Аймақтық экономиканы басқару мәні мен мазмұны


Аймақтық экономиканы басқару мәні мен мазмұны
Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар (1-сурет) . Макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады. Осы суреттен көрініп тұрғанындай, аймақтық саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік реттеудің басқа бағыттарымен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылады.
1-сурет. Аймақты басқару жүйесі және оның мемлекеттік реттеу жүйесінің орны
Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен-өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың даму барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше бола түседі. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама жасап, сол бойынша аймақтар өзінің даму бағытын жүзеге асырады.
Аймақтық саясатты нақты қальштастыру үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін көрсету қажет. Оларға жататындар төмендегілер:
- еліміз аймақтарының табиғи-климаттық жағдайының айырмашылығы;
- аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, сондай-ақ пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;
- аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсуі туындайды. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық даму деңгейіне ықпал етеді;
- инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;
- елдің экономикалық даму тенденциясы;
- тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;
- ииституционалдық фактор: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайы, аймақтың даму тарихы және т. б. ;
- орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфрақұрылым;
- әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т. б;
- орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;
- орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.
Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды «тегістеу» саясаты болуы тиіс. Бұл жағдайда орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тепе-теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамудың шешілуін әлеуметтік, экономикалык, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық және т. б. шаралар жүйесін талап ететін сан қырлы проблема ретінде қарастыруға болады.
Нарықтық экономикаға өту барысындағы аймақтық саясат біршама өзгермелі болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне қарай, кейбір аймақта мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасуы үшін жалпы құқықтық режимді қолдау жеткілікті болса, басқасында экономикалық белсенділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикаға экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т. б.
Экономикалық саясат, еліміздің және оның жекелеген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге және қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге багытталуы тиіс. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды басқару болып табылады.
Батыс Еуропадағы бағдарламалық әдіс және жоспарлау механизмдері
Берілген әдіс механизмдерін үш тұрғыда қарастырған жөн:
1. ЕО ішінде экономикалық және әлеуметтік интеграцияның дамуына ықпалын тигізетін құрылымдық қордың бағдарламалық әдісі;
2. Аймақтық экономикалық құрылымдарды жетілдіру үшін кұрылған GА (Gemeinschftsaufgabe) міндеттерді бірлесіп шешудің германиялық жүйесі. Бұл жүйе федералды үкімет пен жерлердің келісу нәтижесі болып табылады.
3. Мемлекет пен аймақтар арасындағы француздық жоспарлық келісімдер (СРЕRs) (2-кесте) .
Жоғарыда көрсетілген барлық ұйымдардың түрлі мақсаттары мен механизмдері бар, олардың жалпы негізгі ерекшелігі: аймақтарды дамытуға басқарудың әр түрлі элеметтерін қатыстыруды ұйымдастыра отырып, олардың күштерін біріктіреді
2-кесте
Батыс Еуропадағы бағдарламалық әдіс және жоспарлау механизмдері
Аймақтық экономикалық
құрылымдарды жетілдіру үшін міндеттерді бірігіп шешу (Германия)
Қарастырылған еуропалық тәжірибе республикалық та, аймақтық та деңгейлерді қамтитын аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту жүйесін енгізудің айқын артықшылықтарын дәлелдеп отыр. Жалпымемлекеттік деңгей аймақтардың проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін жалпы қағидаларды белгілесе, аймақтық деңгей өзінің әлеуеті мен проблемаларын бөлшектеп қарастыруды көздейді. Аймақтардың экономикалық даму аясындағы жинақталған тәжірибелері аумақтарды дамытуға қатысты мақсаттары ұқсас болғандықтан, әр аймақтың өз ерекшеліктеріне сай бірінен-біріне тарала алады.
Осындай жүйелерді құрудың еуропалық тәжірибесі айқындағандай, олардың табысты болуы үшін белгілі шарттар мен факторлар қажет екен. Соларға кеңірек тоқталып өтуді жөн санаймыз. Ең алдымен, нашар және күшті дамыған аймақтар арасында «ынтымақтастың туралы пакт» қажет. Нашар дамыған аймақтарды дамытуға қаражаттарды бағыттауға мүмкіндік беретін кез келген қайта бөлу механизмдерін енгізудің шарты - жақсырақ және нашар қамтамасыз етілген аудандар арасындағы «ынтымақтастық пактінің» болуы.
«Ынтымақтастық пактісін» жалпы мақсатқа сай құрылатын кез келген жүйені қалыптастыруда алуға болады. Мұндай жүйе екі әдіспен енгізілуі мүмкін: тікелей және жанама. Тікелей әдіс елдің барлық аумағында аймақтық дамуға ықпалын тигізгені үшін қандай нысанда болсын ынталандыруларды көздейді, дегенмен, нашар дамыған аумақтар үшін ынталандыру артығырақ болады.
Жанама әдіс те тиімді болып табылады. Оған экономикалық кеңістікте дамыған аймақтардың «қолайсыз» аймақтардың дамуынан алатын экономикалық және элеуметтік жанама артықшылықтары жатады.
Аймақтық басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
Аймақ экономикасын басқару тиімділігін қамтамасыз ету - аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік және нарықтық реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететін шешілуі күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Аймақтық проблемалардың ерекшелігі - оларды шешу үшін әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да қатысуы талап етіледі. Осымен байланысты аймақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін-бірі өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:
біріншісі - макродеңгейде аймақ экономикасын басқару механизмін одан әрі жетілдіру;
екіншісі - мезодеңгейде тиімді аймақтық менеджмент механизмін қалыптастыру;
үшіншісі - жергілікті өзін-өзі басқару әдістерін жетілдізу.
Аймақ экономикасын басқару механизмін бұлай шектеу, әрине, өзін-өзі ақтайды. Өйткені аймақ экономикасын басқару механизмінің негізінде барлық аумақтарға өмір сүру мен еңбек етудің тең жағдайларына жету үшін тең мүмкіндіктер беру және әрі қарай олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру жатса, ал аймақтық менеджмент пен жергілікті өзін-өзі басқару механизмі тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін аймақтың ішкі әлеуетін және тартылған сыртқы ресурстарды барынша пайдалануға бағытталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz