Медициналық қызметтер нұсқаулықтары


ДЫМҚЫЛДАНҒАН ОТТЕГІНІ ЖАСТЫҚША АРҚЫЛЫ БЕРУ ТӘСІЛІ
1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, резеңке қолғап киіңіз.
3. Пациентті Фаулер жағдайында отырғызыңыз.
4. Бобров аппаратын дайындаңыз. Бобров аппаратына дистилденген суды құйыңыз.
5. Егер өкпе ісігі болса 70% этил спиртін 3/2 өлшемде қүйыңыз, температурасы 30-40° С болуы керек.
6. Қақпағын жабыңыз. Бобров аппаратында екі түтікше болады. Біреуі кислород баллонға, ал екінші түтікше науқасқа беріледі, оның ұзындығы 60см.
7. Катетер жіберер алдында тыныс жолдарының өткіздіштігін тексеріңіз.
8. Резеңке қолғапты өндеңіз, катетеры бар орауды ашыңыз.
9. Түтікшені кандай ұзындыққа жіберетінін тексеру үшін құлақтын шеміршегінен мұрын ұшына дейін өлшеп, (15см) болжам белгі қойыңыз.
10. Катетердын салатын жағына вазелин майын (физ. ертітінді немесе дистилденген су) жағыңыз.
11. Катетерды қалам тәрізді ұстаңыз(3-4см) .
12. Төрт саусақ маңдайында, мұрын ұшын бас бармақмен жоғары көтеріңіз.
13. Катетерды мұрын қуысына белгілеген жеріне дейін кіргізіңіз.
14. Шпательді алып, жұтқыншақтың артқы жағын қараңыз. Сол жерде көрініп тұрады.
15. Катетерды лейкопластырмен бекітіңіз.
16. Мұрын катетырына резеңке түтікше арқылы Бобров аппаратына жалғаңыз.
17. Екінші түтікшені кислородтық баллонға жалғаңыз.
18. Баллонды ашып, оттегіні беру жылдамдығын реттеңіз (минутына 2-3л)
19. Пациенттің мұрынның шырышты қабаттарын тексеріңіз.
20. Жалпы жағдайына баға беріңіз.
21. Егер мұрынның шырышты қабаттары тітіркенген болса, онда оған майлы ерітіндіні тамызыңыз.
22. Катетерды әрбір 6 сағат сайын бір мұрын қуысынан екінші мұрын қуысына ауыстырыңыз.
23. Катетерды, резеңке қолғапты контейнерға тастаңыз, шпательді дезинфекциялық ертіндіге салыңыз.
24. Қолды жуып, құрғатыңыз.
ДЕМ АЛУ ЖӘНЕ ДЕМ ШЫҒАРУ
Дем алу жиілігін санау, білезік артериасынан пульсті анықтау, дене қызуын қолтық астынан өлшеу, графикалыө тіркеу
1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, резеңке қолғап киіңіз.
3. Пациентті Фаулер жағдайында отырғызыңыз.
4. Бобров аппаратын дайындаңыз. Бобров аппаратына дистилденген суды құйыңыз.
5. Егер өкпе ісігі болса 70% этил спиртін 3/2 өлшемде қүйыңыз, температурасы 30-40° С болуы керек.
6. Қақпағын жабыңыз. Бобров аппаратында екі түтікше болады. Біреуі кислород баллонға, ал екінші түтікше науқасқа беріледі, оның ұзындығы 60см.
7. Катетер жіберер алдында тыныс жолдарының өткіздіштігін тексеріңіз.
8. Резеңке қолғапты өндеңіз, катетеры бар орауды ашыңыз.
9. Түтікшені кандай ұзындыққа жіберетінін тексеру үшін құлақтын шеміршегінен мұрын ұшына дейін өлшеп, (15см) болжам белгі қойыңыз.
10. Катетердын салатын жағына вазелин майын (физ. ертітінді немесе дистилденген су) жағыңыз.
11. Катетерды қалам тәрізді ұстаңыз(3-4см) .
12. Төрт саусақ маңдайында, мұрын ұшын бас бармақмен жоғары көтеріңіз.
13. Катетерды мұрын қуысына белгілеген жеріне дейін кіргізіңіз.
14. Шпательді алып, жұтқыншақтың артқы жағын қараңыз. Сол жерде көрініп тұрады.
15. Катетерды лейкопластырмен бекітіңіз.
16. Мұрын катетырына резеңке түтікше арқылы Бобров аппаратына жалғаңыз.
17. Екінші түтікшені кислородтық баллонға жалғаңыз.
18. Баллонды ашып, оттегіні беру жылдамдығын реттеңіз (минутына 2-3л)
19. Пациенттің мұрынның шырышты қабаттарын тексеріңіз.
20. Жалпы жағдайына баға беріңіз.
21. Егер мұрынның шырышты қабаттары тітіркенген болса, онда оған майлы ерітіндіні тамызыңыз.
22. Катетерды әрбір 6 сағат сайын бір мұрын қуысынан екінші мұрын қуысына ауыстырыңыз.
23. Катетерды, резеңке қолғапты контейнерға тастаңыз, шпательді дезинфекциялық ертіндіге салыңыз.
24. Қолды жуып, құрғатыңыз.
ҚАҚЫРЫҚТЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ТАЯШАСЫНА
ТЕКСЕРУГЕ ЖИНАУ ТӘСІЛІ
1. Пациентке қақырықты қалай жинайтыны туралы түсіндіру, келісімін алу
2. Қақырықты таңертен аш қарында жинау
3. Пациентке:
Ø Таңертең екі сағат бұрын қақырықты жинар алдында тістерін тазалау;
Ø Ауызды, жұтқыншақты қақырық алар алдында сумен шаю;
Ø Тұру немесе тігінен отыру;
Ø Ыдысты төменгі ерніне тигізбей ұстау;
Ø Пациент бірнеше рет терең дем алып содан кейін шығарып жөтел шақырады;
Ø Қақырықты 3-5мл көлемде алу;
Ø Ыдыстың қақпағын жабу.
4. Қақырықты лабораторияға 1 сағат ішінде жіберу, себебі атипті жасушалар ыдырауы мүмкін.
1. Пациентке қақырықты жинауды үйрету, келісімін алу
2. Қақырықты ашық ауада бөтен адамдар жоқ жерде немесе арнайы ашық терезелері бар жақсы желдетілетін немесе вентиляциясы және кварц шамы бар жерде жинау.
3. Маска, клеенкалы алжапқыш, резенке қолғапты кию
4. Қақырықты таңертен аш қарында бірінші күні 1 рет, екінші күні 2 рет стационарлық жағдайда жинау
5. Пациентке тісін тазалап, содамен немесе қайнатылған сумен аузын шаюды сұрау
6. Пациентке контейнерді берініз
7. Пациенттің артына тұрып контейнерді аузына әкеліп, ұстауын сұраңыз
8. Пациентке аузын қол орамалмен жабуын сұраңыз, 3 рет демін шығару мен алуын одан кейін қатты жөтелуін сұраңыз, 2-3 қақырығын контейнердің шетіне тигізбей тастау
9. Контейнердің қақпағын жабу
10. Жиналған қақырықты тексеру
11. ТБ-05 жолдамасын жазу
12. Жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберу
13. Маска, резенке қолғапты қолданған заттарға арналған контейнерге тастау
14. Қолды жуып, құрғату
НАУҚАСТЫ ЖӘНЕ ПЛЕВРАЛЬДЫ ПУНКЦИЯ ЖАСАУҒА ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР ДАЙЫНДАУ
1 Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.
1. Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.
2. Науқастан денесін сәл бір қырына қарай бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.
3. Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
5. Алдын ала тесетін жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен, сосын тері антисептигімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.
6. Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сездірмеу үшін) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0, 5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.
7. VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырынан тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады.
8. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізіп, ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.
9. Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.
10. Лабораториялық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтің ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.
11. Плевра қуысына енгізу үшін шприцті сорып алынған антибиотигімен дәрігерге беріңіз.
12. Инені алған соң тесілген жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.
13. Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен бекітіңіз.
14. Плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баяулату және талықсудың дамуын ескерту үшін кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз.
15. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
16. Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцтерді, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, ал пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
17. Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалаңыз, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.
18. Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.
19. Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.
20. Алынған биологиялық материалды зерттеуге лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.
ЭКГ - ГЕ ТҮСІРУ ТЕХНИКАСЫ.
1. ЭКГ-ға жүріп келгенде 10-15мин демалғаннан кейін түсіріледі, тамақтан кейін 2сағ. өткенде.
2. Науқастың жағдайы-кушеткаға жатқызып.
3. Электродтарды балтыр мен білектердің ішкі жағынан салынады. Теріні арнайы гельмен немесе 10% физ. ерітіндісімен дымқылдатады.
4. Электродты салу реті: А. - қызыл - оң қолдын білегі.
Б. - сары - сол қолдың білегі.
В. - жасыл - сол аяқтың балтыры.
Г. - қара - оң аяқтың балтыры ( жер ) .
Кеудемелі электродтарды пациенттің кеудесіне резеңкелік белгіленген еміздіктермен 6 позицияда жалғау:
V1 - IV қабырға аралықта төстің оң жағында
V2 - IV қабырға аралықта төстің cол жағында
V3 - IV және V қабырғалар арасында сол жақ төс жанындағы сызықта
V4 - V қабырғааралық сол жақ бұғана орта сызығында
V5 - V қабырғааралық сол жақ қолтық асты алдыңғы сызығында
V6 - V қабырғааралық сол жақ қолтық асты ортаңғы сызығында
5. ЭКГ аппаратын жерге қондыру; ЭКГ аппараттың кабелін тоққа қосу, аппаратты іске қосу;
6. Изоэлектро сызыққа аппараттың қаламын орнату;
7. Бақылау микровольтін тіркеу («М» немесе «50» кнопкаға басу арқылы) және «mV» кнопканы басу;
8. ЭКГ тіркеуді бастау;
- I стандартты тіркемеге кнопканы орнатамыз;
- «М» немес «50» басып 3-4 комплексті тіркейміз;
- II, III -кнопкаға бірінен кейін бірін басып, AVR, AVL, AVF
9. Кеуде тіркемелерін жазуға кеуде электродтарымен қолданамыз; . Кнопканы mV жағдайына қойып, бақылаймыз да микровольтті тіркейміз;
10. Аппаратты сөндіреміз; электроттарды шешеміз. ЭКГ лентасын толтырамыз; күні, науқастың тегі, аты жөні, жасы.
АСҚАЗАНДЫ ЗОНД АРҚЫЛЫ ТАЗАЛАУ
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.
2. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.
3. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.
4. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егер де олар болса) .
5. Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.
6. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.
7. Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.
8. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз.
9. Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан зондын алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі - науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі - оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз.
10. Шыны түтік арқылы зондтарды жалғастырыңыз.
11. Науқасқа зондты енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.
12. зондтың саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз.
13. Науқастан аузын ашуды сұраңыз. Зондтың саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.
14. Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап зондты өңешке енгізіңіз.
15. Қажет белгіге дейін зондты асқазанға енгізіп, зондқаоймышты жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.
16. Оймышқа 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.
17. Оймышты ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.
18. Оймыштың ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз.
19. Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.
20. Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгіні ептеп шығарыңыз.
21. Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.
22. Зондты, резеңке түтікті, оймышты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
23. Науқастың аузын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.
24. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
ТАЗАЛАУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2. Науқасты шымылдықпен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршаңыз (егер де емшара палатада орындалса) .
3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз.
4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
5. Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1, 5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.
6. Науқастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке крушканы іліңіз, оған ұштықты кигізіп, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.
7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.
8. Кушетка үстіне клеенканы салбыратып төсеңіз, оның үстінен жайманы төсеңіз.
9. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.
10. Сол қолдың Іжәне II саусақтарымен бөксесін ашып, ал оңқолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішеккеқарайжылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытыбойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10см тереңдікке енгізіңіз.
11. Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпентерең дем алуын сұраңыз (егер де су ішекке түспесе, онда крушканыжоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдамтүсуі ауыр сезінуді болдырады, егер де нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.
12. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тартүбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалықозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.
13. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжістіжақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.
14. Егер де емшара палатада орындалса, науқасқа дәрет ыдысын (судноны) беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.
15. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.
16. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісінесалыңыз.
17. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.
18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
ҚАНДЫ БИОХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУҒА АЛУ
1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.
2. Лабораторияға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.
3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.
4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өңдеңіз (стандартты қараңыз) .
5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.
6. Бір рет қолданылатын шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз) .
7. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.
8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз.
9. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.
10. Кәріжілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек) .
11. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.
12. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз.
13. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
14. Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.
15. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ - иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.
16. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.
17. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған) .
18. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
19. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.
20. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.
21. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.
22. Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
ҚАНДЫ ЖАЛПЫ ТАЛДАУҒА АЛУ
Жалпы қан талдауы. Бұл Гемоглобин концентрациясын, эритроцит санын, бірлік көлемде лейкоцит пен тромбоцитті, Гемотокрит құндылықтарын және эритроциттің индикстерін анықтауды өзіне қосатын кең тараған қан талдауы.
Талдау мақсаты үшін көрсеткіштер:
Скринингтік және диспансерлік тексеру;
Терапияны өткізу мониторингі;
Қан ауруларының дифференциальды диагностикасы.
Зерттеуге дайындалу: зерттеуді ашқарынға немесе соңғы тамақ қабылдағаннан кейін аз дегенде 2 сағаттан кейін жүргізеді, қан алу кезінде көк тамырды жгутпен ұзақ уақыт қысуынан сақтану керек. Зерттеу үшін материал: ажырамас тұрақты қан. Жүргізу уақыты: 1 жұмыс күні.
Гемоглобин дегеніміз не? Гемоглобин-эритроцит құрамына кіретін және оттегі мен көмірқышқыл газына тасымалдауға, қышқыл-негіз балансын реттеуге қатысатын тыныс алу пигменті. Гемоглобин 2 бөліктен құралады: ақуызды, темір құрамдас. Ер адамдарда әйелдерге қарағанда гемоглобин мөлшері жоғары. Нәрестелерде 1 жасқа дейін гемоглобин көрсеткішінің физиологиялық төмендеуі болады.
Гемоглобинның физиологиялық формалары:
Оксигемоглобин-гемоглобинның оттегімен қосылысы, артериялды қанда түзіледі және оған алқызыл түс береді.
Қайта жаңартылған гемоглобин немесе дезоксигемоглобин-ұлпаларға оттегін беретін гемоглобин.
Карбоксигемоглобин-гемоглобинның көмірқышқыл газымен қосылысы, веналық қанда түзілетін нәтижесінде күңгірт шие түске боялады.
Гемоглобин концентрациясы қандай жағдайда жоғарылайды(ауру мен жағдайы) :
Қанның қоюлануына алып келетін(күйік, тұрақты құсу, ішек өтімсіздігі, дегидратация немесе ұзақ сусыздандыру)
Эритроцит санының көбеюін тудырады-біріншілік және екіншілік эритроцитоз(тау ауруы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, өкпе-қан тамырларының бөзылуы, темекі шегу, оттегіге гемоглобин мөлшерінің жоғарылауы, тұқым қуалаған гемоглобинопатия және эритроциттерде 2, 3-дифосфоглицерат жетіспеуі, туа біткен жүрек ақауы, бүйрек поликистозы, гидронефроз, нәтижесінде бүйрек ишемиясы болатын бүйрек артериясының стенозы, бүйрек аденокарциномасы, Гиппеля-Линдау синдромы, гематома, жатыр миомасы, жүрек алды миксомасы, ішкі секреция безінің ісік аурулары т. б. )
Физиологиялық күйі(таулы жерде өмір сүретіндер, ұшқыштарда, альпинисттер, физикалық жүктемеден кейін, ұзақ стрессте)
НАУҚАСТЫ АСҚАЗАН СӨЛІН ЖІҢІШКЕ ТҮТІКШЕМЕН ФРАКЦИЯЛЫҚ ЗОНДТАУҒА ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ
1. Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.
2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
3. Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.
4. Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.
5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
6. Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.
7. Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.
8. Зондтың жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық - бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз - екінші белгі) .
9. Залалсыздандырылған зондты пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
10. Залалсыздандырылған зондты оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.
11. Науқастан аузын ашуын сұраңыз, суландырылған зондтың саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып, сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.
12. Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын, жұтыну қозғалысын жасап, зондты өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егер де науқас жөтелсе онда тез арада сүңгіні шығарып алыңыз!) .
13. Науқасқа ескертіңіз, зондты тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.
14. Зондтың бос ұшына шприцті қосыңыз.
15. Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№ 1 үлес - «ашқарындағы» сөлдену) .
16. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№ 2, № 3, № 4, № 5 үлестік - «өзекті» сөлдену) .
17. Асқазан сөлін бөлетін энтеральды байқау тағамын (парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0, 1% 0, 01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0, 25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг) . енгізіңіз
18. 10инуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№ 6 үлес) .
19. Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№ 7 үлес) .
20. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып, асқазан сөлін алыңыз (№ 8, № 9, № 10, № 11 - үлестері «ынталандыру» сөлдену) .
21. Салфетканың көмегімен асқазаннан зондты шығарып алыңыз, науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткамен сүртіңіз.
22. Қолданылған зондты, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
23. Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге және қоздырғышын көрсетіп лабораторияға жіберіңіз.
АСҚАЗАНДЫ ЖӘНЕ ОН ЕКІ ЕЛІ ІШЕКТІ РЕНГЕНДІК ТЕКСЕРУГЕ НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ
1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз) .
2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.
4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудін алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз.
5. Зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20. 00 сағаттан кешіктірілмеуі керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz