Медициналық техникалар (әрекеттер)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ХИРУРГТЫҢ ҚОЛЫН ХИРУРГИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ӨҢДЕУ ТЕХНИКАСЫ 111 БҰЙРЫҚ
Донорларға диагностикалық процедуралар жүргізуде инфекция қауіпсіздігі шараларын жүргізуде асептика мен антисептика режимін сақтаудың маңызы зор.
Сілтемелер
ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті №111 23.04.2013 ж ҚР медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын зарарсыздандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымды бекіту туралы
Түсіндірмелер
Ауруханаішілік инфекция жұқтырудың алдын алу мақсатында медициналық қызметкер бөлімшедегі эпидемияға қарсы режиммен танысып, қызметтік міндетін атқару кезінде санитарлық талаптардың орындалуына көңіл бөлуі керек.
Ем-шаралар (процедура)
Қолды тазалаудың үш деңгейі бар: әлеуметтік, гигиеналық (қолды залалсыздандыру), хирургиялық (белгілі уақытқа қол стерилдігіне қол жеткізу);
1. Антисептикті қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу
2. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу(антисептик қолдану)
3. Қолды хирургиялық дезинфекциялау (антисептик қолдану)
1. Антисептикті қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу
Мақсаты: қолдың мирофлорасын механикалық әдіспен тазарту. Донорлар мен қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері:
донорларды қабылдау алдында, кейін, қызметкерлердің тамақтану алдында, кейін;
әжетханадан кейін
әр түрлі манипуляциялар жасағанға дейін, кейін
Ескертпе: Инфекциялық аурулармен қатынаста болғанда барлық жоғарыда аталған жағдайларды қолдың гигиеналық түрі жуылуы қажет.
Жабдықталуы: шынтақ дозаторы бар сұйық сабын, бір реттік салфетка.
Міндетті шарт: қол терісінің саулығы, қысқа боялмаған тырнақ.
Ем-шараға дайындық:
қол терісінің бүтіндігін тексеру, әшекей бұйымдарды, қол сағатты шешу;
шынтаққа дейін халат жеңін қайыру;
кранды ашу, су температурасын реттеу (35-40º);
Ем-шараны орындау
кранды сабынды сумен тазарту, қолды білектің 23 бөлігіне дейін ағынды су астында сабынап жуу, 30 сек, суреттегі қимылдармен

ХИРУРГТЫ КИІНДІРУ ТЕХНИКАСЫ
Мақсаты:​ ота кезіндегі асептикалық шарттарды қалыптастыру.
Қоры:​ стерильді киім мен жаялықтар салынған бикс, қолды залалсыздандыратын ерітінді.
Əрекеттер алгоритімі:
Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.
Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.
Биксті басқыштың көмегімен ашып, оның стерильдік индикаторын алып, күйін бағалаңыз.
Халатты жағасынан алып, хирургтың созылған қолына киюге ыңғайлы етіп ұстаныз.
Халатты хирургтың иығына тастаңыз.
Халат артындағы бауларды байлаңыз.
Хирургтын жеңіндегі бауларды байлаңыз.
Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см ара қашықтықта ұстаңыз, ұштарын көмекшіге беріңіз.
Қалтадан стерильді қалқаны шығарыңыз.
Қалқаны бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді
қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.
Бауларды көмекші байлайды.
Ескерту: залалсыздандырылған халат қолды хирургиялық əдіспен өңдегеннен кейін киіледі.


ОПЕРАЦИЯ АЛАҢЫН ФИЛОНЧИКОВ ГРОССИХ ӘДІСІМЕН ӨҢДЕУ ТЕХНИКАСЫ
Мақсаты: Операциялық алаңды залалсыздандыру.
Құралдар: қауіпсіз ұстара, 1% иод ерітіндісі,стерильді мақта тампондары,пинцет,70%спирт
Əрекет алгоритмі:
1. 1%иодонат ерітіндісіне малынған салфетка алыңыз.
2. Операциялық аймақты айқындалған тіліктен переферияға қарай 1% иодонит ерітіндісімен 2 рет сүртіңіз.
3.70% спиртке малынған салфетка алыңыз.
4. Айқындалған тіліктен переферияға қарай 70% спиртпен 2 рет операциялық аймақты сүртіңіз.
5. 1% иодонит ерітіндісі.
6. 1% иодонит ерітіндісімен теріні тігіс салар алдында жəне салынғаннан кейін сүртіңіз.
Ескерту:
Операция алдында науқасқа ортақ гигиеналық ванна жүргізіңіз
Төсек жəне науқас үстіндегі жайалықтарды ауыстыр.
Науқастың жыныс мүшесін операция алдында тазартыңыз
Отаға 30 мин қалғанда науқасты шешіндіріңіз.
Басына орамал тағыңыз
Аяғына бахила кигізіңіз.
Науқасты сүйретпелі арбаға жатқызыңыз
Ота бөліміне жеткізу.

АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН КЕТУДЕ РЕЗИНАЛЫ
ЖГУТТЫ ҚОЮ ТЕХНИКАСЫ
Мақсаты: Артериялық қан кетуді тоқтатау.
Көрсеткіштері:Артериялық қан кету.
Құралдар: Эсмарха резеңке жгуті,стерилденген перечатка ,үлкен салфетка немесе
сүлгі,таңғыш материал,қағаз қарандаш.
Əрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты қараңыз,сабырға шақырыңыз ,жатқызыңыз
2.Науқастың жағдайын анықтаңыз,жарасын қараңыз
3. Науқасқа мақсатымен əрекеттің жүрісін түсіндіріңіз.
4. Қолыңызды спиртпен өңдеңңіз
5. Стерилденген перчатка киіңіз.
6. Артерияны жəне сүйекті саусақпен қысыңыз.
7. Қан айналым жақсы жүру үшін аяқ қолды жоғары қалыпта қоямыз.
8. Резеңке жгут қою орнына қан кету аймағынан жоғары салфетка немесе сүлгімен ораңыз.
9. Қан кету тоқтату үшін резеңке жгутті қатты байлаңыз.
10. Келесі айналымдарды алдынғысын жаба отырып айналдырыныз.
11. Резеңке жгуттын бос жерін қысқышпен қысамыз.
12. Резеңке жгут дұрыс тұрған тұрмағанын анықтаймыз.

ҚЫСЫП ТАҢҒЫШ ҚОЮ ТЕХНИКАСЫ
Мақсаты: таңғышты ауыстыру, жараның микробты ластануын азайту, жарақатты микроб түсуден сақтау.
Көрсетілім: Жара жағдайы.
Қоры: 1. 3% сутегі асқын тотығы.
2. 0,5% нашатырь спирт ерітіндісі, 1% йодонат ерітіндісі, 70% спирт, 10% натрий хлор ерітіндісі.
Әрекет алгоритімі:
Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.
Стерильді қолғап киініз.
Ескі таңғышты пинцетпен шешініз, жара аймағында бір басынан екінші басына қарай.
Кепкен таңғышты 3% сутегі асқын тотығымен жібітініз.
Жара мен айналасындағы тіндерді қараныз.
Жара айналасындағы теріні әуелі құрғақ мақта шаригімен, кейін 0,5% нашатырь спирт ерітіндісіне малынған мақта шаригімен жара шетінен переферияға қарай тазаланыз.
Жара айналасындағы теріні антисептиктердің бірімен өңденіз: 1% йодонат ерітіндісімен, кейін спиртпен.
Жараны 3% сутегі асқын тотығымен жуыныз, егер жарада ірің болса мақта қысқышпен.
Жараны кептіріп, жарада 10% натрий хлор ерітіндісіне малынған турунда немесе тампон қалдырыныз.
Стерильді салфетка немесе мақта қолданып жаңа таңғыш қойыныз.
Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітініз.
Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

БҰРАУ САЛУ ТЕХНИКАСЫ
1.Бұрау (жгут) салу-ең сенімді тәсіл. Алайда ол, көбінесе аяққолдың қанауында қолданылады. Қан тоқтатушы бұрауұзындығы 1,5 м, бір ұшы темір сақинамен, екінші жағынан ілмекпен аяқталатын рәзеңке жолағы. Артерия қанап жатқаны анықталса, бұрауды жарақаттанған жерден жоғарырақ салады. Бұрау салатын жерді жұмсақ материалмен орайды, яғни жұмсақ төсеніш салады. Бұрауды созып тұрып, 2-3 тур салады, соңынан қалған турларды аяқтап, сақинамен ілмекті бекітеді. Бұрауды салған уақытты белгілеу керек. Себебі, аяқтағы артерияға бұрауды 2 сағаттан, ал қолдағы артерияға 1,5 сағаттан артық уақытқа салуға болмайдв, Ол аяқ-қолдың салдануына әкеледі. Бұрауды дұрыс салғанымызды тексеру үшін, перифериялық тамырдағы пульсацияның бар жоқтығын анықтаймыз.Бұл кезде аяқ не колдың тері жабындысы сәл балауыз тәріздес, бозарған түсте болады. Егер науқасты тасымалдау 1,5-2 сағаттан ұзақ созылатын болса, бұрауды 10-15 минутқа, артериалды ағын қалыпқа келгенше, босатып отыру керек. Бұл кезде жарақаттанған артерияны саусақпен баса тұрады. Бұрауды қайта саларда, тура сол жерге емес, жоғары не төменірек салған жөн. 2.Артерияны саусақпен басу. Барлық ережелерді сақтай отырып, дұрыс қыссақ, қанның тоқтауына әкеледі. Бірақ бұл уақытша ғана. Себебі 15-20 минуттан артық саусақпен басып тұру мүмкін емес. Артерияны беткей жақтан сүйекке басу керек: ұйқы артериясын IV-мойын омыртқасын көлденең өсіндісіне, бұғана асты артериясын-I-ші қабырғаға, иық артериясын-тоқпан жіліктің ішкі бетіне қарай, сан артериясын-қасаға сүйегіне басады. Ұйқы артериясымен салыстырғанда, иық пен сан артериясын басу оңайырақ. Ал бұғана асты артериясын басу, одан да қиын. Сондықтан бұғана саты және қолтық асты артериясы артериясы қанағанда, қолды неғұрлым артқа салу керек. Бұл кезде бұғанаасты артериясы, бұғана мен I-ші қабырға арасында, қысылып қалады. Бұрауды салар алдында немесе ауыстырарда саусақпен басу өте маңызды.



ЦОЛИКЛОНДЫ ҚОЛДАНЫП ҚАН ТОБЫН АНЫҚТАУ ТЕХНИКАСЫ
Құрғақ пробиркаға венадан қан алып, тыныштыққа қояды сарысу бөліну үшін 20-30 минутқа.
Ақ пластинкаға (планшетке) солдан оңға қарай : анти - А, анти - В, және анти - Д цоликлондарын тамызамыз.
Жоғарғы жағына қан тобын анықтайтын адамның фамилиясы мен инициалдарын жазады.
Анти - А, Анти - В, Анти- Д цоликлондарын үлкен тамшымен (0,01 мл) тамызады.
Антитела тамшылары жанына зерттейтін қаннан кіші тамшыдан (0,01- 0,03) құямыз да араластырамыз.
Пластинканы 3 минут шайқап тұрып бақылаймыз, цоликлондар мен эритроциттер агглютинациясы бастапқы 3 - 5 секундта байқалады.
Анти - А цоликлоны және анти - В цоликлондарымен агглютинация жоқ болса, онда қан 0 (I) топқа жатады.
Егер тек анти - А цоликлонымен агглютинация (+) байқалса, онда қан А (2) топқа жатады Егер тек анти - В цоликлонымен агглютинация (+) байқалса, онда қан В (3) топқа жатады
Егер анти - А цоликлоны және анти - В цоликлондарымен агглютинация бар болса (+), онда қан АВ (4) топқа жатады.

ЭКСПРЕСС ӘДІСПЕН РЕЗУС ФАКТОРДЫ АНЫҚТАУ
Мақсаты: Резус факторды анықтау
Көрсетілім: Ота кезінде жəне ота алдында қан құю қажеттілігі.
Қоры: Стерильді салфетка, стерильді қолғап 1% йодонит, мақта - марлілі тампо, бинт, антисептик ертіндісін, 2 пинцет, спирт, ауру сезімін басатын заттар, КБУ.
Əрекеттер алгоритімі:
1. Универсалды резус реогенттің сапасын сырт бейнесінен бағалаңыз, ампула сақталынып, қан тобы көрсетілген əрекетке, титр, сақталу мерзімі.
2. Науқасқа процедура мақсатын түсіндіріңіз
3. Науқасты жалпы жағдайын бақылай алатындай жатқызыңыз
4. Қолды гигиеналық дəрежеде тексеріңіз
5. Стерильді қолғап киіңіз
6. Конусты ыдысқа 2 тамшы сарысу енгізіңіз
7. Спиртке малынған мақта тампонымен науқастың сол қолының сұқ саусағын өңдеңіз
8. Пипеткамен 1 тамшы қан қосыңыз
9. 5 мин ыдысты шайқаныз
10. Нəтижені көріңіз
11. Егер аглютинация болса науқастың қаны резус-оң
12. Егер аглютинация болмаса науқастың қаны резус-теріс
13. Псевдо аглютинацияны бөлу үшін ыдысқа 2 тамшы физиологиялық ертінді қосыңыз
14. Қолғапты шешіп КБУ-ға тастаңыз
Ескерту: Жалған аглютинация профилактикасы үшін бөлме температурасы 15-25 С болу керек.



ПОЛИГЛЮКИНМЕН РЕЗУС СӘЙКЕСТІКТІ ТЕКСЕРУ ТЕХНИКАСЫ
Мақсаты: Рецепиент пен донор қанының үйлесімділігін анықтау.
Көрсетілім: Гемотрансфузия.
Дайындау: донор қаны, 33% полиглюкин ерітіндісі, рецепиент қанының сары суы, шыны таяқшалар, пипеткалар, Петри шынысы, шприц, ине, стерильді мақта марлісі, стерильді пинцет, стерильді қолғап, құм сағат, су банясы,КБУ.
Əрекеттер алгоритімі.
Шыны түбіне 2 тамшы науқас сары суын, 1 тамшы донор қаның, 1 тамшы 33% полиглюкин енгізініз.
Шыныны шайқаныз.
Шыныны шалқайтып, 5 мин ішінде баяу араластырыныз.
Шыныға 3-4мл изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін қосыныз.
Шыныны шалқайтып 2-3 рет араластырыныз.
Түсіне қарап нəтижені бағаланыз.
Егер аглютинация болмаса қандыы құюға болмайды.
Егер аглютинация болса реакция теріс, қанды құюға болады.
Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.
Ескерту: Жалған аглютинация профилактикасы үшін бөлме температурасы 15-25 С болу керек.

БИОЛОГИЯЛЫҚ СЫНАҚ АЛУ ТЕХНИКАСЫ
Мақсаты: донор мен рецепиент қанының сәйкестігін анықтау.
Көрсетілім: қан құю.
Қоры: донор қаны, қан құюға арналған система, стерильді марлі шариктері, спирт, стерильді пинцет, стерильді қолғап,КБУ.
Әрекеттер алгоритімі:\
1. науқасқа процедура мақсатын түсіндіру.
Науқасты жалпы жағдайын бақылай алатындай жатқызыңыз.
Қолды гигиеналық дәрежеде тексеріңіз.
4. стерильді қолғап киіңіз.
5. системаны дайынданыз.
10-15мл қан жіберініз.
Системаны 3 мин жабыныз.
Науқастың жағдайын бағаланыз.
10-15мл қан жіберініз.
Системаны 3 мин жабыныз.
Науқастың жағдайын бағаланыз.
10-15мл қан жіберініз.
Науқастың жағдайын бағаланыз.
Қалған қанды мин 8-10 тамшыдан баяу құйыныз.
Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

ЧЕПЕЦ ТАҢҒЫШЫН САЛУ ТЕХНИКАСЫ
Мақсаты: бастағы таңу материалын бекіту үшін.
Көрсетім: бастың желке тұсы мен маңдайдың жарақаттануы кезінде.
Қажетті құрал-жабдықтар:ені 10 см бинт, қайшылар.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
2. Ұзындығы 80см - 1м бинттің кесіндісін дайындаңыз.
3. Бинт кесіндісінің ортасын бас төбесіне орналастырыңыз; бинттің ұштарын науқас немесе көмекші ұстайды.
4. Бинттің ұштарын төбе арқылы құлақ қалқандарының алдынан жіберіңіз.
5. Ені 10см болатын бинтті алып, бастың (1 айналым) - маңдайдың және желкенің айналасынан бекіткіш циркулярлы айналым жасаңыз.
6. Бинтті екі айналыммен байламға дейін жеткізіп, желкені және бас төбесін жаба отырып, оның айналасына қиғаш жүргізіп орау.
7. Байлам арқылы қарама-қарсы жаққа лақтырыңыз да маңдайды және бас төбесін (3айналым) жаба отырып қиғаш жүргіз.
8. Бас сүйегінің күмбезі жабылғанға дейін 2 және 3 айналымдарды қайталаңыз.
9. Циркулярлы айналыммен 1-2 рет бекітіңіз.
10. Таңғышты иектің астындағы тік ұштармен байланыстыра отырып ораңыз да бинттің ұштарын бір жиекке бекітіңіз.


САҚПАНША ТӘРІЗДІ ТАҢҒЫШЫН САЛУ ТЕХНИКАСЫ
Сақпанша тәрізді - мүшені жақсы көрсетіп тұратын тығыз,бірақ серпімді материалдан(бөз,кенеп) жасалады. Буындарға жиі салынады. Бинттік таңғыштар - былайша бөлінеді: - циркулярлық таңғыштар - бинттік таңғыштардың ең қарапайым түрлерінің бірі. Салыну техникасы мынадай: байланатын мүшеде бинттің шетін қисық бағытта ұшынан ұстайды, ал оң қолмен барлық жері жабылатындай етіп, бинтті ашады.
Осылайша, циркулярлы таңғыштың ені бинт енінен аспайды. Шектлеген аймақтарда қолданады, олармен бинттік таңғыштардың басқа түрлерін бастап,аяқтайды. - спираль тәрізді таңғыштар - бинттің төменнен жоғары қарай спиральды оралуымен сипатталады, сол кезде әрбір байлам алдыңғысын бинт еніне 13 немесе (12) қатынасында жауып тұрады. Бинттеуді циркулярлы таңғыштың екі немесе үш ораумен бастап,аяқтайды. Әдетте аяқтарды таңғанда қолданады.
- бүгілулері бар спираль тәрізді таңғыш - әдеттегі спираль тәрізді таңғыш дұрыс ұстамаған жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, қисық бағытта байланатын бинт жүрісі болуы үшін циркулярлы таңғышты пайдаланады. Сол қолдың бас бармағымен бинттің төменгі бөлігін бекітеді,ал оң қолмен бинтті басқа жаққа қарай бұрып,ішкі жағы сыртында,ал сыртқы жағы ішінде қалатындай етіп салады. Бұл әдісті бинтті әрбір айналдырған кезде қолданады. - сырғымалы таңғыш - бинттің жүрісі бұранда тәрізді төменнен жоғары қарай жүреді және әрбір келесі жүріс алдыңғысынан бинт ені бойынша қалып отырады. Астарлы материалды бекіту үшін қолданады. - сегіздік тәрізді таңғыш - бинтті таңғыштың бұл түрі сегіз санына ұқсас. Спиральды таңғыш тұрмайтын тұсамыс немесе білек буынына салынады.Циркулярлы түрден бастап,бинтті солдан оңға қарай қиғаш бойымен жоғары апарады. Буыннан жоғары жерде бірнеше циркулярлы жүрісті салады және ол алдыңғы жүріспен(төменне жоғары қарай) қиылысатындай етіп,бинтті қиғашынан жоғарыдан төмен қарай бағыттайды. төмен қарай бағыттайды.

ЕКІ КӨЗГЕ ТАҢҒЫШ САЛУ ТЕХНИКАСЫ
Бір көзге таңғыш салу- ол үшін бинттің алғашқы 2 орамы айналмалы таңғыштай бастың маңдай мен шүйдесін айналдыра салып, бекіткен соң, үшінші өрім шүйдеден қиғаш құлақ асты арқылы бетін жауып, ауру көзді басып, алдыңғы өрімге жетіп, қайта айналмалы жолмен өтіп, шүйде арқылы құлақ астымен бетке шығып, көзге салынған өрімнің жартысын басып, түгел жабылғанша қайталанады. Бинтті таңғыш оң көзге- солдан оңға, ал сол көзге- оңнан солға қарай салынады.
Екі көзге таңғыш салу- ол үшін бинттің алғашқы 2 орамы айналмалы таңғыштай бастың маңдай мен шүйдесін айналдыра салып, бекіткен соң, үшінші өрім шүйдеден қиғаш құлақ арқылы өтіп, бетін жауып, бір көзінің үстімен өтеді. Одан әрі тағы да екінші өрімді айнала өтіп, шүйдемен маңдай арқылы қиғаш төмен қарай өтіп, қарсы жақтан көзді жабады да, бинттің өрімін құлақ арқылы өтіп, қарсы жағында құлақтың астына жеткізіп, өрлемелі жолмен алдыңғы өрімді басады да, осылай қиғаш бағытта жалғастырып, екі көз жабылғанша орындалады, болған соң бинт ұштарын бастапқы салынған аймақта бекітеді.

БАРЛЫҚ САУСАҚҚА СПИРАЛЬДЫ ҚОЛҒАП ТӘРІЗДІ
Науқасты тыныштандырып ем-шара барысын түсіндіру
Науқастың келісімін аламыз.
Қолдарымызды гигиеналық антисептикалық өндеуден өткізу
4. Резеңке қолғап кию.
Науқасты өзімізге қарап отырғызып жараққаттанған қолды үстелдің үстіне қою;
6. Бинтті сол қолға ал ұшын оң қолға ұстау;
7. Білезік тұсынан бекіту жасау;
8. Білезіктен қолдын сыртымен қиғаш саусақтын ұшына апару(1орам)
9. Саусақтын ұшынан спираль тәрізді төменге саусақты орау(2 орам)
10. Қолдын сыртымен білезікке түсіп циркулярлы орау(3орам)
11. 1-ші,2-ші,3-ші орамдарды қайталап, келесі саусақтарды орап байлау.
12. Таңғышты айналмалы түрінде білезікке орап бекіту.
13. Қолғапты шешу, ҚКҚ тастау.
14. Қолымызды жуып, кептіру.
Ескерту:
1. Оң қол бас бармақтан бастап таңылады. Ал сол 5ші саусақтан.
2.Барлық саусақтарды бинттеу дұрыс тану кезінде алақан ашық болу керек.

ДЕЗО ТАҢҒЫШЫН САЛУ ТЕХНИКАСЫ
Дезо таңғышы- ол бұғана, иық сүйегі сынғанда және иық буынын салғанда, олардың кеудеге қысып ұстатып қозғалтпау үшін салынады. Қолды шынтақ буынында 90° иіп, білекті кеудеге қысып тұрады. Зақымдалған жақтағы қолтық астына мақтадан жасалған жастық қойылады. Бірінші айналымы жолмен зақымдалған оң иық сүйегі кеудеге таңылады. Бинтті орау солдан, оңға қарай басталады. Екінші орам қарсы қолтық астынан, ауру қолдың иығының үстіне қарай тартылып, иық үстімен төмен қарай арқасы арқылы өтіп, тік түсіп, шынтақ буынды басып, білекті денеге қарай қысып ұстайды да, бинтті қиғаш бағытпен сау жақ қолтық астымен арқасына қарай өтіп, зақымдалған иық үстімен төмен түсіп білектін ортасымен артына қарай өтіп, сау жақ қолтық астына қарай қиғаш бағытталады да, екінші орамының жолмен қайталанады. Бинтті орау таңылған қол толық, берік ұсталғанша орындайды. Вельпо таңғышы- зақымдалған қолдың саусақтарын сау иықтың үстіне қояды. Ирек таңғыш ережесімен ауру қолды ұстатады, содан сон бинтті сау қолтық пен арқасы арқылы қиғаш бағытпен зақымдалған иық үстімен тік төмен иық сүйек арқылы шынтақты іліп, көлденең бағытта кеудені айналдыра қолды қайталап ұстатады.



ИЫҚҚА МАСАҚ ТӘРІЗДІ ТАҢҒЫШЫН САЛУ ТЕХНИКАСЫ
Мақсаты: жарақаттану кезінде қолдарды қозғалтпау.
Көрсетім: таңу материалын, гипсті лонгетті, таңғыш қалақты бекіту үшін.
Қажетті құрал-жабдықтар: жалпақ бинт, қайшылар.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Иықтың сыртқы иінінің айналасынан (1 айналым) 1-2 бекітуші циркулярлы айналым жасаңыз.
2. Бинтті көкірек қуысының артқы бетінен жіберіңіз.
3. Көкірек қуысын қарама-қарсы жақ қолтық асты ойысы арқылы циркулярлы бүгіңіз.
4. Бинтті зақымдалған жақтан кеуде алдымен иыққа қарай жіберіңіз (3 айналым).
5. Иықты циркулярлы бүгіп, бинтті арқаның артымен , келесі айналымды (12) және 23 жаба отырып шығарыңыз.
6. Иық буындарының тұсы толығымен жабылғанша 1 және 2 айналымдарды қайталаңыз.
7. Бинтті иық буынынан төмен бекітіңіз.
Бас бармаққа салу- оған масақ тәрізді таңғыш салынады. Ол үшін бинттің алғашқы 2 орамы айналмалы таңғыштай білезік буынында салынып, біткен сон, келесі 3 өрімді қиғаш қолдың сыртымен саусақтың басына жеткізеді де, бас бармақтың басынан бастап иректеле салынып, қайта білезікке келеді де, бір оралғансоң қайта алақан жағымен алдыңғы өрімнің жартысын баса оралып, қайта білезікке келеді, ол жерде бір оралып, қолдың сыртымен қайта бармақтағы алдыңғысын басып, алақан жағымен қайта білезікке келеді, міне осылай бас бармақ түгел жабылғанша қайталана береді.

СИРАҚ АСЫҚ БУЫНЫНА ТАҢҒЫШ САЛУ ТЕХНИКАСЫ
Сирақ сүйектерінің сынықтары түтікті сүйек зақымдарының ішінде үшінші орында тұр. Анатомо-биомеханиалық ерекшеліктері. Жілікті сүйектер бірбіріне параллель орналасқан және сүйекаралық мембранамен, проксимальды және дистальды синдесмоздармен байланысқан. Үлкен жілік тірек қызметін атқарады. Оның сынуы айқын функционалды бұзылыстарға әкеледі. Ол алдынан теріге жақын орналасқандықтан, ашық сынықтары жиі кездеседі. Үлкен жіліктің төменгі үштен бірінде бұлшықеттермен қапталмаған артериялар сүйекке тармақтарын бермейді. Сондықтан төменгі бөлімнің сынықтары басқа бөлімдерге қарағанда ұзақ бітіседі. Кіші жілік тірек қызметін атқармайды, тек бұлшықеттерді бекіткіш болып табылады. Диафизінің жекеленген сынығы шамалы ғана функционалды бұзылыстарға әкеледі. Бірақ, кіші жілік мойнының сыртында арттан алдыға кіші жілік нервісі өтетінін жарақат кезінде ескеру қажет. Классификация. Орналасуына байланысты диафиздің жоғары, ортаңғы, төменгі үштен бірі; жілік аралық қосылыстың проксимальды бөлімінің(кіші жілік басының шығуы), жекеленген кіші және үлкен жіліктің сынықтары; қос жіліктің сынуы. Сыну жазықтығының сипаты бойынша көлденең, қиғаш, винт тәрізді, жарықшақты, сегментарлы сынықтар. Ығысуына байланысты ығысумен және ығысусыз деп бөледі. Диафизарлы сынықтардың негізгі жіктелуі үлкен жілікке байланысты. Кіші жілік, үлкен жілік сынған жерде немесе басқа деңгейде сынуы мүмкін.
Кіші жілік диафизінің жекеленген сынықтары Жарақат механизмі - тура соққы. Диагностика. Мұндай сынықтарда айқын клиникалық көрінісі болмайды, сондықтан диагностикасы қиынға соғады. Айқын ығысу болмайды, сыныққа байланысты деформация көзге көрінбейді. Сынықшаларды пальпациялап, қозғалғыштығы анықталмайды. Сирақтың тіреуіш қызметі аз зақымдалады, кей жағдайларда науқастар аяғына жүктеме түсіріп жүргенде сынған аймақта ауырсыну күшейеді. Тұрақты симптомдары сынған аймақтағы ауру сезімі және пальпаиялағанда жергілікті ауырсыну болып табылады. Кіші жіліктің сынығын соғуынан ажырату үшін мына әдіс қолданылады. Ауырсыну аймағының шетінен жілікті бір-біріне жақындатып, сирақты қысады. Сынық бар болған кезде ауырсыну басқан жерде емес, зақымдалған аймақта пайда болады. Радиологиялық диагностика. Екі стандартты проекциядағы рентгенограммада диагнозды күмәнсіз қоюға болады. Ауруханаға дейінгі көмек санның ортаңғы үштен бірінен аяқ бақайларына дейін шина салу. Ауырсыну синдромы айқын көрінбейді. Емдеуі қиыншылық тудырмайды, амбулаторлы жағдайда жүргізуге болады. Диагноз анықталғаннан соң, санның ортасына дейін артқы гипсті лонгета 3-4 аптаға салынады. 10 күннен кейін зақымдалған аяққа жүктемені азайтып жүруге болады(балдақтың көмегімен). Жұмысқа жарамдылығы 5-6 жұмадан соң қалпына келеді. Асқынуы. Сынық адекватты емделмесе де, табиғи шиналауға байланысты, үлкен жіліктің бүтіндігі арқылы бітісіп кетеді. Кіші жілік мойны сынуында кіші жілік нервісі зақымдалады.
ҚОЛ САУСАҚТАРЫНА ҚАЙТАЛАНБАЛЫ ҚОЛҒАП ТАҢҒЫШЫН САЛУ ТЕХНИКАСЫ
Бір саусаққа салу- ол үшін бинттің алғашқы 2 орамы айналмалы таңғыштай білезік буынында салынып, бекіткен соң, келесі 3 ші өрімді қиғаш қолдың сыртымен саусақтың басына жеткізеді де, сол саусақтың басынан бастап келесі өрімдерді, алдыңғысының 32 сін жауып, иректелініп саусақ негізіне жеткенде, сол өрім қол сыртымен білезікке келіп, бекітіледі.
Бас бармаққа салу- оған масақ тәрізді таңғыш салынады. Ол үшін бинттің алғашқы 2 орамы айналмалы таңғыштай білезік буынында салынып, біткен сон, келесі 3 өрімді қиғаш қолдың сыртымен саусақтың басына жеткізеді де, бас бармақтың басынан бастап иректеле салынып, қайта білезікке келеді де, бір оралғансоң қайта алақан жағымен алдыңғы өрімнің жартысын баса оралып, қайта білезікке келеді, ол жерде бір оралып, қолдың сыртымен қайта бармақтағы алдыңғысын басып, алақан жағымен қайта білезікке келеді, міне осылай бас бармақ түгел жабылғанша қайталана береді.
Қолға қолғап тәрізді таңғыш салу- бұл кезде бір саусаққа салатын таңғыш ережесін орындау қажет. Сол қолға салғанда- V саусақтан, ал оң қолға салғанда І- саусақтан бастау керек.
Қолға қайталамалы таңғыш салу- ол үшін бинттің алғашқы 2 орамы айналмалы таңғыштай білезік буынында салынып, бекіткен соң, келесі 3-ші өрімді қиғаш қолдың сыртымен саусақтардың басына жеткізеді де, қайтадан қайырып алақан жағымен білезікке келіп, қайта қайырып оны саусақ бастарына жеткізіп, қайырып қолдың сыртымен білезікке келеді, осылай бірнеше ораммен қолды толық жауып болған соң саусақтардың басынан басып, білезікке дейін ирек таңғыш ережесімен байлап, бинт ұштарын білезік буын үстінде бекітіп, артық ұшын кесіп тастайды.

ҚОЛҒА ОРАМАЛ ТӘРІЗДІ ТАҢҒЫШ САЛУ ТЕХНИКАСЫ
Мақсаты: қолдарды қозғалтпау.
Көрсетім: бұғананың және қолдардың зақымдалуы.
Қажетті құрал-жабдықтар: мақта-мата кездемесінің үшбұрышты тілімі, түйреуіш.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Емделушінің зақымдалған қолын физиологиялық жағдайға келтіріңіз (шынтақ буынын бүгіп, кеудеге қарай әкеліңіз).
2.
3. Емделушінің зақымдалған қолының білегін, үшбұрыштың ұшы шынтақтан кейін болатындай қылып байлаңыз (зақымдалған қолдың қалпын бұзбай).
4. Үшкіл орамалдың бос ұштарын емделушінің мойнының артқы жақ аумағынан байлаңыз.
5. Үшкіл орамалдың бас жағын иықтың алдыңғы бетінің аумағында түйреуішпен бекітіңіз.



КЕУДЕ ҚУЫСЫНА СПИРАЛЬДЫ ТАҢҒЫШ САЛУ ТЕХНИКАСЫ
Кеудеге: спиральді таңғыш салады. Бинттен 1,5 м бөлік кесіп алып, бір үшы арқада, ал бір ұшы кеудеге салбырап тұратындай етіп сау білекке дояды, семсер түріндегі үшынан әжептәуір төмен айнала жүріспен бинтті бекітеді, осыдан кейін төменнен жоғарыға спираль секілді айналдыра барлық кеуде клеткасын қолтық астына дейін орайды және осы жерде айнала жүріспен бекітеді. Бинттің бос салбырап тұрған бөлігін (1) оң иықтан ары тастап, арқада салбырап тұрған ұшьшен байлайды.
Ирек тәрізді таңғыш- қосымша бинт бөлігін, қиғаш сол иықтан кеуденің алдымен артына қарай салбыратып салады да оның үстіне кеудеге төменнен жоғары қарай қолтық астына дейін ирек таңғыш салынады да ұштарын бекітеді. Содан соң ирек таңғыш астандағы салбыраған бинттің ұштарын жоғары қайырып, оң жақ иық арқылы өткізіп, ұштарын артына байлап, артық ұштарын кесіп тастайды.
Дезо таңғышы- ол бұғана, иық сүйегі сынғанда және иық буынын салғанда, олардың кеудеге қысып ұстатып қозғалтпау үшін салынады. Қолды шынтақ буынында 90° иіп, білекті кеудеге қысып тұрады. Зақымдалған жақтағы қолтық астына мақтадан жасалған жастық қойылады. Бірінші айналымы жолмен зақымдалған оң иық сүйегі кеудеге таңылады. Бинтті орау солдан, оңға қарай басталады. Екінші орам қарсы қолтық астынан, ауру қолдың иығының үстіне қарай тартылып, иық үстімен төмен қарай арқасы арқылы өтіп, тік түсіп, шынтақ буынды басып, білекті денеге қарай қысып ұстайды да, бинтті қиғаш бағытпен сау жақ қолтық астымен арқасына қарай өтіп, зақымдалған иық үстімен төмен түсіп білектін ортасымен артына қарай өтіп, сау жақ қолтық астына қарай қиғаш бағытталады да, екінші орамының жолмен қайталанады. Бинтті орау таңылған қол толық, берік ұсталғанша орындайды.
Вельпо таңғышы- зақымдалған қолдың саусақтарын сау иықтың үстіне қояды. Ирек таңғыш ережесімен ауру қолды ұстатады, содан сон бинтті сау қолтық пен арқасы арқылы қиғаш бағытпен зақымдалған иық үстімен тік төмен иық сүйек арқылы шынтақты іліп, көлденең бағытта кеудені айналдыра қолды қайталап ұстатады.

СҮТ БЕЗІНЕ БИНТТІ ТАҢҒЫШ САЛУ ТЕХНИКАСЫ
Мақсаты: таңу материалын бекіту үшін.
Көрсетім: мастит жөніндегі операциялар, жарақаттар, сүт бездерінің күйіктерінде.
Қажетті құрал-жабдықтар: ені 20см бинт, қайшылар.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
2. Бинттің бастапқы алдыңғы жағын сол қолыңызға, ал бинттің өзін оң қолыңызға ұстаңыз (егер де таңғыш оң жақ сүт бездеріне салынатын болса)
3. Сүт бездерінің астынан екі бекітуші айналым бинттерін жасаңыз.
4. Бинтті арқа бойымен қолтық асты ойысына қарай жүргізіңіз.
5. Сүт бездерін астынан қапсыра, бинтті қиғаш жоғары қарсы иықтың үстіне қарай бағыттаңыз.
6. Бинтті арттан арқа бойымен қолтық асты ойысына қарай жүргізіңіз (ауыратын сүт безі жағынан).
7. Сүт бездерін үстінен қапсыра, бинтті сау сүт безі жағынан қолтық асты ойысына қарай жүргізіңіз. 4,5,6 бөлімдерді қайталаңыз.
8. Барлық бездер таңғышпен тұтас жабылмай, дәкелеу айналымдарын жасауды тоқтатпаңыз.
9. Дәкелеуді екі бекітуші айналымдармен сүт бездерінің астынан аяқтаңыз. Таңғыш шетін қиыңыз да байлаңыз.



ГИППОКРАТ ТАҚИЯСЫ ТАҢҒЫШЫН САЛУ ТЕХНИКАСЫ
Мақсаты: басқа таңғыш қою.
Көрсетілім: Бас жарақаты.
Қоры: ені 20см екі дəке, қайшы, лейкопластырь.
Əрекет алгоритімі:
Науқасты өзіңізге қарама-қарсы отырғызыңыз, манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.
15 см - ге жайылған дəке алыңыз.
1 дəке ұшын 2-дəке ұшына қойыңыз, 2 ұшы бар дəке шығады.
2 ұшы бар дəкені сол жəне оі қолыңызға алыңыз.
Дəкені маңдай бөлігіне қойып, дəкенің 2 ұшын желкеге қарай өткізіңіз.
Шүйде аймағында қиыспа жасаңыз: 1- ші дəке ұшын шүйдеден маңдайға бас сүйектерін жауып, 2-ші дəке ұшын басты айналдыра ораңыз.
1-ші дəкемен маңдайдан шүйдеге қарай ораңыз, 2-ші дəкемен маңдайда қиыспа жасаңыз. 2-ші дəке бастың қарақұс аймағынан өтеді, 1-ші дəке айнала оралады.
Қарақұс аймағы толық қамтылып жабылғанша ораңыз.
Бас жіктері жабылғанша дəкелеуді жалғастырыңыз.

Сегіз суретті сипаттайтын таңғыштың қозғалуымен аталған крест тәрізді немесе сегіз пішінді таңғыш буындарды, бастың, мойынның, қолдың және кеудедің артқы жағын таңуға ыңғайлы.
Кейбір кеуде жарақаттарымен, мысалы, пышақ пен сынық жараларымен, плевраның тұтастығы бұзылып, плевра қуысының атмосферамен үнемі байланысы қалуы мүмкін. Жарақат аймағында кіру және шығу кезінде сықырлау, шапалақтау естіледі. Дем шығарғанда жарадан қан кету күшейеді, қан көбіктенеді. Мұндай жарақат кезінде PMP-ді қамтамасыз ету кезінде плевра қуысына ауаға қол жеткізуді мүмкіндігінше тезірек тоқтату қажет. Мұны істеу үшін, жараға кішкене төртбұрыш түрінде бүктелген таңғыш пакеттен немесе дәке майлықтардан жасалған мақта-дәке жастықшасы қолданылады. Олардың үстіне ауа өткізбейтін материал (компресс сияқты) қолданылады - клеенка, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық техниканы жіктеу
Сот химиялық сараптама
Радиациялық және химиялық қорғау
Телемедицина мақсаты
Мейірбикенің коммуникативтік қарым - қатынас дағдылары
Табиғаттағы экстремалды жағдайлар
Су басқан аумақтағы адамдарды шұғыл іздеу ұйымдары
Психоллогия консультация жайлы анықтама беру
GPS жаһандық позициялау жүйесінің ерекшеліктері
Кәсіби оқыту психологиясының мазмұны
Пәндер