Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының cалт-дәстүрлерімен таныстыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қ. К. Тусупбекова

Қарағанды қаласы «Іңкәрім» мектепке дейінгі академиясы

қазақ тілі мұғалімі

Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының

cалт-дәстүрлерімен таныстыру

Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің тарихын да жасайды.

Ұлттық салт-дәстүр қалыптасқан жүйесі бар, өмір ағымында адамдар жинақтаған белгілі бір білім - білік, дағдылардың бір ұрпақтан келесіне беріліп отыратын тәрбиенің әдіс-тәсілдерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне қойылатын жаңа талаптармен толығып отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды өз халқының ұлттық мәдениеті, оның салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиісті мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сананың оянуымен, демократиялық қоғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мәдениеттің жандануымен, балаға өз халқының рухани байлығын сусындатумен байланысты туындап отыр.

Халықтық салт-дәстүр - қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынысындағы ең қымбат қазына. Халық үшін - тәрбие тұтас дүние. Оның мақсаты - адам тәрбиелеу.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру негізінде ұлттық дәстүрлі құндылықтарға тарту біздің басты міндетіміз. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; біріншісі - ата-анасынан, екінші - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.

Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайтыны аян. Сол себепті халық даналығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деуі заңды. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген. Мысалы: үлкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын, оны байқап қалғандар тентегін тезге салып отырған. Жалпы салт-дәстүр - халқымыздың келбеті, рухани мәдениетінің қазығы. Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогикасының ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. Жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.

Сол себептен де, халық даналығына оның ұрпақ тәрбиесінде атқарар қызметіне зер салып, ықылас аудармаған ақын-жазушы, ұстаз-ғалымдар кемде-кем. Әсіресе Абай, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан сияқты ғұламалардың еңбектерінің негізгі арқауы - өз елі, халқы, болашақ ұрпақ тағдыры, оның тәрбиелі, парасатты азамат болып өсуі жайында кең толғаныс, өнегелі өсиет жатады. Халқымыздың аса көрнекті ақыны М. Жұмабаевта педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген «Педагогика» атты еңбегінде. Ақынның көздеп отырғаны бала тәрбиесін, халықтық педагогика тұрғысында ұйымдастыру екені айтпай-ақ түсінікті. Халықтық педагогика ата-баба мұрасынан бастау алады. Ол болашақ азаматты жан-жақты жетілген, саналы, ізгілікті, мейірімді етіп тәрбиелеуде педагогика ғылымының негізгі көзі болып табылады.

Ата-бабаларымыздың дәстүрлі халықтық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ, мектеп жасына дейінгі балдырғандарға тәрбие беру ісі жан-жақты - тіл үйрету, ақыл-ойын өсіру, денесін жетілдіру, еңбек сүйгіштікке баулу, ең бастысы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз. Бұл жөнінде С. Дорженов өзінің «Ұлттық тәрбиенің тәлімі» деген еңбегінде: «Қазақ халқының тұла бойы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, істеген ісі тұнып тұрған тәрбие. Екінші сөзбен айтқанда, қазақ тәлімді, тәрбиелі халық. Ол өмірдің жаңалығынан да сабақ ала білген халық» дейді.

Біздің алға қойған міндетіміз - мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие жұмысындағы жақсы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды жинақтап, саралап пайдалану арқылы болашақ ұрпақты адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналардың бірі ретінде бағалап, балабақшада тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап, үнемі салт-дәстүрлер аясында болады. Сондықтан да бала тәрбиесінде халықтық тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму ерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыра отырып, ұтымды жүргізе білуіміз қажет.

Ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрдің бірі - шілдехана. Перзенттің шыр етіп жарық дүниеге келуі тек туған әке-шешесін ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана күзет» өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге арналған ізгі ниеттерін білдіріп, ән айтып, ойын ойнап көңіл көтереді. Қауіп-қатерлі қырық күн өтіп, нәрестенің мойны қатып, ата-анасының көңілі орныға түсіп, шілдехана жасайды. Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, отыз жеті не отыз тоғыз күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып, қырық екі не қырық төрт күнде қырқынан шығарады. Бұл кәдеге шақырылған әкелер, аналар ыдысқа қырық қасық су құйып, теңгелер салынған суға баланы шомылдырып, сонан соң шашымен тырнағын алады. Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарына тігіп, баланың оң иығына қадайды, ал тырнағын көміп тастайды. Жалпы баланың шашын ешқашан ашық-шашық тастамайды, адам аяғы баспайтын жерге көміп отырады. «Қара шаштың қарғысы қатты болады» деген сөз бар.

Бесікке салу - халқымыз үшін елеулі дәстүр. Бесік - қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікте жатқан бала таза болады, әрі бесік өте жылы. Бесікке салу жолы елдегі үлкен тәрбиелі, өнегелі әжелерге тапсырылады. Пәле-жаладан аман болсын деп бесікті отпен аластап, тыштыма жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Тыштыма, яғни 20140523_104033.jpg әжелер бесіктің түбек қойылатын тесігінен тәтті, кәмпит тастайды. Сосын тыштыма, тыштыма деп сұрайды. Кәмпит түскенін көрген балалар тышты, тышты деп кәмпитті бөліп жеп мәз болады. Баланың жастығының астына қыз бала болса айна, тарақ, ұл балаға бәкі, асық қояды. Балапанымыз қырандай болсын деп бесіктің арқалығына бүркіттің тұяғын іледі. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі зат қойылады. Бесікке салған адамға сыйлық беріледі.

20140523_104835.jpg Балақашада ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының бірі - тұсау кесу дәстүрі. Сәби аяғын апыл-тапыл басып жүре бастаған кезде ата-анасы «балам тез жүріп кетсін» деген оймен «тұсау кесер» тойын жасайды. Халықтық түсінік бойынша тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады. Тұсау кесер күні алдын ала белгіленіп, арнайы қонақтар шақырылады. Жиналған халық арасынан көбінесе жүрісі жылдам, ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін адам таңдалып алынады да, сәбидің тұсауын кесу соған тапсырылады. Кей жерлерде кішкене балаларға алдын ала хабарланады. «Жаяу жарыс» өткізіледі. Кім озып шықса, сол келесі аптада кішкене сәбидің тұсауын кеседі. Бұл дәстүр әр жерде әр түрлі ұйымдастырылады. Тұсау кескен адамға, не балаға сәбидің тұсауына байланып, арнайы сыйлық береді.

Халқымыздың игілікті дәстүрлерінің бірі - қонақ қабылдау. Қонақ қабылдауға байланысты бірнеше дәстүрлі тәртіп бар. Мысалы, құрметті қонаққа мал сойып, бас тартады. Бұл әдет-ғұрып осы уақытқа дейін сақталып келеді. Халықтық әдет бойынша қазақ үйіне ешбір жолаушы баса-көктеп кірмеген. Сыртта тұрып «Үйде кім бар?» деп дауыстаған. Үйдің үлкені сыртқа шығып, қонақты қарсы алатын болған. Келген қонақты қарсы алып құрметтеген. Халқымыздың қонақ күтуі, қонақ болып қыдыруды дәстүрлі салтының бірі деп білген. Сондықтан да «Асың барда ел таны - беріп жүріп, Атың барда жер таны - желіп жүріп» дейді халқымыз. «Қонақпен еріп құт

20140523_104513.jpg келеді» деген сенім де бар. Ертеден қонағын қарсы алған отағасы есігін өзі ашып, алдымен үйге қонағын кіргізген. Ал шығарып саларда үй есігін қонақтың өзіне ашқызған.

Тәрбиелік мәні зор дәстүрдің бірі - айтыс. Айтыс - қазақтардың күні бүгінге дейін ең жақсы көретін поэзиясы. Айтыс кезінде қарсыластар кезекпен суырып салып, бір-біріне жауаптасады. Әрқайсы өзін, аталасын, руын, жұртын, жерін, жергілікті жердің жетістігін мадақтай отырып, намысын қорғаған. Қарсыласының кем-кетігін, қате басқан қадамын, жағымсыз істерін қазбалап, тізе бүктіруге тырысқан.

20140523_104255.jpg

Айтыс әдебиетінде табиғатты суреттеу, жан-жануарлар да сөз болады, жұмбақтар да, сатира мен эпиграммалар да жұмсалады, әйтсе де ақындар соңғыларына жиі жүгінеді. Айтыс ауыз әдебиетімен халықты тәрбиелеудің ең жоғарғы шыңы болып табылады. Айтыс арқылы ақындар халқымызға әдебиет пен музыканы жеткізеді.

Балабақшадағы тәрбие жұмыстарын кешенді ұйымдастыра отырып, осындай дәстүрлі ойындар арқылы, рөлдерді балалардың өздеріне орындатып, жаттаттырып отырғанды ұмытпаған жөн. Мысалы, «Қонақ күту», «Қонаққа бару», «Туған күнін» атап өту сияқты т. б. ойындар өткізу арқылы балаларды өз беттерімен түрлі ойындар оқиғаларын ойдан шығарып, ойнауға жаттықтыру қажет.

Қорыта айтқанда тәрбие бастауы отбасы десек, баланың рухани жан дүниесінің үйлесімді дамуын, адамгершілігі мол азамат болып ер жетуін алғашқы күннен бастап назарда ұстаған жөн. Баланы ұлттық дәстүрде тәрбиелеу үшін әрбір ата-ана салт-дәстүрді жақсы біліп, жақсы түсінуі керек, ал бұл үшін халықтық педагогикалық білім қажет. Балабақша мен отбасында тәрбиелеудегі бірлік балалардың бойында дұрыс мінез-құлық қалыптастыруды қамтамасыз етеді, олардың алдында ата-аналар мен тәрбиешілердің беделін арттырады. Ата-аналарға, әсіресе бала тәрбиесінде халықтық педагогиканы қалай пайдалану қажеттігін түсіндіру қажет. Мысалы, халық ертегілерін отбасы мүшелерінен естуі - баланы ерекше қиялдандырып шабыттандырады. Әсіресе, ол ертегіні әжесі не атасы айтып берсе, бала оны ұзақ уақыт есінде сақтайды. Сондай-ақ жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдерді баланың іс-әрекетіне беретін баға ретінде орынды пайдалана білген жөн. Ұлттық ойындармен бірге отбасы дәстүрлерінің әр шаңыраққа қайта оралуы, бала оны ойын ретінде балабақшада ғана көрмей үйде де, ол дәстүрлерді нақты өз мәнінде көрсе, оның тәрбиелік мәні зор болады. Сонда ғана баланың ұлттық дәстүрді құрмет тұтатын, сыйлайтын, саналы азамат болып шығуына мол мүмкіндік болады. Әрбір жас отбасында сәбидің дүниеге келуімен бірге ол шаңыраққа бесік оралса, бұл үлкен тәрбие бастауы болары сөзсіз. Олай дейтініміз «Баланы бесікке салу», «Балаға ат қою» т. б. салт-дәстүрлердің бесікпен байланысты екенін, бала көріп өседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамгершілікке тәрбиелеу, бауырмалдыққа үндеу - қазақ халық ертегілерінің басты арқауы
Қазақтың тұрмыс - салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін калыптастырудың педагогикалық бағыттарын теориялык тұрғыда негіздеу
Мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру
Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Бaлaлaр aуыз әдeбиeтi-бaлaлaр әдeбиeтiнiң aлтын қoры
Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық - мәдени дүниетанымын қалыптастыру
Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz