Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық Тараз Инновациялық Институты

СӨЖ

Орындаған:Школбек Жанерке

Қабылдаған:Арқабаева Гұлнұр

Тобы:ҚТ20-1

2022-2023 Оқу жылы

№1 СӨЖ

Тақырыбы: Тарихи әлеуметтік жағдай, 15-18 ғасырлардағы әдебиеттің тууы.

Қазақ хандығының құрылуы

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Қазақ хандығы түріндегі Қазақ мемлекеттігінің пайда болуына негіз болған объективті себептер: Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының күшейе түсуі, казақ халқыньщ қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы. Хандықтың негізін салушылар - Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек. ХҮІ ғасырдағы қазақ хандығы. ХҮІ ғасырда қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғая түсуі. Қасым ханның тұсында казақ хандығында ішкі қайшылықтардың жойылып, саяси және экономикалық жағынан нығаюы, шекараның ұлғаюы. Алғашқы қазақ заңы - « Қасым ханның қасқа жолының » жасалуы.

ХҮІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі. Тәуекел хан тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюы және Орта Азияның сауда орталықтарына шығуы. ХҮІІ ғасырдағы қазақ хандығы. Есім ханның орталықтандырылған мемлекет құру әрекеті. Қазақ хандығының Есім хан тұсында Оңтүстік шекараларының кеңеюі. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңның сипаты. ХҮІІ ғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы. Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1717) халықтың бірлік, ынтымағының арта түсуі.

Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары. Қазақ халқының тарихына ірі кұқықтық өзгерістер жасаған «Жеті жарғы» заңының жасалуы. ХҮІІ ғ. алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылуы. Қазақ-жоңғар қатынастары.

Жоспар:

Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы

Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы тарихи оқиғалар

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:

Жыраулар кезеңі (XV ғасыр - XVIII ғасырдың бірінші жартысы.

Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы - XIX ғасырдың бірінші жартысы) .

Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басы) .

Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері - Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465-1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675-1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706-1778 жылдары), Бұқар жырау (1693-1787 жылдары), Шал ақын (1748-1778 жылдары), Дулат Бабатайұлы, Жанақ ақын (1770-1856 жылдары), т. б. жатады. М. Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.

Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі - жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.

XVIII-XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.

Асан қайғы - XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына "қайғы" деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлық Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған. Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы - кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз. Асан қайғы қазақ руларының Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек пен Керейді оңтүстік жаққа емес, батысқа - Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі.

Қазтуған Сүйінішұлы - халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері - Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады. Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған.

Алайда бізге жеткен санаулы шығармаларының езі-ақ Қазтуған Сүйнішұлының әдебиет тарихынан белгілі орын алуына негіз бола алады. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғат туралы түсінігінен елес береді. Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады. Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады.

Сыпыра жырау - XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады. Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында Сыпыра жырау туралы: Бұл - өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді делінеді. "Телағыс" жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы. Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі - тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклор зерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақ эпосының негізін салушы деп біледі.

Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан.

Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді. Шалкиіз 95 жасқа жетіп қайтыс болған деп шамаланады.

Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді. XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын. Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
Жыраулар поэзиясындағы портрет
Араб әдебиетінің тарихы
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің құрылысы
Фольклор және жазба әдебиетінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz