Кәсіпорын брендингінің сатып-алушының мінез-құлқына әсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорын брендингінің сатып-алушының мінез-құлқына әсері қандай?
Өзінің тамырымен брендинг тереңге кетеді. Ең алғаш брендингтің көріністері Ежелгі Египетте қолөнершілердің өз тауарын ерекше маркамен белгілеуінен басталады, ары қарай римдіктер мен гректерге тарап, 1266 жылдан Ұлыбританияда әр өнімге ерекше белгі қоюды талап етуінен басталады.[1] Брендингтің шынымен ұғым және маркетингтік құрал ретінде дамуы тек XX ғасырдың екінші жартысынан, ал ТМД елдерінде оның дамуы тек XXI ғасырдан басталған. Оның себептері-нарық көлемінің үлкеюі, жаңа өнімдердің пайда болуы, халықаралық нарыққа кіруі.
Тарихи "брендтің" негізгі функциясы мүлікті сәйкестендіру болған, қазіргі таңда ол өзгеріске ұшырап негізгі функциясы-кәсіпорынды бәсекелестерден айырмашылығын қамтамасыз етіп, өнім мен тұтынушы арасындағы қарым-қатынасты сақтау.[2] Филипп Котлер "Маркетинг негіздері" атты трактатында "бренд" термині "кез-келген мағына мен ассоциация туғызатын кәсіпорын атауы, тауар белгісі"-деп көрсетеді.[3] Ал компанияны, яғни брендті ары қарай дамыту мен жылжыту процесін "брендинг" деп атайды.
XIX ғасырдың соңғы онжылдығында ҚР-да экономикалық тұрғыдан көптеген өзгерістер орын алды, нәтижесінде қазіргі таңда ҚР-да 485 000 астам кәсіпорындар бар және әлі де көбеюде. Осыған орай әр кәсіпорынның дамуында орын алатын ұғым - "бренд" болып келеді. Неліктен бренд кәсіпорынның нарықта дамуы үшін қажетті құрал? Қазіргі таңда тұтынушылар өнімді сатып-алу кезінде, тауармен байланысты эмоцияларына көп назар аударады, яғни бренд бүгінгі таңда тек компаниямен құрылып және дамитын сату маркасы ғана емес, сатып-алушының ойына және психологиясын әсер ететін образ болып табылады.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаттары:
1. Қазіргі таңда бар брендтер мен брендинг модельдерін қарастыру арқылы брендингтің кәсіпорынның дамуына қалай әсер ететінін анықтау.
2. Брендинг қызметінің тұтынушылардың әрекетіне әсері қандай екенін зерттеп анықтау және сатып-алушылардың психологиялық жағынан зерттеу.
3. Зерттеу жұмысына қойылған гипотезаның расталуын не расталмауын анықтау.
Мақсатты қою келесі міндеттерді шешуге әкеледі:-"бренд" және "брендинг" ұғымдарын нақтылау және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Брендингтің теориялық негіздері. Қазақстандық және шетелдік тәжірибелер
Бренд мағынасының мәні және ерекшелігі
ТУРИСТІК БРЕНД КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Бренд менеджментінің тапсырмасы
Тұтынушыларды зерттеу
Ақтөбе нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлқын талдау
Тұтынушының болу факторлары
Тұтынушы тұлғасы және оның қажеттіліктері мен сатып алушы сипаттамасы
Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары
Мәдениет және қоғам көзқарасы тұрғысынан жарнамалық іс-әрекеттің психологиялық проблемалары
Пәндер