Тіл білімі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Педагогикалық психология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Әл-Фараби - түркі және ислам өркениетінің ойшылы
Орындаған: Үсен Аяжан
Тобы: ПИП 21-1
Қабылдаған: Рысмбетова Н.
Тараз 2022
Мазмұны
І. Кіріспе
ІI. Негізгі бөлім
1. Әл-Фараби - түркі және ислам өркениетінің ойшылы.
2. Әбу насыр фараби және оның ғылыми-философиялық еңбектері және трактаттары
3. Философиялық көзқарастары.
4. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
5. Фарабитану тұтас бір ғылым саласы ретінде.
ІII. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Өміріміздің даму барысын дүрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі -- бәріне бірдей ортақ қазына. Сол тарихты келесі болашақ ұрпаққа жеткізу, қастерлеу біздің міндетіміз.
Осы көне тарихымыздың жаңа қарқын алып дамуына үлес қосқан ойшыл ғұламаларымыз бар. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаларының бірі -- казак, топырағынан шыққан данышпан перзент Әбунасыр Фараби (870-950) болды.

Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде Тархан деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Адамның өсіп-жетілуінде Фараби дағды мен әдетке елеулі орын береді, бұлар тәлімгердің ғибратты сөзі мен нақты ісі жәрдемімен калыптасады. Қандай болсын әдіс, тәсіл (мақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру, тағы басқалары) тәрбиешіден асқан имандылық, ізетті талап етеді, осылай еткенде ғана ол шәкірттерден шыншылдықты, сыпайылықты, әділдікті талап ете алады, сондықтан мұндай қасиеттерге ұстаздың өзі де ие, болуга тиіс. Ізгі, әділетті қаланың басшысы мен ұстаз екеуі бірдей дәрежеде тәлімгер. Ұстаз балаларды, ал кала басшысы шаһардың бүкіл тұрғындарын тәрбиелейді.
Нағыз тәрбиеші, жалпы жұртқа танымал жетекші өзінің бойына он екі тума табиғи қасиетті, алты жүре дарыған қасиетті меңгерген дана адам. Окыту -- тіл ұстарту, білім беру арқылы, үйрету жолымен, ал тәрбиелеу -- сарамандық жұмыс пен тәжірибе арқылы жүзеге асырылады. Білім адамды қуаныш пен бақытқа кенелтеді, дүниені танып-біле отырып, адам оның әсемдігі мен бітім-болмысына қанығады. Ғылым-білімді, әр алуан қолөнер кәсіптерінің дағдыларын игеруге, үлгілі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына қажырлы еңбек, оқыту, тәрбие берумен қатар өзін-өзі тәрбиелеу, күшті ерік-жігер арқылы жетуге болады.
Әл-Фараби психология жөніндегі көптеген еңбектердің (Ақыл-ой туралы, Жан туралы, Темперамент туралы, Түс көру туралы сөз, Жанның мәні туралы, Ақыл-ой және ұғым, Жас өспірімнің ақыл-ойы туралы кітап, Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап тағы басқалар) авторы ретінде де танылды. Ол араб тілі. халықтар арасында жан туралы ілімдердің сындарлы жуйесін тұңғыш баяндап, психологиялық терминдер жасады. Өкінішке қарай, оның еңбектерінің көбі бізге жеткен жоқ.
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Əбу Насырды (Нəсірді) ата-анасы Таяу жəне Орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ ол Бағдадқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқан, Бұхара шаһарларына соғып, білімін молықтырған секілді. Əйтсе де Əбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежілері ештеңе айтпайды. Кейін ол жолай Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді. Иран халқының мəдениетімен танысады. Содан соң əрі қарай Бағдадқа аттанады.
Əбу Насырдың Бағдадқа баруының өзіндік себептері бартын. Сол уақытта Бағдад шаһары ғылым мен өнерге ден қойған адамдарға қақпасын кең ашып, оларға ғылыммен айналысу үшін бар жағдайды жасаған. Бағдадта Байт əл-Хакма атты ғалымдар үйі жəне əлемдегі ең бай кітапхана болған. Екіншіден, сол кездері Бағдад халифатын басқарған Аббас əулетінің сенімді уəзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болыпты.
Бағдад шаһарында əл-Фараби логиканы Əбу Бишр Матта ибн Юнустан үйреніп, кейін өзі ұстазынан да асып түседі. Лингвистикалық ғылымдарды жетік меңгеруді қалап, грамматика саласының маманы Əбу Бəкір ибн əс Сирадждан грамматикадан дəріс алады. Əли Юхан ибн Хайланнан тəуіптік өнер (медицина) мен логика саласынан дəріс алған. Сонымен, ұлы ойшыл біраз жылдар Бағдад шаһарында ғылыми ізденістермен айналысады. Содан кейін Шам аймағына қоныс аударады да, сексен жасқа жетіп, өмірден өткенше сол өлкеде қалады.
2. Әбу Насыр Әл-Фараби және оның ғылыми-философиялық еңбектері және трактаттары
Қазақстан ғалымдары да бұл салада біраз жұмыстар істеді. Орыс және казак тілдерінде Фарабидің философиялык және әлеуметтік- этикалык трактаттарының жинақтары, орыс тілінде математикалык, тарихи-философиялык, логикалык, жаратылыстану ғылыми еңбектері, "Птолемейдің "Алмагестіне " түсініктемелері" жарык көрді. Ғұламаның философиялык, ғылыми еңбектерін зерттеуді, түсіндіруді, насихаттауды нысана еткен көптеген ғылыми-зерттеу монографиялар, кітаптар, мақалалар, көркем әдеби туындылар басылып шыкты. Бұлардың ішінде осы еңбек авторының "Әл-Фараби", "Фарабидің математикалык мұрасы " (орыс тілінде), "Сөнбес жұлдыздар ", "Фараби еңбектеріндегі астрономия мәселелері" (орыс тілінде), "Фарабидің педогогикалық мұрасы "(орыс тілінде) монография, кітаптары, "Фараби Бағдат шаһарында " атты повесі, көптеген мақалалары бар.
Ол жаратылыстану, философия, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия, əдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мəлім. Бір қызығы, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш -- 160, ал тəжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Əл-Фарабидің мұрасын зерттеуге жол ашқан немістің атақты ғалымы Дитерици болды. Осынау зерделі зерттеушінің бағалауынша, əл-Фараби ғылымдағы ержүрек қаһармандар санатына қосылады. Ол соқыр сенім кесапатына қарсы, өзінің тарихын қанмен жазған, рухани бостандық пен гуманизмнің қасиетті заңдарын таптау үшін бар зұлымдығын жасап баққан баққұмар мансапқорлыққа қарсы аянбай күресті .
Əбу Насыр əл-Фараби өзінің барлық жұмыстарын адамға арнады. Арабтілді философтар шешкен басты мəселелер - білім, таным, дүниедегі Ақиқатты іздеу мəселелері болды.
Бабамыз Фараби бұл тұрғыда да қарап қалмай, өзінің ең атақты шығармаларының бірі Ғылымдар энциклопедиясы деп аталатын трактатын жазған. Бұл еңбектің ғылым тарихында алатын орны ерекше үлкен. Осы трактат Ғылымдар энциклопедиясы, Ғылымдар реті, Ғылымдар классификациясы, т.б. аттармен Шығыс пен Батыс елдерінде өте ертеде-ақ мəлім болып, одан көп ғұламалар тəлім алды.
Бұл кітап мындай бес тараудан тұрады:
1. Тіл білімі жəне оның тараулары;
2. Логика жəне оның тараулары;
3. Математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, айла-əрекет жөніндегі ғылым (механика);
4. Физика мен метафизика жəне олардың тараулары;
5. Азаматтық ғылым жəне оның тараулары, заң ғылымы жəне кəлəм (дін ғылымы)
Тіл білімі. Фараби тіл білімін 7 тарауға бөледі:
дербес жəне қарапайым сөздер мен сөйлемдер туралы;
мəнерлеп оқу ережелері; тілдің заңы мен ережелері жайлы ғылым;
дұрыс оқу ережелері; өлең жазу;
шайырлық туралы ғылым немесе поэтика. Кейінгінің өзі ырғақ, ұйқас жəне поэзия болып үшке бөлінеді.
Логика. Фарабидің анықтауы бойынша, логика -- ойлаудың заңдары мен ережелері туралы ғылым. Бұл ғылымның арқасында адам өзінің ойлау əрекетін тəрбиелей алады; өзінің ойын анықтап айқын, жүйелі түрге келтіреді; ой қорыту, талқылау барысында логикалық қателер жіберуден аулақ болады.
Математика. Фарабидің энциклопедиясында математика ғылымдарына көп орын берілген. Ол математиканы үлкен-үлкен жеті тарауға бөлген. Арифметика, яғни, сан туралы ғылым. Оған практикалық жəне теориялық арифметика деп айрықша мəн берді. Фарабидің түсіндіруі бойынша, сан объективті ақиқат нəрселердің сезіп-түйсінуге болатын, яғни көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын жақтарын елеусіз қалдырып, тек саналуға, есептеуге тиісті қырларын бейнелейді. Бұл өте дұрыс материалистік түсінік.
Геометрия. Бұл ғылымның мазмұны мен мəнін ғалым төмендегіше тұжырымдайды. Геометрия екі ғылымды біріктіреді:
біріншісі -- практикалық геометрия;
екіншісі -- теориялық геометрия. Практикалық геометрия сызықтар мен беттерді, ағаш ұстасы, темірші, тас қалаушы, жер өлшеушілердің ыңғайына лайық ағаш, темір, тас денелердің бетінде қарастырылады. Теориялық геометрия сызықтардың, жазық фигуралардың, геометриялық денелердің формасы мен мөлшерін, теңдігі мен теңсіздігін, олардың түрлері, реті жəне басқа осыларға байланысты барлық нəрселерді зерттейді.
Оптика. Фарабидің жіктеуі бойынша, математикаға оптиканы да жатқызған. Бұл туралы ол былай дейді: Оптикада геометрия тəріздес форма, шама, рет, тəртіп, орын, теңдік, теңсіздік, т.б. нəрселерді қарастырады. Оптиканың мəні мен ақиқаты, анық пен оның алдамшы көрінісінің парқы ажыратылады, қатаң дəлелдеу жолымен мұның себебі айқындалады, көзбен көруде кездесуі мүмкін болатын қателердің барлығы ескеріледі, одан құтылуға көмектесетін, яғни қарастырылып отырған нəрсенің мөлшері, формасы, орны, құрылысы, т.б. туралы ақиқатқа жеткізілетін əдіс, айлалардың түрлері көрсетіледі.
Астрономия. Астрономия деген бір атпен екі ғылымды түсінеміз, -- дейді ғалым. Олардың біреуі -- жұлдызнама. Бұл ғылым жұлдыздарға қарап болашақта не болатынын, кейде қазіргі кезде болып жатқан жəне өткенде болған оқиғаларды болжауға арналған. Екіншісі -- математикалық астрономия. Астрономияның осы бөлігі ғана математикалық ғылымдардың қатарына жатады, ал қабілет -- өнердің бір түрі; ол арқылы не болатынын адам болжамдай алады; мəселен, түс жору, құстың ұшуы бойынша жорамалдау, бал ашу, т.б. қабілеттер.
Жаратылыстану мен метафизика. Фарабидің анықтауы бойынша, физика, яғни жаратылыстану, -- табиғат туралы, оның негізгі принциптері мен бөліктері жайлы, табиғи денелерге тəн акциденциялар туралы, табиғи деректер мен элементтердің өзара əсері жайлы ғылым. Ал метафизика болмыстың жалпы принциптері мен категорияларын зерттейді.
Қала, заң жөніндегі ғылымдар жəне дін ғылымы (кəлəм). Ғылымдардың бұл салалары этика, тəрбие, мемлекет басқару мəселелерімен айналысады.
Фарабидің энциклопедиясы ХІІ ғасырда арабшадан латын тіліне екі рет аударылған. Одан кейінгі ғасырларда бұл еңбек толық немесе үзінді түрінде ескі еврей, неміс, ағылшын, француз, түркі, т.б. тілдерге тəржімаланған. Роджер Бэкон, атақты Əбу Əли ибн Сина (980 - 1037) жəне басқалар тікелей соның əсерімен өздерінің көпке мəлім энциклопедиялық еңбектерін жазған.
Ұлы Бабамыз Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан да Ғалымдардың шығуы, Ғалымдар энциклопедиясы немесе тізбегі, Кемеңгерлік меруеті, Ізгі қала тұргындарының көзқарасы, Музыканың үлкен кітабы, Философияны аңсап үйрену үшін алдан ала не білу кажеттігі жайлы, Ақылдың мәні туралы, Әлеуметтік-этникалық трактаттар, Философиялық трактаттар, т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т. б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын, біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген теорияның негізсіздігін соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мөдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүние жүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иранның, үндінің ежелгі дүние мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл, сондықтан да, ол таяз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала білді, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір білім саласы жоқ деуге болады.
3.Философиялық көзқарастары.
Философия саласында Фараби өз заманындағы теңдесі жоқ тұлға саналды. Оның негізгі көзқарасы - рациональдық. Оның философиялық еңбектерінде Аристотель, Платон және басқа ертедегі данышпандардың философиялық еңбектеріне коментарийлер жазуға көп орын берілген. Фарабидің тамаша, өте бағалы еңбегі "Даналықтың маржандары" деген трактаты 1000 жылдан бері Шығыс университеттерінің оқулық құралы болып келеді.
Фарабидің өз еңбектерінде кұдай бар деп мойындайды. Алайда, ол Аристотельдің ізімен құдай дүниені бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек бірінші себеп -- "алғашқы түрткі" қана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз зандылығымен кұдайға тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны куаттайды. Бұл, әрине, мутакаллимдердің "жақсылық та құдайдан, жамандықта құдайдан" деген қағидасына мүлдем қайшы. Кертартпа дін басшылары мен оларды қолдаушы философтар (мәселен, әл-Ашари) осы сиякты "күпірліктері", кателері үшін Әбунасырды қудалаған кездері болған.
Фараби ақиқат біреу-ақ, бірақ оған әр жақтан, әр түрлі деңгейден қарауға болады, сондықтан ол туралы түрліше балама қорытындылар жасау мүмкін деп санайды. Оның философиялық көзқарастарын нақтылы тарихи жағдайда, белгілі бір дәуірмен байланысты қарағанда ғана ерекшеліктері мен сонылығын дұрыс түсінуге болады. Ол дәуірде материалистік философия жүйесі ашық қалыптаса қойған жоқ болатын. Сондыктан орта ғасырлар заманында философиялық ойдың дамуы құдайды дәріптейтін діни-тео-логиялық сипат алды.
Әл-Фарабидің философиясын зерттеушілер оның бұл саладағы трактаттарын терең талдай келіп Фарабидің философиялық мұрасында үш басты жайтты атап көрсетеді: дүниенің мәңгілігін тану, детерминизм -- зерттеу прин-ципі, яғни себептілік сыр-сипатын ашу -- ғылым-білімнің қайнар көзі; адам жанының өшпейтіндігін теріске шығарған ақыл туралы ілім. Бұл үш принцип -- Фарабидің философиясының биік шоқтығы және ерекшеліктері болып саналады.
Ақыл туралы ілім Фарабидің философиядағы ірі жетістіктері санатына қосылады. Мұндағы ақыл ұғымы кең, бүкіләлемдік мағынада қарастырылып, оның космологиясына тірек болды. Әрекеттегі яғни жасампаз ақыл (яғни бірінші қозғаушы. Аристотельге айтканда, ойлаудың ойлауы) болмыс түзілісіндегі (иерархиясындағы) жоғарғы сатылардың бірі. Ең жоғарғы сатыны түпкі себеп -- Алла иемденеді. Алладан кейінгі екінші сатыны -- аспан денелері, болмыстың үшінші сатысы әрекеттегі ақыл және оған сай негізгі төрт элементтен (топырақ, су, ауа, от) тұратын ай асты әлемі. Болмыстың төртінші сатысы -- адамның жаны. Ең төменгі бесінші сатыны форма мен материя алып жатыр. Соңғы алтыншы бөлімде надан көзқарастар туралы және қоғамдар, надан басшылықтар туралы баяндалды.
Фарабидің философиялық жүйесінде материяға көп көңіл бөлінеді. Ол ай астындағы дүниенің шын мәнінде баp екенін, оның айдан жоғары орналасқан дүниемен, яғни аспан әлемімен бірлікте болатынын мойындайды. Біздің, яғни айдан төмен жер бетінде орналасқан дүниеде материя мен формадан тұратын заттар, нәрселер - -- барлығы ақиқат. Олар негізгі бастапқы материя болып табылатын төрт элементтердің сан алуан, әр түрлі қосылыстарынан тұрады, түзіледі. Фарабидің материя мен форманың бөлінбес, ажырамас бірлігі туралы тезисі дұрыс материалистік сипаттағы қорытынды болды.
Таным проблемасын карастырғанда, зерттегенде Фараби өз заманындағы жаратылыстану ғылым жетістіктеріне сүйенеді және математика, астрономия, медицина, физиология, музыка теориясы және басқа салалар бойынша өзінің жан-жақты білім қорын мол, сарқа пайдаланады. Мұнда ол таным теориясына рационал сипат беретін ақыл туралы ілімді басшылыққа алады. Тану теориясының бірсыпыра мәселелерін ғылыми жолмен дұрыс қойып, түсіндіруде Фараби бірсыпыра психологиялық проблемаларды камтып, оң шешуін табуға тырысады. Мысалы, түйсіктің табиғаты, олардың сезім мүшелеріне байланысы; жан қуатының және адам қабілетінің жалпы схемасы, танудың екі негізгі формасы (түйсік арқылы және ойлау арқылы) т.б.
Фарабидің ғылыми-философиялық шығармашылық қызметінде логика мәселелері үлкен орын алады. Логика ойлау жүйесі мен пікірлерді мүлтіксіз дәлелдеуді қажет етеді, сондықтан да Фараби оны шындыкты табудың және оны негіздеудің бірден бір әдісі ретінде жоғары бағалайды. Логикалық тұрғыдан ол білімді аксиомалар мен алғышарттар түрінде өрнектелген бастапқы, не алғашқы және оларды ой қорыту салдары ретінде шығарылып алынған туынды, қорытынды деп екіге ажыратады. Ал логиканың заңдары мен ережелері жаңа білім шығаруға қызмет етеді. Тілде грамматикасыз күн жоктығы сияқты дұрыс ойлауда логикасыз аттап басуға болмайды. Фарабидің үйретуінше, адамның адам болуы ақыл, ойлау арқасында болса, онда мәдени, жоғары парасатты ақылды себетін логика адамзат үшін ең қажетті игілік болып саналатын ғылым, өнер көзі болады. Фарабидің логика жайындағы трактаттарының мәні өте зор. Онда автор категория, семантика, импли-кация теориясы т.б. мәселелер жөніндегі Аристотельдің бай идеяларын әрі карай дамыта түседі. Фарабидің философиясы өзінің өміршендігін, дұрыстығын нақтылы ғылыми зерттеулерден тауып, принциптері, қағидалары одан ары кемелденіп отырды. Оның ғылыми ойлау жөніндегі тапқан әдісі (методы), жеке, дербес заттарды, кұбылыстарды нақтылы қарастыру, бақылау жасау арқылы дедуктивті-аксиоматикалық теория жасаумен ұштастырылады.
Фараби ғылым мен философияны оқып-үйрену мәселесіне арнап бірнеше еңбек жазған. Солардың бірі "Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат".
Бұл еңбекте Аристотельдің ғылымын, философияны меңгеру үшін кажет болатын тоғыз шарт туралы әңгіме болады, олардың әрқайсысы жайлы ұлы ұстаз өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz