Қисықсызықты қозғалыс


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Ұстаз» институты

Физика және ІТ кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы : Қисық сызықты қозғалыс және шеңбер бойымен қозғалыс

Орындаған: Тілегенов Нұрбол

Тобы : физика 20-1

Курс : 3

Қабылдаған : Мусабеков Ескермес

Тараз 2022

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. 1. Қисықсызықты қозғалыс . . . 3

1. 2. Қисықсызықты қозғалыс демонстрациясы . . . 4 2. 1. Шеңбер бойымен қозғалыс . . . 5

2. 2. Шеңбер бойымен қозғалысты демонстрациялау . . . 5

Қорытынды . . . 6

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 6

Кіріспе

Қозғалыс - заттар мен құбылыстардың жалпы өзгерісін, бір-біріне әсер етуін білдіретін ұғым.
Қозғалыссыз өмір болмайды, ол - барлық нәрсенің өмір сүру тәсілі. Қозғалыс - мәңгі, шексіз бола тұра, дүниеге сырттан енгізілмейді, оның құрамдас бөлігі болып табылады.
Антикалық заман философиясы қозғалыстың бар екенін мойындап қана қоймай, оның мәнін зерделеп, себептерін, жалпы заңдылықтарын ашуға ұмтылды. Кейбір философтар табиғат бастамасын ағып жатқан суға (Фалес), жалындаған отқа (Гераклит), сандар арасындағы үйлесімге (Пифагор), бос кеңістіктегі атомдарға (Демокрит) теңеп, дүниенің динамик. суреттемесін жасаса, енді біреулер қозғалыс ұғымының қайшылыққа толы екенін (Зенон) айтты.
Аристотель ілімінде қозғалыс ұғымы категория деңгейіне көтеріліп, оның көптүрлілігі, болмыс пен танымның басты анықтамаларының бірі екендігі айтылды. Жаңа заман дәуірінде (17 - 18 ғ. ) ғылыми танымның, әсіресе, механиканың қарқынды дамуына орай қозғалыс көбінесе механикалық қозғалыс, яғни денелердің кеңістікте орын алмасуы және бір-біріне әсер етуі ретінде қарастырылып, дүниенің механикалық суреттемесі жасалды.
Гегель қозғалыс ұғымын қалыптасу, өзгеру, даму ұғымдарымен ұштастырып, оның жалпы заңдарын ашты, оны сан мен сапаның өзгеруі, сапалық түрлену секілді түсініктермен байытып, қозғалыстың ішкі қайнар көзі, себебі қайшылықта екенін көрсетті.
Дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын дене болмайтыны секілді, қозғалыс табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қозғалыс - жалпы өзгеріс, нысандардың бір-біріне әрқалай әсер етуі және олардың қалпының ауысуы. Ол - материяның ажырамас, өмір сүру тәсілі. Қозғалыссыз материяның болмайтыны секілді, материясыз қозғалыстың болуы мүмкін емес. Қозғалыс сан алуан болып келеді. Әрбір қозғалыстың өз иесі, өз тасымалдаушысы, яғни түпкі негізі болады. Мысалы, қарапайым бөлшектер қозғалысының өз заңдылықтары, өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Сол секілді материя құрылымының деңгейіне сәйкес өз қозғалысының болуы заңды.
1. 1. Қисықсызықты қозғалыс.

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, Жердің Күнді айнала қозғалысы кисықсызықты болып табылады. Велосипед немесе автомобиль доңғалақтарындағы нүктелер де кисық сызық бойымен қозғалады, т. с. с.

Дененің қисық траектория бойымен қозғалысы қисықсызықты қозғалыс деп аталады. Дененің қисықсызықты қозғалысы, оның түзусызықты қозғалысы кезіндегі орын ауыстыру, жылдамдық және үдеу сиякты кинематикалық шамалар арқылы сипатталады.

Түзусызықты қозғалыс кезінде жылдамдық векторының бағыты әрқа шан орын ауыстыру векторының бағытымен бағыттас болатыны белгілі. Ал біз қарастырып отырған жағдайда, дененің жылдамдық векторы АВ орын ауыстыру векторының бойымен бағытталған деп айта алмаймыз.
Оның бағыты бұл жағдайда Δ \mathrm{\Delta} t уақыт интервалына тәуелді болады. Δ \mathrm{\Delta} t уақыт интервалы азайған сайын дененің бастапқы А нүктесінен орын ауыстыруының шамасы ғана өзгеріп қоймай, олардың бағыттары да өзгеретінін көруге болады. Δ \mathrm{\Delta} t неғұрлым азайған сайын S 1 S_{1} , S 2 S_{2} және т. с. с. орын ауыстыру векторлары траекторияның берілген А нүктесіне жүргізілген жанаманың бағытына соғұрлым жақындай түседі. Δ \mathrm{\Delta} t мейлінше аз болған кезде орын ауыстыру векторының бағыты жанаманың бағытымен сәйкес келеді. Бұдан шығатын қорытынды: дененің қисықсызықты траекторияның кез келген нүктесіндегі қозғалыс жылдамдығы траекторияның осы нүктесіне жүргізілген жанаманың бойымен бағытталады.

2-сурет.

Қисықсызықты қозғалыс кезіндегі дене жылдамдығы шынында да траекторияға жанама бойымен бағытталатынына қайрақ тастан шыққан ұшкын, автомобиль доңғалақтарынан ұшқан саз балшық дәлел бола алады.

Алайда кисықсызықты қозғалыстың траекториясына жүргізілген жанаманың бағыты нүктеден-нүктеге өткен сайын үздіксіз өзгеріп отырады. Бұдан қисыксызықты қозғалыс жылдамдығының бағыты бір уақыт мезетінен екінші уақыт мезетіне еткен сайын үнемі өзгеріп отыратыны шығады. Олай болса, қисықсызықты қозғалыс әрқашан айнымалы қозғалысына жатады. Егер қозғалыс жылдамдығының модулі тұрақты болса, мұндай қозғалыс бірқалыпты қисықсызықты қозғалыс деп аталады.

Қисыксызықты қозғалыстың қарапайым түріне материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы жатады. Өйткені кез келген қисықсызықты қозғалысты шеңбер бойымен, дәлірек айтқанда, шеңбердің бөліктері бойымен қозғалысы деп карастыруға болады.

1. 2 . Қисықсызықты қозғалыс демонстрациясы.

1) Керекті құрал жабдықтар: штатив, металл шарик, металды бағыттауыш, қысқыш

WhatsApp Image 2022-10-02 at 18.58.04.jpeg

3-сурет

Штативке шеңбер жасап қисайтып жасалған металл бағыттаушыны суретте көрсетілгендей етіп бекңтеміз бекітеміз. Металды шарик бағыттаушы бойымен жүре отырып қисықсызықты қозғалыс жасайды. Траекториясы бағыттаушының формасынга байланысты болады

2) Керекті құрал жабдықтар: 2 универсалды штатив, гофрленген пластмассалы труба, металл шарик.

WhatsApp Image 2022-10-02 at 18.43.28.jpeg

4-сурет

Пластикалық гофрленген түтік кез келген жолмен бүгіліп, екі әмбебап тірекке орнатылады. Доп түтікте қозғалады, оның иілулерін қайталайды. Түтіктің ішінде қозғалған кезде шар оның гофрленген бетімен жанаса отырып, дыбыс шығарады, оның жиілігі шардың жылдамдығына байланысты. Дыбыс биіктігін өзгерту арқылы доптың жылдамдығының өзгеруін бағалауға болады.

2. 1. Шеңбер бойымен қозғалыс.

Шеңбер бойындағы бірқалыпты қозғалыста нүкте белгілі бір уақыт аралығында өзінің бастапқы орнына ауық-ауық қайта оралып отырады. Сондықтан нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау үшін айналу периоды және айналу жиілігі деп аталатын шамалар енгізіледі.

Айналу периоды (Т) деп нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақытын айтады, яғни Т = t/n. Айналу периоды секундпен (с) өлшенеді. Периодқа кері шама жиілік деп аталады.

Электростатикалық генераторды (5-сурет) әртүрлі жиілікте айналдырсақ әртүрлі мөлшерде электр зарядтары жиналады.

https://www.medius.ru/upload/iblock/985/985e44188c6817ee85fc7d7d10ebc9e9.jpeg

5-сурет. электростатикалық генератор

2. 2. Шеңбер бойымен қозғалысты демонстрациялау

Керекті құрал жабдықтар: Ағаш текше, түйреуіштегі қызыл жалауша, айналу осіндегі диск, әмбебап штатив.

WhatsApp Image 2022-10-02 at 18.58.20.jpeg

6-сурет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЕҢБЕР БОЙЫМЕН БІРҚАЛЫПТЫ ҚОЗҒАЛЫС
Орта мектепте интеграл тақырыбын тереңдетіп оқытудың әдістемесі
Анықталған интеграл ұғымы
Дифференциалдық және интегралдық есептеудің элементтерін оқыту әдістемесі
Жалпы атмосфераның циркуляциясы
Ақырлы элементтер әдісінің негізгі концепциясы
Дифференциалдық және интегралдық есептеулерді оқыту жүйесі
Кнауф төсеме бояулары
Физика міндеті
Галактикалардың динамикалық қозғалысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz