БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ: МӘДЕНИ ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
Төлеубай Гүлнұр Думанқызы
«БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ: МӘДЕНИ ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В041900 - «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы
Алматы 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ: ТАРИХЫ, ТАҚЫРЫПТЫҚ БӨЛІМДЕРІ
- Музейдің қалыптасу тарихы . . . 9
- Музейдің тақырыптық залдары мен оның мазмұны . . . 12
ІІ МУЗЕЙДІҢ МӘДЕНИ ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2. 1. Музейдің ғылыми-зерттеу жұмысы . . . 34
2. 2. Музей көрмесі - ағартушылық жұмыстың басты түрі . . . 38
2. 3. Көпшілік-ағарту жұмыстарының түрлері . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
ҚОСЫМШАЛАР . . . 62
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . . 64
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Музей - ғылыми, тарихи-мәдени орталық. Өлкенің тарихынан сыр шертетін, өткен мен бүгінді жалғастыратын бірден бір мәдени мекеме. Қазақстанда алғашқы музейлердің қалыптасуы ХІХ ғасырдың басынан, нақтырақ айтсақ 1830 жылдардан бастау алады [1, 7 б. ] . Қазақ жерінде ашылған алғашқы музейлер тарихи-өлкетану музейлері еді. Қазіргі таңда ел аумағында 200-ден астам әр түрлі профильді қамтитын музейлер бар. Ұлы Дала өркениетінің алтын бесігі − қасиетті Сарыарқаның бел ортасына орналасқан Қарағанды облысы еліміздегі тек территориясының көлемі жағынан ең ірісі болып қана қоймай, әрі оның кең жазира қойнауындағы ескерткіштерінің санымен де, осы ескерткіштердің еліміздің тас дәуірінен бастап қазақ этнографиялық кезеңінің тарих архивына түпкілікті тапсырылған ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейінгі аралықтағы кең диапазондағы тарихи даму жолдарын айшықтайтын сан-алуандығымен де әйгілі. Қарағанды облысы бойынша жергілікті маңызы бар, тарихи және мәдени ескерткіштердің жалпы саны 2017 жылғы дерекке сүйенсек, 1538 бірлікті құрайды . Соның ішінде: археологиялық ескерткіштер саны 1081 бірлік; қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері - 427 бірліктен; ансамбльдер - 30 бірлікті құрайды екен [2, 6 б. ] .
Өлкетану тарихының ғылыми-жинақтау мен насихаттаудың бірден-бір ордасы болып табылатын тарихи-өлкетану музейлерінің алдындағы мақсат пен міндеттер, осы, сайын дала тұрғындарының сан мыңдаған жылдар белесіндегі әлеуметтік-мәдени шығармашылығының асыл жауһарлары ретінде ұлтымыздың ғана емес, жалпыадамзаттық өркениеттің ұлы жетістіктерінің қатарына жататын ескерткіштерді ұлтымыздың рухани азығына айналдырып, жаһандану заманының талабына сай пайдалану жолдарын іздестіру мен іске асыру болып табылады.
Қарағанды облысы, Балқаш қаласында орналасқан Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі - өзіндік тарихы бар, қаланың даму тарихымен тікелей байланысты, қала тарихының тірі куәсі болып табылатын ерекше музейдің бірі. Музей қоры тас ғасырынан бастап өлкенің қазіргі уақытқа дейінгі тарихын қамтитын жәдігерлерден тұрады. Музей қоры бай, әрі сан алуан. Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі облыс көлемінде айрықша маңызға ие музейдің бірі болып табылады. Тіпті, музейдің 49 жылдық тарихы бар. Сондықтан, музейдің тарихы мен даму жолын, бүгінгі күнгі даму жағдайын білу де маңызды. Ол үшін музей туралы мәлімет беретін деректерді қарастырған жөн. Бірақ ондай еңбектер жоқ, бар болсада музей туралы деректер музей сайтында, және қалалық кітапханада, архив құжаттарында ғана жалпы шолу ретінде ғана берілген. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында музей туралы толық мәлімет беріледі. Бұл тақырыптың өзектілігі болып табылады.
Дипломдық зерттеудің өзектілігінде көтеріліп отырған мәселе Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазіргі жаһанданудың тайталасқа толы заманында еліміздің мүддесі мен мұратын қорғауға қабілетті біржақты мықты кәсіби мамандар ғана емес, ұлттық мәдениетіміздің нәрімен сусындаған рухани интеллектуалдық деңгейі жоғары азаматтық ұстанымы бар тұлғаларды тәрбиелеп, қалыптастыру мәселесінің күн тәртібіне қойылуынан бастау алады. Әрі осы мақсатқа қол жеткізудің басты тетігі мен жолы да жолдау барысында көрсетілді, ол - әр қазақстандық азаматтың ең алдымен кіндік қаны тамған кіші отанының, яғни туған өлкесінің тарихын бойыңа сіңіріп өсуі. Ол үшін арнайы мемлекеттік «Туған жер» бағдарламасының концептуалды бағыт-бағдарының жобасы да көрсетілді: ол - өлке тарихын терең білу [3] . Отандық тарихты, оның алғашқы баспалдағы өлкетанушылықтан бастау, тарихи білімді азаматтық санаға айналдырудың ең төте жолы. Өйткені, мектептегі өлкетанушылықтың ерекшелігі, ең алдымен, оның жоғары идеялылығы мен ізденістік-зерттеушілік бағытында болып табылады. Өлкетану оқуларының нәтижелілігі әрине, оны жүргізуші ұстаздардың немесе жетекшілердің біріншіден, жергілікті тарихи материалдарды терең білуіне, екіншіден, өлкетану материалдарын тарих сабақтарында тұрақты пайдалану мен сынып және мектептен тыс шараларын өткізудің әдістемелік бағытын түрлендіру арқылы олардың білімдік тиімділігіне қол жеткізуіне, үшіншіден, барлық шараларды ғылыми негізделуіне байланысты нәтижесін көрсетіп отырады. Сонда ғана оқушылар өлке тарихын үлкен отандық тарихтың ажырамас бөлшегі ретінде танып білуге қызығушылығы артады. Солай саналарында қалыптасу арқылы заманауи көзқарастағы отаншыл азамат болып қалыптасады. Осы жалпы мемлекеттік маңызы бар бағыттағы білімдік, мәдени-ағартушылық маңызы бар шаралар Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарының тізімінде ерекше орынға ие.
Сонымен қатар, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылы 2 қыркүйекте «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында мәдениет қызметкерлері, оның ішінде музей қызметкерлеріне көп көңіл бөліну керектілігі айтылды [4] . Қоғам алдында тұрған басты мәселе музейлерде музей ісі мамандығын тәмамдаған мамандардың музей саласына емес, басқа салаға кетуінің бірден бір себебі жалақының аз болуы. Музей ісі мамандығы еліміз бойынша екі жоғарғы оқу орнында оқытылып келеді. Соның бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Музей мамандарының жалақысы аз болғандықтан бұл мамандықта оқитын студенттер саны жыл сайын азайып барады. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы музей саласында нағыз музей мамандары отыруы үшін 2025 жылға дейін музей қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды. Бұл жолдау музей қызметкерлерінің болашаққа деген серпілісін білдіретін жаңа бастама болып табылады деген сенімдеміз.
Музей қызметінің ғылыми-танымдық, ағартушылық қызметінің негізгі тұтынушылары әрі әріптестері ол әрине, ең алдымен мектеп оқушылары мен колледж студенттері болып табылады. Музей ұжымы мен қаланың орта білім және орта кәсіптік білім беру оқу орындарымен білімдік-тәрбиелік мақсаттағы жұмыстары осы күнге дейін жалғасып келеді. Әр жыл сайын осы біріккен өлкетанушылық жұмыстардың нәтижесі мектеп оқушыларының ізденіс топтары арасындағы «Жас шежіреші», колледж студенттері арасындағы «Бабалар мұрасы - халық қазынасы» білімділік сайыстары арқылы жыл соңында қорытындыланып келеді. Осы біріккен ізденіс жұмыстарын жүргізуде музей ұжымы жетекші ұйым ретінде жас ізденушілердің зерттеу жұмыстарына қажетті деректік-тарихнамалық материалдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысының территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірнеше тізімін жасау мақсатында «Қарағанды облысының тарихи-мәдени ескерткіштері» ақпараттық -анықтамалық мазмұндағы ғылыми-көпшілік жинағын құрастырды.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі 49 жылдық тарихы бар, Кеңес заманында ашылған, көп музейлермен салыстырғанда бай қорына қарамастан, бұл қалалық тарихи-өлкетану музейі бұрын соңды зерттелмеген. Музейдің қоры қаншалықты бай болсадағы, қаланың кішілігі және арнайы музей ісі мамандығын тәмамдаған мамандардың болмауынан музей тарихы толығымен зерттелмеуде. Сол себепті, диплом жұмысын жазу барысында музейдің архивтік құжаттары мен музейдің басты сайты пайдаланылды.
Сонымен қатар, Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің ең алғашқы директоры − Сардарбекова Куляш Ыбыжановнаның (1972-1985) өлке тарихы, музей экспонаттары, музей тарихы туралы жазған мақалаларын көреміз. Сардарбекова Куляш 300-ден астам өлке тарихы туралы аймақтық, облыстық және республикалық баспаларда жарияланған мақалалардың авторы. Музей тарихы жөнінде 1998 жылы «Балхашский рабочий» газетінде (№80) «О чем говорят экспонаты» тақырыбында жазған мақаласы музейдің құрылу тарихынан сыр шертеді.
Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейін шетелдік «Discovering Kazakhstan» бағдарламасы 2015 жылы келіп, бейнетаспаға түсіріп, отандық Kazakh TV телеарнасында қазақ тілінде аударылып көрсетілген болатын. «Discovering Kazakhstan» бағдарламасы бұл Қазақстан аумағы бойынша қазақтың тұрмысы мен салт-дәстүріне, мәдениеті мен тамаша ландшафтына, тарихи орындары мен сәулет өнері туындыларына деген Джоннатан Ньюелдің авторлық көзқарасы болып табылады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты. Музей - өткен мен бүгінді жалғайтын тарихи көпір. Елдің бай тарихы музейлерде сақтаулы. Болашақ ұрпаққа тарихтан сыр ақтарып, өткенді көз алдына келтіретін мәдени ошақ. Сол музейлердің қоғаммен байланысы, мәдени және ағартушылық қызметтерін айқындау парыз. Бүгінгі күнде, Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі − аймақтық дәрежедегі маңызды мәдениет ошақтарының бірі бола отырып, қаладағы мәдени өмірдің негізгі орталығы болып табылады.
Диплом жұмысын жазудағы басты мақсат: еліміздегі көптеген тарихи-өлкетану музейлерінің кең түрде зерттелмеуі себепті, Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің тарихын, қоғамда алатын орнын зерттей отырып, қоғаммен байланысын, музейдің мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және білім беру мақсатында атқарып жатқан шараларын анықтау;
Музейді әлеуметтік институт ретінде қарастыра отырып, мақсатымызды жүзеге асыру барысында қойылатын негізгі міндеттер:
- Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің тарихын, тақырыптық залдарын зерттеу;
- музейдің мәдени қызметтерін, қоғамда алатын орнына тоқталу;
- музейдің ағартушылық қызметін ашып көрсету;
- музейдің ішіндегі үйірмелердің маңызын айқындау;
- музейдің қазіргі таңда атқарып жатқан іс-шараларына тоқталу;
- музейдің пандемия кезіндегі атқарған жұмысын көрсету;
- музейге болашақ музей қызметкерлерін тарту жолдарын ұсыну;
Диплом жұмысының деректік негізі . Жоғарыда айтылғандай, Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі осы уақытқа дейін зерттелмеген. Сондықтан, дипломдық зерттеу жұмысы музей қызметкерлерінің жергілікті мерзімді басылымдарға жариялаған мақалаларынан, жыл сайынғы жазылып отыратын есептік ақпарлары мен қалалық архивтің, сонымен қатар, зерттеудің негізгі нысаны болып табылатын Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің архивтік құжаттарынан тұрады.
Және, осы дипломдық жұмысты жазу барысында музейдің басты электронды сайты мен музейдің әлеуметтік желілеріндегі атқарылған іс-шаралар есебі қолданылды. Музейдің электронды сайтында музейдің қысқаша жазылған бүгінгі күнге дейінгі тарихы, музей залдары, сөрелерге қойылған экспонаттары, музейдің ғылыми-қор жұмысы жайында мәліметтер келтірілген.
Сонымен қатар, Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі әлеуметтік желілерде, оның ішінде Instаgrаm, Facebook, YоuTubе желілерінде өте белсенді. Әр аптада үш рет өлке тарихына қатысты тұлғалар жайында және музей қорынан ақпараттар жарияланып отырады. Сондай-ақ, музейде өткен іс-шаралардың, үйірмелердің атқарған есебі желі қолданушылары үшін қолжетімді.
Негізгі дереккөздердің бірі ретінде саналатын музей қызметкерлерінің жергілікті мерзімді басылымдарға, оның ішінде «Пульс», «Балқаш жұмысшысы», «Балхашский рабочий», «Балқаш өңірі», «Северное Прибалхашье» атты газет, журнал басылымдарына жазған мақалалары диплом жазу барысында пайдаға асты.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері зерттеудің негізгі нысаны ретінде алып отырған Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің алғаш ашылған күнінен бастап, осы уақытқа дейінгі музейде жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен үйірмелердің атқарған соңғы бесжылдық (2017-2021жж. ) есептерін қамтиды.
Және, Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің хронологиялық шеңберін екі кезеңге бөліп қарастырсақ болады. Бірінші кезең, музейдің алғаш іргесі қаланған уақыт, яғни 1970 жылдан бастап 1991 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең музейдің қалыптасуы, музей ғимаратының құрылысы, музей қорын жинақтау сияқты атқарылған іс-шаралардан тұрады.
Екінші кезең, еліміз тәуелсіздік алған күнінен бастап, осы қазіргі уақыт аралығын қамтиды. Бұл кезеңде сонымен қатар, кешегі пандемия кезіндегі музейдің атқарған мәдени-ағартушылық жұмыстары көрсетіледі.
Зерттеудің әдістері. Бұл дипломдық жұмысты жазу барысында негізінен дәстүрлі зерттеу әдісі қолданылды. Яғни, дәстүрлі зерттеу әдісі аясында: тарихи мәліметтерді анықтау, анықталған тарихи деректерді жүйелеу, ғылыми деректерді жүйелеу, статистикалық мәліметтерді пайдаланып, отандық тарихи-өлкетану музейлерімен салыстыра отырып зерттеу сияқты әдістер қолданылды. Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің атқарып келе жатқан жұмыстарын насихаттау, түсінік беру, болашақта жүзеге асырылуы тиіс қызметтердің нәтижелерін болжау әдістері мен ғылыми деректердің жиналуы, оларды жүйелеу, талдау, жұмысқа баға беру кезінде жалпыдан жекеге қарай, яғни, индукциялық зерттеу тәсілі қолданылды. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздемесі музей туралы зерттеулер мен ғылыми еңбектер, және тарихи-өлкетану бағытында жазылған ғылыми көпшілік жинақ болып табылады.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысы Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі туралы жазылған ең алғашқы зерттеу жұмысы болып табылады. Зерттеу жұмысы барысында музей туралы деректер жүйеленіп, сараптама жасалынды. Музей қызметкерлерінің жергілікті мерзімді баспаларға жазған мақалаларына талдау жасалынып, музейдің даму тарихы толығымен жазылды. Сонымен қатар, музейді әрі қарай дамыту, келушілер санын арттыру, музей қызметін жетілдіру мақсатында ұсыныстар жасалды. Музейдің мәдени және ағартушылық қызметінің, оның ішіндегі қоғаммен жұмысына, келушілердің әлеуметтік және психологиялық күйлерін зерттеу арқылы музейді жабдықтауына, әр түрлі сатыдағы музей келушілеріне экскурсия, лекциялар жүргізу, музей ішінде үйірмелердің жұмыстарына баға берілді. Музейге болашақ музей мамандарын тарту жолдары ұсынылды.
Музей экспозициясы, музейдің залдары қазіргі заманға сай емес жабдықталған. Музейде заманауи сенсорлы киосктер, ақпараттық сенсорлы қондырғылар жоқтың қасы. Егер музей қазіргі заманға сай жабдықталса, музейге келуші жас буын өкілдері көп болар еді.
Сонымен қатар, музейдің туристік маршрутынан бөлек, Балқаш қаласына қонаққа келген туристтерге туристік маршрут ұйымдастыру қолға алынды. Жыл сайын Балқаш көліне келетін туристер саны көбеюде. Қазіргі таңда көл аумағында әр түрлі демалыс орындары салынған. Демалысқа келген туристтердің барлығы Балқаш қаласы арқылы өтеді. Ендігі алда тұрған басты мақсат сол туристерді музейге тарту жобасы. Ол жоба туристік маршрутты ұйымдастыру арқылы жүзеге асатын болады. Туристтер тек демалып қана қоймай, өлке тарихымен, қалалық тарихи-өлкетану музейімен де танысып кетуге жағдай жасалынуда.
Жұмыстың құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан: 1-ші тарау 2 бөлімнен, 2-ші тарау 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан, қысқартылған сөздерден тұрады. Әр тарау жұмыстың мазмұнын толық ашуға бағытталған.
І. БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ: ТАРИХЫ, ТАҚЫРЫПТЫҚ БӨЛІМДЕРІ
1. 1. Музейдің қалыптасу тарихы.
Балқаш қаласы - Балқаш көлінің жағалауында орналасқан өндірісті қала. Қала 1937 жылы Прибалхашстрой кентінің базасында құрылған [5, 3 б. ] . Биыл қалаға 85 жыл толып отыр. Балқаш қаласы республикамыздағы түсті металлургияның ең маңызды орталығы болып табылады. Қалада тек қана бір тарихи-өлкетану музейі бар.
Балқаш қаласының тарихы көркем бейнелі полотнолармен жазылған сирек қалалардың қатарына жатады. Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі 1970 жылы комсомолдар мен алғашқы құрылысшылардың ұсынысы бойынша құрылды. Музей 1973 жылдың 25 қыркүйегінде алғашқы келушілерін қабылдап, бұл күн музейдің ресми ашылу күні болып саналды [6, 148 б. ] . Ең алғаш музей құру идеясы 1966 жылы қалыптасқан болатын. 1966 жылдың наурыз айының 13 жұлдызында бірінші қалалық «үш ұрпақты комсомолдардың» кездесуі негізінде қалалық тарихи-өлкетану музейін ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды. Сол негізде 1969 жылы желтоқсан айының жиырма тоғызы күні - «Балқаш қаласында өлкетану музейінің құрылуы жөнінде» ҚазКСР мәдениет Министрлігінің бұйрығы жарияланды [7] .
Музей құру туралы ұсыныс тасталғаннан кейін, ең маңызды сұрақ туындады. Ол сұрақ: «Музей қандай болуы керек?». Бұл сауалға ең алғашқы қала құрушылары мен қала қоғамы бірауыздан, негізгі қоры қаланың тарихынан сыр шертетін, түпнұсқа материалдардан құралған, комбинат тарихы мен қаланы, оның атақты адамдарымен, табиғатымен таныстыратын тарихи -өлкетану музейі құрылсын деген шешімге келіп тоқтады [7] .
Музейдің негізгі экспонаттары болып, рудалардың түрлері, ең алғашқы ерітілген мыстардың қалыптары, ең алғашқы комбинат қызметкерлерінің еңбектері, комбинаттың шығарған өнімдері мен көлдің байлығы есептелді. Әр осындай экспонаттардың артында ұлы тұлғалардың тағдыры, олардың қаланың өркендеуіне қосқан үлестері туралы айтылады [7] .
Музейдің ғимараты ретінде 1970 жылы - жиһаз дүкенінің ғимараты музейдің иелігіне беріліп, Т. К. Самбуренко бастаған музейді ұйымдастырушылар музейдің тақырыптық-экспозициялық жоспарын жасады. Арнайы комиссия құрылып, кадр мамандар іріктелді. Оның құрушысы болып Петр Николаевич Еремеев есептеледі (1970-1972) . Музейдің алғашқы директоры − Сардарбекова Куляш Ыбыжановна (1972-1985) . Сардарбекова Куляш 300-ден астам мақалалардың авторы. Музейдің аяққа нық тұрып кетуіне ерекше үлесін қосқандардың бірі.
Осылайша музей қалыптасып, 1973 жылы ең алғашқы көрермендеріне есігін ашқан болатын. Музейдің ең бірінші экспозициясы: «Солтүстік Балқаш өңірінің тас суреттері және палеолит, неолит кезеңінің материалды мәдениеті» тақырыбында ұйымдастырылған болатын. Мәскеу, Ленинград, Алматы қалаларының ғылыми қызметкерлерімен музей қызметкерлерінің бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі ретінде ұйымдастырылып, қала халқына ұсынылды.
Музейдің даму тарихының хронологиялық шеңберін екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Бірінші кезең музей ашылған күннен бастап, еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі аралығын қамтиды. Төменде музейдің тәуелсізік алғанға дейінгі даму тарихын хронологиялық тәртіппен ұсынар болсам:
1975 жыл 7 мамыр - «Солтүстік Балқаш өңірінің табиғаты» және «Балқаш Ұлы Отан соғысы жылдарында» бөлімі ашылды.
1975 жыл 6 қараша - «Балқаш бірінші бесжылдықта» бөлімі ашылды.
1977 жыл наурыз - Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы - Д. А. Қонаев музейде қонақта болды. Д. А. Қонаевтың назарын ерекше аударған Балқаш бірінші бесжылдықта залында тұрған 30-жылдар экспозициясы еді. Д. А:Қонаев экспозицияда Балқаштан шыққан мыстың ең алғашқы 1938 жылы алынған қорытпасын көріп, «Сіздер бұны қайдан алдыңыздар? Бұл Балқаш мысының бастамасы еді, біздің жұлдызды сәтіміз» деп таңданысын жасырмады [7] .
1978 жыл қазанның 26-сы - БЛКЖО-ның 60 жылдығына орай 700 жәдігерден тұратын көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстанның БЛКЛО ОК - ның бірінші хатшысы К. Сұлтанов келді.
1980 жыл 1 шілде - музей ұжымы «Әкелер даңқы жолымен» VІІІ республикалық комсомолдар слетін өткізуге қатысты.
1982 жыл шілденің 27-сі - «1946 -1961 жылдардағы Балқаш» шығармашылық залы ашылды.
1982 жыл шілденің 28-і - ҚазКСР мәдениет Министрлігінің орынбасары музейде қонақта болды .
1983 жыл 17 желтоқсан - «Өлкедегі кеңестік биліктің құрылуы және нығаюы. 1917 - 1925 ж. » залы ашылды [8, 3 б. ] .
1988 жыл сәуір - Балқаш қаласының 50 жылдығына орай, насихаттаудағы белсенді жұмысы үшін Балқаш қалалық тарихи - өлкетану музейі Жезқазған облыстық кеңестік еңбекшілердің атқарушы комсомолының Құрмет грамотасымен марапатталды.
1988 - 1991 жылдар - экономикалық өтпелі кезеңдерде музей өзін қамтамасыз ететін қаржының тапшылығынан консервация жағдайында болды. Сол уақыттың негізгі проблемасы музейді және оның қорын сақтап қалу болатын [8, 4 б. ] .
Жоғарыда музейдің даму тарихының хронологиялық шеңберін екі кезеңге бөліп қарастырған болатынбыз. Музейдің екінші кезеңі, еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихына арналады. Осы уақыттар аралығындағы даму тарихын хронологиялық тәртіппен ұсынар болсам:
1991 жылы - Тәуелсіздіктің алғашқы жылы музей жұмысы толық тоқтатылып, музей қызметкерлері алдында жалғыз міндет оның қорын сақтау болып қалды.
1992 жылы - Алматы қаласындағы «Казреставрация» мемлекеттік мекемесінің күшімен жөндеу, қайта құрылымдау жұмыстары болды.
1996 жылы 16 мамырда - жаңартылған экспозициялық кешендер ашылды.
1997 жылы - Балқаш қаласының 60 - жылдық мерейтойына орай музей қызметкерлері Балқаш қаласы мен Қоңырат кешенінің алғашқы құрылысшылары жайлы музей қорын толтыру мақсатында көлемді ізденіс жұмыстарын жүргізе отырып «Ағайынды Мусиндер», «Қаланың құрметті азаматтары» тақырыбы бойынша А. Оганесянның, А. Мұстафиннің, Н. Абуғалиевтың, И. Бредюктің - барлығы 6 жаңа экспозициялық кешендерді құрылымдалды [8, 5-6 бб. ] .
1998 жылы - Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінде республикамызға танымал шығармашылық тұлғалар мен Кеңес Одағының екі дүркін батыры Талғат Бигелдинов, 1996 жылғы Атланта олимпиадасының жеңімпазы В. Жиров қонақта болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz