ОҚУШЫЛАРДЫ СПОРТ ПЕН ТӘРБИЕНІ ҰШТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ОҚУШЫЛАРДЫ СПОРТ ПЕН ТӘРБИЕНІ ҰШТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мектептегі спорт оқушыларға ден тәрбиесінің басқа да құралдары мен әдістерін меңгерумен қатар, мектептегі жалпы тәрбие міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.
Жасөспірімдер спортты дұрыс пайдаланбаған жағдайда олардың бойында мақтаншақтық, өзімшілдік, өзін ұжымға қарсы қоюшылық т.б. жағымсыз көріністер пайда болуы мүмкін.
Таңдаулы ұстаздар спортты тәрбие мақсаттарына тиімді пайдалануда. Ондай мектептерде спорт оқушылардың бойында тәртіпті, көпшіл болуға, мінез-құлық мәдениетін, жауапкершілікті және адамгершіліктің өзге де белгілерін тәрбиелеудің маңызды құралдарының бірі болып келеді.
Аса көрнекті педагог А.С.Макаренко спорт туралы мынадай аса маңызды ескертулер жасады: Біріншіден, спортпен айналысу шектен тыс құмарлық сипат алмауын қадағалау қажет, баланы іс-қимылдың өзге де жақтарына бағыттап отыру керек.
Екіншіден, балалар мен қыздардың бойында тек өздерінің жеке табыстарына ғана емес, команданың немесе ұйымның табыстарына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру қажет. Сонымен бірге қарсыласын сыйлай білуге, ұйымшылдыққа, жаттығуға, командадағы тәртіпке назар аудару керек.
Ең ақыры, сәттіліктер мен сәтсіздіктерге байыпты қатынас жасай білуге қол жеткізу керек. Өзінің тәрбие жүйесінде спорттың әр түрін кеңінен қолдана білген А.С.Макаренко спорттағы ұжымдық қарым-қатынастың маңызын көрнекті, нақты түрде ашып көрсетті және балаларды ұжымдық спорт арқылы тәрбиелеуге болатындығын әйгілеп берді.
Спорт оқушылардың бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық-ерік сапаларын дамытудың тиімді құралы болып табылады.
Спорттың тәрбиелік құндылығы мектепте оны дұрыс ұйымдастырған жағдайда және оны өткізудің дұрыс әдістерін қолданғанда ғана тиімді болмақ.
Әлеуметтік өнегелілігі қоғамдағы жаңа қоғамдық қатынастармен анықталады және біздің елімізде жаңа қоғамды құра алатын адамдарды тәрбиелеу мақсатын көздейді.
Барлық адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеудің барлық түрі, оның ішінде патриоттық сезімді тәрбиелеу оқушылардың шама-шарқына, мүмкіндіктеріне қарай олардың қазіргі қоғамды құруға тікелей ат салысуы болып табылады.
Қазіргі қоғам мүшелері өз мінез-құлық ережелері мен нормаларын жасап, қалыптастыруда.
Адамгершіліктің мазмұнына патриоттық, еңбекке деген дұрыс қарым-қатынас, мемлекет меншігін сақтау, адамгершілік, ұжымшылдық, саналы тәртіп, адалдық, шыншылдық, жолдастық, достық және басқалар жатады.
Дене тәрбиесі мектепте оқушылардың бойына осы аталған белгілерді қалыптастыруда орасан зор көмек көрсете алады.
Спортпен айналысуда тәрбиелік сипаттағы қағидаларды жүзеге асыра отырып, мұғалім оқушылардың бойына патриоттық сезімді сіңіруге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге міндетті. Адамды патриотизм рухында тәрбиелеу дегеніміз-оларды Отанға деген шексіз сүйіспеншілік рухында, Отанын, өз халқын мақтан тұту және жат қылықтарға төзбеу рухында тәрбиелеу.
Спортпен айналысу барысында мұғалім оқушыларда өз ұжымы (сыныбы, мектебі) үшін мақтаныш сезімін және өздеріне білім беретін біздің ұлы Отанымыздың болашағына пайда келтіретін азаматтар тәрбиелеп өсіретін мектебіне, ұстаздарына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады.
Өз Отанына жақсы қызмект ету үшін кез келген кедергілер мен қиыншылықтарды жеңе алатындай күшті, денсаулықтары мықты болып өсулері қажет екенін оқушыларға жеткізе білу керек.
Біздің спортшыларымыздың шетелдік спортшыларымен кездесулеріндегі табыстарын мысал етіп көрсете отырып, үкіметтің қамқорлығы нәтижесінде бізде, Қазақстанда, бұрын қол жетпеген дәрежеге жеткен спорттағы артықшыларды оқушыларға жеткізе білген жөн.
Балалар мен жасөспірімдердің спорт шеберлерімен және өзге де спорт майталмандарымен кездесулерін ұйымдастыру қажет. Олар өз кезегінде балаларға спорт арқылы қалыптастыруға болатын күш, төзімділік, ептілік, шапшаңдық, байқағыштық, моральдық ерік және басқа да өмірде қажет болатын сапалар туралы айтып беретін болады.
Спортпен айналысу барысында ақыл-ой мен дене тәрбиесінің арақатынасы туралы, еңбекке және Отанды қорғауға дайын, жан-жақты жетілген азамат болып қалыптасу үшін. Оларды өзара байланыста пайдалану қажеттілігі туралы білім-біліктерді оқушылар бойына сіңіре беру қажет. Дене тәрбиесімен айналысатын әрбір оқушы барлық пәндерден 4 пен 5-ке ғана оқуы керек. Қанағаттанғысыз баға алатын оқушыға мүғалім бірден назар аударуға тиіс.
Спортпен оқу жұмысына зияны тиетіндей етіп бір жақты айналысуға жол беруге болмайды. Алайда, керісінше, теориялық пәндерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие жұмысының әдістемесі» пәнінен оқу әдістемелік нұсқауы
Тәрбие ұғымының жалпы түсініктемесі
Сыныптан тыс оқыту тәрбие жұмысының негізі
Тәрбие процесын ұйымдастыру
Мектептегі тәрбие процесі – динамикалық жүйе ретінде. Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары
Тәрбиенің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принциптері
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Педагогикалық әдеп
Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата - аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Пәндер