Таным - философиялық мәселе



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Таным философиялық мәселе ретінде.

2.Танымның объекті мен субъекті.

3.Танымның мүмкіндіктерімен шекаралары. Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптемизм, скептицизм мен агностизм.

1.Таным философиялық мәселе ретінде.
Таным деп бiз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегi ерекше рухани iс-әрекетiн айтамыз. Ол әрқашанда даму үрдісiнде. Дүниетанудағы негiзгi мақсат -зерттелiп жатқан заттар мен құбылыстардың iшкi сырын ашу, яғни оларды бiлу. Бiлiм - әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесi, өйткені бiрдеңенi бiлу дегенiмiз - сол жөнінде идеалдық түсiнiктiң болуы. Олай болса, танымды күрделі үрдіс, ал бiлiмдi белгiлi бiр нәтиже ретiнде қарауымыз керек.
Тарихи ғылыми бiлiм дүниеге келместен бұрын, күнбе-күнгi өмір тәжірибесiнен пайда болған бiлiм дүниеге келедi. Ол адамның кәсiби танымдық iс-әрекетiнен емес, күнбе-күнгi өмірдiң қажеттiлiктерiнен (аң аулау, балық ұстау, еңбек құралдарын жасау, үй салу, бала түрбиелеу, жемiс-жидек жинау т.с.с.) пайда болады. Ал ғылыми бiлiмге келер болсақ, ол арна ұлы бiлiмдi меңгеру мен оны шығармашылық жолмен дамытудың негiзiнде пайда болады. Оның қайнар көзi бертiнде, ой еңбегiнiң дене еңбегiнен бөлінуiнен басталады. Жүре келе, ғылыми зерттеудiң тақырыбына байланысты бiлiмнiң әртүрлі салалары пайда болады.
Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан дүниесi: түйсiктерi, ақыл-ойы, ырқы сезім тебiренiстерi, iшкi көкей көзi (интуиция) - бәрi де өзара бiр-бiрiмен байланысты түрде қатысады. Танымды жете түсіну үшін бiз теориялық деңгейде оларды бiр-бiрiнен ажыратып қарастыруымызға болады. Сезімдік тәжірибе және рационалдық ойлау, олардың негізгі формалары. Сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын сезімдік танымның негізгі формаларына түйсік, қабылдау және елестету процестері жатады.
Түйсік дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей есер ететін объективтік дүниенің заттары мен нәрселерінің жеке қасиетгері мен сапаларының бейнеленуі. Сезімдік бейнелендірудің күрделірек формасы қабылдау деп аталады. Егер түйсік жеке сапа, қасиеттердің бейнесі болса, ал қабылдау нәрсенің бір тұтас бейнесі больш табылады, яғни нәрседе, затта қанша сапалық белгі, қасиет болса, олардың бәрі сол нәрсенің біртұтас бейнесін құрады Сезімдік бейнелендірудің күрделірек формасы қабылдау деп аталады. Егер түйсік жеке сапа, қасиеттердің бейнесі болса, ал қабылдау нәрсенің бір тұтас бейнесі болып табылады, яғни нәрседе, затта қанша сапалық белгі, қасиет болса, олардың бәрі сол нәрсенің біртұтас бейнесін құрады. Ендi елестетуге келер болсақ, ол санаға тiптi жат байқалады. Өйткені көзге елестетiн зат, я құбылыс көз алдыңда жоқ, бірақ сiз оны елестете аласыз. Адамның сана-сезімiнiң тағы да бiр керемет ерекшелiгi - өткендегiнi есте сактау. Физиологиялық тұрғыдан келгенде, ол адам жүйкесiнiң өткендегi болғанды акпарат ретiнде сактау қасиетi болып табылады. Оның негiзгi екi түрін көрсетуге болады. Бiрiншiсi сезімдік бейне болса, екiншiсi - сөздiк-ұғымдық түрі.
Ойлау дегеніміз заттар мен құбылыстардьщ мәнді қасиеттері мен қатынас-байланыстарын мақсатқа сай абстрактілі, жанама және жалпылау формасында бейнелендіру процесі. Ойлаудың тууының, дамуының және жузеге асуының негізгі формалары - үғым, пікір және ойқорытынды. Пікірдің таным формасы ретіндегі ерекшелігі - ол ақиқатгы, немесе жалғандықты білдіреді, ештеңе біддірмейтін бейтарап пікір болмайды. Белгілі бір пікірге келу үшін адам ойқорытындысын жасауы тиіс. Екі немесе одан да көп пікірлерден (алгышарт-тардан) қорытынды деп аталатын жаңа пікір тұжырымдап шыгарудың логикалық тәсілін ойқорытынды деп айтады.
Сезімдік танымның негiзгi формалары түйсiктер, қабылдау және елестету болып табылады. Айнала қоршаған дүниемен адам өз түйсiктерi арқылы байланысты. Адам белгiлi бiр затты көріп, оның жылы-суықтығыiн, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттліiгiн т.с.с. анықтай алады. Түйсiктер бiздi дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретiн бейнелеудiң ерекше түріне жатады. Адамның түйсiктерi бiр-бiрiмен байланысты, олар өзара бiр бiрiн толықтырып, сәйкестендiрiп отырады. Соның нәтижесiнде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік алады. Затты қабылдау дегенiмiз оның ащы-тұщылығын, түрлі түстілiгiн т.с.с. қасиеттерін бөлек-бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесiн тудыру болып табылады. Ол заттың тек оған қажеттi жактарын ерекше белгiлейдi. Ендi елестетуге келер болсақ, ол санаға тiптi жат байқалады. Өйткені көзге елестетiн зат, я құбылыс көз алдыңда жоқ, бірақ сiз оны елестете аласыз. Мысалы, жақсы көретiн досыңызды, я болмаса ауылдағы туысыңызды дәл қазiр жаныңызда болмағанмен көзге елестетуге болады.
Адамның сана-сезімiнiң бiр ерекшелiгi - өткендегiнi есте сактау. Физиологиялық тұрғыдан келгенде, ол адам жүйкесiнiң өткендегi болғанды акпарат ретiнде сактау қасиетi болып табылады. Оның негiзгi екi түрін көрсетуге болады. Бiрiншiсi сезімдік бейне болса, екiншiсi -- -сөздiк-ұғымдық түрі.
Ендi интуиция (көкей көз) мәселесiне келер болсақ, ол - тiкелей шындыққа жету, оның ақиқатыгын анық та айқын көру, ешқандай дәлелдеудi талап етпеу. Қайсыбір көкей көз арқылы берiлген шындық сол мәселемен талай күндер, жылдар бойы айналысқан, оның бүкіл жан-тәнiн баурап алған адамға келедi. Кең түрде алғанда, гректiң methodos деген сөзi жол деген мағына бередi. Әр нәрсенi жасағанда, адам оны белгiлi бiр үлгiлер, тәсiлдерге сүйене отырып iстейдi. Мысалы, бүгінгі саясатта батыс елдерiнде алғаш пайда болған пиар-технологиялар қолданылуда. Педагогика саласында әр пәнді қалай үйрету керегi жөнінде неше түрлі әдістер шығарылған. Мұндай мысалдарды шексiз көбейте беруге болар едi. Сол сияқты ғылыми салада да неше түрлі әдiстер жасалып, нәтижелі қолданылады.
Танымдағы сезімдік жене ақыл-ой сатылары ғылымда зерттеудiң екi деңгейiн құрайды. Олар - эмпирикалық және теориялық бiлiм. Қайсыбiр зерттеу эмпириқалық сатыдан, яғни ғылыми деректердi жинаудан басталады. Ол үшін зерттелетiн зат (объект), я болмаса құбылысты (феномен) бақылау қажет. Аса назар аударатын нәрсе - ғылымдағы бақылаудың ерекшелiгi, өйткені ол tabula rasa - таза тақта емес. Таным субъектiсi (ғалым, я болмаса ғылыми қауымдастық) зерттелетiн объект жөнінде белгiлi бiр пікiр, тұжырым, идеяға ұқсайтын көзқараспен мақсатқа лайықты бақылауға кiрiседi. Тәжірибелiк таным барысында ғылыми деректер жиналып, салыстырылып, белгiлi бiр жүйеге келтiрiледi. Әрі қарай ғылым теориялық деңгейге - тәжірибелiк бiлiмдi ұғым, тұжырым, заң ғылыми құралдар арқылы өңдеуге көтерiледi. Теориялық таным арқылы бiз зерттелетiн заттың iшкi тұрақты байланыстары мен заңдылықтарын аша аламыз. Эмпирикалық таным әдістері: бақылау, өлшеу, салыстыру, эксперимент. Эксперимент түрлері. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні
Философия және оның тарихы. Әдістемелік оқу құралы
Тарихи - философиялық таным табиғаты
Дүниеге қөзқарас және оның типтері жайлы
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Философиядағы адам мәселесі жайлы
Адамның дүниеге танымдық қатынасы
Антика мәдениетіндегі философия
Таным
Философиялық мәселелер табиғаты
Пәндер