Физика және медицина


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚР ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Медицина саласындағы физика

Орындаған:: Үсенбек Ж. Ж.

Қабылдаған: Кушербаева М. Р.

Тараз 2022

ЖОСПАРЫ:

1. Физика;

2. Медицина;

3. Физика және медицина:
Табиғат құбылыстары туралы ғылым және адам аурулары, оларды емдеу және алдын-алу туралы ғылым.

“Барлық ғылымдар физика және коллекцияға маркалар жинау болып бөлінеді”

Э. Резерфорд /Нобель сыйлығының лауреаты/

Ежелгі адамдар қоршаған әлем мен табиғат құбылыстарын кез-келген зерттеуді физика деп атаған. Кейінірек бірқатар арнайы пәндер пайда болды: заттың атомдық құрылымының ерекшеліктеріне байланысты қасиеттерін зерттейтін химия, тірі организмдерді зерттейтін биология.

Физика термині көне грек тілінен табиғат деп аударылады. Физика ғылымы табиғатты, әлемді, жаһанды зерттейді. Физика - алыс планеталардың қозғалысын, денелердің жерге құлауын, электр тоғын, магниттерді, оқтын ұшу траекториясын, судың ағысын, желдің соғуын, тағы сол сияқты табиғаттың объектілері және процестерің зерттейді.

Физика ғылымы қазіргі ғылым салалары арасындағы ең іргелілердің бірі. Барлық техникалық құрылғылар физика заңдарына негізделіп жасалады. Компьютерді немесе ұялы телефонды, физика заңдарын білмей отырып жасау мүмкін емес.

Жалпы мағынасы бойынша физика - табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді.

Физика (грек. physike, рhуsis-табиғат) - өріс пен заттың жалпы қасиеттерін және олардың қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым. Физика - табиғат жөніндегі жетекші ғылымдардың бірі. Ол басқа да жаратылыс тану ғылымдары сияқты ұзақ тарихи даму жолынан өтті.

Жеке физикалық ілімдердің пайда болу дәуірі. Физика жайлы алғашқы деректер Ежелгі Вавилон, Египет жазбаларында кездеседі. Зәулім сарайлар мен күрделі құрылыстар (пирамида, қорғандар) салу жұмысында құрылыс механикасы мен статиканың қарапайым заңдылықтары және рычаг, көлбеу жазықтық, тәрізді қарапайым механизмдер пайдаланылды. Практикалық талаптардан туған Ежелгі Вавилон, Египет ғылымының теориялық негізі халық арасына тарамады. Ғылым түгелдей діни абыздар қолында болды. Ежелгі грек ғалымдары табиғат құбылыстарын «табиғаттан тысқары күштің» әсерінсіз-ақ ғылми негізде түсіндіруге ерекше мән берді. Ежелгі грек ғалымдары (Гераклит, Анаксимандр, Анаксимен, Фалес т. б. ) табиғат негізінен төрт элементтен (от, топырақ, ауа және су) тұрады десе Демокрит (б. з. б. 5 ғ. ) І Эпикур (б. з. б. 341-270), Лукреций (б. з. б. 1 ғ. ) дүниенің ең қарапайым кірпіші одан әрі бөлінбейтін бөлшек - атом деп санады. Атом туралы ілім (атомистика) талай ғасырға созылған талас-тартыстан кейін, қазіргі табиғат жайлы ғылымдардың негізіне айналды. Аристо-телъдің табиғат жайлы жазған кітабы «Физика» деп аталған. Осыған орай Аристотельді физиканың «негізін қалаушы» деп те айтады. Архимед гидростатиканың негізгі заңын (қ. Архимед заңы) ашты, қарапайым механизмдерді зерттеді. Ол механикамен қатар оптикамен, астрономиямен де айналысты. Электр мен магнетизмге қатысты кейбір қарапайым қүбылыстар тым ертеден-ақ белгілі болған. Грек-рим мәдениеті дәуірінде статиканың қарапайым заңдары (рычаг ережесі, ауырлық орталығы), геометриялық оптиканың алғашқы заңдылықтары (жарықтың түзу сызықты таралу заңы, шағылу заңдары, жарықтың сыну құбылысы) ашылды.

Демокрит, Аристотель, Архимед тәрізді ерте дүниедегі ұлы ғалымдардың ғылымға қосқан теңдесі жоқ мол үлесі халықтың ғасырлар бойына жинақталан тәжірибесімен ұштаса келіп, Ф-ның ірге тасы болып саналатын классикалық механиканың тууына қолайлы жағдай жасады. Орта ғасырдың алғашқы кезеңінде ғылымның дамуына араб мәдениеті елеулі үлес қосты. Арабтар эксперименттік зерттеу тәсілдерін қолдана бастады. Еуропада Алхазен деген атпен белгілі болған Египет физигі әл-Хайсам оптикалық зерттеулер жүргізді. Ол көздің көру теориясын жетілдірді, эксперименттер жүргізіп, құралдар жасады. Алхазеннің «Оптика кітабы» атты еңбегі 12 ғ-да латын тіліне аударылды. Орта Азия мен Қазақстанан шыққан ғылымдар араб мәдениеті мен ғылымың одан әрі дамытты. Әбу Насыр әл-Фараби өзінің «Вакуум» атты трактатында ежелгі гректерде қолданылған эксперименттік тәсілдер мөн Ф. ғылымының сол кездегі жетістіктеріне сүйене отырып, «абсолют вакуумның» жоқ екендігін дәлелдеуге ұмтылды. Ал Бируни өзі жасаған құралдың көмегімен металдар мен кейбір заттардың меншікті салмағын аса үлкен дәлдікпен анықтады. Ол сондай-ақ астрон. және геогр. зерттеулерді де мұқияттылықпен жүргізді. Ұлықбек мектебінің өкілдері физика-матем. ғылымдарының дамуына өз үлестерін қосты. Бірақ Еуропа мәдениетіне кенжелеп қосылған бұл ғылыми зерттеулер, соңғы кездері ғана ғылым тарихынан өз орнын ала бастады. 15-16 ғ-ға дейін физ. ғылыми бақылаулар мен тәжірибелік зерттеу жұмыстары кездейсоқ сипатта жүргізілді. Нақтылы бір мақсатты көздеп жасалған эксперименттік зерттеу жұмыстары аз болды. Эксперименттік тәсіл Ф-да тек 17 ғ-дан бастап жүйелі түрде қолданыла бастады. Физиканың дамуындағы бірінші кезең Г. Галилей (эксперименттік тәсілдің негізін қалаған) еңбектерінен басталады. Галилей Аристотель динамикасының қате қағидаларын біржолата теріске шығарды. Сөйтіп, динамиканың алғашқы ғылми негізін қалады (инерция заңын және қозғалыстарды қосуды ашты) . Галилей мен Б. Паскалъдың еңбектерінде гидростатиканың негізі жасалды. И. Ньютон өзінің «Табиғат философиясының математикалық негіздері» атты еңбегінде (1687) механика заңдарының ең жетілдірілген түжырымдамасын берді. Ол өзінен бұрынғы ғалымдардың жұмыстарын қорытындылай отырып, күш туралы ұғымды жалпылады және масса ұғымын енгізді; жүйе динамикасының негізгі заңы - әсер мен қарсы әсердің теңдік заңын тағайындады. Сонымен Галилей мен Ньютон ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелерді қорытып, матем. жүйеге келтірді. Бұл зерттеулер бір жүйеге келіп, классикалық механиканың негізін жасаумен аяқталды.

Медицина (лат. medicine: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында (барысында), адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Медицинаның зерттеу пәні ретінде адам организмінің қалыпты және патология жағдайында құрылымы мен тіршілік етуі; халық денсаулығы жағдайына әлеуметтік және табиғи ортаның әсері; адам аурулары (олардың себептерін, пайда болу механизмін, белгілерін), аурудың алдын алу, түрлерін анықтау және емдеу тәсілдері мен құралдарын пайдалану туралы мәселелері алынады. Медицина адамтанумен бірегей байланыста бола тұра жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың барлық түрлерінің жетістіктерін ескереді. Медицинаның зерттеу мәселелерінің шеңбері адам өмірінің сан қырлы көріністерін қамтиды. Бұл медицинаны денсаулық туралы және адамның жеке басының және қоғамдық өмір сүру жағдайы туралы ғылымның нақты жүйесіне айналдырады. Медицинаның мұндай жаратылыстану ғылымының шегінен шығып, оның биоәлеум. сипаттамасын белгілейді. Әлбетте биологиялық және әлеуметтік көріністер медицинада жекеленбей, диалектикалық бірлікте қаралады. Әлеуметтік факторлар денсаулық деңгейіне және халықтың физикалық дамуына әсер етеді. Сондықтан да патологиялық процестердің пайда болуына және дамуына қажетті немесе қосымша жағдайлар алғашқы түрткі механизмі ретінде жиі алға шығады. Әлеуметтік ортаның қолайсыз факторларының әсерінің биологиялық зардаптары көбіне адам организмінің хал жағдайымен белгіленеді. Ғылыми-техникалық даму кезеңінде медицинада білім аралық құрылымы және түрлі бөлімдерге бөліну айқын байқалады. Қазіргі кезеңдегі теоретикалық және клиникалық медицинада медициналық-биологиялық мәселелерді, адамның әлеуметтік табиғатын ескеріп кешенді түрде зерттеу бағыты өсуде. Медициналық түсініктердің және медициналық-гигиеналық қызметтің түрлері мен мазмұны үстемдік етуші көзқараспен, мәдени ахуалы мен жаратылыстану және техинакалық дамудың деңгейімен белгіленеді. Осының бәрін ескере отырып, алғашқы қоғам медицинасы, ежелгі өркениет медицинасы (Ежелгі Шығыс, Месопатамия, Ежелгі Иран, Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Тибет), антикалық әлемнің медицинасы (Ежелгі Грекиядағы эллинистикік дәуір, Ежелгі Рим), феодалдық қоғам медицинасы (Византия, Араб халифаты, ортағасырлық Батыс Еуропа), қайта өркендеу дәуірінің медицинасы (15 - 16 ғ. ), Жаңа дәуір медицинасы (17 - 19 ғ. ), 20 ғ. медицинасы және қазіргі кезең медицинасы деп бөледі. Қазіргі кезеңде медицина адамның биологиялық жаратылысын жетілдіру мүмкіншілігінің айқындылығын дәлелдеді. Мұнда әр адамның генетикалық және физиологиялық процестеріне әсер ету арқылы адам организміндегі үйлесімсіздік пен үйлеспеушілікті жою арқылы адамның физиологиялық және психикалық мүмкіншілігін дамытуға және оны сауықтырып, өмірін ұзартуға болатыны анықталды.

Бізді қоршаған материалдық дүниедегі барлық құбылыстар мен өзгерістер өзара тығыз байланыста екендігі белгілі. Соның бірі айғағы ретінде биология ғылымының биологиялық жүйелердегі құбылыстарды танып білуде дәл ғылымдардың заңдылықтары мен ондағы түсініктерді қолдану арқылы ғана одан ары дамитындығына көз жеткізді. Осындай себептерден биология және физика ғылымдарының түйісінде биофизика атты жаңа ғылыми бағыт пайда болды.

Биологиялық физика биологиялық жүйені субмолекулалық, молекулалық, жасушалық, ұлпалық, мүшелік және ағзалық деңгейлердегі дамуын физика- химиялық тұрғыдан зерттейтін ғылым. Биофизика термині алғаш рет 1892 жылы Карл Пирсонның «Ғылым грамматикасы» атты ғылыми еңбегінде « . . . биологиялық фактілер- морфология, эмбриология және физиология физикалық заңдылықтардың дербес бір көрінісі, сондықтан оның этиологиясы . . . » деп жазды. Кейін А. Фик және немістің басқа да ғалымдары бұл саланы «Медициналық физика» деп атаған.

1961 жылғы І-Дүниежүзілік биофизиктердің халықаралық конгресінде биофизика өз алдына жеке ғылым ретінде танылды. Осы конгрестің шешіміне сәйкес биофизика - молекулалық биофизика, жасуша биофизикасы, күрделі жүйелер биофизикасыдеген бөлімдерден тұрады.

1. Молекулалық биофизика бөлімі - биологиялық макромолекулалар (ақуыздарды, нуклейн қышқылдарын т. б. ) мен молекулалық деңгейдегі биологиялық жүйелердің құрлысы мен физикалық қасиеттерін зерттейді. Биофизиканың бұл бөлімінің пайда болуына Л. Полингтың ақуыздың кеңістіктік құрылымын мен Ф. Криктің «өмір спиралы»ДНК анықтауы үлкен себеп болды. Сонымен қатар молекулалық биофизика молекулалық деңгейде энергияның түрленуі мен миграциясын да қарастырады.

2. Жасуша биофизикасы - жасауша мен оның органелдерінің құрылымын, ондағы физика-химиялық үрдістерді, биопотенциалдың пайда болу механизмін, жасуша арқылы заттарды тасымалдауды, жасуша термодинамикасын зерттейді. Биофизиканың бұл бөлімінің дамуына Бернштейннің, А. Ходжкинның, Хакслидың және т. б. ғалымдардың қосқан үлестері орасан зор.

3. Күрделі жүйелердің биофизикасы. Биофизиканың бұл бөлімі молекулалық деңгейден бастап жасушаға дейінгі деңгейдегі биологиялық жүйедегі өз ара байланыстарды зерттеумен және оны моделдеумен айналысады.

4. Мүшелердің сезім биофизикасы. Бұл бөлім көру, есту, сезу секілді тірі биологиялық құрылымдағы құбылыстарды зерттеумен, сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен тірі объектінің сезу мүшелерінде, рецепторларда пайда болатын энергияның электр сигналына айналу механизмін қарстырады.

Биофизика бұл аталған бөлімдерімен қатар адам ағзасынатүрлі физиалық факторлардың -шудың, механикалық тербелістің, электр тогы мен электромагниттік өрістің, иондаушы сәулелердің және т. б. әсерлерін де зерттеумен айналысады.

Қазіргі уақытта осы ғылымдардың кең байланыс желісі үнемі кеңейіп, нығайып келеді. Физикалық құрылғылар қолданылмайтын медицинаның бірде-бір саласы жоқ.

Ауруларды диагностикалауда рентген сәулелері сүйектер мен жұмсақ тіндердің өзгеруін анықтау үшін кеңінен қолданылады.

Рентгенология - ағзалар мен жүйелердің құрылымы мен функцияларын зерттеу және ауруларды диагностикалау үшін рентген сәулесінің қолданылуын зерттейтін медицина саласы.

Рентген сәулелерін неміс физигі Рентген Вильгельм Конрад (1845-1923) ашты (1895), олардың қасиеттерін зерттеді.

Рентгеннен басқа, бүгінгі күні диагностиканың осындай әдістері қолданылады:

Ультрадыбыстық зерттеу (жоғары жиілікті дыбыстық сәуле біздің денемізді эхолот - теңіз түбі сияқты сезініп, нормадан барлық ауытқуларды ескере отырып, оның "картасын" жасайтын зерттеу) .

Ультрадыбыс - адамның құлағы естімейтін серпімді толқындар. Ультрадыбыстық жел мен теңіз шуылында кездеседі, бірқатар жануарлар (жарқанаттар, балықтар, жәндіктер және т. б. ) шығарады және қабылдайды, машиналардың шуылында болады. Ол физикалық, физика-химиялық және биологиялық зерттеулер тәжірибесінде, сондай - ақ дефектоскопия, навигация, су асты байланысы және басқа процестер үшін техникада, диагностика және емдеу үшін медицинада қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицина саласындағы физика
Медициналық техниканы жіктеу
Физика саласының медицинамен байланысы
Нанотехнология медиицна мен физикада
Нанотехнология туралы
Биофизика пәні
Дыбыстың физикалық сипаттамалары
Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Заманауи физика тақырыбына кіріспе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz