Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары
әлеуметтік педагогтің тиімді әдістерді меңгеру қабілетін қарай емес, сол әдістерді дұрыс қолданып, дұрыс игеруіне негізделеді. Ал бұл негіз ең біріншіден әлеуметтік педагогтің жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады.
Баланың психикасы көп факторлы, әлеуметтік өмір жағдайына қоғам дамуына тәуелді екенін қарастырды.
Ғалымдардың бірқатары баланың дамуындағы кідіріске, қоғамға бейімделудің қиындылығына себепші болып отыратын қолайсыз әлеуметтік-биологиялық факторларды анықтады.
Балалар мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс жасады. (Мысалы, А.Байсымақ, В.Г.Баженов, Р.А.Дебагян, А.Жұмабаев, К.А.Жүкенова, А.М.Қарабаева, Л.К.Кермиов, В.П.Кривошеев, Л.В.Лысенко, М.Ф.Назаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифонов, В.П.Шевченко, Э.И.Шнибекова, Г.А.Уманов). Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетті.
В.В.Трифонов зерттеулерінде қиын оқушы анықтамасы - бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қаруды, әлеуметтік педагогтің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Бұл шексіз ұғым. Ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.
Біраз зерттеулер (М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, Д.В.Колесов, В.Н.Кудрявцев, Г.М.Минковскиий, И.Ф.Мягков және тағы басқа) қиын балалардың басым көпшілігі - бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, сондықтан да оқушылар ұжымынан тысқары шығып қалатын балалар, - деп атап көрсетті. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез-құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді.
Қиын балалар, мінез-құлықтағы қиындық ұғымынан басқа, қиындықпен тәриелену ұғымы де кеңінен қолданылады.
Қиындықпен тәриелену - баланың теріс мінез-құлқы, дау-жанжал Кейде бұл қайшылық табиғи түрде, тек бір-бірін түсінбеуден шығатын дау-жанжал екеніні айтуға болады. Ал мұндай да кейде онша қауіпті емес және ол қиындықсыз жойылуы мүмкін.
Қиындықпен тәриелену мәселесі Г.А.Фортунатовтың (1935 ж) еңбектерінде зерттеген. Өзінің зерттеулерінде қиын бала ұғымына былайша түсінік беріп, оларға үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады. Қиын балаларға ол психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Г.А.Фортунатов қиын балаларға тек анықтама беріп қана қоймай, ондай балалардың пайда болуының себептеріне түсіндіреді және осындай себептің екі тобын табады. Бірінші топқа ол ескінің әсерін, ал екіншіге оларды қиналатын ішкі дау-жанжалдарды жатқызады. Дау-жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез-бітістер: қозушылық, ұстамдылық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік тағы басқа пайда болады.
Қиын балалар намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетімін(8.), - деп саналы түрде ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді.
Ұзақ мерзімді дау-жанжал баланы қиын атандырып ғана қоймайды, сонымен бірге оның жүйке-жүйесінің бұзылуына себепші болуы мүмкін (психоневроз). Балаларда ішкі дау-жанжалдың ықпалынан сыртқы дүниеге, қоршаған ортаға деген сенімсіз, тіпті жауластық сияқты қатынастар пайда болады.
Л.С.Выготский қиындықпен тәрбиеленумен күресудің нақты жолын анықтап берді. Өзінің Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және дамудың диагностикасы (1936ж.) еңбегінде ол былай жазады : Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы (8.) да нәтижеге жетуге болады. Л.С.Выготский жеке адам тәрбиесі психологиясының маңызды бір мәселесі - аффектілі-қажеттілік ортасымен сананың байланысын көтерді.
Соғыстан кейінгі жылдарда қиындықпен тәрбиеленушілердің әлеуметтік мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді, ал 1950-60 жылдар басында олардың шығу себептерін, мінез-құлықтағы таңқаларлық ауытқушылықтарды, жеке адам дамуының динамикасымен байланысын терең зерттей бастады.
1950-70 жылдары зерттеушiлер негiзгi зейiндерiн ,,Қиындықпен тәрбиеленетiн,, балалар мен жасөспiрiмдерге себепшi болатын әлеуметтiк-психологиялық және психо-педагогикалық факторларға бөледi.
1970-80 жылдары ,,Қиындықпен тәрбиелену,, мәселесi отандық ғылымда жан-жақты зерттелiндi.
Мінез-құлықтың ауытқушылығы (тәртіпсіздігі) мәселесіне ең алғаш көңіл бөліп қараған жаңа автор Л.С.Славина болды. Мұндай мінезге ол аффектілі (жан - күйзелісі, қайғыру). Психологиялық ерекшелегін алды және бұл саладағы баларды екі топқа бөлді. Бірінші топ балаларының тәртіпсіздігінің себебі мінез-құлықтың дұрыс жағдайда қалыптаспауы салдарынан, өте күшті эмоционалды қайғыру және жан-күйзелісінен болады. Л.С.Славина екінші топ балаларының тәртіпсіздігінің себебіне мінез-құлық ережелерімен санаспау, бұл ережелерді білмеу, өзінің мінезін көп жағдай да меңгермеуді жатқызады.
І.2. Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары
Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет(17.) деп санайды.
Қандай да олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері тиетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және ықпал еткен тәрбиеленушілердің ішкі ұстанымынан құралады.
Балалалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.
Баланың персонализациялануға ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың ( бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының ( оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен және құрбыларының жас ерекшелігіне байланысты мұндай ұстанымы педагогтердің және ата- аналардың олқылығы бар балаларға қатынасы негізінде қақтығысқа түседі.
Әлеуметтік - педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез - құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады.
Ерте зерттеу, алдын алу және түзету жұмыстары олардың жоғары нәтижелі маңызына ие.
Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз ( И.Невский). Белгілі әлеуметтанушы И. Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).
Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп тойтарыс беруді, қарсы шығуды, кетіп ұялуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көрінуі нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды.
Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторларына тоқталып өтсек:
дұрыс тәрбиеленбегендерінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз топтардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;
жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымдарындағы құрбылармен өзара қарым-қатынастың орындамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;
психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстарындағы, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;
ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспайтығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ, жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;
қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрде ауысуы және жағымсыз жайттар.
Жасөспірімдер мен балаларға қоршаған адамдардың немқұрайдылығы зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педгогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері, жасөспірімдердің пікірінің, тағыдырының қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.
Қазіргі кездегі жасөспірімдердің жүрген ортасы қолайлы емес. Өйткені, бала ауытқушылық мінез-құлықтың әр түрлі нысандарын мектепке бара жатқанда да, аула мен қоғамдық орындарында да, тіпті үйде де көреді. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе, отбасындағы әке беделінің төмендігі, мінез-құлықтың тұрақты үлгілері мен моралдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы жасөспірімдер ортасындағы ауытқушы және өзін-өзі жоюға мінез-құлықтың өсуіне ықпал етеді.
Балалалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер ететін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады:
Қоғамдағы өтіп жатқан үрдістер:
қоғамдық құндылықтар иреархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идеологияның жоқтығы;
заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;
жұмыссыздық (нақты және жасырын);
экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктермен және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;
өскелең ұпақтың әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұшырауы;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатігездікті насихаттау;
балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде ауытқудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризациясының болмауы
темекіге, ішімдікке, нашақорлық заттарға жолдың ашықтығы.
Отбасының жағдайы және оның ахуалы:
толық емес отбасы; отбасының материалық жағдайы;
ата-аналардың төмен әлеуметтік-мәдени деңгейі;
отбасындағы тәрбие стилі (балаға бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатігездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы);
ата-аналардың ішімдікті, нашқорлық заттарды теріс пайдалануы;
ата-аналардың балалардың психоактивті заттарды қолдануына жол беруі.
Мектепішілік өмірдің жеткілксіз ұйымдастырылуы:
оқу және тәрбие үрдісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендігі; мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы; қоғам арқылы балаларымен айналыспайтын ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің және меткептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының жоқтығы; пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі; сабақтардың жиі болмай қалуы; сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттандырғысыз ұйымдастырлуы; мектепте балалар ұйымдарының болмауы;
мұғалімдердің бала және жас ерекшелік психологиясын білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің төмендігі; оқушы-мұғалім жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарының автолитарлық немесе бетімен кетушілік деңгейінде болуы;
жетілмеген жаңа оқу бағдарламасын енгізу, құндылықтар бағдарламаларының өзгеруі және соның негізінде нені және қалай оқыту? мәселесінің туындауы;
мектепке келген оқушылардың дамуының және оқу түрткілерінің төмендігі.
Жасөспірімдердің түрлі себептермен мектепке бармай қалуы да туындайды.
Баланың мектепке бармай қалуының айтарлықтай жиілеп кетуі оны психиатрға қаратуға себеп болады. Кездейсоқ себептерден кездесіп қала беретін төтенше жағадайлар мүлде әр түрлі көріністе болып келуі мүмкін: ата-анасының шешімімен кішкентай інісін немесе қарындасын қарап отыруға баланың үйде қалдырылуы, немесе баланың өз бетімен лағып кетуге бейімділігі, немесе мектпеке барудан қасақана бас тартуы сиықты келтірілген сылтаулардың барлығы оның эмоциональды бұзылуына байланысты болатындықтан, мектепке бармай қалуына осы кінәраты себеп болуы мүмкін. Мектепке барудан бас тартуы - оның сабаққа қатысқысы келмегендігінен, өз кезегінде әр түрлі механизмдердің ықпалы себеп болуы да мүмкін. Бұл жағдайлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін көрейік. Схематикалық процедураның талдауы.
1-суретте келтірілген.
Бала мектептегі сабақта жоқ
бала үйде жоқ бала үйде отыр
(бетімен лағып кеткен)
бала мектепке барудан баланы үйде
бас тартқан қалдырған
көліктік мектептен айырылып әлеуметтік
фобия қорқу қалу байланыстан
әлеуметтік қорқынышты қашқақтау
фобия
Ең алдымен сабаққа қатыспай лағып жүрген баланың немен айналысатынын анықтау қажет. Егер үйден шығып мектепке кеткен бала сабаққа қатыспаған болып шықса, онда ол кино қарауға театрға кетуі, немесе жолдастырымен ойнап кетуі, немесе басқа бір жерлерде тағы бірдеңелермен айналысып жүруі әбден мүмкін екендігі ешқандай да күмән туғызбайды. Егер бұл шындығында осылай болған болса, онда ата-анасы баланың мектепке бармай, өз бетімен лағып жүретіндігінен мүлде хабарсыз екені әбден мүмкін. Ол мектепке бармай өз бетімен лағып жүрген уақыттарда басқа да қылмысты теріс қылықтарға баруы немесе әлеуметтік жағымсыз әрекеттерге ұрынуы ықтимал. Егер баланың психикалық күйзелісі бұрыннан да бар болса, онда оның ықтимал диагнозы әлеуметтік дезадаптация болуы мүмкін (мектепке бармай, өз бетімен лағып кететіндердің көпшілігінде, әлбетте, болмайды).
Егер баланың мектепке бармай үйде қалғаны ата-анасына мәлім болса, онда олардың өздері қалдырғаны немесе баланың өзі мектепке барудан бас тартқаны. Бірінші жағдайда баланың мектепке баруына ата-анасының мүмкіндік бермегені, ал, екіншісінде баланың мектепке өзі барғысы келмегені туралы мағлұматтарды ескерген дұрыс.
Егер баланың мектептен бас тартқаны туралы сөз болса, онда біз: мектептен қорқуы, ата-анасынан айырылып қаламын деп қорқуы, әлеуметтік фобия, көліктік фобия немесе әлеуметтік байланыстан қашқақтауы сияқты әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болған эмоциональды күйзелістермен істес боламыз. Әрбір жағадайда бір-екі мәселенің жәрдемімен ықпал жасайтын бұзылу механизмдерінің сипатын анықтауға болады.
Біріншіден, бала үйде немесе жолдастарымен болғанда өзін қалай ұстайтынын анқытау пайдалы. Егер оның денсаулығы бірқалыпты жақсы және көңіл-күйі шат-шадыман болып көрінсе, онда біз оның мектепке барудан бас тартуының негізі әлеуметтік байланыстан қашқақтауға тырысуынан деп ұйғаруға толық құқымыз бар. Егер ол қайғыға батып тұнжырап жүретін болса, өзін бақытсыз санап, ешкіммен араласпай жалғызсыраған байғұс болып көрінсе, жолдастарымен қосылып ешқандай жүрмесе және көңіл тоқтатып тереңірек ойлайтын қабілеті төмен болса, онда оның мектепке барудан бас тартуы депрессия түріндегі немесе өте сирек кездесетін шизофрения түріндегі айтарлықтай жиі таралған эмоциональды күйзелістің негізінен деп санауымызға толық дәлел болады.
Екіншіден, мектепке барғысы келмеудің сабақ кестесіне байланысының бар-жоғын білу қажеті. Егер баланың мектепке барудан бас тартуының себебі кесте бойынша француз тілі сабағы болатындықтан немесе өзінің жалығып ұзақ отырып қалуына тура келетін қосымша сабақтың күндеріне ылғыи да сәйкес келіп тұратын болса, оның бас тартуы мен мектептегі белгілі бір жағдайдың арасында берік байланыстың бар екенін көрсетеді.
Онан кейін қаралатын үшінші мәселе: сабаққа бармай қалу үй ішінің оқиғасына байланысты ма? Бұл симптом шешесінің депрессиясын немесе әкесіне жұмыс істеткізбейтін оның бір ауруын асқындыра ма? Шешесінің жұмысқа үйден шығып кеткен тап сол мезгілі бұл симптомды қоздырып өршіткен жоқ па? Симптомның үй ішіндегі оқиғаға тәуелділігінің ашылуы оның үй ішіндегі немесе отбасындағы жағадайларға байланысты пайда болуына баланың мазасызданып алаңдаушылық туғызуы маңызды рөл атқаратындығы ықтимал екендігін ескертеді. Осыған ұқсаған мінез-құлықтың өте кең таралған механизмдері баланың ата-анасынан айырылып қалу қорқынышынан болады. Мұндай жағдайда баланың жақын туыстарынан айрылысқан кездегі оған тигізетін әсердің өзіне тән бейнесін анықтау қажет.
Балалар мен жасөспірмдердің тұлғасындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік-құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез-құлықтың психогигиеналық дағдыларына дұрыс таңдай жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын жүйелеу қажет. Оған мынадай бағыттарды енгізуге болады:
балалар мен жасөспірмідердің ауытқыған мінез-құлықтарының типтері мен нысандардың таралуын, оларға әсер етуші факторларға анықтау, сонымен қоса, оқушылардың және олардың ата-аналарының білімге және тәрбиеге деген қажеттіліктерін зерттеу;
оқушылардың, ата-аналардың пікірлерін зерттеудің нәтижелерін талдау және соның негізінде анықталған ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың тұлғасымен мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды алдын алу және түзету бағдарламаларын құрастыру;
мектепте және жастар орталықтарында сыртқы тәуекел факторларына азат психологиялық, педагогикалық ахуалды қалыптастырып, бірқатар құзырлы шешімдермен шешілетін оқушылардың ата-анасымен тиімді өзара қарым-қатынасты дамыту, қосымша білім беруді және тағы басқа шараларды ұйымдастыру әлеуметтік мамандардың құзырында.
Жасөспірмдердің тұлғалық және әлеуметтік құзырлығын қалыптастыруда, жағымсыз мінез-құлық көріністері түзетуді олардың жағымды Мен бейнесін дамытудың, өзін-өзі құрметтеу сезімін, сындарлы ойлау қабілетін, әлеуметтік маңызды мақсаттарды қоя білу білігін және жауапты шешімдер қабылдай алуды дамытудан бастаған жөн.
Жасөспірім салауатты өмір салтын калыптастыра алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үйренуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз қабылдау әдіс-тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, қабылдау тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, салауатты өмір сүруге және пайда болған мәселелерді әлеуметтік-жағымды құралдарымен шешеуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру қажет.
Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың тың алдына алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:
оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;
оқушылардың қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым-қатынас жүйелері (құрбыларымен, әлеуметтік педагог, мұғалімдерімен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда.
Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты. Оған мыналар кіреді:
оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі басқа субъектілердің бұлжытпай орындалуы;
оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;
оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау.
Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді.
Жоғары да көсретілген талаптарды орындаған жағайда жасөспірімдерге көрсетілген көмектің жиынтығы тұлғаның бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.
1.3 Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жалтаруы, отбасынан немесе балалардың оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы(43.).
Олардың әр кезеңде әртүрлі аталғаны бізге белгілі: тәртібі нашар, қиын, тәрбиесі қиын тағы басқа.
Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығуларының жоқ екені, олар мектепке де сыймай, үйге де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, түптің түбінде олардың басым көпшілігінен дайын заң бұзушылар мен қылмыскерлер шығатыны бұрын да дәлелденген.
Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып қиын балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік.
Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.
1. Бірінші топ - баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекеттерімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.
2. Екінші топ - өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенінін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.
3. Үшінші топ - балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтерге қарсы тұратын төмендегі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанымен, қиын балаларды беретін отбасылар.
Енді осы факторларды тарата айталық. Халық даналығы Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің, Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер, Не ексең соны орасың, десе ұлы Абай тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі - ақымақшылық деп түйіндейді. Ал атақты физиолог И.Павлов әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекеттерінен үлгі алу барысында қалыптасады (43.) деп тұжырымдайды.
Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірі сыйлау, қамқоршы болу, бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес. Бұл әңгімеміз, әрине, бірінші топтағы ата-аналарға қатысты.
Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, оларды А.С.Макаренко ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды (49),- деген. Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайрымдылықты сырттан, көшеден іздейді. Бірақ, көп жағдайда оларды қоғамға жат элементтер өз қамқорлығына алады. Олар бұзақылар тобы , нашақорлар, жезөкшелер және тағы басқа әлеуметтік топтар болуы мүмкін.
Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі - ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында. Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы, оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары балаларының кез келген сұрансын мезетте қанағаттандыру, аламын деген нәрсенің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін, арамтамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді.
Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінгі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді.
Мұндай ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп әртүрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сәл нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды. Мұндай жағдай да әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың баласына айтқан ақылы кері әсер етеді. Осындай отбасында тәрбие алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай.
Үшінші топқа жататан ата-аналар өз балаларының не істеп, немен айналысып жүргендерімен ісі жоқ, оны өзінің міндеті деп санамайтындар. Олардың балалары қараусыз қалғандай әсер береді. Бұл - ең қауіпті әрі сөз жоқ, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігін беретін отбасылар.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктердің де бала тәрбиесіне кері әсер етері даусыз. Олардың бірнеше түрін атап өтсек мына төмендегідей:
Тәртіп бұзуға бейім тұратын оқушылардың дер кезінде анықтап, олармен алдын ала жұмыстар жүргізбеу.
Мектеп ұжымының осы мәселеде алаусыз болуы немесе жүйелі жұмыстың болмауы. Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысының дұрыс жүрмеуі.Сыныптан тыс, мектептен тыс өтілетін іс-шаралардың сапасының төмен екендігі.Тәрбиесі қиын балалардың отбасыларымен қарым-қатынастың нашар ұйымдастырылуы.
Девиантты мінезді оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната білмеу немесе мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби деңгейінің төмендігі.
Кейбір мұғалімдердің сабақ беру әдісінің төмен болуының әсерінен оқушылардың сабаққа қызықпауы, үлгерімнің нашарлығы, сөз жоқ, оқышылардың тәртібін әлсіреді және ол мұғалімдердің де беделін төмендетеді.
Кейбір мұғалімдердің педагогикалық этиканы білмеуі немесе сақтамауы оқушыларды өзіне қарсы қоюға әкеліп соғады да, ұзаққа созылған шиеленісті туғызады.
Көшедегі кездейсоқ топтардың оқушының теріс мінезін қалыптастырудағы қосар үлесі де аз емес. Өйткені, қазір көшелерді, аймақтарды белгілі бір топтардың бөліп алып, сол жерлерде билік жүргізілетіні ешкімге де құпия емес.Олар өз түсініктері бойынша өмір сүреді және өз қатарын өзі сияқтылармен толықтырып отырады. Ал олар сол ортада өздерін еркін әрі ыңғайлы сезінеді. Себебі отбасында, мектептегі қағидалары мен адами құндылықтары өздерінше қалыптасқан. Сондықтан қоғамдық мораль мен нормалар олардың түсінігіне сай келмейді. Олардың еліктейтіндері: түрмедегі беделділер, зоршылық пен тонаушылық ерлік істері. Ендеше қоғамға жат құмар ойыны, ішкілік ішу, дөрекі сөйлеу, нашақорлықпен, жезөкшелікпен айналысу олардың күнделікті қатардағы тірліктері іспетті. Нәтижеде отбасындағы тәрбиенің нашарлығы мен мектептегі тәрбие беру ісінің дұрыс жолға қойылмауының кесірінен девиантты мінезді балалар тәртіп бұзушылардан көше тәртібін қабылдайды. Сөйтіп, ақырында кәдімгі қылмыскерлерге айналады.
Енді осы девиантты мінезді оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне тоқтала кетелік.
Бұл қиын балалар өздерінің интеллектуалдық қабілеті жағынан өз қатарларынан қалмайды. Алайда, олардың жоғары психологиялық қасиеттері: зейін, абстрактілі ойлау, есте сақтау тағы басқа әртүрлі жаттығулар мен дағыдыларды дамытпағандықтан артта қалған. Соның салдарынан олар қисынды ойлай білмейді, өз ісінің ақырын болжай алмайды, сондай-ақ танымдық белсенділігі төмен, ғылым және саяси-қоғамдық мәселелер мүлдем қызықтырмайды, рухани мәдениеттің не екенінен тіпті бейхабар. Негізінен, олар қарапайым күнделікті өмірдің күйбеңінен аспайды, онда да тек даярға тап болып үйренген, салиқалы да пайдалы іс-әрекеттен гөрі уақытты босқа өткізгенді тәуір көреді.
Дегенмен, олар өздерінің алдына қойған мақсатын орындау үшін (темекі, ішімдік, есірткі зат, ұрлық жасау) әртүрлі тапқырлық көрсете алады. Сабақ оқу, уәдеде тұру, режимді сақтау, саналы тәртіпке бағыну сияқты оқушыға тән міндеттер мен парызды орындауға келген олардың ерік-жігері тым төмен, табандылығы жетіспейді.
Зерттеулер көрсеткендей, ер балалар мен қыздардың арасында едәуір психологиялық айырмашылықтар бар. Ер балалар қыздарға қарағанда белсенді, іс-әрекеті жылдам, ұрыс-керіс бейім. Қыздар өз көңіл күйіне көбірек берілген, айтқанды орындағыш әрі жанашыр болуға жақын тұрады. Сондықтан тәрбие беруде ер балалардың осы ерекшеліктерін есепке алу керек. Жасөспірім шағында олар нағыз жігеттерге ұқсағысы келеді. Дегенмен олар дөрекі, тек күшіне сенетін, төбелескіш болып келетіні жиі байқалады. Сол себепті де қыздарға қолданған тәрбие құралдары ер балаларға барлық кезде жарамды бола бермейді.
Девиантты бозбалаларды қайта тәрбиелеу кезінде олардың темпераментін ескермей кетуге болмайды. Мысалы, сангвиник өзіне қойылған талаптарды тез қабылдайды, бірақ дәл солай тез ұмытады. Холерик өзіне қойылған талапты өзін күлкіге айналдыру, мазақтау, кемсіту деп түсініп, оны дөрекі түрде қабылдамай тастайды. Меланхолик өзін ұнамдысын, өз көзқарасына тура келген жерін ғана қабылдап, басқасына көңіл де аудармайды. Флегматик бәрін әбден терең әрі жан-жақты ойланады. Осыған орай, тәрбие жұмысында темперамантінің ерекшеліктерін ескермейінше, педагогикалық шаралардың іске аспай қалуы әбден мүмкін.
Тағы бір ескеретін жайт, жасөспірімдердің жыныстық даму кезеңінде болатын дене құрлысындағы өзгерістер.
Егер жақсы бағытта дамыған өзгерістер баланың санасына дұрыс әсер етсе, онда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz