Төртіншісі - даңғой қала



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы М.Х.Дулати атындағы
Білім және Ғылым министрлігі Тараз өңірлік университеті.

Министерство Образования и Таразский региональный
Науки Республики Казахстан университет им. М.Х.Дулати

Реферат

Тақырыбы: Әл-Фарабидың іліміндегі мемлекет басшысына қойылатын 12 талап және олардың рухани-адамгершілік сипаты.
Орындаған: Балпан Аяжан
Тобы: Ф21-1
Тексерген: Рысымбетова Н.

Тараз қаласы, 2022 ж.
ЖОСПАРЫ:

1.Әбу Насыр Әл-Фараби.
2.Басшыға қойылатын 12 талап және оның сипаты.
3.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби ат-Түрки - Шығыс ойшылының толық аты. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққан, бұған дәлел оның толық аты жөнінде Тархан деген атаудың болуы.
Көрнекті ғалым, философ, математик, музыка теоретигі Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын сағасында орналасқан Фараб қаласында (қазіргі Қазақстанның Түркістан облысының Отырар ауданы) дүниеге келген.
Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельдің және Платонның шығармаларына жазылған түсініктемелердің авторы. Осыған байланысты әл-Фараби Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз атанды. Әл-Фараби Аристотельдің Категория, Герменевтика, Софистика, Риторика, Логика және Поэтика сияқты туындыларына, сонымен қатар Порфирийдің Философияға кіріспе сияқты туындысына және басқа да ойшылдардың туындыларына түсініктемелер жазды. Фарабидің төл шығармаларының ішіндегі ең белгілілері - Даналық маржандары, Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Философиялық трактаттар және Музыка туралы үлкен кітап.
Еуропада XII-XIII ғасырларда әл-Фараби еңбектері латын және иврит тілдеріне аударыла бастады. 1930-1932 жж. Парижде француз ғалымы барон Рудольф д'Эрланже Музыка туралы үлкен кітаптың бірінші бөлімін француз тіліне аударып, жарыққа шығарды.
Әлемге әйгілі ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ең танымал еңбектерінің бірі - Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат. Қоғамтану теориясы мен практикасы саласындағы құнды еңбек болушы бұл кітаптың түпнұсқасы араб тілінде жазылған. Араб тіліндегі атауы - Китаб `ара' `ахл ал-мадйна ал-фадила.
Әбу Насыр әл-Фараби бұл кітаптың алғашқы нұсқасын Китаб ас-сийаса ал-маданиййа деген атпен 942 жылы жазған. Ал толық нұсқасын 948 жылы Мысырда аяқтаған екен.
Кітаптың көшірілген нұсқалары әлемнің бірнеше музейлерінде, мұрағаттары мен кітапханасында сақталған. Атап айтқанда Британия музейінде және Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасы қорында бұл еңбектің бірегей нұсқалары бар.
Аталған еңбек орта ғасырларда Еуропада кеңінен танымал болған. Ал кейінгі кезеңде алғаш рет 1895 жылы ғылыми айналымға біржола енгізілді. Осы жылы бұл еңбек Голландияның Лейден қаласындағы Бирбил баспасында арабтанушы ғалым Фридрих Дитрицидің баспаға әзірлеуімен жарық көрген.
Бұл кітаптың маңыздылығы - автордың өз еңбегінде қала болып қауымдасып өмір сүретін адамзат баласының өзара ешбір қайшылықсыз, мінсіз идеал қоғамы қандай болуы керектігін жан-жақты сипаттауында деуге болады.
Жалпы алғанда, адамзат баласының ең ұлы арманының бірі де осы қайырымды, идеал қоғам ғой. Дүниежүзіндегі барлық дерлік халықтардың фольклорында, әсіресе, ертегілері мен аңыздарында мәңгілік бақытқа кенелген ел мен жер суреттелетіні - санадағы осы аңсар күй, асқақ арманның сөзбен жасалған сұлу суреті екендігі анық.
Кез келген мемлекеттің күш-қуаты мығым, бірлігі бекем, тірлігі түзу болуы үшін қажет жағдайдың бірі - биліктің мығым болуы екендігін сонау грек ойшылдарынан бастап, қазақ даласында туған ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби мен Еуропадан шыққан билік теоретигі Никколо Маккиавелийге дейін айтудайын айтып, жазудайын жазып кеткен екен. Бұл ой-пікірлердің бәрі қай заманда болсын, өзекті болып келген және біздің жас мемлекетіміз үшін де ерекше маңызды. Фарабтық Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз мемлекет басшысының бойынан табылуы тиіс он екі ізгі қасиетті атап көрсете отырып, Қайырымды қаланы (біздің қазіргі ұғымымыздағы мемлекетті) дәл осындай адам билеуі керек деген ойды айтады.
Әл-Фарабидің ізгі қоғам туралы ойларына қарап, қайырымды қаланың яғни мемлекеттің лайықты гүлденіп, өмір сүруі үшін жеке тұлғаның қаншалықты маңызды екендігіне баса мән бергендігін аңғарамыз. Жеке тұлғаның немесе ел басшысының мемлекет дамуындағы рөлі қашан да жоғары болып келген және қазір де солай десек қателеспеспіз. Әбу Насыр әл-Фараби Қайырымды қала туралы еңбегінде қала бақытты болудың үлкен кілті - бірінші басшыға байланысты екендігіне баса назар аудартады. Қайырымды қаланың бірінші басшысы - ол қайырымды халықтың, тіпті жер жүзін мекендейтін барша жұрттың басшысы да бола алатындығын айтады. Ол үшін бірінші басшыға тән он екі бірдей қасиет оның бойында жинақталған болуы тиіс.
Біз төменде Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, қайырымды қала басшысының бойынан табылуға тиісті қасиеттердің мағынасын аша отырып, әрбірінің қысқаша анықтамасын ғана беруді жөн көрдік.
1. Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделгені жөн, сонда, егер осы адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденендей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады.
2. Айтылған сөзді сөйлеушінің құлағына ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алуға тиіс.
3. Естігіш және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтап, бұлардан ешнәрсені ұмытпауы шарт.
4. Әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуға міндетті.
5. Өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар, өнер-білімге құштарланып, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жетуі тиіс.
6. Тағамға, ішімдік ішуге, сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болғаны дұрыс.
7. Жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ жүріп, бұдан алатын ләззатқа жирене қарағаны жөн.
8. Шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған, суайттарды жек көріп, аулақ жүру өзімізге жақсы.
9. Оның жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып, жаратылысынан игі істерге ынтызар болса, келешек қызмет жолында зор көмегі тиері сөзсіз.
10. Дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қараса, пайдасы тимесе, еш зияндығын көрмейді.
11. Жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру - адам бойына бітетін ең асыл қасиеттердің бірі. Мұндай қасиетке ие адам жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып, жұртты әділеттілікке баулып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фарабидің Ізгілікті қала теориясы. Қала тұрғындарының және ел билеушінің сипаттары. Қазіргі замандағы бақытты қоғам орнату мүмкіндіктері
Әл-Фарабидің Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары атты еңбегінің маңыздылығы
Қайырымды қала тұрғындары
Аударма фразеологизмдердің түрлері
М. Әуезов
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ
Тәрбие мақсаты түсінігі
Қайырымды қалаға теріс қалалар
Құм мінезі
Мұхтар Әуезов туындылары
Пәндер