Ағылшын тіліндегі фильмдерді қазақ тіліне аударудың прагматикалық мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ағылшын тіліндегі фильмдерді қазақ тіліне аударудың прагматикалық мәселелері
Прагматика термині кейінгі кезде лингвистикада жан-жақты зерттеліп келеді. Аударматану ғылымының дамуына байланысты прагматика ұғымы өзінің жаңа қолданысына ие болды. Бұл түпнұсқалық мəтінді оқырманның қабылдап, түсінуіне ыңғайлап, оның одан алатын əсерін кемітпей жеткізу мақсатындағы түрлі аудару амалдары. Аударма прагматикасы қай тілден аудармасын тұпнұсқадан алатын əсерді аударма мағынасында беруі тиіс. Аударманы оқып, көріп немесе тыңдап отырған адам сондай композициялық - сюжеттік, көркемдік-мазмұндық сипатын түп нұсқалық деңгейде қабылдап, түсінгенде ғана аударманың мақсатына жеткені. Мұның өзі аудармашының ізденісіне, шеберлігіне байланысты. Аудару кезінде аудармашы бірқатар қиындықтарға тап келеді. Бұл өзіне жеткілікті таныс емес елдің мəдениеті, этнографиясы, салт-дəстүрі, діни жəне тілдік ерекшеліктерімен байланысты. Басқа бір халықтың тұрмыс-салты мен кəсібінің де өзгешеліктері бар. Міне, осыны аудармада беруде күрделі жағдайлар туындайды. Аудармашы ұқсастықтар табуға тырысады. Кейде мəтін ішінде түсіндіргісі келеді. Сілтеме арқылы ұғындырады. Сонан соң тілдегі бір-бірімен сəйкесе бермейтін сөздер, тіркестер де ұшырасады. Мұндай жағдайда мағынасын оқырманға жақындату жолдарын қарастырады. Сол арқылы түпнұсқаның оқырманға көркемдік идеялық, мазмұндық ықпалын шынайы жеткізуге əрекеттенеді. Прагматика - өте күрделі тілдік құбылыс. Аударма теориясында тұпнұсқа - аударма - оқырман жүйесінде өзінің жетекші рөлін көрсетеді. Прагматикалық ықпалды, əлеуетті бере білу үшін аудармашы мəтінді оңайлатуда оны неғұрлым оқырман сана-сезіміне түсінікті етуге ұмтылады. Сол мақсатта түрлі ауыстыру (трансформация) амалдарына барады. Егерде аударма теориясында прагматикалық сипаттардың зерттелуіне келетін болсақ, аударма теориясы қалыптаспай-ақ аудармашылар мұны тəжірибе жүзінде іске асырғанын байқаймыз. Болашақ аудармашылар үшін аударма прагматикасының қырсырын жақсы білу - аса маңызды теориялық - заңдылықтардың бірі. Мұны жақсы меңгеру арқылы түпнұсқа тіліндегі кез келген кедергілерді жеңуге болады. Əрі болашақ аударматанушы ретінде прагматиканың басқа да мəселелерін тереңдей талдауға барады. Осылайша жас аудармашылардың ізденісін арттыруға атсалысады. Аударма прагматикасы туралы В.Н. Комисаров, И.А. Алексеева жəне американдық ғалым Ю. Найда т.б. зерттеді. Бұл ғылыми жұмыста осы және басқада ғалымдардың еңбектерін негізге алдым.
1. Кіріспе
Дүниежүзі халықтары мәдени қарым-қатынас жасауда кино аудармаларын басты құрал ретінде пайдаланып келеді. Бұл талап кино аудармаларының қалыптасуына, белгілі бір деңгейде дамуына өз үлесін қосуда. Қазіргі кезде қазақстандық киноның басым көпшілігін шетелдік кинолар, соның ішінде батыс өнімдері алып тұр. Сатылымда солтүстік американың фильмдері көш бастаса, ал телеарналар үлкен аудиторияларда көрсетілетін көркем және деректі фильмдерді көптеп сатып алуда. Көрермендердің көп бөлігі телебағдарламалар уақытын тамашалайды. Бірақ техниканың дамыған кезінде көптеген елдерде цифрлы телеарналар аналогты телеарналарды ығыстыруда. Ал DVD форматымен бәсекелес Blue-ray форматы киноаударма саласындағы мамандар қажеттілігімен әлемдік нарықта күн сайын өсуде. Осыған байланысты соңғы жылдары киноаударма саласының әртүрлі аспектілеріне қатысты негізгі мәселелер де бой көтеріп келеді. Аудармашылар да киноаудармаға ерекше көңіл бөле бастады.
Киноаударма - кино тілінің бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы. Мұндай аударма арқылы бір халықтың таңдаулы кино туындыларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Сонымен қатар, түпнұсқаның мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін аударма арқылы танып біледі.
Отандық аударматануда киноаударма мәселесін қарастырғандар қатарында А.М. Бегадилова, Ш.А. Нұрмышева бар. А.М. Бегадилова Киномәтінді аудару мәселелері атты мақаласында дұрыс және адекватты аударма жасау үшін маңызды лингвистикалық және экстралингвистикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Кино құрылымына сипаттама беріп 166 диэтикалық және диэтикалық емес элементтерінің аударылу ерекшеліктерін көрсетеді. Бүгінгі таңдағы шетел туындыларын қазақ тіліне аудару теріс пікірлер білдіріп жатқан мамандар саны жетерлік. Мәселен, отандық кәсіби аудармашы А. Садықова: Көптеген телеарналарымыздағы дубляж бөлімдеріне мемлекеттік тілден мақұрым өзге, көбіне-көп орыс ұлтының өкілдері басшылық ететіндігі көңілге қаяу түсіреді. Қазақ тіліндегі мәтінді қазақша дей алмайсың; тіпті, басқа тілдегі мәтін жай ғана қазақ әріптерімен айтылып тұрған тәрізді әсер қалдырады; екпін дұрыс қойылмай, эмоция, сезім, көңіл-күй сияқты сәттер ескерілусіз қалып, бір сарын баяу мәнері орын алады. Осындай жағымсыз жайттар телеарналардың қазақ тіліндегі бөлігін қызықсыз, тартымсыз етіп салмақсыздандыратыны жалған да, жаңалық та емес, - десе, журналист Қаншайым Байдаулетова мемлекеттік тіліміздің шұбарланғанына қынжыла былай дейді: Есту жылдамдығы мен оқу жылдамдығын салыстырып көрсеңіз, тіпті кейбір қазақша сөйлемдерді соңына дейін оқып үлгере алмай қаласыз. Өйткені олар адамдардың сөйлесуіне орай жылдам ауысып отырады. Ал субтитрдағы грамматикалық, стилистикалық қателердің өріп жүргені - өз алдына бөлек әңгіме. Міне қазіргі таңдағы дубляжға деген осындай сыни мақалалар баспасөз беттерінде жарияланып жүр. Әрине, сөйлеу тілінің шұбалаңқы бірнеше сөздерден тұратындығы, құрмалас сөйлемдердің өте көп болып кетуі, көрермен санасына салмақ түсіріп, ақырына келгенде тезірек түсініп кетуіне қиындық туғызады.
Киноаударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі қажет. Онсыз киноаударманың сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсқаның ұлттық сипаты, өзіндік ерекшеліктері сақталмайды. Киноаудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талаптар сақталуы шарт. Бұл аудармада кино бастан-аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі.

2. Негізгі бөлім

2. Деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері

2.1. Бейнефильм атауларын аудару жолдары
Туынды атауы - мәтін мазмұнының ең алғашқы белгісі болып табылады және туындының негізгі ойы мен тақырыбын ықшамдалған түрде көрсетеді. Туынды атауы күрделі құрылымға ие және шығарманың біртұтастығын құруда маңызды рөлді ойнайды.
Тураева З.Я. бойынша, тақырып мәтінде туынды мазмұнына қарсы қойылып салыстырылуына байланысты оқырманның назарын аударатын мықты позицияны иеленеді . Тақырып, әсіресе, түсіндірмелердің көптігін, негізгі мағыналық түйінге кірмейтін қосымша мағыналардың семантикалық құрылымға қосылуын айқын көрсетеді. Лингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда, атау - мәтіннің аты, ал семиотикалық тұрғыдан - мәтіннің бірінші белгісі. Әдетте, фильм атауы, алдын-ала көрермендердің назарларын аударып, фильмді қарауға қызығушылықтарын арттыру үшін, фиьмнің экранға шығуынан көп уақыт бұрын әйгілі болады. Бұл фильм атауының маңыздылығын және фильмнің болашақ тағдырында ойнайтын рөлін көрсетеді. Осыған байланысты фильм атауларын аудару кезінде қиындықтар туу мүмкін. Себебі, аудармашы, көп жағдайда, фильм атауын аударған кезде фильм мазмұны туралы ешқандай ақпаратқа ие болмайды. Фильмнің атауы - көрермен үшін фильмді таңдауда бағдар қызметін атқарады. Жарқын және дұрыс атауды ойлап табу - ерекше өнер. Сол атауды түпнұсқа атауына тең болатындай дұрыс аудару да - үлкен өнер. Бұл үшін тек шет тілі мен ана тілін жетік меңгеру жеткіліксіз, сонымен қатар белгілі бір экстралингвистикалық білім мен шығармашылық қабілетке ие болу керек.
Бальжинимаева Е.Ж. аудармашылар фильм атауларымен жұмыс істегенде қолданатын үш стратегияны немесе үш әдісті анықтайды:
1. Тікелей аударма. Бұл стратегия, көбінесе, аударылмайтын өзіндік мәдени компоненттері жоқ атауларды аудару кезінде қолданылады. Алайда, тікелей аударма әрдайым сәтті болмайды, себебі ол атауда тұспалданған қосымша мағынаның жоғалуына әкелуі мүмкін. Деректі фильм атаулары аудармаларындағы тікелей аударма мысалдары (1-кесте):

1-кесте
Түпнұсқа
Аударма
1. The Great Human Odyssey
1. Адамзаттың Ұлы саяхаты
2. Island of lemurs: Madagascar
2. Лемурлар аралы: Мадагаскар
3. Amy
3. Эми
4. Predicting volcanic eruptions
4. Жанартау атқылауларын болжау
5. The Last Day of Pompeii
5. Помпейдің соңғы күні
6. Hubble Space Telescope
6. Хаббл ғарыштық телескобы

1. Атаудың трансформациясы. Аударматану зерттеулерінде аударма трансформацияларына бірнеше факторлар себеп болатыны айқындалған: лексикалық, стилистикалық, функционалдық, прагматикалық. Бұл стратегияны қолдана отырып, көптеген фильмдер лексикалық элементтерді ауыстыру немесе қосу арқылы когнитивті ақпаратты кеңейтуімен аударылады, ал түйінді сөздерді енгізу фильм атауындағы сөзбе-сөз аударманың мағыналық немесе жанрлық жетіспеушілігінің орнын толтырады.
Фильм атаулары аудармаларындағы атаудың трансформациясы мысалдары (2-кесте):

2-кесте
Түпнұсқа
Аударма
1. The carbon family
1. Карбон әулетінің болашағы
2. Volcanoes: MEDC Response
2. Жанартаулар: дамыған елдердің қарсы әрекеттері

Бірінші мысалда аударма нұсқасында болашағы сөзінің енгізілуі арқылы фильмнің мазмұны туралы қосымша ақпарат берілді. Екінші және үшінші мысалдарда, фильмдерде Response сөзі қазақ тіліне аударылғанда қарсы әрекеттері сөз тіркесімен ауыстырылып, фильм мазмұны нақтыланды.
1. Фильм атауларын ауыстыру. Аудармашы алдында тұратын негізгі талаптарға қарамастан, аудару кезінде фильм атауларының өзгертілу жағдайлары - семантика-құрылымдық теңдіктің сақталуы және қатысымды-функционалды қасиеттер жиі кездеседі.
Фильм атаулары аудармаларындағы фильм атауларын ауыстыру мысалдары (3-кесте):

3-кесте
Түпнұсқа
Аударма
1. Xploration Earth 2050
1. Болашақ әлем
2. Beyond the edge
2. Биікті бағындыру
3. Earth
3. Адамзаттың жерұйығы

Милевич И. жоғарыда айтылған барлық стратегияларды ажыратады және атау трансформациясының стратегиясына да, атауды ауыстыру стратегиясына да жатқызыла алатын аударма тактикаларының бірін айқындайды. Бұл - аударма кезінде фильм атауын белгілі бір жанрмен байланыстыратын тілдік бірліктер қолданылатын жанрлық бейімделу
Кез келген аударма кезінде, соның ішінде фильмдерді аудару кезінде де, аудармашы міндетінің негізгі пункті ретінде жұмыстың прагматикалық әлеуетін белгілейді. Аудармашы мәтінмен танысқан соң аудармаға дейін анализ жасап алады. Кино табиғатын нақты, жүйелі жеткізудің әдістемесін меңгеріп алуы қажет. Кино мәтініндегі бейнелі сөздерді, әсіресе фразеологизмдерді жеткізуде сөздік қоры мен білімі үлкен рөл атқарады. Лексикалық бірліктегі семантикалық мазмұн тілдің негізінде және аударма тілінде үнемі сәйкес келе бермейді. Тіл негізіндегі лексикалық бірліктің семантикалық мазмұны салыстырмалы түрде аударма тілдегі лексикалық мазмұнынан кеңірек болып келеді. Тілдің түпнұсқа мен аударма тіліндегі сөздердің семантикалық арақатынасының ерекшеліктерін білмеу екінші тілді тасымалдаушының көзқарас тұрғысынан алғанда тілдік баламалардағы сәйкессіздікке ұрындырады. Аударма үдерісінің нәтижесіне әсер ету үшін түпнұсқаның прагматикалық әлеуетін іске асыру қажет. Кино аудармасында көрерменге қажетті әсерді жеткізе алу басты орында тұруы шарт.
Аударманың прагматикалық нормасын аударманың прагматикалық тұрғыдан құндылығын қамтамасыз ету талабы ретінде анықтауға болады. Бірақ бұны толық норма деп санауға да болмайды, себебі аудармашылық актінің прагматикалық басым міндетін әр аудармашы өзінше шешетін дара мәселе болып табылады. Дегенмен де, аударма үдерісі нәтижелерін прагматикалық мақсатта өзгерту - жиі кездесетін жағдай, бұны ескермей, аударманы нормативтік тұрғыдан бағалау мүмкін емес. Қандай да бір нақты прагматикалық міндетті орындау - аударма нормасының барлық қалған аспектілерін бағындыратын аса ірі функция. Мұндай міндетті орындай отырып, аудармашы ең дұрыс эквиваленттіліктен бас тартуы да мүмкін, түпнұсқаның жекелеген бөліктерін ғана аударуы мүмкін, аудару кезінде түпнұсқаның жанрлық сипатын өзгертуі, аударма тілдің (АТ) нормасы мен узусын бұзуы да мүмкін. Аударма актісінің прагматикалық шарттары аударма нормасынан толық немесе жартылай бас тартуға, түпнұсқаны аудару емес, мазмұндап беруге, реферат жасауға немесе оны жан-жақты репрезентацияламай, басқаша жеткізуге мәжбүр етеді.
Қабылдаушының киномәтін аудармасына деген прагматикалық қатынасы тек прагматикаға байланысты емес, сондай-ақ қабылдаушының тұлғасына, оның біліміне, моральдық және физикалық жағдайына және т.б. да байланысты болады. Мәтін прагматикасының талдауы тек орташа статистикалық тыңдаушыға қатысты қатысымдық әсер туралы сөз қозғауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Аударма теориясының негізгі ұғымдары
Көркем фильмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Әннің аудармасының ерекшеліктері
Аудиовизуалды мәтін түсінігі
Абай «Қарасөздерінің» ағылшын тіліне аударылған нұсқасындағы прагматикалық аспектісі, сонымен қатар лексикалық және стилистикалық жағынан қарастырылған сәйкестіктерді анықтау арқылы қазақ аударматану ғылымының дербес теориясы мен практикасына қатысты жалпы тұжырымдар
Мультипликациялық фильмдер және оның ерекшеліктері
Мультипликациялық фильмдердегі иронияны аудару
Жарнамалық мәтіндерді аудару фонетикасы
Абайдың «Қара сөздерін» қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың прагматикалық аспектілері
Пәндер