Аналитикалық химия функциялары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Аналитикалық химияның шығу тарихы
Орындаған: Жолдасова Азиза
Қабылдаған: Сарыбаева Жанай

Тараз 2022ж
Жоспары:
Кіріспе
1. Аналитикалық химия функциялары
2. Аналитикалық химияның даму кезеңдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Аналитикалық химия, аналитика (грек. аnalysіs - талдау, жіктеу) - заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым.
Ең алғаш химиялық анализ ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль, ал аналитикалық химия ұғымын 1801 ж. В.А.Лампадиус енгізген. Аналитикалық химияның даму кезеңдері: алхимия' (4 - 16 ғ-лар), 'иатрохимия (16 - 17 ғ-лар), флогистондық (17 - 18 ғ-лар) және ғылыми (19 - 20 ғ-лар) болып бөлінеді. Бұл ғылымның негізгі міндеттері - талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған байланысты аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым болып табылады. Онда сапалық және сандық талдау жүзеге асырылады.
Сапалық талдау зерттелетін заттың құрамын, ал сандық талдау сол құраушы заттардың массасын не массалық үлесін анықтайды. Зерттелетін бөлшектердің табиғатына байланысты элементтік (атом-ионды), заттық, молекулалық, фазалық және функционалдық талдау болып жіктеледі. Аналитикалық белгінің табиғатына және оны өлшеу тәсіліне байланысты талдаудың химиялық (классик.), аспаптық, биология әдістері бар. Химиялық әдістер (гравиметрлік, титриметрлік) химиялық реакциялар арқылы жүргізіледі. Аспаптық әдістер физикалық құбылыстар мен процестердегі және хим. реакциялардағы құбылыстарды физика әдістермен өлшеуге сүйенеді. Биологиялық әдістер тіршілік құбылыстарын саралауға негізделген.
Қазақстанда Аналитикалық химияның дамуы М.Т.Козловскийдің есімімен байланысты. Оның басқаруымен жүргізілген ғылым жұмыстардың нәтижесінде Қазақ мемлекеттік университетінің Аналитикалық химия кафедрасы ірі ғылым ортақа айналды. Аналитикалық химия салаларының ішінен Қазақстанда, әсіресе, электраналитикалық химия мен фазалық талдау жақсы дамыды.
Амперметрия, инверсиялық вольтамперметрия, т.б. әдістердің көмегімен түрлі құймалардың, өндірісте пайдаланатын судың құрамын (А.И.Зебрева), кентастардағы ренийдің (Е.Ф.Сперанская), т.б. металдардың (О.А.Сонгина, В.А.Захаров, З.Б.Рождественская) мөлшерін, құймалардан алынатын катализаторлардың фазалық құрамын (Р.Н.Матакова) анықтаудың әдістері жасалды. Көптеген беттік активтігі жоғары заттардың электрхим. процестерге әсері (мыс., кадмий, мыс, таллий, мырыш сияқты металдардың электродтардағы бөліну процесі) зерттелді (М.К.Наурызбаев, Д.К.Меңдәлиева). Болаттың түрлі маркаларының қышқыл және сілтілі орталардағы коррозияға төзімділігі зерттеліп, олармен күресудің тиімді жолдары ұсынылды (Т.З.Ахметов). Термодинамик. зерттеулерге сүйене отырып, минералдардың селективті еруінің теория негіздері жасалды (Х.Қ.Оспанов). Комплексті қосылыстарды аналитикалық мақсаттарға пайдалану бағытындағы ғылым жұмыстар жүргізілді (Е.А.Мәмбетқазиев, А.М.Шалдыбаева).
Аналитикалық химия функциялары
Аналитикалық химия саласындағы мамандар Қазақ ұлттық және Қарағанды мемлекеттік университеттерінде даярланады, ал аналитикалық химия зерттеулерін Қазақстан ҒМ ғылым академиясының арнаулы ғылым кеңесі үйлестіріп отырады. Қазіргі кездегі аналитикалық химияның негізгі мәселелері: аспаптық және биол. әдістерді жетілдіру, автоматтандыру және математикаландыру, аралық химия әдістерді дамыту, әдістердің сезгіштігі мен дәлдігін жоғарылату, тест-әдістерді дамыту.
Білімнің үш негізгі бағыты бар:
талдаудың жалпы мәселелерін шешу;
талдау әдістерін құру;
нақты міндеттерді пысықтау.
Қазіргі аналитикалық химия - бұл сапалы және сандық талдаулардың жиынтығы. Бірінші бөлім талданатын объектіге кіретін компоненттер мәселесін қарастырады. Екіншісі заттың бір немесе бірнеше бөлігінің сандық мазмұны туралы ақпарат береді.
Аналитикалық химияның даму кезеңдері
Аналитикалық химия мен анализ әдістерінің көптеген тәсілдері өте ертеден белгілі. Ең алдымен сынамалық сулы немесе құрғақ түрде, сынаманы ерітпей, яғни ерітінділерді қолданбай сынамалы анализдеу болды, Сынамалы анализ үрдістері арқылы қымбат металдардың тазалығын бақылап, олардың кен мен құймалардың құрамындағы мљлшерін анықтаған. Сынамалы анализді жүргізу техникасы қымбат металдарды алудың өндірістік үдерісін лабораториялық жағдайда жүргізуге мүмкіндік берді. Анализдің мынадай әдістері Ежелгі Египет пен Грецияда қолданылған. Ол кезде ерітіндідегі реакцияның практикалық маңызы оншалықты болмайтын.
XVII ғасырдың ортасында өнеркәсіп пен әртүрлі өндірістің дамуы анализ бен зерттеудің жаңа әдістерін қажет етті. Себебіі сынамалы анализ химиялық және басқа да өндірістерді қанағаттандыра алмады. XVII ғасырдың ортасын аналигикалық химияның пайда болуы және химияның ғылым ретінде қалыптасуы деп есептейді. Кеннің, минералдардың және басқа заттардың құрамын анықтау үлкен қызығушылық тудырды.
XVII - XVIII ғасырларда пробиркалық анализ кең қолданылды. Осындай анализдің көмегімен бағалы металдардың тазалығын тексеріп, олардың рудадағы мөлшерін анықтаған. Сондықтан бұл кезде химия ғылымындағы зерттеудің негізгі үрдісі химиялық анализ болды. Р. Бойль (1627-1691) химиялық анализ деген терминді ұсынып, химиялық анализ туралы жалпы түсінікті қалыптастырды. Сонымен бірге ол заманауи сапалық анализдің сулы жолын ұсынып, осылайша реакцияны ерітіндіде жүргізудің негізін салды. Сол кезде белгілі болған сапалық реакцияларды бір жүйеге келтіріп жэне бірнеше жаңа сапалық үрдістерді (аммиакқа, хлорға және т.б) ұсынды, қышқылдар мен сілтілерді анықтау үшін лакмусты қолданды жэне тағы да басқа маңызды жаңалықтар ашты. Аналитикалық химия жеке ғылым болып тек М.В. Ломоносовтың жұмыстарынан кейін, әсіресе зат массасының сақталу заңы ашылғаннан соң ғана, яғни химиялық өндірістерде сандық есептеулер жүргізілуіне байланысты қалыптаса бастады. М.В. Ломоносов (1711-1765) химиялық реакцияларды зерттеу кезінде алғашқы рет таразыны жүйелі түрде қолданған.
1756 жылы ол сандық анализдің негізін құрайтын жэне бүкіл ғылым үшін зор маңызы бар, табиғаттың негізгі заңдарының бірі - зат массасының сақталу заңын экперимент жүзінде дәлелдеді. Бұл заңның сандық анализдің негізін қалыптастырудағы және жалпы аналитикалық химия ғылымының дамуындагы маңызы өте зор болды. М.В. Ломоносов химиялық анализбен ғылыми-зерттеудің қазіргі кезге дейін өздерінің құндылығын жоймаған көптеген тәсілдерін ұсынды, олар: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зертханалық бағдарламалы кешенді оқып игеру
Жаратылыстану негіздері
Басқару жүйесінің басқару функцияларын орындау
Ғылым шындықты танудың ерекше нысаны ретінде
Сандық өлшеу құралдарының жұмыс істеу принципі
R-Me-Bі-O жүйесінің пайда болуы
Функция және оның графигі y f(x).
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру
Математикалық модельдеудің кезеңдері
Басқадай өндіріс шығындары
Пәндер