Саяси әлеуметтендіру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
СӨЖТақырыбы:«Адам саясатпен айналыспаса ол семен айналысады»
Пәні:Саясаттану
Курс:1
Студент:Даут Оралбай
Оқытушы:Телеуова С
Тараз 2022
ЖОСПАРЫ:
1. Кіріспе
2. Саясаттың басты элементі
3. Саяси әлеуметтендіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
«Саясат» ұғымын түсінудің екі негізі бар. Бірінші негізі ежелгі гректің «politike» ұғымы (мемлекетті басқару өнері) деген мағнаны білдіреді. «Саясат» деген түсініктің екінші негізі - ғұлама ғалым Аристотельдің «Саясат» деген еңбегінің атымен байланысты. Ол өз заманында лицей оқу орнын ашып, сонда саяси ой-пікірлерді білім ретінде жастарға үйретті. Ойшылдың осы қызметінің нәтижесінде «Саясат» деген еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Аристотель өзіне дейінгі грек полистерінің саяси тарихы мен оның жүйесін терең зерттеген. Осыдан бергі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан саясат туралы мәселелер адамзат ғылымы даму тарихының негізгі салаларының бірі болды. Барлық уақытта қоғамда, әрбір адам өмірінде саясаттың алатын орны мен маңызы айрықша, себебі қоғам өмірінде бірде - бір адам саясаттан тыс болуы мүмкін емес. Көптеген адам күнделікті өмірде бұны байқамауы да мүмкін. Бірақ әрбір жеке адамның өмірі саясатпен тікелей байланысты болады. Кейбіреулер саясат туралы әңгіме бола қалған жағдайда «менің саясатқа ешбір ықыласым жоқ, мен саясатпен айналыспаймын» деп те айтып жатады. Әрине, оларды да түсінуге болады, себебі саясат көп салалы, көп мағыналы мәселе. Бұл саланы терең де нақтылы білу үшін, осыған негізделген жүйелі білім, жан - жақты дайындық болуы қажет. Бірақ жеке адам саясатқа қандай талғаусыздық көрсеткенімен де ол адам саясаттың шеңберінен тыс бола алмайды. Тіпті әрбір жеке адамның тұрмыс жағдайы да, оның өмір тағдары да саясатпен тікелей байланысты болуы күмәнсіз. Мысалы, ағарту дәуірінде өмір сүрген нидерландық ғалым Бенедикт Спинозаның мынадай сөздері бар: «Мен саясатпен айналыспасам да, бәрібір саясаттан тыс бола алмаймын».
Қоғамның саяси өмірі дербес ойлап әрі дербес іс-әрекет жасауға қабілетті, әлеуметтік тұрғыда пісіп жетілген адамдардың жеткілікті санының болуын қалайды. Дәл осындай адамдар, әдетте, тұлғалар деп аталады. Әлеуметтік мәнді сапалары (интелектуалдық, мәдени-әлеуметтңк, моральдық-еріктілік) жеткілікті түрде жоғары дамуға ие, өз іс-қылықтары үшін жауапкершілігі мығым, өз сенімдері мен идеалдарына берік, саяси-әлеуметтік өмірдің күрделі түйткілдерінен емін-еркін бағыт-бағдар тауып шыға алатын және жалпы ортақ мүдделер, мақсаттар мен міндеттер үшін дәл сондай емін-еркін іс-әрекет етуге қабілетті адам ғана тұлға болып табылады. Тек тұлға ретінде дамыған, мәдени-өркениеттік прогресстің қазіргі талаптары деңгейіне сай келетін адам ғана қоғамның саяси өміріне саналы және белсенді қатынаса алады. Сонымен қатар басқа адамдардың, бүкіл қоғамның тағдырына әсер етуге қабілетті саясаттың реалдық субъектісі бола алады. Адамдардың тұлғалық дамуының деңгейлері мәнді түрдегі айырмашылықта болатындықтан, олардың көпқырлы қоғам өміріндегі, соның ішінде арнайы дайындықты, арнайы білім мен біліктілікті талап ететін саясаттағы рөлі де әрқилы болып келеді. Расында, тек адмдардың белсенді қатынасуы арқылы ғана қоғамның саяси өмірі қуаттана түседі. Ал саяси институттар нақтылы мазмұнға толығып, саяси мүдделер, мақсаттар мен құндылықтар тиісті саяси құқықтық формасына енеді.
2. Саясаттың басты элементі
Саясаттың басты элементін оның субъектілері, яғни, ең алдымен, жеке адамдарды құрайды. Сондықтан біз саясаттың, жалпы қандай да болмасын саяси іс-қимылдың адами өлшемін баса көрсетуге тырысамыз. Расында, оның басқа да субъектілерінің бәрі де (әлеуметтік топтар, қабаттар, таптар, саяси институттар, партиялар және т. б. ) саяси мүдделері, мақсаттары, құндылықтары, идеялары және т. б. арқылы біріккен жекелеген адамдардан тұратыны анық. Түптің түбінде адам соның игілігі үшін жасалатын жататын барлық саяси үдерістердің белсенді бастамасы болып табылады. Ұлы Аристотельдің: «Адам - саяси жануар!» дейтін белгілі нақыл сөзі осы жағдаяттың бүкіл саяси өмірі, саясатқа байланыстының бәрі адамдармен, адамдардың мәнін дәлме-дәл бейнелейді. Саяси оқиғалар мен үдерістердің барлығы, қоғамның қандай да бір формада қатысуымен жасалады. Сондықтан саясат пен қоғамдағы адамның рухани-әлеуметтік даму дәрежесі арасында белгілі бір тәуелділіктің бар болатыны сөзсіз.
Саясаттағы тұлға рөлін дәлірек сипаттап беру үшін оның көрінісінің әртүрлі аспектілерін ашатын «саяси белсенділік», «саяси мінез-құлық», «саяси қатынасу», «саяси іс-әрекет» сияқты ұғымдар енгізіледі. «Саяси белсенділік» ұғымы саясаттағы тұлға қатынасуының барлық түрлері мен формаларын, олардың қарқындылығы мен нәтижелілігіне еш тәуелсіз, түгел қамтиды. Онымен байланысты «саяси мінез-құлық» ұғымы бұл белсенділіктің бағыттылығын нақтырақ бейнелейді. Қалаулы бағыттағы мүмкін болар өзгерістерге орай қажетті ықпал ету шараларын белгілеу үшін олар, алдымен реалды саяси ахуалды игеріп алуы тиіс. Саяси қатынасу ұғымы бастапқы ұғымды одан әрі нақтыландыра түседі. Ол берілген саяси үдерістің барысына оң ықпал ету мақсатына сай, тұлғаның оқиғалар иіріміне саналы түрде кірігуін білдіреді. Бұл қатарда «саяси әрекет» ұғымы ең нақтылы болып табылады, өйткені ол тұлғаның мемлекеттік (ішкі және сыртқы) саясаттың әлдебір параметрлерін өзгертуге мақсатты түрде бағытталған қызметін білдіреді. Саяси әрекет өзінің нақтылы мазмұнын саяси сайлауларға саналы қатынасу, саяси партияға кіру, әлеуметтік мәні бар саяси бағдарламалар жасау, оларды іске асыруға бағытталған қызмет тәріздес және т. б. нақтылы саяси акцияларды өткізу арқылы көрініс табады.
Саясаттың қоғам өміріндегі маңызының орасан зор болуын басқа да көптеген мысалдар дәлелдейді. Мысалы, мынадай пікір білдіретіндер аз емес: «Экономиканың деңгейі жоғары болса жеткілікті, қалған меселелер өзінен - өзі шешіліп жатады. Сондықтан саясаттың басқалар үшін де, мен үшін де аса маңыздылығы да, қажеттілігі де жоқ». Ал елде экономиканың дамуы нәтижелі болмай, құлдырауға ұшырап, оның деңгейі өте төмен болса бұл жағдай үшін экономиканы кінәлауға болар ма еді? Әрине, бұған экономиканың өзі кінәлі бола алмайды. Эконмикада береке болмай жатса, оған кінәлі саясат. Экономиканы нәтижелі ұйымдастыру жөніндегі саясаттың дұрыс жолға қойылмауы. Сонымен қалай айтсақ та, бастаушы, анықтаушы роль саясатта болып отыр.
3. Саяси әлеуметтендіру
Тұлғаның саяси өмірге саналы түрде қатынасуға, дербес шешім қабылдауға деген қабілеті оның саяси білімінің, тәжірибесінің, мәдениетінің даму деңгейіне байланысты. Әрине, бұлар адамға туа берілмейді, оларды адам бүкіл өмір бойы жинақтайды. Адамды қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу, сөйтіп дәйекті әлеуметтік тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеу әлеуметтендіру деп аталады. Әлеуметтендіру үдерісінде тұлға сол қоғамда үлгі ретінде қабылданған құндылықтарды, ережелер мен нормаларды, мінез-құлық мен іс-әрекет, бағдарламаларын өз бойына сіңіреді. Саяси әлеуметтендіру арқылы адам қоғамның саяси өміріне, нақтылы саяси жүйенің тәртібіне бейімделеді. Сонымен қатар саяси-құқықтық нормаларын игеріп, сол жүйеде қызмет атқару қабілетіне ие болады. Арнайы саяси қызметпен айналысу арнайы дайындықты, білімді, саяси мәдениет деңгейінің жоғары дәрежесінің болуын талап етеді, ал бұл жағдаят саяси элиталарды қалыптастыру мәселесімен ұштасады.
Саясат билікпен байланысты болғанда реформалардың іске асуы жылдамдайды. Әсіресе, мемлекеттік билікке қол жеткізген топ өз саясатын елге таңуға, оны мемлекеттік басқару органдарының қызметі арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Билікке қол жеткізе алмаған мүдделі топтар өз саясатын халық арасында насихаттаумен және билікке ықпал етуге тырысумен айналысады. Демек, саясат пен билік тәуелді байланыста. Билік мәселесі үнемі саясат мәселесіне, ал саясат мәселесі билік мәселесіне айналып отырады. Билік саясатты іске асырудың құралы. Саясат билікті жүргізудің, іске асырудың, ұстап тұрудың және билікті пайдаланып қоғамды өзгертудің жолдары, айла-тәсілдері және бағыт-бағдары. Саясаты жоқ ел мен халық болмайды. Сондықтан саясат адамзатқа тән жалпылық сипатқа ие жалпыадамзаттық құбылыс.
Саясат - ғылым және өнер. Оның ғылым болуы күрделі қоғамдық қатынастар мен объективті шындықтарға тікелей қатынаста, солардан туындауына байланысты. Саясатты өнер ететін адамдар, түрлі топтар, саяси партиялар. Кім халыққа жағымды, кім сүйкімді, кім елді өз соңынан ерте алады. Мұның барлығы саясат өнері. Кейбір партиялар ұлтшылдық, отаншылдық ұрандарымен электоратты тартса, келесі партиялар экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсынып, халықты өз соңынан ертуге тырысады. Тіптен агрессиялық, шовинистік ұрандармен халықты өз соңынан ертіп әкететін партиялар да бар. Саясатта әділет, қулық, арамдық, халықшылдық, патриотизм, т. б. түрлі көзқарастар шым-шытырық орын алып жатады. Саясат феноменінің күрделі болуы да осында.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz