Тіл білімінің синтаксис саласы және оның зерттеу объектілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Филология факультеті

СӨЖ

Орындаған: Ташпанова Альбина

Қазақ тілі мен әдебиеті-301 топ

Ақтөбе-2021 ж

10-апта

Тіл білімінің синтаксис саласы, оның

зерттеу обьектілері

Əрбір ғылым саласының басталу, жетілу, даму кезеңдері бола-

ды. Қазақ тілі білімінің бұғанасы бекіп қалыптасқан қай саласын

алсақ та, олардың əрқайсысының даму кезеңдері болған. Ғылым

салаларының даму барысында оның əдепкі біртұтас жүйесінің

жеке мəселелері жеке сала құрап немесе сол саланың дербес

бөлшегі болып та қалыптасуы мүмкін.

Қазақ тілі синтаксисі мəселелері о баста жалпы сөйлем

құрылысы орайында қаралып келсе, сол ғылым дами келе сөз

тіркесінің синтаксисі 1950 жылдары бой көтеріп, оның жеке

мəселелері көптеген ғылыми зерттеулердің объектілері бол-

ды. Қазір солардың жүйелі тармақтары айқындалып, жасалу,

жұмсалу заңдылықтары ашылды. Сөйтіп, сөз тіркесі жай сөйлем

синтаксисінен бөлініп, өз алдына синтаксис ғылымының бір сала-

сына айналды.

Сөз тіркесінің синтаксисі жайлы мағлұматты оның зерттелу та-

рихымен ұштастыра ұғынбайынша көп мəселенің байыбына бара

алмай қаламыз. Егер орыс тіл білімінде синтаксис ғылымының

бұл саласының ұзақ тарихы бар дейтін болсақ, қазақ тілі сөз

тіркесінің зерттелу тарихы 50-60 жылдардан əрі аспайды. Ол қысқа

тарихтың тіл біліміне қосары айтарлықтай мол болғанмен, сөз

тіркесі синтаксисі - енді ғана ғылыми дербестігімен оқшауланып,

бұғанасы бекіген сала. Қазақ тіл білімі үшін осылай болуының өзі

заңды.

Синтаксис - қазір күрделі ғылым саласы. Оның объектілері сөз, сөз тіркесі әртүрлі салада зерттеліп, қаралып келеді. Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарға сәйкес, синтаксистің зерттелетін объектілері үшеу, соған сәйкес, синтаксистің үш бөлімі бар.

І. Сөз тұлғасының синтаксисі

ІІ. Сөз тіркестерінің синтаксисі

ІІІ. Сөйлем синтаксисі

ІV. Мәтін синтаксисі

Сөз тіркесінің синтаксисі жеке сөздердің синтаксистік қасиетін зерттейді, сөздердің бір-бірімен тіркесу кесінділігінің ережелерін анықтайды.

Сөз тіркесінің синтаксисі - жалпы тілдік жүйеде лексика-морфологиялық деңгейден синтаксистік деңгейде әртүрлі аралық өткермелі саты.

Сөйлем синтаксисі - жалпы тілдік жүйеде сапалық жағынан жаңа саты. Ол тілдің мәнін, коммуникативтік - функционалдық маңыздылығын анықтап береді.

Мәтін синтаксисі .

Хабарлардың бірлік тұлғасы болғанымен, сөйлем тілде кіші, жеке буын ретінде ғана мәнді. Ол құрылымдық жағынан да, мағыналық жағынан да пікір олардың (коммуникация) жалпы міндеттеріне бағынады. Яғни өзінің ерекшелігіне тек басқа буындармен (сөйлемдермен) байланысу арқылы ғана ие болады.

Сонымен, мәтін синтаксисі жеке сөйлемдерден ірі, өзіндік құрылымдық ереже-заңдары бар тұлға бірліктерді зерттейді.

Жоғарыда айтылған синтаксистің тұлға-бірліктері (сөз тұлғасы, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін) өзара байланысты, шарттас тұлғалар.

Жалпы алғанда, синтаксистің зерттеу объектісі - сөздердің байланысы, сөз тіркесі, сөздердің тіркесу амал-тәсілдері, түрлері, сөйлем, сөйлемді құру тәсілдері, түрлері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен жолдары, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасы т. б. мәселелер.

Әдебеттер:

  1. Т. Сайранбаев, М. Балақаев- Қазіргі қазақ тілі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы тіл білімінің зерттеу әдістері мен тәсілдері
Ежелгі және орта ғасырлардағы тіл білімінің қалыптасуы
Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімінің қалыптасуы мен грамматикасы
Қазақ тіл білімінің логика-философиялық негіздері
Қазақ тіл білімінің құрылымы, даму тарихы және негізгі зерттеушілері
Сәрсен Аманжолов: қазақ тіл білімінің теориясы мен диалектологиясының негізін қалаушы
Синтаксис: түсінігі, нысаны және қазақ тіліндегі зерттеу тарихы
Тіл грамматикасының негіздері: морфология, синтаксис және сөздің морфологиялық құрылысы
Құдайберген Жұбановтың зерттеулеріндегі тіл мәселелері: фонетика, морфология, синтаксис және әдістемелік негіздері
ХХ ғасырдағы тіл білімінің лингвистикалық мектептері мен бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz