Еркіндік философиясы жайлы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
1.10. Еркіндік философиясы.

Философия тарихында еркіндік мәселесінің орын алуы ерте замандардан басталады. Философиядағы еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғым адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі.
Философия тарихында да еркіндік мәселесінің орын алуы сонау ерте замандардан басталады.
Еркіндік біреудің үстемдігінсіз және зорлықсыз өмір сүру мен еңбек ету, мұнысыз ол өзін тұлға ретінде қабылдай алмайды. Еркіндік ұғымы бұл тұрғыда тәуелсіздікпен жалғасып кетеді. Саяси еркіндікпен тығыз байланыста болатын экономикалық тұрғыдағы еркіндіктің көрінісі бар. Бұл дегеніміз, өз бетінше өндірісті дамытып, ешкімге материалдық жағынан тәуелсіз болу арқылы өз саясаттарын іске асыру.
Адамзаттың ерте замандардан бері тілеген арманы бар, ол еркіндік. Тарих ашық түрде еркіндік Әрекет етуге бөгет жасамаңдар деген ұранмен буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде 17-18ғ. енген болатын. Бұған бұл ұғым қарастырылмаған деген түсінік тумауы тиіс, әрине. Жүйелі түрде осы кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін шолу жасап көрейік.
Ағылшын философы Томас Гоббстың пікірінше, еркіндік деп адамдардың өз ойымен және өз түсініктері бойынша істеуіне болатын әрекеттерді атқару барысында сырттан кедергілердің болмауы. Гоббстың көңіл аударатын тағы бір қыры еркіндікпен қажеттіліктің үйлесе алатындығы.
Еркіндік мәселесі Б.Спиноза (1632-1677) мұрасында кеңінен қарастырылған. Ол Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, әуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін тереңдеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі - Этика.
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерінің табиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай - табиғаттың өзі. Ол субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғат. Спиноза адамгершіліктік ережелердің құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз.
Ең бастысы Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебі оның табиғаты ізгілікті. Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның дамуы процесінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты - адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды.
Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мұңға бату - құлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз философиялық деп атап жүрген көзқарас). Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бұл философиясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі құбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді.
2 М.Хайдегердің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік.
Неміс экзистенциализмінің негізін салушылардың бірі М. Хайдеггер пікірлері осы еркіндік мәселесі тұрғысынан өзі қызық әрі құнды. Адамның шынайылығы-оның еркіндігінде. Еркіндік болмыста негізделген және болмысты негіздейді. Еркіндік-адам шынайылығының ақиқаты "осында орныққан" адам ерікті, себебі: "осындағы болмыс"орын және адамға Адам болу мүмкіндігін беретін орын қасиетін ашады. Орынды жоғалту өліммен бір. Орынға иелік ету-белгілі бір нәрсені тірлігіне мүмкіндік жоқ болу емес, орын - адам өз-өзін зерделей бастайтын шынайылықтың түрі. Бұл оның тірлік негізі және оның жүзеге асу мүмкіндігі.
Алайда, орынның шартты анықтамасы адам орны жүзеге асатын саяси, экономикалық және әлеуметтік сияқты нақты сұрақтарда ақырына жетеді. Осы аумақтардың әрбірі еріктілік жүзеге асуы үшін қажет. Метафизикалық еріктілік аздық етеді. Хайдеггердің еріктіліктің нақты өлшемі жөніндегі ілімді тірліктің экономикалық па, әлеуметтік пе немесе саяси аспекттерге енгізуге қабілетсіздігі осы ілім мен метафизика арасындағы диалектикалық байланысты түсінуге үлкен кедергі болып тұр. Біз адам -- саяси мақұлық деп айтқанда біз оның метафизикалық еріктіліктің шынайылығы және мойындауы болатын саяси еріктілікті сақтау мағынасында түсінеміз. Бұған қарамастан, метафизикалық еріктілікті жариялау, тәуелсіз адамды саяси тәуелдендіру арқылы сіңіріп кетуге жол бермейді.
Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына даналық мұраты ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген.
Ерік - бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиыншылдықтар мен кедергілерді жеңуге бағытталған адамның саналы психологиялық ісәрекеті. Еркіндік пен ерік синоним ретінде қолданылады. Ерік өз тілегеніңді алдыңа қойған мақсатыңды жүзеге асыру, саналы ұмтылыс, тілек, талап, билік, мүмкіндік, ал еркіндік дегеніміз - ерікті күй. Ар-ождан қоршаған орта алдындағы өнегелі жауапкершілік сезімі.
Еркіндік ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы ерткіндікті құқық реттейді.Ішкі еркіндік бұл субъективті еркіндік, яғни адамның адамның ойлау еркіндігі, сенім, көзқарас еркіндігі және т.б.
Құқықтық еркіндік барлық еркіндік түрлерінің жүзеге асуына кепіл болады, яғни саяси, экономикалық, рухани және т.б. еркіндік.
Фихте еркіндіктің мынадай деңгейлерін көрсетеді:
- инстинкт арқылы сананың шексіз басшылық ету кезеңі;
-саналы инстинкт сыртқы мәжбүрлі беделге айналған кезең;
- арылу кезеңі, бұл кезеңде кез-келген ақиқатқа селқос қарау басым болды;
- саналы ғылым кезеңі- ақиқаттың мойындалған кезеңі;
- саналы өнер кезеңі - адамзат сенімді түрде сананың жеткен жетістігін пайдаланған кезең.
Белгілі философ Фромм еркіндікті оң және теріс деп бөліп көрсетеді. Оң еркіндік барлық байланыстардан қол үзуді талап етпейді, тек ойластырған мәселені жүзеге асыруға кедергі келтіретіндерден бас тартуды талап етеді. Ол адамға қуаныш сыйлайды, дамуына ықпал етеді. Ал теріс еркіндік дегенеіміз адамдар алдындағы жауапкершіліктен, барлық міндеттерден бас тарту. Бұл қоғамда кері пікір қалыптастыратын еркіндік түрі.
3 Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы - адамгершілік-құқықтық құндылықтар. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері.
Еркіндік ол адамдардың қылыққа қабілеттілігі, саналы қажеттілік арқылы жауапкершілікпен байланысқан. Еркіндік еріктілік ретінде тұлға мен қоршаған орта адамдарының алдында шектеледі. Ол адам болмысының әмбебапты сипаты. Адамдардың жауапкершілігі таңдау еркіндігі арқылы өсіп, немесе төмендеп отырады. Біреулерге еркіндік - рәміз, біреулерге идеал, біреулерге мақсат емес, құрал, енді басқаларға өнегесіз, саяси ойында қалқа болып табылады.
К. Маркс еркіндік туралы біршама ой-көзқарастарын өзінің Капитал еңбегінде қалдырады. Ол адам еркіндігінің адамдық қатынастағы үш тарихи кезеңі немесе сатысын көрсетті. Бұларға жеке тәуелділік қатынас, ерікті индивидуалдылық және жеке тәуелділік жатады. Жеке тәуелділік қатынас жүздеген жылдарға созылған. Алғашында, алғашқы қауымдық қоғам кезінде саяси-экономикалық тәуелдікке тап болды. Екінші кезең, ерекше адым кезеңі - еңбектің өндіргіш күшінің прогресімен, нарықтың өсуімен байланысты. Жұмысшы күші, еңбекке қабілеттілік еркін, тәуелсіз сипатта. Экономикалық еркіндікке қоғамның саяси жүйесі сай келді, басқа адамдармен материалдық, заттық тәуелділікті сақтаудағы адамдардың жеке, саяси, заңдық тәуелсіздігі шынайы еркіндікке қадам болып есептелінеді. Бірақ, бұл шынайы адам еркіндігі емес. Капитализм де, социализм де, адам еркіндігінің дамуындағы ассиметрияны, заттық және рухани дуализмін жеңуге қабілетсіз. Еркіндік дамуындағы үшінші сатыға жету үшін үйлесімді дамыған тұлға және жан-жақты, ерікті, жатталынбаған немесе еркін индивидуалдылық деп аталатын, қазіргі қоғам эволюциясындағылардан басқа өлшеусіз нәрсе қажет. Бұндай толық еркін индивидуалдылық өзінің ішкі потенциясының дамуының әмбебапты өсуімен ерекшеленеді.
Әділдік - турашылдық, адалдық, дұрыстық; юстиция -- дәстүрлі құқықтық мәдениетте адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың белгілі тәртібіне тікелей қатысты принцип, адамның қоғам алдындағы ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұлға үшін де жауаптылығын көрсететін, адамның өмір сүру жағдайлары мен сапасын білдіретін әлеуметтік-этикалық категория.
Әділдік - ізгіліктің ірге тасы. "Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ" (Абай). Әділдік уақыт ағынында өзгеріп отырады. Оның алғашқы түріне көне қоғамдағы "жазалаушы әділеттілік" деген жатады. "Қанға қан, жанға жан", талион, кек алу принциптері ілкі санада әділдік саналды. Қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелері әділдіктің осы түсінігімен түбірлес. Қоғамдағы меншіктік қатынастардың қалыптасуына байланысты жазалаушы әділдіктің орнына оны тепе-теңдік тұрғыдан түсіну алдыңғы қатарға шықты.
4 Тұлғаның, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары. Сөз және көзқарас еркіндігі.
Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі - биологиялық, екіншісі - әлеуметтік. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, яғни ол индивид болып табылады. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы процесінің сипатын көрсетіп отырады.
Бірақ адамның табиғи дамуы, сан алуан әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста болады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі, тұлға ретінде сипаттайды. Мысалы, өсе келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды.
Тұлға - өзіне биологиялық және әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды меңгерген адам. Тұлға - ол әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды меңгерген индивид. Егер индвид өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялыларының еркіндік идеясын жалғастыруы
Қазақ философиясындағы еркіндік мәселесі
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары
Субстанция мәселесі Спиноза пантеизмі
Джон Локк еңбегінде жан туралы
Философидағы сана мәселесі
Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі
Қайта өрлеу философиясы
Жалғыз философия
Пәндер