Алайда, олардың үлкен қалаларда орналасқан кейбіреулері, кәсіпорынның тар шеңберінен шығып, қала тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз ете бастады. Мысалы, Семей ет комбинатының жылу электр орталығы бірқатар кәсіп орындар мен қаланың бір бөлігін энергиямен жабдықтады. 1935 жылы алғашқы бу турбиналық электр станциясы - Алматы Орталық электр станциясы іске қосылды, ол республика астанасын 1944 жылға дейін электр энергиясымен қамтамасыз етудің бірден-бір көзі болып есептелді.
1937 жылы Балқаш қаласында Қазақстандағы алғашқы ірі жылу электр станциясы іске қосылды. Дәл сол жылы Шығыс Қазақстан облысында қуаты 27,6 МВт Ұлба су электр станциясы пайдалануға берілді. Оның іске қосылуы Қазақстандағы алғаш энергия жүйесін құруға себебін тигізді (қазіргі Алтайэнерго).
Екінші кезеңнің аяғында бірқатар ірі энергетикалық объектілер, Ертіс ГЭС - і, Қарағанды ГРЭС - і салына бастады. Екінші кезең - негізінен республиканың энергетикалық базасының қалыптасу кезеңі. 1940 ж. Қазақстанның барлық электр станцияларының қуаты 224 МВт - ға жетіп, электр станциясының өнімі - 0,63 млдр. кВт сағ болды.
Қазақстанның энергетикалық базасының даму қарқыны Совет одағы бойынша орташа цифрлардан әлдеқайда жоғары болды. Егер 1928 - 1940 жылдарда ССРО - да электр энергиясының өнімі 9,7 есе өссе, Қазақстанда осы уақыт ішінде ол 90 есе өсті. Электр энергиясын өндіру жағынан ол бұрынғы Совет Одағының барлық аудандарын қуып жетіп, 1940 жылы одақтас республикалар ішінде бесінші орынға ие болды.
Герман фашизмі біздің елімізге соғыс ашқан жылы Қазақстанның өзінің қуатты энергетикалық базасы болған. Бұл экономиканы, оның ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикадағы дағдарыс жағдайы және экономикаға оның әсері
Аймақтың климаттық көрсеткіштері
Зауыттың электр жүктемелері
Авто-жөндеу зауытының электрмен жабдықтау
Электр энергия станциясы
Құрал - сайман зауытының электрмен жабдықтау
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Пәндер