Денсаулық энцикполедиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

____________________________Ұстаз институты____________________факуль теті

______________________________Физик а және IT____________________кафедрасы

сөж

_____________________Тіршілік қауіпсіздік негіздері______пәні бойынша

Тақырыбы:_______ Салауатты өмір салтын қалыптастыру________

___________________________________ _______________________________

Орындаған:Үшкемпір Ж.

Тексерген:Жандарбек М.

Группа:финф20-1

2022жыл

Жоспар:

Кіріспе
1.Салауатты өмір салты жайлы жалпы түсінік 3
Негізгі бөлім
2.Денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы 4
2.1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіз? 5
2.2. Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің 5
функцияналдық жағдайына деген әсері     
2.3. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері. 6
2.4. Психалогиялық саулық пен тән саулығы туралы мәліметтер 8
2.5. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және 9
улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.
2.6.Денсаулық сақтау шаралары 10
Қорытынды 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 14

Кіріспе: Салауатты өмір салты жайлы жалпы түсінік
 
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын,
жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз.
Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Содан соң
өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас
дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс
айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.
“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек
еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді
жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған
билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл
айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ
тойдық...”
Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға
және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір
Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір
сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша
денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан
салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.Дені сау
адам-табиғаттың ең қымбат жемісі деп тегін айтылмаса керек. Қазіргі кезде
салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың
Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі
көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың
болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір
салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді
басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл
ауқаты” тармағында,“...азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы
және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды
салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз
тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-
жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара
тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын
ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың
болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

Денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы

Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы.Әрбір жасөспірімді сол
бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы
үшін қандай әдістерді қолдануды, жақсы жұмыс халін,күнделікті тұрмыс
қиындықтарын жеңуі,белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық -
салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу
басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат,
міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы
ұрпақ тәрбиелеу. Сол тәрбиенің бір түрі рухани байлық десек, артық
айтқандық емес. Адам бойындағы жақсы қасиеттері мен игі істерінің қайнар
көзі осы рухтан бастау алады.
Рухани бай адам дегеніміз - өз тілін, өз тарихын,салт-дәстүрін
жоғары бағалап,жан-жақты,өзін-өзі басқаратын,өмірдің ағымына дұрыс
көзқараспен қарай алатын,мейірімді,әділ,қанағатшыл адам. Егер біз саналы,
мінез - құлқымыз жетілген азамат болғымыз келсе,алдымен өзімізді - өзіміз
білуіміз қажет. Өзін тану арқылы өзгені танитын артықшылыққа ие боламыз.
Дүниедегі ең оңай нәрсе - кісіге ақыл айту , ең қиыны - өзіңді-өзің
түсіну -деген екен ғұлама ғалым Әл-Фараби. Осы рухани байлықты жастардың
бойына сіңіріп, сана сезімін жеткізу - біздің міндетіміз. Мектептегі
қазіргі оқытып жатқан имандылық бағыттағы тәрбие сағаттар басым. Адамның
материалдық қажеттілігінің бірі - дене мүшесінің саулығы. Бүгінгі күні ең
маңызды мәселе - салауатты өмір салтын қалыптастыру. 
Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге
бөлінеді:
1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі.
Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық
көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық
бағдарламасынан құралады.
2. Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі.
Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және
функциялық сақтамалардан құралады.
3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.
Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы
рухани қолайлы күйден құралады.
Денсаулықтың негізгі өлшемдері мыналар:
• тән және дене күйі үшін — мен істей аламын;
• психикалық күй үшін — мен тілеймін;
• адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.
Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі өмірге құштар,қандай іске болсын
дайын, мақсатына жету жолындағы қиыншылыққа төзімді болады.
Ал, ауру - адамның мүмкіндігін шектейді,көңіл күйі жабырқаулы адам ештеңені
жоспарлап,алдына айқын мақсат қоя алмайды. Баланың денсаулық жағдайы
көптеген факторлардың әсеріне байланысты.Мысалы: ата-ананың денсаулығы,
үйдегі жалпы жағдай, білім алу мүмкіншілігі, әлеуметтік

2.1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіз?
 
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы 
бойынша, денсаулық дегеніміз- организмде аурудың  не болмаса физикалық
кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және
әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В.П.Казначевтің  жеке бас
денсаулығы анықтамасы бұдан да толығырақ: денсаулық дегеніміз, организмнің
ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психалогилялық  әрекеттері мен
тиімді жұмыскерлігінің әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас
ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен
дамуы.

Денсаулық- физикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.

Физикалық саулық дегеніміз- адам организімінде функциялардың өздігінен
реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне
бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық дегеніміз- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу 
адам өмірінің мақсаты болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық дегеніміз- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни
жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені
сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты стандарт мақсат ететін үлгі
болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін
жасқа байланысты жеке адамдардың  қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Жасқа
байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір
жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта
табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алынады. Бірақта бір топқа
кірген адамдардың  көрсеткіштерінің бір бірінен  айырмашылығы әжептеуір
болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір
салтының т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда,
айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай қалып деген ұғым
денсаулық деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән
көрсеткіштері болмақ.

2.2. Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функцияналдық
жағдайына деген әсері     
1. Дене жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер болады.
Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар
әлсіздене бастайды, көлемі кішірейеді. Дене жаттығулары, олардың көлемін
ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды. Мұнымен қатар бұлшық еттердің өсуі,
олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан емес жуандауы әсерінен
болмақ. Бұлшық ет созылуы жақсарады , тонусы, қан айналым және бұлшықет
қоректенуі жақсарады.
2. Дене жаттығуларымен айналысқан кезде көптеген капиллярлар кеңейіп қана
қоймайды, олардың саныда бірден көбейе бастайды. Әсіресе бас ми
капиллярларының саны өсуінің ерекше маңызы бар, кезінде И.М.Сеченов ми
даму үрдісінде бұлшықет қозғалысының маңызын талай атап өткен.
3. Жаттығу кезінде оттегін тұтыну деңгейі бірден көтеріледі, өйткені
бұлшықет жүйесі қаншалықты белсенді қызмет істесе, соншадлықты жүрек те
әлуетті қызмет етеді. Дене шынықтыруымен, спортпен айналыспайтын адамның
жүрек бұлшық еті  әр жиырылыс сайын, қолқаға 60мл шамасындай қан сол
қарыншадан лықсып шығарылатын болса, жаттыққан адамда жай тыныштық
жағыдайда бір жиырылыстың өзінде қолқаға 90-100 мл қан шығарады.
Жаттықпаған адамда жүрек минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда
пульс жиілігі  1 минут ішінде жүрек 50-60 рет жиырылатын болады. Кейбір
спортшыларда пульс 40-тан аспай, бір сөзбен айтқанда, жаттыққан адамның
жүрегі әр систола сайын қанды көп шығарады, яғни жүрегі үнемі де, ұтымды
жұмыс істейді.
4. Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын кеңейтеді, қабырға
шеміршектерінің икемділігін жақсартады, тыныс еттерін күшейтеді, олардың
тонусын жоғарылатады. Тыныстың минуттық көлемі –қалпы 8 л көп болмайды.
Ал, тез және бар күшімен жүгіргенде не жүзгенде ТМК 20 есе көбейеді, 
120-130 л жетеді .
5. Дене шынықтырумен айналысу, зат алмасудың бар үрдістеріне және зәр
шығару ағзаларының жұмыстарына дұрыс әсер етеді, қан тасмалдау, лимфа
жүйесінің функциясын күшейтеді.
6. Дене жаттығулары жамбас қуысында қанның іркіліп қалуын, қатпаны,
гемаройды болдырмайды.
7. Қандай болмасын дене жүктемесі – склероздық өзгерістерді болдырмайды.
Дене жаттығулары адамның психикасына да үлкен әсерін тигізеді. Осының
әсерінен жүйке-жүйесінің күш қуаты өседі, ішкі секретция бездерінің
жұмысына дем береді және жағымды эмоция тудырады.
Дене шынықтыру мен айналысуды бастайтындар үшін көптеген әр
түрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші 
орынға шығаратындары : сауықтыра жүгіріс, жүріспен алмастырып тұратын
жүгіру, аэробика, шейпинг, жүзу, туризм, ерік гимнастикасы, таңертеңгі
сауықтыру гимнастикасы, дәстүрлі гимнастика және тыныс алу жаттығулары.

2.3. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері
Дене тәрбиесі- тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, дамыту
процесінің негізгі бір саласы. Себебі,  дене тәрбиесі  тұлға денесінің
қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке,
Отанды қорғауға  дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.
Дене тәрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл —
әрекеттерін  қалыптастыратын  адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін 
жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.
Сондай-ақ, дене тәрбиесі – ерік-жігері  мықты, тәртіпті, батыл және
белсенді, өз Отаннын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса
маңызды  әлеуметтік міндеттерді атқарады.  Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой
және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін
қалыптастыруға ықпал етеді.
Дене тәрбиесінің көздейтін мақсаты – балалардың дене мәдениеті  мен
спортпен айналысу қызығушылықтары мен  қажеттіліктеір ояту, ынталандыру
және дененің  дамуы мен денсаулықты  нығайтудың  психофизиологиялық
негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой адамгершілік және
эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне
жағыдай жасау.
Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын
анықтау қажеттігі туындайды.
Дене тәрбиесінің мазмұны:
• Денсаулықты нығайту, ағзасын шынықтыру  және дененің дұрыс қалыптасып
дамуын,  мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
Денсаулық сақтау саласы
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
Астана қаласы денсаулық сақтау инфрақұрылымы дамуының заманауи жағдайы
Денсаулық сақтау әлеуметтік институт ретінде
Медициналық қызметтердің сапасын көтеру
Денсаулық сақтау жүйесінің цифрландырылуы
Пәндер