Мінез-құлықтың ауытқуы күнделікті өмірдің психопатологиясы ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс материалдары

1 Дәріс. Мінез-құлықтың ауытқуы күнделікті өмірдің психопатологиясы ретінде.
Ауытқулы мінез-құлықтың формаларын зерттеудің көкейтестігі. Мінез-құлығы ауытқулы адамның психологиясының ерекшеліктері. Психолог үшін жеке тұлғаның дамуының ауытқуының психологисы туралы білімнің маңыздылығы. Мінез-құлықтағы патология. Адамның мінез-құлығындағы нормаға сәйкес және аномальдік құбылыстардың айырмашылықтардың критериялары. Адамның психикалық шындығын зерттеудегі психологтың іскерлігінің маңыздылығы.
Девиантты мінез-құлық (лат. Deviation - ауытқу) - адамның орныққан құқықты немесе өнегелі нормалардан ауытқитын, немесе сол нормаларды бұзатын қылықтары. Девиантты мінез-құлыққа есірткі заттарды пайдалану, жұмысты, оқуды жүйелі түрде босатуды, қаңғырушылықты, сонымен қатар басқа да құқыққа қарсы әрекеттерді жатқызуға болады.
Жалпы қоғам мен оның әрбір мүшесіне өзінің өмір сүру мен даму нормасынан ауытқу тән. Бұл ауытқудың себебі адамның қоршаған ортамен, әлеуметтік ортамен және өз-өзімен өзара байланыс пен өзара әрекет ету ерекшелігінде жатыр. Осы сияқты қатынастарды реттеуші әлеуметтік нормалар болып табылады. Әлеуметтік нормалар - жеке тұлға, топтар мінез-құлқына және олардың бір-бірімен, әлеуметтік институттармен және қоғаммен өзара әрекет етуге байланысты қоғамның, әлеуметтік топтардың міндет еткен ережелері.
Норма тек қана бағалап, бағдар бермейді, сонымен қатар шекараларын, шарттарын, мінез-құлық формалдарын, қатынас мінезін, мақсаттарын және мақсатқа жету тәсілдерін орнатады. (А.Н.Тесленко...24 бет).
Әлеуметтік норма - әлеуметтік реттеу мен бақылаудың рөлін атқаратын, әлеуметтік тәжірибенің қажетті және тұрақты элементі. И.Я.Гилинский: Әлеуметтік норма - нақты қоғамда қалыптасқан шара, рұқсат етілген және мүмкін болатын мінез-құлықтың интервалы, адамдардың іс-әрекетін, әлеуметтік топтарды, әлеуметтік ұйымдарды анықтайды.
Әлеуметтік норма өзінің жүзеге асыруын заңдарда, салт-дәстүрлерде табады, яғни, адамзат өмірінің әдетіне айналған, тұрмысқа кірген, қоғаммен қолданатын қоғамдық және тұлғааралық қатынастардың табиғи реттеуші рөлін атқарады. (Казаков А.Н. Социальная обусловленность отклоняющего поведения в современном российском обществе. Казанский унив. Казань 1996).
Нормаларды бұзу, әлеуметтік топ, қоғам, оның институционалды формалары жағынан негативті реакция туындатады.
Бірақ нормалары бұзылған қоғамда, нормаларды қалыптастыру, талқылау және қолдану мәселесі қиындауда. Мұнда А. Солженицынның сөзін айтуға болады: Бұл қандай реформа, егер оның нәтижесі - еңбекке деген жек көрушілік және жиіркену, егер, еңбек масқара іске айналса, ал алдамшылдық айбынды, қажырлы іс болуда (Кнухова Ж. Аномия и корпоративная девиантность. Вестник Московского Университета. Сер. 18. социология и политология. -1996. № 2 с. 74-77).
Ауытқушы қылықтар - балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы; оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Ауытқушы қылықтар физиологиялық және патологиялық түрлерге ажыратылады. Физиологиялық негіздегі ауытқымалы күйдің (ашу, ыза, үрей) психикаға әсері күшті болғанымен, адамды оның салдары үшін жауапкершіліктен босатпайды. Яғни, мұндай сезімдік ахуал жағдайында жасаған қылмысы үшін кінәлілік жөққа шығарылмайды, тек ол белгілі бір жағдайларда жеңілдетуі мүмкін. Паталогиялық негіздегі ауытқушы қылықтан адамды бір сәтке сана-сезімінен айырып, мақсатсыз немесе қауіпті іс-әрекеттер жасауға итермелейді. Егер қылмысты әрекетті паталогиялық ауытқушы қылыққа ұшыраған адам жасаса, ондай адам есі кіресілі-шығасылы деп танылады. Ауытқушы қылықтар позитивті, яғни әлеуметте қолдау табатын (дарындылық, альтруизм, ерлік, т.с.с) және негативті, яғни қоғамда қолдау таппайтын (қылмыстық іс-әрекет, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, т.с.с). ( Ж.Ы Намазбаева, О.С. Сангилбаев. Орысша-қазақша сөздік. Алматы 2005 ж., 52 бет).
И.С. Кон пікірінше, девиантты мінез-құлық - жалпы қабылданған нормаларға, психикалық денсаулық нормалары болсын, құқық, мәдениет нормалары болсын, сай келмейтін қылықтар жүйесі. Бұл көзқарасты дамыта келіп, В.Д.Менделевич (1999 ж.) адамның девиантты мінез-құлқын, қоғамда қабылданған нормаларға қарсы жеке қылықтар немесе қылықтыр жүйесі ретінде анықтайды. Ғалымның пікірінше, осы қылықтар психикалық процестердің үйлесімділігі түрінде, бейімделушілік, өзін-өзі іске асыру процестерінің бұзылуы немесе өзінің мінез-құлқын адамгершілікті және эстетикалық бақылаудан бас тарту түрінде білінеді. Автор девиантты мінез-құлықты делинквентті, аддиктивті, патохарактерологиялық, психопатологиялық деп бөледі. Әрбірі өз мотивациясын қалыптастырады. (Менделевич В.Д., Мнеделевич Б.Д., Галинский Л.И., 2001 жыл).
Вебстер сөздігі бойынша, делинквенттілік, құқық бұзушылыққа деген психологиялық тенденция ретінде түсіндіріледі. Бұған мәнсіз қылықтар, сонымен қатар өтірік айту, мектеп босату, бұзақылық, ата-аналарға және мұғалімдерге деген жаушылық, т.б. жатқызуға болады. Делинквенттілік келесі түрлері бөлінеді: конформді, тұрақсыз, агрессивті-қорғаушыл, оппозициялы. (Александров А.А., 1988.)
Осы анықтамаларға қарап, жеткіншектердің психоактивті заттарды пайдалану, девиантты мінез-құлықтың формасы ретінде қарастырылады. Кейбір авторлар осы көзқарасқа тән (Милушева Г.А., Найденова Н.Г. 1992 жыл). Бірақ тәжірибеде, зерттеушілер мұндай анықтамалармен келісе отырып, бұл ұғымдарды түсіндіреді. Авторлардың көбі, психоактивті заттарды пайдаланушы жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқы аса жоғары. А.Коровин (1929) көрсеткендей, спирт ішімдігін ішетін ер балалардың ауытқыған мінез-құлқы алкогольді пайдаланбайтын ер балаларға қарағанда, екі есе жиі кездеседі.
2 Дәріс. Мінез-құлықтың ауытқуының қалыптасу механизмдері.
Ауытқулы мінез-құлықтың анықтамасы. Ауытқулы мінез-құлықтың негізгі түрлері. Аморальдік мінез-құлық ауытқулы мінез-құлықтыңқалыптасуының негізі ретінде. . Ауытқулы мінез-құлықтың даму кезеңдері. Адамның мінез-құлығындағы ауытқудың шығу тегі. Ауытқулы мінез-құлықтың интегралдық сипаттамасы мен жақтары. Адамның психикалық денсаулығы туралы түсінік. Ауытқулы мінез-құлыққа әкелетін амандықтың нормалары мен ауытқулары.
жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықының негізгі түрлері. Осыған байланысты, қазіргі таңдағы ғалымдар девиантты мінез-құлықтың келесі типологиясын береді:
Істелген әрекеттің дәрежесі мен зардаптарына байланысты девиантты мінез-құлық делинквентті және криминалды болып бөлінеді.
Делинквентті (құқыққа қарсы) мінез-құлық дегеніміз мәнсіз құқық бұзуларда көрінетін ауытқыған мінез-құлық.
Криминалды (қылмыстық) - сотпен жазаланатын, құқыққа қарсы әрекеттерді жасауда көрінетін ауытқыған мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлық екі кіші түрлерге бөлінеді.
Біріншіден, ол психикалық денсаулық нормаларынан ауытқитын, ашық немесе жасырын психопатия белгілері бар мінез-құлық. Бұл категорияға шизоидтар, эпилептоидтар және мінез акцентуациясына тән адамдар жатады.
Екіншіден, бұл әлеуметтік, мәдени, сонымен қатар құқық нормаларын бұзатын мінез-құлық жатады. Бұған жоғарыда көрсетлген делинквентті және криминалды мінез-құлықты жатқызуға болады. (ШнейдерЛ.Б. Девиантное поведение детей и подростков. - М.: Академический проект; Трикста, 2005, с. 10.)
Кәмелетке жетпеген жасөапірімдердің құқыққа қарсы әрекеттер жасауының себептерін зерттейтін қазақстандық криминологтар (Л.П.Атикова, А.Ф.Лыков, В.В. Шулепов - Алматы: Данекер, 2003. Отклоняющееся (девиантное) поведение как причина преступности несовершеннллетних. С.21.) девиантты мінез-құлықты келесідей топтастырады:
психикалық денсаулық нормаларынан ауытқитын, ашық немесе жасырын психопатия белгілері бар мінез-құлық. Бұл категорияға шизоидтар, эпилептоидтар және мінез акцентуациясына тән адамдар жатады;
адам өмірінің моральді-адамгершілікті нормаларынан ауытқитын және әлеуметтік патологияның түрлі формаларында - маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік және т.б. көрінетін мінез-құлық. Бұл мінез-құлық түрлі қылықтар мен қылмыстарда білінеді.
Никотин - есірткі болғандықтан алдымен орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Темекі шегудің алғашқы кезеңінде, бір-екі минуттан ол миға жетіп, оған жағымды әсер етіп, уақытша белсенділігін оятады. Адам эйфорияға беріліп, күш қосылғанын байқайды. Бірақ бұл қысқа мерзімді әсер ғана. Сондықтан адам темекіні үсті үстіне шегуге мәжбүр. Бірте бірте ол ағзаның үйреншікті стимуляторы болып, адам өз әдетінің құлына айналады.
Органикалық қышқылдар мен сілтілер (аммиак) тыныс жолдары мен өкпенің шырышты қабаттарын тітіркендіріп, қабыну процестеріне себепкер болады. Өкпе мен тыныс жолдарында жылбысқы сұйықтық көп бөлініп, олардың микроорганизмдерден, оның ішінде туберкулезден қорғану механизмдері бұзылады.
Жоғарыда аталған ауыр металлдардың тұздары - өте күшті у болып табылады. Камдий С дәруменімен қосыла отырып қатерлі ісіктің пайда болуына себепкер бола алады. Бензопирен мен полоний, калий, висмут изотоптары - өте активті канцерогендер. Олар қалыпты клеткалардың өзін рак клеткаларына айналдыра алады. Мысалы, полоний-210 изотопының жартылай ыдырау кезеңі 138 күн десек, ол осы уақыт бойы ағзаға радиациялық әсерін тигізіп отырады. Оның радиациясына қарсы тұра алмаған жай клеткалар рак клеткасына айналады. Темекінің сүзгішін (фильтр) көптеген шылымқорлар зиянды заттарды ұстап қалатын нәрсе санап, ол темекінің зиянды әсерін толығымен қорғайтындай көреді. Бұл қате пікір. Сүзгіш түтін құрамындағы қатты және сұйық заттардың 20 пайызын ғана ұстап қалады, ал радиоактивті заттар одан еш кедергісіз өтіп кетеді. (С.К.Кауашев Валеология дене тәрбиесі және спорт. 9, 2004, 40 бет).
Темекінің нысанасына айналған ағза мүшелері.
Адам ағзасында темекінің зиянды әсерінен зардап шекпейтін мүше жоқ десе де болады. Темекінің зиянымен күресуден әлсіреп, ауруға шалдығып, қызметі мен формасын өзгертіп жатқан мүшелерді толық атап шығу мүмкін емес.
3Дәріс. Ауытқулы мінез-құлықтың түрлері, олардың сипаттамасы
Девиацияның негізгі себебі деп, Мертон, қоғам мақсаттары мен осы мақсаттарға жетудің әлеуметтік жақты тәсілдері арасында үзілу бар деп есептейді. Осыған сай мінез-құлықтың келесі типтерін бөледі. Оның көзқарасы бойынша, бұл типтер қоғамқа бейімделу типтері болып табылады. Олар: конформді - заттардың, жағдайлардың тұрақталған күйін қабылдауды білдіреді; инновациялылық - қоршаған ортаға деген адамның белсенді және дербестік позицияларын сақтау; ритуализм - адамның қоршаған ортаға деген символдық және сынама емес позициясы; ретритизм; (Мертон Р. Социальная структура и аномия. Социология преступности. М.: 1966 ж.).
Мәдени келіске сай, девиация, мәдениет нормалары арасындағы конфликттер нәтижесінде пайда болады. Қоғамда әрқашанда жеке топтар өмір сүруде, олардың нормаларының басқа мәдениет нормаларынан айырмашылыға бар. Мысалы далалық жастар бандасының мүшелері, адам құқығын сақтау қызметімен емес, сатқын ұйыммен ассоцияланады.
Говард Беккер және стигматизация (наклеивание ярлыков) теориясын жақтаушылар, ауытқыған мінез-құлықты, қоғамның ықпалды топтар (заң берушілер, сот, дәрігерлер, педагогтар, т.б.), аз ықпалды топтар мүшелеріне мінез-құлықтың белгілі бір стантарттарын және девиант таңбасын берумен түсіндіреді. Жеткіншек темекі тартса, қоршағандар оған немқұрайлы қарайды, ал жеткіншектің өзі өз-өзін девиант деп санамайды (социологтан бұны алғашқы девиация жағдайы деп атайды).
4 Дәріс. Адамның жүріс-тұрысындағы шекаралық мінез-құлығы.
Психологиялық күйдің классификациясы. Психикалық күйдің физиологиялық негізі. Шекаралық мінез-құлығының пайда болу себептері. Қиын жағдайдың сипаттамасы. Қиын жағдайдың түрлері. Жұмыс алды және жұмыс жағдайларының қолайсыз формалары. Реактивтік күй. Қорқыныштық күй. Жеке тұлғалық мотивация сферасының бұзылуы. Қиын жағдайлардың түрлерінің сипаттамасы
А.Маслоудың иерархиясына сай, адамдар өздерінің жеке тұлғалық мақсаттарды іздеумен қызығады, бұл әлеуметтенуші адамды making human (делающие существо) қылады. Бұлар толық қанағаттанушылыққа сирек жетеді және бір қажеттілікке қанағаттану 2-ші қажеттілікке жетуге тырысады. Алғаш қажеттіліктердің ықпал ету күші, екінші, яғни әлеуметтік қажеттіліктерге қарағанда жоғары. Неғұрлым қажеттілік жоғарылаған сайын, соғұрлым ықпал ету күші төмендейді. Шынында да, қарым-қатынас немесе шығармашылыққа деген қажеттілікке қарағанда, аштық өзі туралы жиі білдіреді. Алғашқы қажеттіліктерді өтемей, келесі қажеттіліктерді өтеуге болмайды. Әдетте, алғашқы қажеттіліктер ақшалық тәсілдермен қанағаттандырылады. Ал кез-келген деңгейдегі қажеттіліктерді өтемеу немесе оларды басу, жеке тұлғаны және мінез-құлықты бұзады.
Осының барлығы, ауытқыған мінез-құлық, жақсыз әлеуметтік дамудың, әлеуметтенудің бұзылуының нәтижесі болатынына дәлел. Ол әр-түрлі жас ерекшелік кезеңдерде болады. Мұндай бұзылулардың аса жоғарылауы жеткіншектік кезеңге, яғни балалық шақтан ересектік шаққа өту кезеңіне келеді. Статистикаға сай, 10-ден 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер, кәмелетке жетпегендер ісі бойынша комиссияда қарастырылатын 23 істерді құрайды. Осыдан, жеткіншектік девиацияның түрлі формаларын алдын алу үшін, қазіргі кездегі жастардың әлеуметтену ерекшеліктерін, ересектіктің түрлі кезеңдерінде оның әлеуметтік-психологиялық механизмдерін, тәсілдері мен институттарын бөлу - маңызды міндет болып табылады.
Ауытқыған мінез-құлықтың өзара байланысқан факторлары:
Жеке даралық фактор, индивидтің әлеуметтік бейімделушілігін қиындатады;
Психолого-педагогикалық фактор, мектептік және отбасылық тәрбие берудің кемістігінде білінеді;
Әлеуметтік-психологиялық фактор, жасөспірімдердің отбасында, далада, оқу-тәрбиелік ұжымында жақындармен өзара әрекет етудің жақсыз ерекшеліктермен түсіндіріледі;
Жеке тұлғалық фактор, индивидтің қарым-қатынастың қалаған ортасына, өзінің ортасының нормалары мен құндылықтарына, отбасының, мектептің, қоғамның педагогикалық әсер етуге және деке тұлғалық құндылық бағдарларына және өз мінез-құлын реттеуге деген қабілеттеріне қатынасында көрінеді.
Әлеуметтік факторлар, қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси шарттаымен анықталады.
Жеткіншектердің ұрлық жасаудың себептері, специфика және мәні.
Соңғы жылдарда қылмыстардың ішінен ұрлық жасау жоғары деңгейде. Ғалымдар осы фактіні бірнеше себептермен түсіндіреді: жеткіншектердің материалды қамтамасыздығы, әлеуметтік статусы бойынша әлеуметтік дифференциация; мінез ерекшеліктері, оқу, тәрбие және еңбек мазмұны; отбасының бұзылу процестері; ата-аналарының алкогольге салынуы, жүйке-психикалық, созылмалы аурулармен ауруы.
Кәмелетке жетпегендердің ұрлық жасауының тағы бір себебі - ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан ғана басталады. 14 жасқа жетпеген балалардың көбі, ұрлық жасаса жазаланбайды деп сенеді.
Бірақ та, қиын жеткіншек тұлғасының қалыптасуының негізгі себебі жайсыз отбасылар, жанұядағы негативті атмосфера болып табылады. әрдайым ұрыс-тобелес, жеткіншекті физикалық жазалау, оны агрессивті, тітіркенгіш, жоғары қозғышты, тұрақсыз етеді.
Қоғамдық өмірге пассивті қатысу немесе мүлдем қатыспау, қарапайым өмірлік жағдаяттарды төзе алмауға әкеледі. Жеткіншектің өзін-өзі дұрыс емес бағалау, жиі қоршағандармен қарым-қатынас құра алмаудың себебі болып, конфликтті жағдайларға апарады. (Лукьяненко ...11-12, 24-26 бет)
Ресей ғалымдарының пікірінше, 14-17 жас, жоғары эмоционалды тұрақсыздықпен сипатталады. Ол ең алдымен, жеткіншек санасында ата-аналар мен құрбы-құрдастарының құндылықтары қиылысады, осымен бірге қарсылық туғызады. Жоғарыда аталған психикалық қалыптар ойланбаған қылықтарға әкеледі. (Шнейдер Л.Б. Девиантное поведение детей и подростков. - М.: Академический проект; Трикста, 2005, с. 114)
Құқық бұзушы жеткіншек үшін ұрлықты топта жасағаны тән, өйткені олардың кейбіреулері өз қауымда батыл болады. В.Л.Васильев, топтың криминалды бағыттылығын сандық және сапалық мінездемелер сипаттайды деп есептейді: жұмыс істемейтін, оқымайтын, алкоголь мен есіртке заттарын пайдаланатын сотталғандар тобында болу, сонымен қатар топта саналы түрде қабылданған лидердің болуы, топты авторитарлы стильмен басқару, топтың субмәдениетін қалыптастыру (жаргон, арнайы сөз беру, мінез-құлықтың ерекше рәсімдері, т.б.).
5 Дәріс. Мінез-құлықтың бұзылуы, олардың профилактикасы мен түзету жұмыстары.
Арессивтіліктің проблемасы. Агрессивті мінез-құлығының психологиясы. Агрессивті әрекеттер мен реакциялар. Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлығының ерекшеліктері. Агрессияның классификациясы. Агрессивті мінез-құлығының қалыптасуына. Жалпы ақпараттық тәсілдердің агрессивтік мінез-құлығына тигізетін әсері. Агрессивті көріністерді түзету жолдары: принциптері, бағыттары, технологиялары. Аддиктивтік мінез-құлық жеке тұлғаның құрылымын бұзу факторы ретінде. Аддиктивтік мінез-құлықтың психологиялық реттеуін айыру. Құқық бұзатын жеткіншектер, танымдық және қоғамдық қызығушылықтарының даму деңгейінің төмендігімен сипатталады, өйткені мұндай жасөспірімдердің қызығушылықтарының қалыптасуына құқық бұзуға тән құрбы-құрдастар немесе олардан жасы үлкен адамдар әсер етеді. Құқыққа қарсы өзара іс-әрекет процесінде, жеке даралық қабілеттердің, білімдердің, іскерліктердің, криминалды дағдылардың біріктірілуі болады. Өзара әсер ету нәтижесінде, топ мүшелерінің бір-біріне еліктеу нәтижесінде, жеткіншек бойында бұрын байқалмаған бітістер көріне бастайды - қаталдылық, агрессивтілік және кекшілдік.
6 Дәріс. Алкогольдік және алкогольдік емес мінез-құлықтың ауытқуы.
Алкоголизм ұғымына анықтама беру.Алкогольге психикалық тәуелді болу. Маскүнемділіктің түрлері, қазіргі кезеңдегі мінез-құлықтың алкогольдік емес ауытқуы. Нашақорлық. Мінез-құлықтағы нашақорлық ауытқулар.
Алкоголь және алкоголизм.
Бүгінгі күні халқымыздың тәні мен жанын улап, қанына сіңіп үлгерген қауіпті кеселердің бірі - маскүнемдік біздің елімізді қоса есептегенде бүкіл әлемде көкейкесті мәселеге айналған. Ішкіштер қатары жыл сайын көбейіп, етек жайып барады. Ең қорқыныштысы - балаларымыз да ащы суға жастай үйір болатын көрінеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының санақ мәліметтері бойынша, 2004 ж. 52195 адамға нақтама алғаш рет қойылса, олардың ішіндегі 4202-сі - жасөспірімдер, 550-і - балалар.
Жалпы республика халқының 51 пайызы спиртті ішімдіктер ішеді. Соның ішіндегі 21 пайызы балалар, 39,5 пайызы жасөспірімдер. Жасөспірімдердің 63 пайызы алкогольді алғаш рет 12 мен 15 жас аралығында татып көргендігін мойындаған.
Медициналық тілмен айтқанда, маскүнемдік - спиртті ішімдіктерді жүйелі түрде ішуден туындайтын ауру. Ішімдікті үнемі ішуге құмарлықтан, психиканың, ішкі ағзалар қызметінің бұзылуынан көрініс табады. Бұл сырқат кезінде жүрек-қан тамыры, жүйке және қан жасау жүйесі, тыныс алу, ас қорыту ағзалары, бүйрек зақымданады. Созылмалы маскүнемдік - спиртті ішімдіктерді ұзақ уақыт шамадан артық ішу нәтижесінде пайда болатын ауру. Ол организмдегі тұрақты теріс өзгерістермен: жүйке жасушаларының өзгеруімен, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуымен қатар жүреді. Нәтижесінде зат алмасу бұзылысы салдарынан ағза жүйелі түрде улана бастайды. Созылмалы маскүнемдік түптің түбі психикалық деградацияға алып келеді және психикалық сырқаттардан көрініс табады. Әлеуметтік көзқарастан, алкоголизм - бұл спирт ішімдіктеріне деген паталогиялық тартылыспен сипатталатын девиантты мінез-құлықтың бір формасы.
Спиртті ішімдіктерді шамадан артық ішу салдарынан болатын аурулар мен өлім саны да соңғы жылдары күрт өсіп кеткен. Европа елдеріне алкогольден улану кесірінен және бауырдың беріштенуінен өлу жағдайлары барлық өлімдердің 25 пайызын құраса, біздің республикамызда бұл көрсеткіш - 14 пайыз.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне құлақ ассақ, барлық аурулардың 9 пайызының пайда болу себебі - тағы да ішімдік. Спиртті ішімдік ішу салдарынан түрлі қайғылы оқиғалар болады, адам өмірі қысқарып, өмір сапасы нашарлайды. (Ұлболсын Қаназ, Денсаулық № 10, 2005 ж. 3 бет).
Маскүнемдік пен алкоголизм дамуының материалды және әлеуметтік себептерімен бірге, қазіргі таңда кейбір психологиялық себептер де бар. Олар психикалық кернеумен байланысты. Адам алкоголь шаршауды басады деп ойлайды. Спиртті ішкенде өзін рахат сезінеді. Осы сезімдер өтірік болса да, көптеген адамдар алкогольді пайдаланады. Алғаш мөлшерлерге әдеттену психикалық жағынан тұрақсыз адамдарды спирттің үлкен дозаларға және оны жүйелі түрде ішуге итермелейді. Бірте-бірте осының барлығы өзін-өзі бақылай алмауына, маскүнемдікке, қылмыс жасауға әкеледі. (Лукяненко М.В... 68 бет).
Алкогольді ішімдіктер әлеуметтік ритуалдардың, ресми салтанаттардың, мейрамдардың, кейбір уақыт өткізу әдістері мен жеке тұлғалық мәселелерді шешудің міндетті элементі болып қалған. Бірақ та, бұл әлеуметтік дәстүр біздің қоғамымыз үшін қауіп төндіруде. Девиантты мінез-құлықтың формасы ретінде түсіндірілетін маскүнемдік пен алкоголизм бір-бірімен байланысты басқа да әлеуметтік ауытқуларға апарады: қылмыс жасау, құқық бұзу, әлеуметтік паразитизм, аморальді мінез-құлық, өзін-өзі өлтіру. Құқық сақтау статистикасы бойынша, бұзақылықтың 90 % жағдайлары, зорлықтың 90 %-і, және басқа да қылмыстың 40 % жағдайлары мас болумен байланысты. Адам өлтіру, ұрлықтың 70 % жағдайлары мас бойында жасалынады. (А.Н.Тесленко... Стр.9-10.)
Соңғы жылдарда жастар арасында кең тараған спирт ішімдігі сыра болып табылады. Сыраның құрамында алкоголь ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға туралы теориялар
Девианттық мінез - құлық және оның негізгі формалары
Қиын балалардың ерекшеліктерін психологиялық және педагогикалық тұрғыдан анықтау
Педагогика пәнінен дәрістер кешені
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының әсерін теориялық тұрғыда негіздеп, оның түзету жолдарын ұсыну
Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар
Девиантты мінез - құлыққа жалпы анықтама беру
Аутист баланың психологиялық дамуының ерекшеліктері
Суицид
Пәндер