Диалектологияға мол үлес қосқан оралман қазақтардың тіл ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Диалектологияға мол үлес қосқан оралман қазақтардың тіл ерекшеліктері

Қожа Ахмет Ясауи атындағы

Халықаралық қазақ- түрік университеті

оқытушысы

Аңдатпа : Сөйленістерде байқалып жүрген дыбыс алмасуының түп төркіні бүкіл түркі тілдерінің фонетикалық жүйесімен байланысты әрі тамырын кең жайған құбылыс. Өйткені тіліміздегі қай дыбыс алмасуын алсақ та, түркі тектес тілдердің арасындағы дыбыстық алмасулардан айырмашылығы жоқ десек те болады. Бірақ фонетикалық ерекшеліктер мол болғанымен, сөйленістің дыбыстық құрамы әдеби тіліміздің дыбыстық құрамынан өзгеше емес, сөйленістегі дыбыс саны және олардың жасалу жолдары (артикуляциясы) әдеби тіліміздегі дыбыстармен үйлесіп, бірігіп жатады.

Кілт сөздер : Дыбыс, өзара алмасу, жергілікті халық, диаспора, құбылыс, этникалық құрамы, тілдік ерекшеліктер, жергілікті өзгешелік.

Қоршаған ортаның дамып өркендеуімен қатар, сол ортаның басты факторы болып табылатын адамның сөйлеу тілі де өзгеріске ұшырайды. Адамзат тілінің өзгеріске ұшырауына ішкі-сыртқы факторлар уақытпен таласып әсер етіп жатады. Соның бірі ретінде жергілікті аймаққа ғана тән тілдік ерекшеліктер сөздік қорды байытып отырады. Қай тілде болмасын диалектілік, сөйленістік ерекшеліктердің бар болуы заңды құбылыс. Жекелеген аймаққа ғана тән тілдік ерекшеліктердің (дыбыстық, лексикалық, грамматикалық) жиынтығын диалект деп атайды. Ал сөйленіс - жалпы қазақ тілінің жергілікті түрлері. Оларға тән дыбыстық, грамматикалық, лексика-семантикалық ерекшеліктер неғұрлым шағын аймақты (бірнеше аудан, я облыс) қамтиды. Бұл - сөйленістің неғұрлым көлемді аймаққа (үш-төрт облыс) тараған диалектілерден ең басты айырмасы. Тілдік ерекшеліктері бір-біріне жақын тектес бірнеше сөйленістер тобын (оңтүстік сөйленістер тобы, батыс сөйленістер тобы және т. б. ), яғни диалектілерді жасайды. Қазақ тіліндегі сөйленістер 1950 жылдың екінші жартысынан бері зерттеле бастады. Жергілікті халықтық сөйленістер басқа тілдердің әсерінен тыс жергілікті аудандардың өзінде пайда болған. Ауыспалы сөйленістер тілдегі диалектілердің аралығында қалыптасқан ішкі ауыспалы сөйленіс (мыс., батыс және оңтүстік диалектілерінің әсері тиген Арал, Қызылорда сөйленістері) және қазақ тілімен басқа тілдер шектескен аудандарда пайда болған сыртқы ауыспалы сөйленіс (мыс, қазақ, қырғыз жергілікті тұрғындарының өзара қарым-қатынасынан туған Шу сөйленісі; қазақ, өзбек жергілікті тұрғындарының қарым-қатынасынан туған Шымкент сөйленісі) болып бөлінеді. Бұлардан басқа сөйленістердің басқа тілдік ортада қалыптасқан аралас түрі бар. Бұған Түркіменстан, Монғолия, Тәжікстанда тұратын қазақтардың сөйленістері жатады, олардың қос тілділік сипаты бар. Қазақ диалектілерінің өз ішінде сөйленістерге бөлінетіні туралы алғаш рет А. Аманжолов, Н. Сауранбаев, Ж. Досқараев еңбектерінде айтылған. Ал қазақ тілі сөйленістерін нақты зерттеп, ғылыми еңбектер жариялаған ғалымдар: Ж. Болатов, Ә. Нұрмағанбетов, О. Нақысбекұлы, С. Омарбекұлы, Т. Айдаров, Ш. Сарыбаев, Ғ. Қалиұлы, Ә. Жүнісбекұлы, Ә. Байжолов, Ә. Бөрібаев, Ю. Абдуалиев, Б. Бекетов, А. Тасымов [1] . Қазақ тіліндегі сөйленістерді топтастыру мәселесіне келсек, онда негізінен алғанда, екі түрлі көзқарас болды: оның біріншісі - қазақ тілінде үш диалект (оңтүстік, батыс және солтүстік-шығыс диалектілері) бар деп есептеген С. Аманжолов болса, екіншісі - диалектілер мен сөйленістердің екі үлкен тобы (оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс диалектілері немесе сөйленістері) деп қараған Н. Сауранбаев пен Ж. Досқараев. Кейінгі зерттеулер С. Аманжолов солтүстік-шығыс диалектісіне жатқызған солтүстік, орталық және шығыс аудандары тіл ерекшеліктері жағынан өз ішінде бірыңғай еместігін анықтады. Осыған байланысты С. Аманжоловтың пікірін негізге ала отырып, қазақ тіліндегі сөйленістерді топтастыру мәселесін қайта қарастыру қажеттігі туды. Соның нәтижесінде тіл ерекшеліктерін зерттеумен шұғылданатын ғалымдар қазақ тілінде оңтүстік, батыс, шығыс және орталық-солтүстік сөйленістік топтар (диалектілер) бар деген тоқтамға келді [2, 141-142 бб. ] .

Қазақ диалектологтарының тұжырымдауынша, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер жоғарыда аталған төрт сөйленістер тобынан және олардың құрамындағы жеке сөйленістерден тұрады. Олар: 1) оңтүстік сөйленістер тобы; 2) батыс сөйленістер тобы; 3) шығыс сөйленістер тобы; 4) орталық-солтүстік сөйленістер тобы. Профессор О. Нақысбековтің топтамасы бойынша оңтүстік сөйленістер тобына: Жетісу сөйленісі, Шу сөйленісі, Шымкент сөйленісі, Қызылорда сөйленісі, Ташкент сөйленісі, Тәжік сөйленісі жатса; Ә. Нұрмағамбетовтің топтамасы бойынша батыс сөйленістер тобына бес сөйленіс кіреді: орталық сөйленіс, Маңғыстау сөйленісі, Арал сөйленісі, Қарақалпақстандағы қазақ сөйленісі, Түркіменстандағы қазақ сөйленісі . Ж. Болатовтың топтамасы бойынша шығыс сөйленістер тобына бес сөйленіс жатады: Аягөз сөйленісі, Өскемен сөйленісі, Қошағаш сөйленісі, Баян-Өлгий сөйленісі, Шыңжан сөйленісі. Ал орталық-солтүстік сөйленістер тобына Арқа (Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды облыстары және Қостанай мен Семей облыстарының кейбір аудандары орналасқан өңір) қазақтарының тілін жатқызады [2, 106-125 бб. ] . Қазақ тіліндегі осы сөйленістердің ішінде біздің арнайы қарастыратынымыз - оңтүстік сөйленістер тобына жататын Тәжік сөйленісі. Әлемнің 40 шақты елінде тарыдай шашыраған қазақтардың 20 мыңы Тәжікстан жерінде қоныстанған. Олар Тәжікстанның Қорғантөбе облысының Вахш, Колхозабад аудандарындағы Теректі тауларының Дарбазабұлақ, Найманбұлақ, Үшбұлақ, Өлеңбұлақ, Қарабұлақ деген жерлеріне келіп қоныстанғанына алды бір ғасырдан артық уақыт болды. Этникалық жағынан мұнда көбінесе Кіші жүз құрамына кіретін Адай, Әлім және Алаша руларының ұрпақтары. Қазір олардың он мыңнан артығы өз отанына, ата жұртына қайтып көшіп келіп, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал, Сарыағаш, Түркістан, Қазығұрт, Бәйдібек, Ордабасы, Төлеби аудандарына келіп орналасты.

ХІХ ғасырдың 70-жылдарындағы Маңғыстау қазақтарының патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы көтерілісі жеңіліске ұшырағаннан кейін көтерілген кіші жүз руларының біразы Хиуа, Бұхар хандығының иелігіндегі жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Ауған елдің бірқатары Амударияның төменгі ағысын мекендейтін кіші жүз арасына сіңді де, бірқатары дарияның бойын қуалай қазіргі Тәжікстан жеріне дейін жетті. Бұлардың осы өңірге келіп ат басын тіреген жерлерінің бірі - қазіргі Қорғантөбе қаласының маңы [3, 100-101 бб. ] . Профессор Б. И. Искандаровтың «Восточная Бухара и Памир во второй половине ХІХ века» деген еңбегінде: «ХІХ ғасырда қазақтар мен түрікмендердің бірнеше мың отбасы қазақ және түрікмен жерінен қоныс аударып келіп, Вахш жазығы мен Куляб облысының жеріне мекен тепті», - деп көрсетеді. Оның кітабында қазақтар «қырғыздар» деп көрсетілген. Қазақтар негізінен мал өсірумен айналысыпты. Бұхар эмираты билігі тұсынан бастап, Шығыс Бұхарында (бүгінгі Тәжікстан) біріккен үкімет құрылғанға дейін қазақтар түйемен кіре (керуен) тасу кәсібімен айналысқан. Ол кезде түйе күші мемлекеттік тасымалдаудың негізгі көзі болған [4, 13 б. ] . Қала төңірегінде ауыл-ауыл болып отырған қазақтар мұнда 1960 жылдардың бас тұсына дейін аса көп болған. Кейін олардың Қазақстанның оңтүстік облыстарының жеріне қарай бірте-бірте ойыстап, азая бастағаны белгілі. Мұнда ауыл-ауыл болып шоғырланып отырған қазақтар әлі де бар. Қазақ ру-тайпаларының бұл төңірекке қоныс аударған зор толқыны жоғарыда айтқанымыздай, 30-жылдардың бас тұсына тура келеді. Асыра сілтеу зардабынан аштыққа ұшыраған қазақ ауылдарының көрші республикалардың жеріне бас сауғалап паналағаны қазір баспасөз бетінде жиі айтыла бастады. Кейінгі дүркін бұл алқапқа келіп орныққан қазақтар ру-тайпа жағынан әркелкі [3, 101 бб. ] . Өйткені, ол кезде Тәжікстан өңіріне қоныс тебушілер қазақ жерінің батыс өңірінен ғана емес, басқа да аймақтарынан да келе бастады.

Тәжікстан қазақтарының тілі - қазақ диалектологиясында көп зерттелмеген сөйленістердің бірі. Бұл өңірдегі тұрғындардың сөйлеу тілін зертеу 70-жылдардан бастап, Ұлттық Ғылым академиясы ұйымдастырған диалектологиялық экспедициялардың негізінде басталды. 1974 жылы проф. С. Омарбеков Қорғантөбеге, ал оның келесі жылында проф. О. Нақысбеков пен кіші ғылыми қызметкер Ф. Сағындықовалар аталған облыстың Вахш, Колхозабад аудандарына барып, сол өңірдегі қазақтардың ауызекі сөйлеу тілінен деректер жинайды. Ал 1976 жылы ғылыми қызметкерлер Ә. Османова, Ф. Сағындықова және Ж. Бисембаевалар барып, зертеу жұмысын жүргізеді. Сол диалектологиялық экспедициялардың негізінде Ж. Бисембаева, Ф. Сағындықовалардың авторлығымен бірнеше мақала жарық көрді [5] . Ал А. Тасымов Тәжікстан қазақтарының сөйленісіне байланысты біраз мәліметтерді Түркістан тіліндегі кейбір дыбыстық ерекшеліктер жөніндегі мақаласында сөзге тиек етті. Осы өңірдегі қазақтардың тілдік ерекшелігін жіті қарастыру 2002 жылдан біздің зерттеу нысанымызға айналғалы бері, бірқатар диалектологиялық экспедициялар орындалды. Тәжікстанның Вахш, Колхозабад аудандарында тығыз орналасқан қазақтардың және соңғы жылдары Түркістан өңіріне көшіп келген тәжікстандық оралмандардың сөйлеу тілінен жиналған деректердің саны 2, 5 мыңға жуық тілдік бірліктер. Тәжікстан өңіріне жүргізілген диалектологиялық экспедициялардың барысында мол тілдік деректер жинаумен қатар, ондағы қазақтардың тілдік ахуалына да назар аударылды. Жергілікті тәжік, өзбек халықтарымен тығыз қарым-қатынас жасап келген қазақтардың балалары өзбек мектептерінде оқиды. Өз ана тілімен бірге өзбек, тәжік тілдерін де жақсы біледі. Аталған халықтармен тығыз байланысы осындағы тұрған қазақтардың тіліне де едәуір әсерін тигізгені байқалып тұрады. Тәжікстанда тұратын қазақтардың этникалық құрамы кіші жүз қазақтары болғанмен, тілдік ерекшеліктері жағынан оңтүстік сөйленістер тобына жататын, өзбек әсіресе тәжік тілімен ортақ сөздері мол жеке сөйленіс. Тәжік қазақтары тіл ерекшеліктерін жинау үшін ұйымдастырылған диалектологиялық экспедициялардың материалдары негізінде, мұндағы дыбыстық ерекшеліктердің дені оңтүстік сөйленістер тобымен ұштасып жатады. Тәжікстан қазақтарының тілдік ерекшелігі мүмкін болғанша казақ тілінің басқа сөйленістерімен салыстыра зерттелді. Олар жеке зерттеу нысаны болып монография ретінде жазылған Арал, Маңғыстау, Шу, Түркіменстан, Қарақалпақстан, Орда, Өзбекстан, Ташкент, Сырдария, Оңтүстік Қарақалпақ, Еділ, Батыс Сібір, Ауған-Иран, Жетісу және Қостанай сөйленістерінің тілі мен Оңтүстік, Батыс, Шығыс сөйленістер тобына қатысты еңбектер арқылы жүзеге асты. Қазақстаннан шеткері мемлекетте тұратын қазақтар тілінде сол тұрғылықты халық тілінің, дүниетанымының, әдет-ғұрпының (және т. б. ішкі-сыртқы факторының) әсері болмай қалмайды. Сол себептен әрбір тілдің, не сөйленістің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері өзге тілмен, не сөйленіспен салыстырғанда ғана байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диалектология ғылымының зерттелуі
«Қазақстан мен ресейдегі көші қон мәселесінің бақ тағы көрінісі»
ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж)
Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Қазақстандағы оралмандардың әлеуметтік жағдайы
Қазақ диалектологиясындағы лингогеография мәселесі
Моңғолиядағы алғашқы қазақ журналдары
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Көші-қон мәселесі жайлы
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz