Философияның негізгі бөлімдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Философияның негізгі бөлімдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.
Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. Философия термині грек тілінен аударғанда филео - махаббат, құштарлық; софия - даналық деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін ғылымдардың ғылымы ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б.
Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:
:: Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.
:: Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.
:: Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.
Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:
1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты.
2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.
Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы -- ол
философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады.
Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.
Философияның эволюциялық дамуы
Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.
Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар.
::Мифология
::Дін.
::Философия.
Мифология (грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:
::Әлем, жер және адамның пайда болуы;
::Табиғи құбылыстарды ұғыну;
1. Философияның негізгі бөлімдері
Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
Дін мына мәселелерді қарастырады:
-Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу;
-Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;
- Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы.
Философия дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуы жағынан үш кезеңнен өтті.
-космоцентризм;
-теоцентризм;
-антропоцентризм;
Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш - Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия).
Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш - Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады (Ортағасырлық философияға тән).
Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады (Қайта өрлеу, жаңа заман, Қазіргі заман философиялық кезеңдерге тән).

Философияның негізгі сұрақтары мен бағыттары
Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ - бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық ерекшеліктері : Бұл мәселенің маңыздылығы - оның дұрыс шешілуінен қоршаған әлем, дүние, орта , адам туралы тұтас білімнің қалыптасуы тәуелді, ал бұл философияның ең басты міндеті болып табылады.
Материя мен сана - болмыстың екі бөлінбейтін жөне соған қарамастан қарама қайшы сипаты. Осыған байланысты философиянфң негізгі сұрағының екі жағы антологиялық және гносеологиялық сәйкес, материализм, идеализм, эмпириззм, рационолизм деген негізгі бағыттар болады. Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ - бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық негізгі сұрағының екі жағы : Онтологиялық жақ мәселені қою және шешу ; материя ма әлде сана бірінші пайда болды ма ?
Онтологиялық жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар:
Объективті идеализм
субъективті идеализм
материализм
аналты материализм
дуализм
деизм
Гнесеологиялық жақ - ол дүние танымға жата ма, жоқ танымсыз ба ? , таным процесінде не бірінші турады ? деген сұрақтарға жауап бере алады.
Гнесеологиялық жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар:
Гностицизм
Агноцтстизм
Эмпиризм инсуализм
Рационализм
Енді олардың әрқайсына тоқталып анықтама берсек:
Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағы :
Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағын көрсететін философиялық бағыттар:
Материализм Демокрит сызығы материя мен сана қатынасында материя бірінші болып табылатындығын көрсеткен философия бағыты .
Негізгі жағдайлары :
Материя нақты бар. Материя санаға тәуелсіз өмір сүреді. Материя өз бетінше субстанция болып табылады. Материя өзінің ішкі заңдылығымен дамиды, өмір сүреді. Сана рух материяның өзін өзі көрсетуінің жоғары деңгейде ұйымдасқан құрамы .Сана тәуелсіз субстанция емес. Сана материямен болымыспен анықталады.
Ерекшеліктері:
Материалистік бағыттарға Демокрит, Фалес, Анаксимандр Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро және басқа да француздық материалистері Герцек, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин .Материяның күшті жақтары ғылымға жүгіну, әсіресе нақты ғылымдарға (физика, математика, химия) Материализмнің әлсіз жағы материалық көз қарасы жағынан түсіндіруге қиын қоршаған ортаның құбылыстарының болуы, сананың мәнін жеткілікті түсіндірмеу.Материализмде ерекше бағыт анаиы материализм айрықшаланады. Оның қайраткерлері (Фохт, Молешотт) материяны физика математика, химия механика жағынан зерттейді.Материализм демократтық Грецияда, XYII Англияда XYII , ХХ СССР да тараған .Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағын көрсететін философиялық бағыттар.
Идеализм (Плотон сызығы ) жақтастары материямен сананың қатынасында, бірінші сана (ой, рух) тұрады деген, философиядағы бағыты.Идиализмдегі жекеше бағыттар. Объективті идеализм (Плотон, Лейбниц, Гегель )
Негізгі жағдайлар :
Ой ғана нақты өмір сүреді.Ой бірінші Барлық қоршаған шындық ой әлемі мен заттар әлеміне бөлінеді. Ой әлемі алғашында әлемдік ақылда болады.Заттар әлемі материалды әлем өз бетінше өмір сүрмейді және заттар әлемінің нәтижесі болып табылады. Әрбір бірлік зат сол заттың ойының іске асуы.Таза ойдың нақты затқа айналуында үлкен рольді кереметтер жасаушы құдай ойнайды Жеке ойлар (ойлар әлемі ) біздің санамыздан бөлек объективті өмір сүреді.
Субъективті идеализм ( Беркли, Юм)
Негізгі жағдайлар барлығымен танушы субъектінің (адамның) санасында болады.Ойлар адамның ақыл есінде өмір сүреді. Материалды заттық образы да сезім арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихи түрлері
Философияның пәні қызметтері мен міндеттері
Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері
Материализм
Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері жөнінде эссе
Адамның дүниеге қарым – қатынасының мәнін ашу
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі
Қазіргі кейбір философиялық ағымдарға ғылым мен философияны бір - біріне қарсы қою
Таным және ғылым философиясы
Пәндер