Түркілерден шыққан тарихи тұлғалар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Физика және IT кафедра

Ғылыми жоба

Тақырыбы: Түркілерден шыққан тарихи тұлғалар
Орындаған: Емісбек А. Ж.
Тобы: Физ-22-1
Тексерген: Садыкова А.

Тараз қаласы 2022-2023 ж.

Естеми мен Мұқан қағандар

Ұланғайыр түркі даласын жайлаған барша түркі тайпаларының басын бір тудың астына біріктіріп, Азияда теңдесі жоқ ірі мемлекет құра білген ағайынды Бумын қаған мен Естеми қағанның тарихи есімдері мәңгілік тасқа қашалып жазылып, бүгінгі ұрпағына жетті. Ер есімі ел есінде дегендей артында қалған ұрпақтары мен халқы ешқашан оларды ұмытпақ емес. Қанаттыны сындырып, тізеліні бүктіріп, аш халқын тоқ қылып, аз елін көп қылып, дұшпандарын жоқ қылып кең байтақ далада Түркі деген атауды әлемге жайған қос тұлғаның аты ешқашан өшпей осылайша тарихта қалды. Қозғағалы отырған ғылыми мақала да осы екі тұлғаның бірі, атағы жер жарған ұлы қаған Естеми туралы болмақ. Естеми қағанның қай жылдары қаған болып, елді қанша жыл билегені баяндалады. Себебі, тарихта бұл тұлға жөнінде көп айтылып, көп жазылып жүргенімен оның нақты қай жылдары өмірден озғаны туралы және билік басында неше жыл отырғаны әлі нақты айқындалмаған дерек еді. Тарихта ағасы екеуі ең алғаш Түркі деген атпен 545 жылдары шығып, үлкен империя құра білді. 552 жылы Түркі қағанаты нақты мемлекетке айналып, Еуразия даласының жартысын жаулап алды. Сол дәуірдегі дүркіреп тұрған Жужан қағандығын талқандап, қытайға дейін алым-салық салдырып, өздері тасқа қашап жазғандай халықтың әл-ауқатын жақсартып, бір тудың астына жинады. Бірақ, өкінішке орай Бумын қаған ұзақ өмір сүрмей 552 жылы ерте дүниеден озды. Оның тағына інісі Естеми қаған отырды. Бірақ, ұзамай бұл да қайтыс болды. Міне, тарихтың шатасып жатқан жері де жаңылысып кеткен тұсы да осы жер еді. Өйткені, біз Естеми қағанды 572 жылға дейін өмір сүріп, тарихта Дизабул деген лауазыммен қаған болды деп айтып жүрміз. Ал шынында да бұл дерек осылай ма? Егер осылай болған болса неге өз атауы мүлдем аталмай кетті және қытай деректері бұл туралы не айтады? Егер Дизабул қаған осы тұлға болса неге ол Батыс Түркінің ғана қағаны болды? Неге үлкен тақта Алтайда отырмады? Міне, жауабы жоқ осындай сан сұраққа жауап іздеп, ғылыми өз көзқарасымды зерттеп, зерделеп, тарихтың осы тұсын деректер арқылы ашып, анықтауды мақсат тұттым.

Әлқиссадан бастасақ алдымен сонау Жужан қағандығы кезіндегі түркілердің өмір тарихына көз жүгіртейік. Көптеген зерттеушілер Жужан мемлекетін әртүрлі тайпалардан құралған рулардың одағы санайды. Оның ішінде күштеп бағындырылған түркі рулары да бар деп есептейді. Яғни, Бумын мен Естемидің әкесі билеген түркілер Жужан елінің темірін өндіріп отырған металургтер қызметін атқарғанды. Осы жерде біршама Жужан қағандығы туралы айта кетейік. Жужан қағанаты 400 жылдары қазіргі Маңғолия территориясында құрылған көшпелі тайпалардың одағы болатын. Әу баста бір ғана Моғұлай қарақшының басшылығымен жиналған тобырдан үлкен империяға
айналды деп ғалымдарымыз айтып жүр. Бұлардың көпшілігі бұрын Ұлы Ғұн ордасының құрамында болған тайпалардан шыққаны белгілі. Жужандар қауымдастығы алғашқыда Орталық Алтай тауларының шығыс баурайында орналасып, бірте-бірте кең аумақты иелене бастады.. Бірақ, шынында да бір ғана қашқын қарақшының айналасына жиналған тобырдан үлкен мемлекетке айналып кетуі де менің көзқарасыма сәйкес келмейді. Өйткені, ешқандай ел, болмаса ру өз аталастарынан безініп бір қарақшының қасына топтасты деген сенгісіз нәрсе. Ал, тарих көзімен қарайтын болсақ, бұларға бағынған тайпалардың барлығы да рулас, аталас, қандас ұлыстар еді. Моғұлай да ешқандай құл емес, ол да тегі ақсүйек қаракөктің тұқымы. Мұны құл деп жазып жүрген көзі қысық, сөзі қисық қытай тарихшылары болатын. Себебі, олар барлық түркі тайпаларын құл көріп, өздерін асқақ санаған аспан асты еліміз деп шіренетін сасық пиғылдары еді.. Әйтпесе, қасқыр тектес түркі тайпалары қайдағы бір құлдың астында бодандықта жүрді дегенге ешкім де сенбейді және ондай төмен дәрежеге түспес те еді. Яғни, Жужан қағанатын құрған алғашқы қағаны да қалай болғанда да хан тұқымының бірі екені айдан анық. Ұлы қаған ұрпағы болмаса бағына қоймайтын түркілер қалайша бір құлға бағынады? Тек, Моғұлай осы түркі руларының бірінен шыққан екендігін мойындау керек. Сахарада далиып жатқан кең байтақ Еуразия даласының шығысы мен батысына дейін жайлап жатқан түркілер екенін аңғаратық болсақ, бұған сенбеске амалымыз жоқ.

Сөйтіп, Жужан қағанаты айналасындағы барлық ұлыстарды жаулап алып, ұлы қағанатын құрды. Оның құрамында Қаңлының Теле тайпалары, Үйсіннің Ашина рулары, Ғұндардың Тоба тайпалары сияқты ең ірі ұлыстар да болды. Ашина тайпалары Алтай тауында темір өндіріп, оны іске асырумен айналысып жатты. Осылайша қағанаттың бағы жанып, мамыражай өмір сүріп жатқан күндердің бірінде, олардың күшейіп бара жатқанынан қауіптенген қытайлар, 545 жылы оларға бағынышты түркілердің басшысы Бумынға елші жібереді. Бұл - қытай жымысқыларының арам ой еді. Олар Бумынмен саяси одақ құрып, оларды Жужандарға қарсы қою тактикасының бірін қолданды. Осы жыл тарихта Түркі қағанатының құрылған жылы болып есептеледі. 546 жылы бұрын Жужан Қағанатына бағынып келген теле тайпасы да Түркі қағанатына қосылады. Бұл кезде Жужан қағанатының қағаны Анахуан болатын. Ол шексіз билікті иеленіп, көкірегіне нан пісіп, абыройы асқақтап кеткені соншалық халықтың үніне құлақ аспады. Бұған шыдай алмаған Тоба тайпасы тал-тұяғымен үдере көтеріліп қарсы шығады. Міне, дәл осы сәтті өз ниетіне дұрыс пайдалана білген Бумын мен Естеми қаған 50 мың үйлі Тобаларды күшпен басып, өзіне бағындырады. Осылайша күшейіп алған түркілер 552 жылы Жужан Қағанатына жойқын шабуыл жасайды. Мұны өзінің одақтасының көтерілісшілерді басқаны деп түсінген Жужан ханы Анахуан Бумын туралы жаман ойламады. Қайта оған бүлікшілерді басты деп қуанды. Ал Бумынның ойы мүлде басқа болатын. Теле мен Тобаларды бағындырып күшейіп алған соң түркі қағаны Анахуанға терезесі тең ел ретінде қызына айттыру салды. Бұл туралы қытайдың Жоунама билік баянының 50 бума 42 баяны Түрік бөлімінде былай дейді: 12 (546) жылы Тамын да жергілікті бұйымдарын тарту етуге елшісін жіберді. Осы кезде телектер нөнелердің (Жужандар) үстіне аттанды. Тамын өз жасақтарымен тосқауылдап оларды талқандады. Осылайша 50 мыңдай түтін бұларға берілді. Бұлар едәуір күшейген соң нөнелерден қыз айттыруға араға жаушы салды. Бұл үрдіс түркілердің Жужандарға қарсы соғыс бастау үшін көрсеткен негізгі сесі еді. Бұған қатты ашуланған Анахуан оларды менің теміршілерім, құлдарым деп қорлай намысына тие сөз қатты. Осы кезеңді арнайы күтіп отырған Бумын мен Естеми
қағандар бірден оған қарсы соғысты бастап кетті. Себебі, түркілер өздерінің күші мен әскери дайындығына өте нық сенімді болды. Жужан Қағанатының соңғы қағаны Анахуан (кейбір деректерде Анағұй) түркілерден тас-талқан болып жеңіліп, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болды. Жужандардың аман қалған соңғы бөлігі батысқа қарай үдере көшті. Артынан қалмай қуған Түркі әскерлерінің қолбасшысы Истеми (Істемі) оларды Каспий теңізінен әрі асырып тастады. Европаға қашып-пышып барған Жужандар, Еуропа тарихшыларының деректерінде "аварлар" деп аталып, Дунай мен Солтүстік Кавказды қоныстанды. Солтүстік Азияда орасан аумақты алып жатқан Жужан қағандығы 150 жылдай өмір сүрді.

Осылайша тарихтың тарпаң шыңында Алтай аймағында астаң-кестеңі шыққан алапат ұлы өзгерістер дүниеге келді. Жужан хандығы жеңілді, түркілер оларды талқандады. Тарихтың тарлан тамырында Ұлы Түркі қағанаты деген жаңа мемлекет жарық күндей жарқырап шықты. Бір жарым, екі жыл ішінде айналасындағы елдердің бәрін жаулап, қытайға дейін алым-салық салып та үлгерді. Өзге елдер үшін еуразия даласындағы ең күшті де қауіпті мемлекетке айналды. Мемлекеттің даму жүйесі де, экономикалық-саяси гүлденуі де осы екі қағанның көрегендігімен өміршеңдігін көрсетті. Бумын қайтыс болғанда таққа інісі Естеми қаған Қара Ыссық қаған деген лауазыммен отырады. Яғни, тарихта ең алғашқы Қара қаған, қара хан деген титулдық атауды алған да осы Естеми болатын. Ал Ыстық, Ісіг деген оның есімі болатын да, ал Қара деген лауазымы еді. Көптеген тарихшылар осы есімді Бумын қағанның баласы деп деп шатасып жатады, бұл баласы емес, інісі еді. Тарихшылардың шатасуына да себеп сол, қытай жазбасындағы оны Бумынның баласы деп жазуы еді. Қытайдың Жоунама билік баянында: Тамын (Бумын қаған) өлгеннен соң баласы Қара таққа отырды. Қараның лауазымы - Ісіг қаған еді. Ол да Теңчүкісті (Жужан ханы) Уо-йенің солтүстігіндегі Мұғрат тауында талқандады деген дерегіндегі Қара Ыссық Естеми болатын. Жұңғолардың оны баласы деп жазуы көп зерттеушілерді шатастырды. Егер ол баласы болса онда Естеми қаған қайда қалды? Естеми сонда таққа отырмағаны ма? Ал түркілердің өздері тасқа қашап жазған естелік жырларында: Жоғарыда көк Тәңірі, төменде қара Жер жаратылғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне ата-тегім Бумын қаған, Істемі (Істімі) қаған отырған деген мақтау жырын қайда қоямыз? Яғни, Бумын қаған өмірден өткен соң орнына Естеми отырғаны шындық қой?! Және тарихтың шаң басқан біраз беттерінде Қара Ыссық хан Бумын қағанның баласы деген шежірелік деректер тарап кетті. Сондықтан мұның басын түбектелген түйіннен ашып алып, Қара Ыссық қаған Естемидің нақ өзі екенін, оның екінші есімі Ісігті Ыссыққа аударып жіберіп, қытайдың шалыс кеткен дерегіндегі баласы деген дереккөзге тарих санасының терең түкпірінен үңіліп қарауға кеңес берер едім. Сонымен, Естеми қаған да ағасының ісін әрі қарай жалғастыра отырып, Жужан қағанының үрім-бұтағын түгел жойып тынды. Түркінің кең-байтақ дархан даласында түркілердің ат-тұяғының дүбірі шексіз ойнап жатты. Қытай мен солтүстік елдерді бағындарған Естемиге ендігі кезекте оңтүстік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілердің шығу тарихы
Мүшел - түріктердің жыл санау жүйесі
Алдыңғы азиядағы мамлюктер
Наймандар, Кереиттер және Жалайырлар. Қарақытайлар Жетісуда
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері
Түркістанның ислам әлеміндегі ерекше орны
Жүсіп Баласағұн-көрнекті түркі ақыны және ойшылы
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Қазақстанның ата заңдары
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу
Пәндер