Оқушыларды оқытудағы ойынның рөлі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі КУРСТЫҚ ЖҰМЫСПедагогика пәні бойынша
Тақырып: « Оқушыларды оқытудағы ойынның рөлі»
Орындаған:
Студент: (Ф. И)
Мамандық:
Біліктілік:
Топ:
Тексерген: (Ф. И. О)
(қолы)
2022 жыл
Мазмұны
Кіріспе
Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету [2, 59 б. ] .
«Оқушылардың дүние тануын кеңейтетін, ойлау қабілетін дамытатын тартымдыда, қызықты сабақты қалай ұйымдастыруға болады? -деген сұрақ шет тілі пәнінің мұғалімдерініңде алдында тұр. Оның бірден-бір жауабы -сабақты жүйелі түрде түрлендіріп әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану. Оқушылардың шет тілінде сөйлеуін, шет тілінде оқуға дегенынтасын арттырып, -ойын. Ойын балар үшінәр уақытта ойын болғандықтан, ойын элементтері бар сабақ оларды қызықтырады. Ал мұғалім үшін ойын- дидактикалық әдіс, оқыту, білім беру. Шет тілі сабағында ойын сол тілде қарым-қатынастытудыратын үдеріс қана болып қоймай, оны барынша табиғи түрде жақындатады. Ойын оқушылардың белсенділігін арттырады, мұғалім мен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзып, теңдік сезіледі. Ұялшақ, жасқаншақ оқушылар ойын барысында белсенді серік болуға мүмкіндік алады.
Ойын дегеніміз:
- балалардың қарым-қатынас саласындағы маңызды іс -әрекеті;
- қызықтыра отырып үйрету;
- әр түрлі жастағы оқушылардың даму іс-әрекеттерінің өз бетінше жұмыс жасау түрі;
- баланың психикасын, ой-өрісін дамыту [18, 56 б. ] .
Шет тілі сабағында оқушылардың жас ерекшелік психологиясын, ойынның дидактикалық ерекшеліктерін ескере отырып тіл дамыту, жаттықтыру ойындарын немесе ойын элементтерін жиі жүргізген жөн. Кейбір қызықсыз материалды балалардың санасына ойын арқылы әсерлі етіп жеткізуге болатыны ұстаздардың іс-тәжірибесінде дәлелденген.
Бізде осы мәселені зеттеу мақсатында курстық жұмыс тақырыбын «Оқушыларды оқытудағы ойынның рөлі» деп алдық.
Зерттеу объектісі - ойын әдісі.
Зерттеу пәні -ойынды пайдалану үдерісі.
Зерттеу мақсаты: Оқушыларды оқытудағы ойынның рөлін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
- Ойын технологиясына сипаттама беру;
- Оқыту мен дамыту бағытындағы ойын технологиясына талдау жасау.
- Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдануының мақсаттары мен міндетін айқындау;
- Лексиканы оқытуда ойын методикасының орнын анықтау;
- Оқушылардың лексика бойынша білім деңгейін зерттеп, практикада лексиканы ойын методикасы арқылы енгізу.
Болжамы: егер лексиканы ойын методикасы арқылы енгізу жолдарын анықтап, практика жүзінде лексика саласына бағытталған ойындарды қолдансақ, онда лексика саласында оқушылардың білім деңгейі артады.
Зерттеу әдістері: зерттеу бағытына сәйкес әдебиеттерге талдау жасау, сауалнамабақылау, құжаттармен танысу, білім беру саласындағы мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды талдау, зерттеудің педагогикалық тиімділігін тәжірибе арқылы тексеру.
1 Оқушыларды оқытудағы ойынның теориялық негізі
1. 1 Ойын технологиясы сипаттамасы
Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процес. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі - ойын.
Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын - түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.
С. А. Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
- Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат) ;
- Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы») .
- әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат») .
- Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.
- Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
- Әлеуметтендіру қызметі.
Өйткені, ойын - баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
Ұлтаралық қатынас құралы қызметі. Себебі, ойын - балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.
Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Ойынның қатысымдық қызметін - балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді [14, 65 б. ] .
Ойынның диагностикалық қызметі - педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т. б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын - баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.
Ойынның емдік қызметі - баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д. Б. Эльконин аса жоғары бағалайды.
Ойынның түзеу қызметі деп - баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.
Сонымен бірге, ойын - баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби өзінің "Бақыт жолында" атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана ойы бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқтасақ, ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, өзінің із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі-оқу, білім деп тұжырымдайды.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратында - ойын әрекеті болып саналады [15, 99 б. ] .
Орыс педагогы В. А. Сухомлинский: "Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін де емес" десе, ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардың ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде "ойын" түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында "ойын" сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды - деп, барлық халқтың ойын түсінігінің түп - тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды. Ойын - таным процесінің дамытудың негізгі болғандықтан әрбір тәрбиеші ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек.
Сабақта ойынды дұрыс колдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әр бір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.
Ойын тек баланың іс-әрекеті ғана емес, ойын - еңбек, ойын - оқу, ойын - әлеуметтік қарым - қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне жатады. Педагог және психолог ғалымдар ойын іс - әрекетін жан - жақты зерттеп, баланың дамуын, тәрбиеленуін, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырып келген.
Іс-әрекет ойын, оқу және еңбек түрлеріне бөлінсе, ойын бала үшін алғашқы рет қоршаған ортаны тану құралы болып табылады.
Ойын ұғымына анықтама берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқаруымен анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын негізгі іс - әрекеттердің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды. Әсіресе, баланың өмірінде іскерлік ойындардың орны ерекше.
Ойын - әрекеті тек адамдардың даму үрдісінде ғана емес, ол хайуанаттар дүниесінің тіршілігінде де кездесіп отыратын биологиялық фактор хайуанаттардың ойын әрекеті жаттығу мен тіршілік етуге бейімделіп даралық сипатқа ие болады. Ал жоғарғы сатыда дамып жетілген сана - сезім мен ақыл - ой иесі - адам баласының ойын әрекеті, бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірбиесінің нәтижесі болып табылады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кезінен дамып, баланың өсіп - жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.
Білім - тәрбие ғылымы мен адамның жан дүниесінің сырын зерттейтін психология пәні ойын әрекетін адамның эволюциялық даму үрдісінің белгілі бір кездегі тіршілік кажеттілігі ретінде қарастырады
Осы бағытта негізгі бір құрамды білігі және баланың үлкендердің өмірін бейнелеу, айналадағы ортаны тану жолы екендігін көрсетеді.
Ойын әрекетін бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердіұлы сияқты қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады.
Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл - қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады деп санаған.
Осы заманғы педагогикалық психология ғылымының даму барысында мектепке дейінгі баланың ойыны, ең алдымен, өзінің қатар құрбыларымен, ата - аналары және өзге адамдармен қарым - қатынас жасаудың қуатты құралы саналатын болса, екіншіден балалар ересек адамдармен қарым - қатнас жасап, әр түрлі пайдасы істермен шұғылдануға дағдыланады. Үшіншіден, ойын әрекеті баланың танымдық психикалық үрдістерін қарқынды дамыту құралы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым - қатнасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын әр алуан істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды.
Елімізге әйгілі психолог ғалым Т. Тәжібаевтің педагоикалық психология саласындағы ой - пікірлері қазіргі күннің талабына сай жалғасып табуы міндетті нәрсе. Соңғы кездегі психология ғылымы саласындағы зерттеулер нәтижесі балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді [16, 101 б. ] .
Балалардың танымдық әрекеті - олардың өткен ұрпакқтың өмір тәжірбиесін, белгілі білім жүйесін меңгереді. Осыған байланысты баланың танымдық белсенділігін арттыруда ойындардың алатын орны ерекше.
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қатынастырады. Бала ойынында да қоғамдық ұжымдық сипат болады. Мысалы: кез - келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар - құрбылармен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір - бірімен өзара карым - қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. "Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да кандай үлкен маңызды. Ойында бала кандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады. "
«Оқу құралдарының мінезі -мектеп мінезінің айнасы»-деп атақты ұлы педагог-психолог, ақын М. Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолында пайдаланылатын әдістемелер мәнді, жұмыр болуы керек. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлык, іскерлігін дамытатындай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Ойынның қозғаушы күші - баланың нақты тілегі мен кызығуы.
Ойын - маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай - қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т. б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді.
Қызығу - танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Баланың қызығуы жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие болады.
Танымды қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.
Біріншісі - оқытудың мазмұны мұндағы балаларды қызықтыратын мазмұнының берілу түрі, жаңалығы, ғылыммен техниканың соңғы табыстары тандандыратын тарихи деректер, білімінің ғылыми іс жүзінде қолданылуға бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.
Екіншісі - балалардың таным әрекетін үйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларды қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру, ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып көрсету, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру, білімтексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Үшінші - тәрбиеші мен бала, бала мен бала арасындағы қарым-қатнас сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Бала өзі ұнатпайтын тәрбиешінің пәнінен ешқашан қызықпайды. Балалар өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалар зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:
- Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.
- Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасызетуі керек.
- Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғүрлым сәйкес алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Адам уақытпен бірге адымдайды, уақытпен бірге өмір сүреді. Білім туралы заңда тәрбиешілер бас қосуларында сапалы білім, саналы азамат өсіру туралы талай пікірлер айтылады. Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі балалар. Біз оларды қалай тәрбиелесек ертеңгі Қазақстан сол деңгейде болады. Сондыктан да тәрбиешіге жүктелер міндет жүгі өте ауыр. Шәкірттерінің ертеңін ойламаған ұстаз еліміздің болашағына жаны ауырмағаны. Ісіне берілген жаңалықты жатсынбай, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, оқушының жанына нұр құя білу ұстаз парызы деп ойлаймын. Көп оқушы ұстазына ұқсағысы келеді. Тәрбиеші бақыты мен қуанышы - оның шәкірттері білімді болып, ұстаз сенімін ақтай білуі. Мұндай белеске жету үшін тәрбиеші алаңдамай жұмыс істеуі керек. Тәрбиешініңнің беделі оның жеке басының, жан дүниесінің көркемділігіне, біліктілігіне байланысты. Ағартушы Ы. Алтынсарин "Егер шәкірт бір нәрсені түсінбесе оған баланы кінәламау керек. Бұл жерде ұстаз кінәлі, сондықтан да ұстаз берер білімін жеткізе білгені жөн" деген ойды айтқан [17, 59 б. ] .
Тәрбиешілер мен балалардың ойын мен тәжірибе сабақтарына қызығушылығы балалар үшін әсерлі де тартымды ойын тәсілі болса, бала үшін бұл оқу үрдісін түрлендіру. Ойын түрінде өтетін сабақтар балаларды бала-бақшадан шыққаннан кейінгі өмірге дайындайды. Олар үшін тек қандай да бір жағдайда не істеу керектігін жаттап, есіне сақтаудан гөрі іс жүзінде көріп, өзін рөлге қойып, шешім қабылдау әлдеқайда қызық. Осындай ойын түрлері имитациялық деп аталады. Оқытудың имитациялық түрі арқылы оқушылардың білім сапасы мен белгілі бір пән немесе тақырып бойынша дайындығын білуге болады.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын - оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. "Ойын " ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдык тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
- Ойын сауық;
- Комумуникативтік немесе қарым - қатынастық;
- Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану) ;
- Коррекциялық (өзін - өзі түзету) ;
- Әлеметтендіру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz