Операциялық жүйелердің көпесептелігі


М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
РЕФЕРАТ
«Операциялық жүйелердің көпесептелігі»
Орындаған:Ықлас Н.
Тексерген:Қарымсақова Б.
Жоспары:
- Операциялық жүйеге анықтама беру
- Операциялық жүйенің тарихы
- Операциялық жүйенің түрлері
- Операциялық жүйенің негізгі мақсаты
- Операциялық жүйенің орындайтын функциялары
- Қорытынды
1. Операциялық жүйеге анықтама беру
Компьютерде атқарылатын нақты әрекетті команда деп атайды. Программа командалар тізбегінен тұрады. Компьютер жұмысы программа арқылы басқарылады. Программаларды атқаратын қызметіне байланысты қолданбалы, жүйелік, аспаптық деп 3 топқа бөледі. Жүйелік бағдарламалар. Компьютерде программалардың жұмысын қамтамасыз ететін, компьютердің барлық құрылғыларын бір жүйеге байланыстыратын программалар жүйелік программалар деп аталады. Жүйелік программалар - ақпаратпен ыңғайлы жұмыс істеу үшін қосымша жұмыстар атқарады: компьютердің жұмысын тексереді, компьютер туралы анықтама береді, ақпаратты өшіріп, сақтап және көшірмесін дайындауға мүмкіндік береді. Жүйелік программалар үш топқа бөлінеді: ОЖ, драйвер, утилиттер. Утилиттер көшірмелік, тығыздаушы, антивирустық болып бөлінеді. ОЖ - компьютер іске қосылғанда шақырылады, компьютер жұмысын басқарады, құрылғыларын, аспаптарын тексереді-тестілейді; жедел жад пен дискідегі орынды бақылайды, қолданбалы программаларды орындайды. Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда жүктеледі. Кең тараған ОЖ-лер ретінде MS DOS, Windows жүйелерін атауға болады. DOS операциялық жүйесі 1981 жылы IВМ PC компьютерлерімен бірге шығып, ол әрбір компьютерге орналастырылған болатын. DOS - дискілік операциялық жүйе дегенді, ал MS - операциялық жүйені жасаған Microsoft фирмасы атын білдіреді.
2. Операциялық жүйенің тарихы
ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ - лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды. . Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.
3. • Операциялық жүйенің түрлері
1985 жылы Microsoft Windows фирмасы алғашқы рет MS DOS қуатынан жүздеген есе артық Microsoft Windows 1. 0 атаулы жүйелік программаны, ал одан кейінгі жылдары түрлі нұсқаны дайындап шығарды. MS Windows мүмкіндігі мол және пайдаланудың терезелік, визуальды принципіне негізделген. Соңғы шыққан Windows 95, 98, 2000, XP, ME, Vista сияқты жеке операциялық жүйелер. Windows - көп есептік операциялық жүйе. Көп есепті операциялық жүйе бірнеше программамен бір мезгілде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Windows жүйесінің MS DOS-қа қарағанда артықшылықтары:
-қолданбалы программаларды іске қосу, олармен жұмыс істеу тәсілдері ықшамды;
-программаның жұмыс істеуі кезінде оны уақытша тоқтатып, ретімен басқа бірнеше қолданбалы программаларды да іске қосуға болады;
-қосымша программаларда түрлі форматты суреттерді салу, графиктерді сызу және оларды бір бетке енгізу тәсілдері қиын емес және т. б.
4. Операциялық жүйенің негізгі мақсаты
ОЖ негізгі мақсаты - программалардың бір - бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттігін қамтамасыз ету, ЭЕМ -нің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әртүрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағзға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру т. б. ОЖ -нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ -нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ -нің командалық тілі пайдаланады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген әртүрлі әрекеттерді орындайды.
5. Операциялық жүйенің орындайтын негізгі функциялары
1. пайдаланушыдан қабылдайтын командалар және олардың өңдеуі.
2. басқа программаларды іске қосу, тоқтату, кідіру үшін қабылданатын және орындалатын программалық сұраныс;
3. орындалатын программаларды оперативті жадыға жүктеу;
4. программаның инициациясы (передача ей упр-я в рез-те пр-р исп-т прогр-му)
5. барлық программалар мен деректердің идентификациясы,
6. деректер базасын басқару жуйесінің жұмысын жасау, программалық жасаудың тиімділігін көтереді;
7. мультипрограммалау режимін жасау (екі және одан да көп программалардың бір процессорда орындалуы) ;
8. барлық енгізу-шығару операцияларын ұйымдастыру және басқару функцияларын жасау;
9. жадыны үлестіру;
10. берілген стратегиялар және қызмет көрсету пән бойынша есептердің жоспарлауы мен диспетчерлеуі;
11. орындалатын программалар арасындағы деректер мен хабарлардың алмасу кетігін ұйымдастыру;
12. деректердің сақтауын жасау; бір программаны баска программаның қатерінен сақтау;
13. жүйенің бөліктік жаңылысу кезінде берілетін қызмет;
14. программалау жүйесінің жұмысын жасау арқылы пайдаланушылар өз программаларын дайындайды;
6. Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz