Әл-Фараби – түркі және ислам өркениетінің ойшылы


Қазақстан Республикасы М. Х. Дулати атындағы
Білім және Ғылым министрлігі Тараз өңірлік университеті.
Министерство Образования и Таразский региональный
Науки Республики Казахстан университет им. М. Х. Дулати
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Әл-Фараби - түркі және ислам өркениетінің ойшылы.
Орындаған: Нургали Гаухар
Тобы: Ф21-3
Тексерген: Рысынбетова Нұржамал
Тараз қаласы, 2022 ж.
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб. : أبو نصر محمد الفارابي , Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки 870 - 950 ж. ш. ) - әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған.
Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алғанОтырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған.
Әбу Насыр Әл-Фараби - түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған) . Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 - 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.
Негізгі бөлім
Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Насыр Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған - иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф - парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған соң, Әбу Насыр Әл-Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Әбу Насыр Әл-Фараби іштей “қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын құрметпен қысады.
Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы - екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты.
Қазақ жұрты тұңғыш рет оның жарқын бейнесi түскен суретiн көрдi. Онда төрткүл дүние түгел мойындаған әл-Фараби жайында түсiнiктеме берiлiп, оның қазақ топырағынан шыққан бiздiң бабамыз екендiгi бiрiншi рет айтылды. Бұл бүкiл әлем зиялыларының көзқарасында өзгерiс тудырған тосын жаңалық болатын, деп жазады «Алматы ақшамы» басылымында журналист Әнуарбек Әуелбек. Журнал бетiнде әл-Фараби бабамыз туралы айтып, оның тоғыз трактатының аудармасын берген ғұлама ғалым Ақжан Машани едi. Ол бiр кездерi дүниеде әл-Фараби деген түрiк данышпаны болғандығын әлем ғалымдарының бiр форумында кездейсоқ естiп қалады. Ол соғыс жылдары болатын. Соңына түсiп зерттеудiң мүмкiндiгi бола қоймаған едi. - Сол 50-жылға қарай бұл кiсi әл-Фарабидi түрлi әдебиеттерден iздей бастайды. Ешқандай әдебиеттерде, энциклопедияларда жоқ, содан 1958 жылдары Тәшкенге тартады. Ақжан Машани ол жолы Тәшкеннен де ештеңе таба алмаған. Ондағы академияда Шығыс институты бар болатын, бiрақ әл-Фараби туралы ешбiр дерек кездесе қоймайды. Сол кезде бүкiл Орта Азия мен Қазақстанның муфтиi Бабахан: «Сiз оны табу үшiн Қазанға, Уфаға қарай барыңыз» деген ақыл айтады. Сол Уфаға барып, бұл кiсi әл-Фарабидiң үш кiтабын табады. Ақжан Машани сосын Лондон, Париж, Лиссабон, Берлин, Каир сияқты үлкен қалаларға хат жазып, оларға сирек кiтаптар жiберiп, әл-Фарабидiң 160 еңбегiнiң библиографиясын алады, - дедi өзiнiң ұстазы жайында үлкен ықыласпен белгiлi ғалым, фантаст-жазушы, Шығыс ғұламалары және Машани орталығының директоры болып көп қызмет атқарған Шәмшиден Әбдiраман. Тосын жаңалық сол кездегi саясаттың тамағына тiрелген еламан сүйектей болды. Себебi, ұланғайыр ұлы даланы мекен еткен қазақ көшпелi ел атанып, оған отырықшылдық пен мәдениеттi әкелген Кеңес үкiметi деп келген. Ал, ғылым-бiлiм, мәдениетi дамымаған көшпелi елдiң iшiнен әл-Фараби сияқты ғұламаның шығуы мүмкiн емес едi. Сол себептi оны зерттеп жүрген ғалым Ақжан Машаниге Мәскеудегi жоғары жақтың қырын қарауы басталады. Ол сол сәттен бастап «үш әрiптiң» де қара тiзiмiне ендi. Бұлайша қалыптасқан жағдай өз арамыздан шыққан зиялыларымыздың да Машаниге деген терiс көзқарасын қалыптастырған. «Сұрай-сұрай Меккеге де барасың» деген. Машани тынбай iзденiп, бiр заманда iлiм-бiлiм соңынан қуып жырақтап кеткен әл-Фарабидiң қабiрiн тапты. Ол 1968 жыл болатын. Сонау Сирия елiндегi Дамаск, бұрынғы Шам қаласынан 60 шақырымдай жерде екен. Басына барып, ұлы бабаның әруағына бағыштап құран оқыды. -«Әл-Фарабидiң басына барғанда мен жетiмсiредiм» деп едi Ақжан Машани. Өйткенi, әл-Фараби жермен-жексен болып, тегiс жерде жатыр екен. Басына апарып көрсеткенде, iштегi күмәнiн жасыра алмай: «Мұның әл-Фараби екенiн қайдан бiлемiн?» деп сенiмсiздiк те көрсеткен ғой ертiп жүргендерге. Сонда басындағы шырақшы ол кездерi елден озған ғұламаларды патша мен әкiмдердi көметiн бөлек зиратқа жерлейтiн болғандығын айтады. Сосын мұндағы жатқан кiсiнiң түрiк жұртынан, Түркiстаннан екендiгiн дәлелдеп бередi, - дейдi Машанидiң шәкiртi, қабiр басына барып құран оқып қайтқан екiншi қазақ Әмiрбек қажы Есенбайұлы. Көне дәуiрде қазiр ұмыт бола бастаған «Абжад» деген iлiм болған. Оны бiлетiн адам саусақпен санарлықтай ғана. «Абжад» iлiмiн қазақта жетiк меңгерген Ақжан Машани едi. Оған кештеу кездесiп, шәкiртi болған Әмiрбек Есенбайұлы ғұлама ғалымның осы бағытын ұстады. 1997 жылы Сирияға барған сапарында ол Ақжан Машанидiң аманатын орындап, әл-Фарабидiң зиратына барып тағзым еткен. Қазақ мәдениетiнiң тарихына тереңдеген ғұлама ғалым Ақжан Машаниге әл-Фарабидiң жатқан жерiн табу оңайға түспеген. Бұл орайда ол ұзақ та қиын жолдардан өттi. Қолдаудан гөрi кедергi көп едi. Тiптi, ол өзi құрысқан Ғылым академиясының толық мүшесi де бола алмады. Содыр саясат жардан итерiп құлатуға бейiм едi. Соншама сiрескен тоңның жiбуiне бiр ғана мақала әсер еттi. -1963 жылы «Юность» деген журналда әл-Фараби туралы «Аристотель Востока» деген кiшкентай ғана мақала шықты. Мiне, осыдан кейiн ғана жұрттың бәрi оң көзбен қарап, «үш әрiп» те жұмсара түседi. Осы сәттен кейiн ғана лексиконымызға да әл-Фараби бiздiң бабамыз екендiгi ене бастады. Шындығын айтқанда, әл-Фарабидi тану, кейiнгi Ақжан Машанидi тану - бұл қазақтың дүниетанымын тану дегенмен бiрдей. ?йткенi, Ақжан Машанидiң еңбектерiне зер салсақ, әл-Фарабидi зерттей отырып, оны Абаймен, қазақтың дүниетанымымен салыстырып отырады. Оның бәрiн сосын бүгiнгi ғылыммен салыстырып отырған. Осы жағынан Ақаң әлi бiздiң ашылмаған үлкен құпиямыз деп ойлаймын, - дейдi Ақжан Машанидiң шәкiртi болған Шәмшиден Әбдiраман. Қазақтың ұлы ақыны Абайды кiшкентайынан жақсы бiлетiн Ақжан Машани оның iшкi дүниесiнiң әл-Фарабимен үндесiп жатқанын аңғарады. Әр заманда өмiр сүрген екi данышпанның арасында беймәлiм бiр байланыс барын бiлген. Елеп-екшеп, зерттей келе, қызықты құпиясы мен санқырлы сырлары мол «Абай және әл-Фараби» атты еңбек жазады. Жалпы, әл-Фарабидi толық бiлу үшiн дiн жолына түбегейлi мойын бұру қажет деп санаған. Ал, әл-Фарабидiң басына баруға өзбектен шыққан абзал азамат Мұхитдиновтың көп көмегi тиедi. -Оған Өзбекстаннан шыққан, бұрын өздерiнде Орталық комитеттiң хатшысы, одан кейiн мақта министрi болған Мұхитдинов көп жәрдем берген. Мына жақтан шығарда, оған арнайы хат жазып берген. Сирияға барып хатты көрсеткенде, ол қасына адам қосып берiп, әл-Фарабидi табуға үлкен септiгiн тигiзген екен. Бұны маған Ақжан Машанидiң өзi айтты. Негiзi, Ақжан Машановтың аузынан шыққан бiр сөзiн жерге түсiрмеу керек едi. Ол кiсi ұзақ уақыт үйiнде жалғыз қалып, кiтап жазып қана жатты. Оған ешкiм назар аудара қоймады. Оның соңғы жазған «Абай және әл-Фараби» атты кiтабындағы цифрлар мен химиялық есептердi түсiнiп оқып, талдау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz