Ахмет Байтұрсынов-тіл білімінің негізін қалаушы
Мазмұны:
Кіріспе.
1.Ахмет Байтұрсынов-тіл білімінің негізін қалаушы (еңбектері,терминдер,қазақ тіл білімінің ғылыми аппараты,150 жылдық ұлықтау мәселесі,жүргізілген жұмыстар,әліппе,фильм,тіл білімі институты)
Негізгі бөлім.
2. Тіл құралы еңбегі (мазмұны,бөлімдері,қозғалатын мәселелер)
2.1.Тіл құралындағы көрініс тапқан категориялар (салыстыру,енгізілген өзгертулер,сөз таптары категориялары,зат есім (айырыс,қалып),сын есім (түрі,шырай),есімдіктер (түрлері) сан есім (түрлері),есімдік түрлері (5түрі),етістік (етіс категориясы,рай категориясы,үстеу 5 түрі,көсемше 3 түрі,одағай 3 түрі) )
3. Тіл құралы негізінде зерттеу жүргізген ғалымдар
3.1. А.Байтұрсынов еңбегі бойынша ғалымдар пікірі.(Ш.Құрманбайұлы,Р.Сыздық,Жұб анов и т.б.)
Қорытынды.
4. А.Байтұрсынов еңбегі негізі бойынша қазақ тілін оқытудың тиімділігі
4.1. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі білім беру мен А.Байтұрсынов еңбектерінің сабақтастығы
Халқымыздың біртуар перзенті,ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, Алаш партиясының, Алашорда ұлттық кеңесінің, Алашорда үкіметінің негізін қалаушы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, лингвист, түркітанушы, әдебиеттанушы ғалым,ақын, аудармашы, Қазақ газетінің (1913-1918) ұйымдастырушысы,әрі бас редакторы,сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1938) қазіргі Қостанай облысындағы Сарытүбек (Торғай уезінің Тосын болысының №5 ауылы) деген жерде дүниеге келген.Бірақ қазіргі кейбір ресми құжатарда туған жылы 1873 жыл 25 қаңтар деп көрсетіледі. Алайда, архив деректеріне жүгінсек,А.Байтұрсынұлының өз қолымен толтырылған Ағартушылық халық комиссириатының қызмет тізімінде: 5 сентябрь 1872 г.р. (ҚРОМҚ, 81-қ, 1-тізім) деп жазылған. Тағы осы қордағы: Жауапты қызметкерлер анкетасында: ...1872 г., 5ІХ урож. Торгайского уезда деп,ал өзі толтырған кейбір құжаттарында туылған жылым 5 қыркүйек 1872 жыл ғұмырнамасында Туылған жылым мешін 1872-,деп көрсеткен. Бұған қоса Дело учтелей киргизской школы атты мұрағат құжатынан табылған деректе Ахметтің Орынбор училищесінің жанындағы мұғалімдер тдайындайтын мектебіне 1891 жылы 10 тамызда қабылданғаны туралы да дерек бар.
Әкесі-Байтұрсын Шошақұлы беделді,әділетті кісі болған.Ағайынды Байтұрсын мен Ақтас ел қамы үшін Яковлев деген жергілікті уездің бастығына қарсылық көрсеткенеріне бола бас бостандықтарынан айырылып,15 жылға,яғни,18885 жылы Сібірге жер аударылады. Өзінің күрескерлік жолға түсуіне осы оқиғаның тікелей әсері болғанын ақын Ахмет Анама хат өлеңінде:
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағына,оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып,адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам?-деп еске алған
Әкесінің інісі Ерғазының тәрбиесінде болған Ахмет бастауыш білімді Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған қазақ мектебінде алып,19һ891 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін,1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді. 1896-1907 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық және болыстық мектептерде мұғалім болып қызмет атқарады.Білім беру жүйесімен ерте таныс болған ғалым осы саладағы қажеттіліктерге ерекше назар аударған.Ол мектепке арналған оқу құралын жазуды қолға алады. Кейін бұл жұмыс қазақ тілі мен әдебиетінің ғылыми заңдылықтарын түсіндіретін теориялық еңбектер жазуға ұласты.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ елінің тарихында зор бетбұрыс жасаған өзгерістердің ұйытқысы болғаны баршаға мәлім. Ұлт ұстазының жан-жақты қоғамдық саяси қызметі мен ел тарихында алатын орнын көрсету тарихшылар еңбектерінде оң шешімін тапқан. Солардың ішінен академик М.Қозыбаевтың Ахмет Байтұрсынұлы-ХХ ғасырдың ұлы реформаторы,
Ахмет Байтұрсынов- әліпті таяқ деп білмеген тұста халқына әріпті танытқан,қазақ тіл білімінің бастауында тұрған ұлт көшбасшысы.Ол араб жазуын пайдалана отырып,соның негізінде оны қазақ тілі табиғатына салып,алғаш қазақ әліпбиін жасап шығарған.Әліпби жасар кезде ғалым мынандай талаптар бойынша жұмыс жасады:
-әліппенің қазақ тіліне шақ болуы,яғни тілге жеңіл,түсінікті болуы,Ахаңша айтқанда өлшенбей тігілген о жер бұ жер бойға жуыспай,қолбырап,солбырап тұрған кең кіиім сияқты артық әріптері көп әлібби қолайсыз
-әліпби жазуы ыңғайлы болуы шарт,жазу мүшелері көп болмау керек,ол жазуды қиындатып,уақытты көп алады;
-жақсы әліпби баспа ісіне де қолайлы болуы керек;
-жақсы құрылған әліпби үйренуге жеңіл болуы тиіс.
Міне,осы 4 талапты ескерсек әліпби жақсы болмақ деген және құрған кезде сол кездегі қазақ халқы қолданып жүрген араб жазуындағы кемшіл тұстарды да ескере отырып,барынша мінсіз әліпби жасауға тырысқан,сөйтіп небәрі 28 қаріптен тұратын әліпби Орынбордан басылып шығып,ауыл балаларының қолына тиеді.
Айтылған қағиданы берік ұстанғаны Ахаңның мына бір сөздерінен-ақ байқауға болады: Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған - қазақ. Жат жұрттың шалығы тимесе, кәсіби, ғұрпы өзгерілмесе, жалғыз тіл өзгерілді деп айтуға тіпті жол жоқ. Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін де қисық деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ. Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір-,десе,енді бір қолжазбаларында: Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек,өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып,онан соң басқаша оқытуға тиіспіз деп ойын жеткізеді.
А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынбор қаласында шыққан Оқу құралы атты усул сотие жолымен тəртіп етілген қысқаша əліпбиі жарық көргені бәрімізге мәлім. Əліпби қасиетті Құран сөзімен ашылып, Ахмет Байтұрсынұлының насихат мазмұнындағы өлеңі берілген:
Балалар! Бұ жол басы даналыққа.
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та!
Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
А.Байтұрсынұлы-қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына нақты мүмкіншіліктер тудырған бірден-бір ғалым. Ана тілі деген терминді де өзі ұсынғанын естен шығармағанымыз жөн.А.Байтұрсынұлының Әліпбиі мен Оқу құралы тұңғыш әліппеміз болса,оның бірнеше рет қайта басылуы сол кездегі білім беру жүйесі үшін ауадай қажет құндылықтарға айналғанына көз жеткізді.Ғалымның араб таңбаларын қазақ тілінің фонетикасына сай қолданған жүйелі графикасы 1924 жылы ресми қабылданған. Өзге түркі халықтары (өзбек,татар, т.б.) да оны тұңғыш үлгі ретінде қабылдады. Осы орайда ғалым Р. Сыздықованың сөзіне сүйенсек: А.Байтұрсынов ұсынған жаңа емле 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де,қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастаған.
А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап қазақ жазумен айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға
алды.Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық (дыбыстық) жүйесін зерттеуге кіріседі. 1929 жылы 12 майда өз қолымен жазған өмірбаянында: 1901 жылдардан бастап,бала оқытқан кездерден бос уақытатарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым,әдебиетпен шұғылдандым дейді.Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен,қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылымын зерттеуге кірістім,одан кейін қазжақ алфавитін және емлесін ретке салып,жеңілдету жолына жұмыс істедім,үшіншіден қазақтың жазба тілін бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға,синтаксистік құрылысын өзге тілдердің (жағымсыз) әсерінен тазартуға әрекеттендім,төртіншіден,қазақ прозасын жассанды кітаби сипаттан арылтып,халықтық сөйлеу тәжірбиесіне иекемдеу үшін ғылыми терминдерді жассауға кірістім және айналыстым. Стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым.-дейді жазбаларында.
А.Байтұрсынов араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы,оның ішінде мұғалімдер еш талассыз қабылдады. Себебі,ағартушының реформасы қазақ тілінің табиғатына,дыбыс үндестігі заңдылығына орайластырылып,ғылыми негізде жасалған болатын.Сол арқылы қазақ дыбыстарын әбден жүйелеп алғаннан кейін дәл осы жүйе негізінде қазақ әліпбиі қалыптасты.1912 жылдан бастап ұсыынған алфавитке негіздеп алған жаңа жазуы (Жаңа емле деп аталады) іс жүзінде қолданылуын бастап кетті.Баспа беттерінде жарық көрген мақалаларға сүйенсек сол кездің өзінде,1915 жылы, 1 жыл көлемінде осы емле бойыншв 15-ке жуық кітап шығарылған. Сонымен қатар,1913 жылдан бастап,мұсылман медреселерінде де,қазақ-орыс мектептерінде пайдаланылған.
Араб таңбаларын қазақтілінің фонетикалық табиғатына дәл келтіріп қазақтың ұлттық графикасы ретінде реформалау ісі 1910 жылдардан басталды деп айтып өттік,бұл жұмысын ағартушы одан әрі жалғастырып, әбден зерттейді, емленің полиграфия,баспа ісіне қолайлы-қолайсыз тұстарын анықтайды,оқыту процесіндегі тиімді,тиімді емес тұсын қарастырады. Сөйтіп,араб әріптері негізінде жасалған қазақ графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12 жұлдызында басталған Қазақ-қырғыз білімпаздарынығ тұңғыш съезінде әбден талқыланады. Бұл съездің күн тәртібінде 6 мәселе қойылады. Олар:
1) Жазу,орфография ережелері.
2) Әліпби мәселесі
3) Қазақша пән сөздер (терминдер)
4) Ауыз әдебиетін жию шаралары
5) Бастауыш мектептердің программасы.
Сол жиынның 15 маусымындағы мәжілісінде ағартушы Әліпби тақырыпты деген баяндамасын оқиды. Ол түркі жұрттарының қолданып келе жатқан жазуы бар екендігін,оны тастап,басқа жазуға көшу оңай еместігін ескереді.Әліпби қандай болу керектігін айта отырып,араб алфавитіне икемделіп істелген қазақ жазуының оң тұстарын дәлелдейді де,латынға көшер болсақ,сол алфавиттң ұстанып отырған латын тілдес халықтарының түркі тілдес халыққа ес қатысы жоқ екендігін баса айтады.
Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы ескі қазақ жазба тілін күллі қазақ халқының игілігіне айналдыру идеясын ұсынды. Сан ғасырлар бойы əдебиетімен мəдениетін ауызша алып келген халықты жаппай сауаттандыруды, білім беруді тезірек қолға алмаса, қазақ қоғамының заман ағымына ілесе алмай, қалып қоятынын терең түсіне білген ғалым жүйесі аса күрделі ескі қазақ жазба тіліне түбегейлі реформа жасады. Осы жолға бар білімі мен күш-жігерін арнады. Алдымен, ол араб əліпбиін пайдалана отырып, халық тілінің тоғыз дауысты (а - ə, ы - і, о - ө, ұ - ү, е) жəне он тоғыз дауыссыздан (б - п, д - т, г - к, ғ - к, ж - ш, з - с, й, л, м, н, ң, р, у) тұратын дыбыс жүйесін негізге алып, қазақ əліпбиін жасады. Ол жазуы халықтық тілдің сөз үлгілерін жазба тілде бірізді қолданудың жүйесін жасады. Сөйтіп, халық тіліне негізделген жазбаша тілдің тұңғыш рет оқулықта, оқу құралдарында заңдастырылған нормасын жасады, тіліміздің заңдастырылған жазу нормаларын негіздеп берді. Араб жазуын қазақ дыбыс жүйесіне қарай икемдегенде ғалым төмендегі өзгерістерді ұсынды:
1. араб əліпбиіндегі жуан дауыссыздардың қазақ тілі үшін қажетсіз таңбаларын алмау;
2. қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у дыбыстарының əрқайсысына таңба белгілеу;
3. к, г дыбысынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін білдіру үшін сөздің алдынан дəйекше таңба қою.
Бұл ұсынған əліпби негізінде жаңа жазу 1912 жылдан бастап жұртшылықтың мақұлдауымен өмірдің барлық саласында қолданыла бастады. Ұлы реформатор неліктен араб жазу үлгісін алғандығын былайша түсіндіреді: Араб əліппесі қазақ арасына дінмен бірге таралған, сіңген.Дінмен
бірге байласқан əліппені алып тастап, басқа əліппені алдыру - қиын жұмыс. Бұлай болған соң араб харіфлерін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек. Ғалым осы бағытта жұмыстануда бар күш-жігерін салады. Əліпби, жазу, емле мəселелеріне байланысты жиындарда ол өз əліпбиінің оңтайлы екенін дəлелдейді. Енді осы аталмыш əліпбидің өзіне тоқталсақ: қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі - дауысты,он жетісі - дауыссыз, екеуі - жарты дауысты.
дауысты дыбыстар: ا) а), ؤ)о),ى) ы), ه) е) و) ұ);
дауыссыз дыбыстар: ب) б), غت) п), ن)т), ج) ж), ش) ш), د) д), ر) р),ز) з) س) с), ع) ғ), ق) қ), ف) к), (12) (г), ك) ң), ل) л),م(м), ي) н);
жарты дауысты дыбыстар: و)у), (й).
Бұл дыбыстардың ішінде қ мен ғ дəйім жуан айтылады, г, к мен е дəйім жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың əрқайсысы екі түрде айтылады:
бірде жуан, бірде жіңішке. Дауыссыз дыбыстардың кейі қатаң, кейін ұяң болады. Соған қарай харіптері де қатаң һəм ұяң деп аталады. Қатаң харіптер: б, п, т, д, ш, с, ғ, к, қ, г; ұяң қаріптер: ж, р, з,л, м, н, ң. Ұяң харіптер өзара екіге бөлінеді: 1. ымыралы харіптер: ж, р, з, л; 2. ымырасыз харіптер:м, н, ң. Дауысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстар бағынбақшы, яғни, дауысты дыбыстар жуан айтылса - олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы, дауысты дыбыстар жіңішке айтылса - дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы. Дауысты дыбыстарымыз жіңішке айтылуы үшін
алатұғын белгіміз мына ء ..Бұл белгі дəйекше болып, сөздің алдында тұрған жіңішкелік белгісін көрсетіп, ол сөздің ішіндегі дауысты дыбыстардың жіңішке оқылса, олармен қатар дауыссыз дыбыстар да жіңішке оқылады. Егерде ...бұл 19 дыбыстың жуан айтылғанына бір харіф, жіңішке
айтылғанына бір харіф керек десек, 19 дыбысқа 38 харіф керек болар еді, бұған дəйім жуан болатын қ менен ғ-ларды, дəйім жіңішке айтылатұғын к, г харіптерді қосқанда, һəммасына 43 харіф керек болар еді, - деп жазған əліпби жасаушы ғалым. Ғалым өзі құрастырған əліпбиіне х, һ дыбыстарын
енгізбеген. Себебі һ дыбысын одағай сөздерде ғана (аһілеп, уһілеп, аһ т.б) кездеседі. Алайда кейін: Бұл əріпті қазақ əліппесінен шығарғанда мұнымен жазылатын сөздер аз деп шығарып едік. Аз болғанымен, тілде бар дыбыс болған соң жоқтығы сезілетін көрінеді, - дейді. Ал х дыбысы араб,парсы сөздер арқылы еніп, қазақтың өз сөздері болып кеткен, сондықтан сақтау керек, - дейді.Біздің қолымыздағы үйреніп жүрген əліпбиде əріп саны - 32. Онда орыс тілінен енген сөздерге байланысты орыс əріптерінің де арабша үлгісі көрсетілген. Ахмет Байтұрсынұлының төте жазуы оңнан солға қарай жазылады. Əр əріп төрт түрлі таңбаланады: жеке тұрғаны, сөз басында, сөз
ортасында, сөз аяғында. Сонымен қатар өзінен кейін əріппен тіркесетін жəне тіркеспейтін түрлері бар. Өзінен кейінгі əріппен тіркесе алмайтын əріптер - 13 (а, ə, в, р, з, е...) өзінен кейінгі əріппен тіркесетін əріптер - 10 (б, н, п, т, с...), төте жазуда əріпке қойылатын нүктенің орны ерекше, оны
дұрыс қоя білу керек, əйтпесе басқа əріпке ауысып кетеді, ол - Ахмет Байтұрсынұлы əліпбиінің бірден-бір ерекшелігі. Ахмет Байтұрсынұлы Орынбор қаласында 1924 жылы 12 маусымда басталған Қырғыз (қазақ)
білімпаздарының (оқығандарының) тұңғыш съезінде əліпби тақырыбына арналған баяндама жасайды. Онда ғалым латын əліпбиі мен араб əліпбиі негізінде жасаған əліпбилерді салыстыра отырып, түрік жазуының артықшылығына кеңінен тоқталып өтеді: Араб əрпі латын əрпінен жазуға,
оқуға оңай. Сауат ашу жүзінде араб əрпінің қолайлығы латын əрпінен артық. Мəшинелерге орнатуға араб əрпінің жаңасы латындікінен анағұрлым артық, ескісі де орнатуға келетінін іс көрсетіп отыр. Араб əліпбиінің əрпі қазақ тілінің дыбыстарына толық жеткілікті, қандай емле жасауына да келеді.
Қазақ емлесі нағыз оңай, бұқараға қолайлы емле. Түрік əліпбиінің қазақ дыбыстарына тұспа-тұс келгендіктен, өзгертусіз, ережесіз тікелей алынған
əріптер: а, б, п, т, ж, д, р, з, с, ш, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н, и, барлығы - 19 əріп. Бұрын дербес иемдеген дыбысы жоқ болып бірде олай, бірде былай жұмсалып жүргендіктен, ережелеп бекітіп алып отырған
əріптеріміз: ұ. Латын əліпбиін алуға жасаған жобаға қарағанда латын əліпбиінен қазақ дыбыстарына тұспа-тұс келгендіктен, өзгертусіз, ережесіз, тікелей алынатын əріптер: a (а), b (в), d(д), 1(а), m (м), n (н), o (о), p (п), r (p), s (c), t (т), z (з), k (к), g (r) - барлығы 14 əріп. Нақ тұспа-тұс келмегенмен,
жуықтығы барлықтан ережелеп икемдеуге келетін əріптер: е (e), j (ж), i (и), u (у) - бесеу. Қазақ дыбысына жуық келетін де əріп болмағандықтан, өзгертіп алынатын əріптер: g (ғ), k (қ), n (ң), ө (ұ) - төртеуі. Мұның үстіне дербес бір əріп келмегендіктен, екі белгімен алынатын ш дыбысының əрпі
sh(ш) бар. Бұл салыстыру жүзінде латын əліпбиінен түрік əліпбиінің анағұрлым артықтығы айқын-ақ көрініп тұр. Түрік əліпбиінде бір дыбысқа екі əріп алынбайды; латын əліпбиін алғанда болатын көрінеді. Жақсы əліпбидің екінші сипаты - жазуға жеңілдігі деп едік. Енді ол жағынан да
салыстырып қарайық. Əріп суретінің оңай қиындығы да мүшесінің аз-көбі де қалам сермеуінен өлшенеді. Бұл жағынан салыстырғанда да түрік əліпбиінің анағұрлым артықтығы айқын екендігін көру қиын емес.Ұлт тіліне лайықталып реформаланған араб таңбаларын латыншаға ауыстырудың тиімділігі жоқ деген пікір айтқан. А.Байтұрсынұлы бастаған зиялы топқа ұлтшыл, пантюркист, панисламист, кеңеске қарсы деген түрлі айыптар тағылды.Араб жазуы тікелей ислам дінімен байланыстырылып,ғалымның сан жылғы еңбегі жоққа шығарылды. Уақыт көрсеткендей,латын жазуының да тағдыры ұзаққа бармады.
А.Байтұрсыновтың жасаған әліпбиі жөнінде М.Дулатов: Жазуды тәртіпке салу оңай емес,һәркімнің ізіне түсіп қуған,үйренген ісі болады.Сол ісін ол басқалардан артығырақ біледі. Егер оқу,оқытуды машықтап,ол оқытудың һәм оқытқан нәрселерінің асыл тәртібін,түп негізін анық білетін кісілер жазу хақында өз пікірлерін түсінікті етіп жазса,сынаушы деп соларды айтуға жарайды.Құр шала-шарпы есіткен,яки өзінің көзі үйренгеннен басқаның бәрі де теріс деп білушілер сынайтын болса,біреу түгіл,тоқсан тоғыз тәртіпке де табан тоқтату қиын-деген болатын. А.Байтұрсыновтың қазақ жазуы үшін жасаған әліпби жобасын қостай отырып,М.Дулатов жаңа әліпбиге ф мен х таңбаларын енгізуді ұсынады.Бұл тұңғыш пікірлердің бірі болды.Осылайша,1953 жылға дейін 28 дыбыс 42 дыбысқа жетті.
А.Байтұрсынұлының Құран әріптерінен тұратын,ғылыми негізі дәлелденген жаңа емлесін латын әріптерімен,одан кейін кириллица таңбаларымен алмастыру халқымыздың сан ғасырдың ескерткіштері болып табылатын бағалы жазба мұраларынан қол үзіп қалуымызға әкеліп соқты.
Төл жазуымыздың реформаторы енгізген,араб жазуының таңбалары негізінде жасалған қазақ әріптері-жат жұртарға қоныс аударуға мәжбүр болған (Қытай,Ауған,Иран тағы да сол сияқты басқа елде тұратын) қандас бауырларымыздың ХХ ,асырдың 10-жылдарынан бастап,бүгінгі күнге дейінгі қолданылып келе жатқан графикасы. Олар осы төте жазумен сауатын ашумен қатар,кітаптарын да осы жазумен басып,шығарып келеді.Осы арқылы ғалымның араб таңабаларын қазақ тілінің жазылуына,оқылуына баспа ісіне толық бейімделіп кеткенін және осы жазу жүйесінің әлі де өміршең екендігін байқауымызға болады.
А.Байтұрсынұлының қазақша әліппе жасауы,яғни,араб алфавитінің негізінде ұлттық әліпбиге реформа жасап,өзгеріс енгізуі,қазақ тіл білімінің терминдерін алғашқы болып қалыптастыруы және оның негізгі салаларын:дыбыс жүйесін (фонетика),сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (грамматика) тереңдей зерттеп,бірнеше оқулыққа арқау еткен еңбектері өз замандастары тарапынан лайықты бағасын алып қана қоймай,күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
Ахмет Байтұрсынов өз Əліппесін неге араб жазуы негізінде жасады? деген сауалға жауап іздесек, бұл жазудың, біріншіден, төл тарихымызбен, ислам мəдениетімен тығыз байланысты екенін,екіншіден, оның қазақ балаларының хат тануына өте жеңіл екенін аңғарамыз. Əліпби деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы, - деп жазған Ахмет
Байтұрсынұлы əріптердің тіл дыбыстарын нақты таңбалауына, оқуға жəне жазуға жеңіл келуіне, үйретуге оңай болуына басты назар аударады.Ғалым жасаған əліпбидің басты ерекшелігі - қазақ сөзін дəл таңбалап, əрбір таңбаның мəні мен ерекшелігін нақты сипаттауында, осы дəлдік пен
нақтылықты ғылыми тұрғыдан терең талдауында дер едік.Қазақ жазу ілімі теориясында əріп саны фонема санымен бірдей болуы жетілген жазу екенін танытады деген тұжырым А. Байтұрсынұлы еңбектері арқылы қалыптасты. Əріптің фонемадан аз болуы түркі тілдеріндегі сингармония заңының сөздің негізгі құрылымы мен мағыналық ерекшелігін аша алу қасиетімен байланысты.Дауыстылардың бірыңғай жуан-жіңішкелігі сөздің барлық буынында сақталатындықтан, көп таңбадан гөрі, сөздің алдына дəйекше белгісін қою арқылы жазу экономиясына жетуге болатынын табуы - Ахмет Байтұрсынұлының реформаторлығы ретінде танылады. Қазақ тіліндегі жиырма төрт түрлі дыбысты таңбалаудың өзіндік ерекше жолы мен жүйесін ұсынған ғалым қ мен ғ дыбыстарының ылғи жуан, к мен г, е-нің ылғи жіңішке айтылатынын ескерте отырып, былай деп жазады: Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір белгі, жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек десек, ... онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дəйім жуан айтылатын қ мен ғ-ны қосқанда дəйім жіңішке айтылатын к мен г, е-лерді қосқанда, бəріне 43 белгі (харіп) керек
А. Байтұрсынұлы қазақ жазу үлгісіндегі тыныс белгілеріне де ерекше мəн береді. Əріптен басқа жазуда қолданылатын белгілерге бүгінге дейін анықтап белгілі ат қойылған жоқ еді. Сүгіретке (сурет сөзі) қарап,
біреу олай, біреу былай деп атайтын еді, - дей келіп, негізгі тыныс белгілеріне қазақша ат қойып,бірінші рет айдар тағады: тыныстық (.), жапсарлық (,), қосарлық (═), тастарлық ( - ), дəлдеулік (), сұраулық (?), лептеулік (!). Мұнан байқалатыны - қазақша тыныс белгілерге ат беру, олардың қойылу жолын түсіндіру автор үшін маңызды болған. Қазіргі кездегі тыныс белгі, қосу (+),сұраулық, лептік белгі, нүкте,үтір,терім сөздерінің алғашқы жасаушы да А.Байтұрсынұлы болғанын аңғарамыз.
Ғалым дауысты дыбыстардың графемалық қасиетін буыншы əріп ретінде танытады да олардың мəнін, сөз құрамындағы мазмұндық сипатын ерекше талдайды. Сөз мағынасын анықтайтын дəйекше белгінің маңызын жіті түсіндіреді. Қазақ жазу ілімінің атасы А. Байтұрсынұлы Дыбысқа сəйкестеп əріп алынбаса, сөздің жазылуы мен айтылуы бөлектенбей қала алмайды деген ойын бірнеше жерде жұмырлайды, дыбыстар мен əріптер арасындағы қарым-қатынасты терең барлай келе, дыбыстар мен əріптер арасында сəйкестік күшті болғандықтан, сөздің жазылуы мен айтылуының арасында да сəйкестігі күшті екенін анықтайды.Тілдегі бар дыбыстың бас-басына арнаған белгісі бар болса, тəртіпті жазу болатынын қайталай ескертіп отырады. Қазақ жазу үлгісін ағылшын, француз, қытай жазуларымен салыстыра отырып, олардан ерекше екенін дəлел келтіре отырып анықтап, айтылу мен жазылу арасындағы сəйкестігі мол жазулардың қатарына төте жазуды да жатқызады. Əліпби түзген, тыныс белгілерін нақтылаған, жазу үлгісін көрсетіп, графема мен фонема арасындағы сəйкестікті терең талдаған А.Байтұрсынұлы емле тəртібіне де мəн береді. Əлем халықтарының емле жүйесінен мол хабары бар ғалым қазақ сөзінің ішкі болмысына сай келетін
жүйені, дұрыс сауаттандыратын емлені қажет санайды. Сауаттылық негізі - жазу деген жолды берік ұстана отырып: жазу - əріптердің сүгіретін сала тізу, оқу - əріптердің дыбыстарын айта тізу екенін нақтылайды.
Ғалым емленің төрт негізін атап көрсетеді:
:: таңба жүйелі
:: тарих жүйелі
:: туыс жүйелі
:: дыбыс жүйелі
Оларға жеке-жеке талдау жасай отырып, əрбірінің ерекшелігін талдап, оң тұсы мен қазақ сөзіне сəйкес келмейтін жағын ғылыми тұрғыдан саралап, зерделейді. Ең бастысы - қазақ сөзінің дұрыс жазылуына ерекше мəн береді, ауызша айтылғанның бəрін сол қалпында жаза салуға да болмайтынын атап көрсетеді. Қазақтың төл жазуы деген түсінікті А.Байтұрсынұлы еңбектерінен кейін қолдануға мүмкіндік туды. Өйткені қазақ сөзінің өзіне тəн айтылым, жазылым ерекшеліктері мен сипаты осы еңбекте жан-жақты анықталып, грамматология ғылымы талап ететін заңдылықтарға басты көңіл бөлініп, негізгі ғылыми жауабы берілді. Жазу туралы ғылым өзінің дербес пəнін нақтылау үшін тілдің табиғи қалпын таңбалайтын,ғылыми сипатын іздеуі керек, - десек, А.Байтұрсынұлының қазақ жазуы туралы жазған ғылыми пікірлері осы талаптарға толықтай жауап береді. Төте жазудың сөздің дыбыстық табиғатына жақын келіп, оқуға, жазуға оңай болуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz