Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы


Тараз инновациялық- гуманитарлық институты
СӨЖ
Тақырыбы:
“Сөз таптарының қалыптасуы мен дамуы”
Орындаған: Сағынова Айнұр
Тобы: Қт 20-1
Қабылдаған: Сәрсенбаева Майра
2022 жыл
Жоспар:
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Сөз таптарының шығу тарихы мен дамуы
2. Сөз таптары туралы айтылған пікірлер
3. А. Байтұрсыновтың сөз таптарын жіктеуі
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тілдің байлығы - сөздер алуан түрлі, олар тек мағынасы жағынан ғана емес, грамматикалық құрамы, атқаратын қызметі жағынан да түрлі-түрлі. Тілдегі сөздердің бұл ерекшелігін ғалымдар ерте байқаған. Сонымен байланысты тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі туындаған.
Тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі тіл білімі ғылымында алғашқы грамматикалардан басталған. Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп бөлгені белгілі. Содан бері ғылым дамып, әр тілдің грамматикаларында сөздердің топтары нақтыланып, барған сайын анықталып келеді. Бір тілдін өзінде сөздер әр заманда түрліше таптастырылып отырғаны белгілі. Бірсыпыра зерттеушілер сөз таптарының шығуын мүшелерімен байланыстырады. Мысалы, акад. И. И Мещанинов өзінің "Сөйлем мүшелері мен сөз таптары" (М., 1945) деген кітабында былай деп жазды: "Сөйлемде зат есім - бастауыш немесе толықтауыш, сын есім - анықтауыш, үстеулер - пысықтауыш, етістіктер - баяндауыш ретінде жұмсалады. Олай болса, сөз таптары сөйлем мүшелері болу арқылы бөлініп шықты", - дейді (203б. ) .
Бұл пікір онша дәл емес. Мүмкін кейбір сөз таптары (мысалы, үстеу) солай жасалынса, жасалған шығар. Бірақ барлық сөз табы сөйлем мүшелерінен бөлініп шықты деу әр уақыт дұрыс бола бермейді. Мәселен, зат есім, сын есім, етістік дегендер өз алдына жеке-жеке жасалуы немесе бірінен-бірі бөлініп шығуы әбден мүмкін.
Ескерте кететін нәрсе: бұл құбылыс бірден бола салған жоқ. Ол тарихи даму барысында біртіндеп жасалып қалыптасты. Аталған ойды тіл білімінің әйгілі білгірлері А. А. Потебня мен В. М. Жирмунскийлер де айтқан болатын. Мәселен А. А. Потебня: "Сын есімдер зат есімдерден бөлініп шықты. Зат есімнен сын есімнің бөлініп шығуы дегеніміз зат есімнің(анықтауыш) мүше ретінде қолданылуы деп жазды, өзінің 1899 жылы шыққан «Из записок по русской грамматике» деген еңбегінде ( ІІІ бөлім, 86-6. ) .
Көне дәуірде зат есімдер мен сын есімдердің жігі ажырамаған. Мысалы, жас, көк сөздерінің әрі зат есім (жас келсе іске, ертең көкке шығалық) , әрі сын есім (жас бала көк шөп) болуы сол көне кұбылыстың ізі екендігін көрсетеді. Тілімізде әрі зат есім, әрі сын есім болатын сөздер (ыстық, жарық, салқын, суық) ғана емес, әрі зат есім, етістік болатын сөздер де бар. Мысалы: көш (көш келе жатыр, бүрсігүні жайлауға көш) той, тоң, ық, т. б. Кейде тіпті бір сөздің өзі үш түрлі сөз табына жатуы мүмкін.
Бұл нені көрсетеді? Бұл- зат есімдер мен сын есімдердің, етістіктердің, үстеулердің дамуы барысында біртіндеп жігі ажырап, дербес лексика-грамматикалық категориялар ретінде қалыптасқандығын көрсетеді. Яғни сөздер қолданылу ыңғайына, атқаратын қызметіне, мағынасына карай сараланады, топтасады. Осылайша дамудың барысында сөз таптары жасалады.
Мәселен, 1914 жылы баспадан шыққан А. Байтұрсыновтың "Тіл құрал" атты оқулығында сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер деп екі үлкен топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік деген бес сөз табын жатқызған. Ал, шылау сөздерге үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөздерді жатқызған. Бұл қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық екені белгілі.
Ахмет Байтұрсынов "Тіл құралдың" 1915 жылғы басылымында сөз таптары туралы пікіріне біраз өзгерістер енгізген. Оқулықтың бұл басылымында ғалым сөздерді бұрынғы басылымдағыдай екі үлкен топқа бөлмеген. Сөздерді 9 топқа бөлген. Сөз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз.
Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз, "- деген анықтама беріп, зат есімнің кім? не? сұрақтарына жауап беретіндігін және бұл сұрақтардың қойылу жүйесін де көрсеткен: "Кім? деп сұраймыз адам туралы. Не? деп сұраймыз басқа заттар туралы атаған.
А. Байтұрсынов "Тіл-құралдың» 1915 жылғы басылымында зат есімге кеңірек тоқталған, яғни "Заттарды көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар, екіншілері - көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін дерексіз заттар", - деп екіге бөліп, "Сол деректі һәм дерексіз заттардың атын көрсететін сөздерді зат есім» деген анықтама берген. Сын есім жеке сөз табы ретінде А. Байтұрсыновтың Тіл-құрал" оқулығында танылған. Оқулықта сын есімге", - Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер деп аталады. Сын есімнің сұрауы: қандай? деген қысқаша анықтама берілген. Ал "Сыр сыны нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін яғни түрін, түсін, тегін, тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсетеді, "-деп, биік, аласа, жуан, жіңішке, толық, нәзік, арық, семіз, қызыл, көк секілді мысалдармен көрсетілген. Сын есімдерді мағыналық жағынан осылай екі топқа бөлу - ертеден келе жатқан дәстүр. Мысалы, А. Байтұрсыновтың Тіл-құрал" оқулығының 1915 жылы шыққан 2- бөлімінде сын есімдерді тек сыны, сыр сыны деп екіге бөлген және ғалым бұлардың әрқайсысына сипаттама берген. "Тек сыны нәрсенің тегін көрсетеді, " - дей келіп, оған ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік т. б. мысалдарды келтірген. Ғалымның 1914 жылғы бірінші Тіл-құрал" оқулығында сан есім жеке сөз табы ретінде көрсетілген. Онда сан есімге мынадай анықтама берілген: "Неше? қанша? деген сұрауға жауап болатын һәм нәрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз . " Ал 1915 жылғы екінші Тіл-құралда" сан есімге қатысты мағлұматтар кеңейтіліп баяндалған. Бұл кітапта "Сан есім нәрселердің есебін һәм ретін көрсететін сөздер, "-деген анықтама беріліп, сан есімнің есептік (оны іштей жай және жадағай деп екіге бөлген), реттік, темілдік (қазіргіше
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz