Белбеу күрес


Халықаралық Тараз Иновациялық Институты
СӨЖ
Тақырыбы: Спорттық күрес түрлеріне жалпы мінездеме
Тобы:ДШ-21-15
Орындаған: Суиндикова Асема
Қабылдаған: Танаев Қонысжан
Тараз 2022
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Қазақ кресі
3. Грек-рим күресі
4. Еркін күрес
5. Дзюдо
6. Самбо
7. Белбеу күресі
8. Қортынды
9. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ күресі еркін өскен ер жүрек қазақтың бүкіл болмысымен біте қайнасқан білікті өнер. Атадан балаға жалғасқан тоқырамас, түгемес, жойылмас бәсірелі бәсеке. Ұлттық спорттың төресі. Сақтардың сарқытын, үйсіндердің үлгісін, ғұндардың хикіметін, керейлердің кереметін, қазақтардың қайратын, алаштардың айбатын ұрпақ жүрегіне ұялатқан ұлттық спорт түрі.
Қазақ күресі
Қазақ күресі - қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. 2016 жылы ЮНЕСКО, толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді.
«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті - Түкиев Серік Адамұлы.
Негізгі ережелері
Қазақша күрестен шешілуі қармауыштар үшін жоғарғы дене бөлігі. Күрес тағанда жүргізіледі. Аяққа өтуге тыйым салынады. Күртеше мен белдеуден қармауға болады. Белбеу күресі тәсілдері рұқсат етілген. қолды Қағып жіберуге, жамбас тәсілдері арқылы аяғын іліп алуға болады. Тіземен кілемге тиюге болмайды, бұған қатысты алдын-алу ескерту береді. Қазақша күрес техникасы бойынша грузин (чидаоба), татар (куреш) және өзбек күресімен (кураш) ұқсас. Қазақша күрес тәсілдері самбо техникасына енгізілген. Көбіне қазақша күрес палуандары (балуандар) самбо, дзюдодан әр түрлі жарыстарға қатысады.
Қазақ күресінің техникасы
- Шалып лақтыру - техникалық арсеналында жетекші орындардың бірін алады. Оның алдыңғы, артқы және бүйір шалу сияқты түрлері бар. Әдіс бір аяқтың астына да екі аяқтың астына да орындалады. Шабуылдаушы балуан қарсыласын өз қойған аяғын арқылы арқасына лақтырады.
- Қағып лақтыру - алдыңғы, артқы, бүйір және іштен қағып лақтыру деп бөлінеді.
- Иліп лақтыру - самбо терминологиясында бұл - сирақтың ілмектері.
- Лақтыра жығу - бұл лақтыру кезінде, аяқ (аяқ) қарсыластың алдынан немесе аяқтың артқы бөлігі ішінен кіру арқылы лақтыру.
- Арқадан асырып лақтыру - бұрыла лақтыру. Самбо терминологиясында - арқа арқылы лақтыру. Қарсыласына арқасымен бұрылу есебінен - кейін иіліп не лақтырған жағына алға қарай жығылып орындалады.
- Еңкейіп лақтыру - еңкейіп лақтыру. Күшті балуанның физикалық күші үшін тәсілдер. Көбінесе қарсы әдіс ретінде қолданылады, сол мезетте қарсыласының иық арқылы балуанның белін басып алуға тырысқан кезде орындалады. Осы сәтте лақтыруды жүргізетін балуан басты қимылдатып бұрын кенеттен дене тұрқын, аяқтағы тізе буындарын түзетуі тиіс және қарсыласын өзіне қаратып, содан кейін денені алға күрт көлбеулетіп және тізені төмен тастап есебінен көтеру керек.
- Көтермелеп лақтыру - үстіне отырғыза лақтыру. Қазақ күресінде тарихы терең белгілі әдіс. Сыртынан және ішінен отырғызу арқылы әр түрлі тәсілдермен орындалады.
- Айналдырып лақтыру - шыр айналдыра лақтыру. Қатаң тәсілдер, қазақ күресінде ежелден белгілі. Күші көптер қарсыластарын иық деңгейіне, тіпті одан да жоғары бас деңгейіне көтереді, олардың айналдыра әр түрлі тәсілдер орындаған: оларды қойылған жамбас, арқа арқылы тастаған, немесе сыртынан іліп алу арқылы лақтырған. Бұл техниканы меңгерген балуаннан қарсыластары қорқатын. Кейбір физикалық әлсіз балуандар осындай лақтырудан кейін жарақаттар алған.
- Тонқалана асып домалай лақтыру - домалай лақтыру. Белден екеуі де ұстасқан кезінде жүргізіледі, шабуылдаушы лақтыруды орындай отырып, бір жағына қарсыласты ала отырып, қолдың күш-жігері арқасында оны өзіне қарай лақтырады және арқасымен ұстап қалады.
- Кеудеден лақтыру - бүгіле лақтыру. Самбо терминологиясында - кеуде арқылы лақтыру.
- Орап лақтыру - cамбода бұл ілмек тәсілдердің бір түрі.
1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 ж. республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді.
Қазақша күрес балуандары халықаралық аренада тұңғыш рет 1952 ж. Ашхабад қаласында сынға түсті. Қазақша күрестің салмақ дәрежелері де, ережесі де жиі өзгерістерге ұшырады. Кей жылдары үш, төрт, бес, сегіз, он салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өтіп жүрді.
1998 жылдан еліміздің балуандары үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. 60 кг-ға дейінгі балуандар - кіші балуан, 74 кг-ға дейінгілер - орта балуан, 74 кг-нан жоғарылар - бас балуан деп аталады.
Грек-рим
Грек-рим күресі , эллиндер мен латындар (гректер мен латындар) заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Грек-рим күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады.
Егер таза жеңіс болмаған жағдайда, жеңіс ең көп ұпай алған балуанға беріледі. Балуанның киімі лыпа, бандаж, арнаулы трико және былғарыдан тігілген жұмсақ аяқкиімнен тұрады. Грек-рим күресінің жарыс ережесі 1896 ж. шығарылып, содан бергі уақытта талай рет жаңартылып келеді. Ол 1986 ж. 1 -ші Олимпиялық ойындардың бағдарламасына еніп, содан бері (1900, 1904 жылдардан басқа) бағдарламадан басқа олимпиядалық жарыстан түспей келеді. Әлем чемпионаты 1897 ж. Еуропа чемпионаты 1898 жылдан бастап өтіп келеді. Күрес әуесқойларының халықаралық бірлестігі (ФИЛА) 1912 ж. құрылды. ҚР- ның Грек-рим күресінің бірлестігі 1993 жылдан ФИЛА-ға мүше.
Грек-рим күресі, классикалық күрес - қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға, т. б. болмайды. Грек-рим күресінің мақсаты - қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.
- Грек-рим күресі 1896 жылғы 1-Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді.
- 1904 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіліп келеді.
- 20-ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап күрестің бұл түрі Қазақстанда жедел дами түсті. Қазақ халқынан шыққан Қажымұқан Мұңайтпасов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Мәмбетов сияқты Дүниежүзілік олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің есімдері көпшілікке белгілі.
Еркін күрес
Еркін күрес - диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ. Байдосов, Ж. Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы көне замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың құрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап өтіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі.
Қазақстандағы еркін күрес
Қазақстандағы еркін күрес, республикалық чемпионаты 1951 ж. бастап өткізіліп келеді. Бұдан ең алғаш шыққан СШ-лері Ж. Сқақов, Қ. Байдосов, Қ. Қожанов және т. б. Алғашқы жылдары оның секцияларына барушылар аз болғандықтан грек-рим күресіне қатысушылар да еркін күрестен бақтарын сынап көрді. Кейін Ә. Айханов, А. Гапсатаров, А. Бұғыбаев, М. Қапанов, Ю. Курапаткин, И. Байрамуков сияқты балуандар халықаралық жарыстарда көзге түсті. Республиканың құрама командасы 2003 ж. Алматыда өткен Азия кубогы үшін жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды.
Еркін күрес- Мұнда қарсыластарға әр түрлі техникалық тәсілдерді (қарсыласын лақтыру, аударып түсіру, қапсыра ұстау, белден төмен ұстау, т. б. ) кеңінен қолдануға мүмкіндік беріледі.
- Еркін күрес 19-ғасырдың аяғында Англияда пайда болған.
- 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген.
- 1951 жылдан дүниежүзілік, 1928 жылдан Еуропа чемпионаттары өткізіледі.
- Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өткізіліп келеді. Қабден Байдосов, Әбілсейіт Айқанов, Амангелді Ғабсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Сейітжан Әбдікәрімов, Алмас Мұсабеков, т. б. халықаралық аренада халқымызды әлемге танытты. Мәулен Мамыров Атлантада (АҚШ) өткен Олимпиялық ойындарда (1996) және дүниежүзілік чемпионатта (1998) қола жүлдені еншіледі.
Дзюдо
Дзю-до (жапонша дзю - жұмсақ, до - жол) .
- 19-ғасырдың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған.
- 1956 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіледі, Олимпиада ойындарына 1964 жылдан енген. Дзю-дошылар арнайы кілем (татами) үстінде күреседі. Киімдері - кимоно, белбеу және шалбар. Күрес ережесі бойынша қылқындыруға, қолды бұрауға болады. Жаңадан қатысып жүргендер беліне ақ белбеу, ал жоғары разрядшылар қара белбеу орап шығады. Қазақстанда дзю-до күресі 20-ғасырдың 60-жылдарынан бері дамып келеді. Асхат Жіткеев Пекинде (Қытай) өткен 29-Олимпиялық ойындарда (2008) күміс, дүниежүзілік чемпионатта (2004, Корея) қола жүлдені иеленді. 1995 жылдан Алматыда Ораз Жандосов атындағы халықаралық турнир өтіп келеді.
Дзюдо тарихы
Дзюдо спортының пайда болу күні деп 1882 жылы болып есептеледі. 21 жастағы жапондық Токиодағы будда храмында (Эйзедзтта) “Кодокан” мектебін құрған. Ол жас жігіт Дзигоро Кано болды. Дзюдо сөзі “дзю-дзюцу” (jujitsu) сөзінен шыққан. Ол өз кезегінде сумо күресінің бір ағымы болып шыққан.
Дзигоро Кано Токиодағы Император университетінде оқып жүргенде “дзю-дзюцу” негіздерін түсінуге кірісті. Құзыретті бапкерлердің арқасында жас жапондық ең қысқа уақытта күресте үлкен жетістікке қол жеткізді. «Дзю-дзюцу» - «қарусыз күрес» - деген мағынаны білдіреді. Аударма бойынша «жұмсақтық өнері» дегенді білдіреді. Бұл туралы атақты аңыз бар. Ол былай болыпты:
Бір күні дәрігер Сиробэй Акияма бақшаны аралап жүргенде, кешегі омбы қардың әсерінен үлкен ағаштардың бұтақтары сынғанын байқады. Тек жас талдың бұтақтары жас болғандықтан майысып жерге тиіп тұрды. Бірақ біраз уақыттан кейін қайтадан түзеліп орнына келді. Осыны көрген Сиробэй Акияма: «Берілу арқылы жеңіске жету!» деген тұжырымдама жасады.
Дзю-дзюцу шеберлері өте күшті адамдар емес еді. Олар керемет, шымыр және сондай-ақ тапқыр болғандықтан, қарсыласын алдап, оған қарсы күш қолдана білді.
Даму жолы
Дзигора Кано спорттың классикалық формуласын ойлап тапқан. « Егерде бір адамның күшін бірлікпен өлшейтін болсақ. Онда менің қарсыласымның күші 10 деп есептейік. Ал менің күш бірлігім 7 болсын. Мен әрине қарсыласымның күші көп болғандықтан құлап кетуім мүмкін. Сондықтан мен қарсыластың күшін, яғни әртүрлі тәсілдер арқылы басқа жаққа қарай бағыттасам. Онда ол өз күшін және тепе-теңдігін жоғалтады. Сол кезде уақытты пайдаланып оңай жеңіске жетуге болады »деді.
XIX ғасырдың екінші жартысында радикалды буржуазиялық реформалар жауынгерлерді жұмыссыз қалдырды. Ал дзю-дзюцу ұмытылып кету ұшырады. Бірақ бұған Дзигоро Кано жол бермеді. Әртүрлі мектептердің тәжірибесін қорытындылай отырып, ол «жұмсақ тәсіл» деп аталатын жаңа дзюдо күрес түрін жасады. Каноның айтуынша, дзюдо - «жастар үшін тек қана дене шынықтыру емес, ол жалпы білім беру, жекпе-жек, философия, күнделікті өмір өнері».
Самбо
Самбо (орыс. самозащита без оружия - қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі) - Самбоның тарихы Кеңестер Одағы тұсында 1938 жылы 16 қарашадан басталады делінеді. Сол жылы денешынықтыру саласының бүкіл одақтық комитеті самбоны бірауыздан спорттың бір түрі деп тіркеді. Самбо сөзі үш сөз тіркесінен тұрады. Талдап айтсақ, алғашқы тіркестен «"сам(ооборона) ", "б(ез) о(ружия) " деген сөз шығады (орыс тілінде) .
Бұл бір емес, жиырма елдің ұлттық спорт түрлерінің жиынтығы деген пікір бар.
Бүгінде ойын шартында қорғану мен шабуыл жасаудың мыңдаған әдісі бар. Мысалға, әзірбайжандық "гюлеше", армяндық "кохе", қазақ "күресі", молдаваша "трынте", тәжіктің "гуштингири", түркменнің "гореше", грузинше "чидаоба" және өзбекше "күреш" деген түрлері жиі қолданысқа ие. Барлығына ортақ талап киім үлгісі мен белдегі белбеу.
Ойынның ортақ ережелерін қалыстастырған маман - Василий Сергеевич Ощепков. Ол Токио қаласындағы дзюдо орталығынан білім алған. Жиырмасыншы жылдың орта шенінде В. Ощепков Қиыр Шығыста, кейіннен Новосібір қаласында қорғану түрлеріне баулитын арнайы секция ашқан. Мәскеудегі денешынықтыру институтында сабақ беріп жүрген В. Ощепков жинақтаған тәжірибесінің арқасында И. В. Васильев, Н. М. Галковский, Р. А. Школьников, А. А. Харлампиев, Б. А. Сагателян деген атақты спортшыларды дайындады.
Самбо дәстүрін ары қалай жалғастырғандардың бірі - В. А. Спиридонов. Ол "Динамо" спорт кешенінде жұмыс істеп жүріп, алғаш рет 1928 жылы "Самозащита без оружия" деген кітап жазып шықты.
1966 жылдан бері самбо халықаралық дәрежеге қол жеткізіп, Халықаралық әуесқойлар спортшылар федерациясының (ФИЛА) тізіміне ілікті.
1972 жылы Еуропа чемпионатының тұңғыш ашық біріншілігі басталды. Сегіз салмақ категориялары бойынша алғашқы додада Кеңес Одағының спортшылары шыңды бағындырса, Жапонияның намысын қорғаған екі спортшы жақсы өнер көрсете білді. В. Кюлленен, А Хош, К. Герасимов, В. Невзоров, А. Федоров, Ч. Езерскас, Н. Нисинаки, Н. Сато, С. Новиков, В. Кузнецов Еуропаның алғашқы Еуропа чемпиондары атанды.
1973 жылы Иранның Тегеран қаласында I әлем чемпионаты өтті. КСРО құрамасы онда 9 алтын мен 1 күміс жүлдені қанжығаларына байлады. Онда Г. Георгадзе, А. Шор, М. Юнак, Ш. Чанрав (Моңғолия), Д. Рудман, А. Федоров, Ч. Езерскас, Л. Тедиашвили, Н. Данилов, В. Кливоденко чемпион атанды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz