Фольклор ұғымы. Ауыз әдебиеті түрлері. Совет фольклоры


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары :

  1. Фольклор ұғымы
  2. Ауыз әдебиеті түрлері
  3. Совет фольклоры
  4. Қорытынды

1. «Фольклор» - қазіргі тілмен айтқанда «әмбебап», яғни синкретикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі - сөз, музыка, хореография және театр өнері шоғырланған. Ауыз әдебиеті - талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген. Адамзат өзінің сонау балаң кезінде, табиғаттың жұмбақ, тұңғиық сырына ойы жете алмаған кезінде сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбағын шешсем, оны өз игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетімен бейнелеген. Адамның табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерілеуіне, адамның ой-санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең болауына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден келе жатқан рухани мұра екені «Құламерген», «Ер Төстік» ертегілерінен айқын танылады. Әлеуметтік жікке бөлінген қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, байлар мен соған тәуелділер, кедей-кепшіктер арасындағы күрес, тартыс ауыз әдебиетінің мұнан былайғы даму өрісінде кең қамтылған. Халық ауыз әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал мәтелдері, лиро-эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатпен сенген, соларды мадақтаған. Сондықтан, ауыз әдебиетіндегі бұқара өкілдері тек жақсы жағынан ғана суреттеледі, олар тамаша қасиеттері арқылы оқушыны өзіне еліктіре біледі.

2. Ауыз әдебиетінің түрлері. Халық ауыз әдебиеті әр салада, әр түрлі жанрда дамыған. Тұрмыс-салт жырларынан бастап, эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлыө өрісін танытады. Тұрмыс-салт әдебиетінің негізгі түрлері:

• тұрмыс салт жырлары;

• мақал-мәтелдер мен жұмбақтар;

• лиро-эпостық жырлар;

• айтыс өлеңдері;

• тарихи жырлар, шешендік сөздер.

Халық ең асыл өнері - бай ауыз әдебиеті арқылы өзінің тарихын, халықтық рухын бейнелеген. Қорыта келгенде, ауыз әдебиетінің толып жатқан түрлерін эпостық, драмалық және лирикалық жанрдың маңына топтауға болады. Қазақ ғалымдары да қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен еңбекті 1948 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбек те (қолжазба күйінде-ақ) кезінде сынға ұшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта болды да, аталмыш кітап «зиянды» деп танылып, ғылыми айналымнан алынып тасталды. Ал, шындығына келгенде, бұл еңбек - үлкен жұмыстың игілікті бастамасы еді, өйткені, сол тұстың өзінде-ақ қазақ әдебиетінің тарихын бірнеше том етіп жазу көзделген-ді. Сөз жоқ, бұл кітап - өз дәуіріне тән ғылыми тұжырымдарға сүйенді, сондықтан оның теориялық сапасынан гөрі идеологиялық, саяси ұстанымы басым болды. Дей тұрғанмен, бұл еңбекте фольклордың тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс болғанын айтпасқа болмайды. Мәселен, тоғыз бөлімнен тұратын томның бірінші бөлімі қазақ фольклорының зерттелуіне арналса, содан кейінгі екінші бөлімді пайда болу мерзімі жағынан ең көне деп есептелетін ғұрыптық фольклор мен ескі діни нанымдарға, сондай-ақ шаруашылыққа байланысты туған жанрлар құрайды: салт өлеңдері; мал, шаруашылық туралы өлеңдер; дін салт өлеңдері; наурыз; бақсы сарыны; бәдік, арбау, жалбарыну; жарамазан және жарамазанның батасы; үйлену салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң, шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту; жоқтау. Осыдан әрі қарайғы бөлімдер: ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық жырлары; айтыс өлеңдері; шешендік сөздер; тарихи өлеңдер; қазақ совет фольклоры деп берілген. Аталған бөлімдер, негізінен, фольклордың ХХ ғасырға жеткен күйіндегі көркем жанрларды қамтыған, алайда, мұнда ол жанрлардың қай дәуірде қандай күйде болғаны сөз болмайды, неден, қайдан пайда болғаны, қалыптасу барысында нелерге сүйенгені айтылмайды.

3. Сондай-ақ «Қазақ совет фольклоры» деген жеке бөлімнің болуы - зерттеушілердің сол тұстағы одақтық фольклортану мен әдебиеттануға тән ұстанымды басшылыққа алғанын айқын аңғартады. Мәселен, осы бөлімнің тараушалары мынадай: революциялық күрес кезеңіндегі өлең, жырлар; ауылды советтендіру жөніндегі өлең, жырлар; колхоз, өнеркәсіп өміріне байланысты халық әдебиеті; терме, мақалдар; қазақтың халық әдебиетіндегі Ленин, Сталин образы; ерлік туралы жырлар; халық әдебиетіндегі Аманкелді образы; Отан соғысы кезінің жырлары. Көріп тұрғанымыздай, тараушалардағы проблемалар азаматтық тарихтың ізімен, таза әдебиеттану шарттарымен қарастырылған және талданған шығармалардың дені - авторлық өлеңдер мен жырлар. Олар түгелдей таптық, советтік идеология тұрғысынан бағаланып, фольклорға ғана емес, бүкіл әдебиетке тән көркемдік-эстетикалық құндылығы жағынан қарастырылмаған. Сонымен қатар бұл бөлімде сол кездегі концепцияға сәйкес халық ақындары шығармашылығы мен фольклордың ара жігі ашылмай, біртұтас халық әдебиеті деп ұғыну орын алған. Сондықтан Ақмолда, Күдері, Жамбыл, Сәттіғұл, Иса, Нұрлыбек сияқты ақындардың өлеңдері совет фольклоры үлгісінде қаралған. Соның салдарынан бар деп есептелген совет фольклорының өзін дәуірлеу түгелдей дерлік ХХ ғасырдағы тарихи-қоғамдық кезеңдерге сәйкестендіріліп, фольклор өмір ағымына сай жедел өзгеріп отыратын рухани дүние емес екені ескерілмеген. Ал, «совет фольклоры» деген ұғымға келсек, ол көпке шейін ғылымда мойындалып келді. Совет фольклоры - толыққанды шығармашылық деген тұжырымды халық ақындарының өлеңдері мен жыр, толғаулары негізінде дәлелдемек болған еңбектің бірі - 1955 жылы жарыққа шыққан «Очерки казахской народной поэзии советской эпохи» атты кітап болды. Бұл кітапта жоғарыда айтылған концепциялық кемшіліктер толығымен көрініс тапты, ақындардың ауызша, импровизациямен шығарған өлең-жырлары халық поэзиясы деп танылды, ақындардың айтысы да халық поэзиясының туындысы санатына жатқызылды. Дәл осындай көзқарас кейінгі еңбектерде де орын алды. Мәселен, 1960 жылғы кітапта «Тарихи жырлар» бөлімінде 1916 жылғы көтеріліс туралы халық поэзиясын сөз еткенде ақындардың шығармалары талданады. Ал, 1968 жылы жарыққа шыққан еңбекте «Советский фольклор» деп аталатын тараушада дәстүрлі фольклор жанрларының жай-жапсарына қысқаша шолу жасалып, содан соң Жамбылдың, Исаның, тағы басқа ақындардың импровизаторлық өнері мен өлең-толғаулары туралы жазылады. Жалпы, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін бүкіл Кеңес Одағы фольклортануында орныққан қағида бойынша еңбекші бұқараның шығармашылығы ретінде жекелеген жыршылар мен сказительдердің ескі фольклорлық дәстүрге негіздеп жырлаған туындылары советтік эпос деп танылды. Сөйтіп, орыс фольклористикасында Марфа Крюкова секілді сказительдер шығарған былиналар, бізде ұлы Жамбыл, Нұрпейіс, Доскей, т. б. ақындарымыз шығарған жырлар фольклор деп қабылданды, ал, оларды зерттегенде әдебиет заңдылықтары басшылыққа алынды. Осы концепцияның айқын көрінісі - 1964 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбек болды. Бұл том түгелдей совет фольклорына арналды да, қазақ совет фольклоры туралы ғылымның даму тарихы; қазақ совет фольклорының даму жолдары деген екі үлкен бөлімді қамтыды, сондай-ақ совет фольклоры есебінде атақты халық ақындарының авторлық дастандары мен поэмалары да қарастырылды. Бір тәуірі - бұл шығармаларды талдағанда зерттеушілер олардың ежелгі фольклор поэтикасының ізімен, дәстүрімен шығарылғанын атап көрсетеді. Әсіресе, шығыс дастандарының үлгісінде туғандарын да, әрі өзіміздің жазба әдебиетіміздің әсерінен жазылғандарын да нақты мысалдар арқылы нанымды дәлелдеген. Ал, советтік өмірді бейнелеген шығармаларды реалистік көркем әдебиеттің талаптары негізінде талдау арқылы ғалымдар халық ақындарының дүниелері фольклорға келе бермейтінін мойындаған деуге болады. Совет өкіметі кезінде фольклор болды ма, жоқ па, болса - ол қандай еді - деген сауалдар төңірегінде ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында бүкіл одақтық фольклортануда үлкен пікірталас туды. Қорыта келе, «совет фольклоры» деген фольклор болған жоқ, сол ұғымның өзі де қате, ғылыми жағынан дәлелсіз дейтін тұжырым орнықты. Осыған орай есте ұстайтын нәрсе - фольклор деп тек қана ежелден келе жатқан авторы жоқ шығармаларды айту керек пе, әлде әр заманда туып, ел ішінде айтылып жүретін халық шығармашылығын да тану дұрыс па? Біздіңше, дәстүрлі фольклормен қатар бүгінде ел арасына тарап кеткен авторы беймәлім әртүрлі жаңа өлеңдер (әсіресе, қара өлең), мақалдар, әңгімелер мен анекдоттар - халық шығармашылығы ретінде фольклор болып саналуға тиіс. Әрине, бұлар ерте заманнан келе жатқан фольклордан ерекше, мұнда дәстүрлі фольклорлық поэтика жоқ, бірақ халықтық этика мен ұғым-түсініктер бой көрсетеді. Демек, бүгінгі таңдағы халық шығармашылығынан ежелгі фольклорды іздемеу керек. Сонымен бірге заманның, қоғамның талап-талғамына сай халық шығармашылығының түрі, орындалу мәнері өзгеше болуы ықтимал екенін, сондай-ақ халық шығармашылығы жаңа формада, айталық, отбасылық ансамбль түрінде де болуы мүмкін екенін де ескеру қажет. Қазақ фольклорының тарихын зерттегенде осының бәрі есте болуға міндетті. Фольклордың өзінің де тарихы, қалыптасу, даму жолдары бар екені, оның әр дәуірде әр түрде болатындығы - бүгінгі күнде күмән туғызбайтын ақиқат. Өткен ХХ ғасырдың өзінде-ақ қазақ фольклорының тарихи кезеңдерін қарастыруға ұмтылыс болды. Мысал ретінде жоғарыда аталған «История казахской литературы» атты еңбектің фольклорға арналған бірінші томын атауға болады. Кітапта

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ фольклортану ғылымының тарихы, даму кезеңдері фольклор табиғаты мен тарихы туралы әр кезеңдердегі пікір-тұжырымдар
Қазақ фольклорының тарихы және фольклористика ғылымы
Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі
Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр ұғымы
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Фольклордың жанырлық түрлеріне талдау
Бастауыш мектептің оқу процесінде ауыз әдебиеті үлгілері арқылы оқушылар бойынан адамгершілік тәрбиені қалыптастыру
Қазақ фольклорының тарихы
Қазақ фольклорының зерттелуі
Орал өңіріндегі қазақ фольклоры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz