Жіктеу есімдіктер
Есімдік
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Есімдіктердің зерттелуі
2.Есімдіктің жалпы сипаттамасы
III. Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы.Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
Жіктеу есімдіктер;Сілтеу есімдіктер;Сұрау есімдіктер; Өздік есімдіктер;Белгісіздік есімдіктер;Болымсыздық есімдіктер;Жалпылау есімдіктері;Жіктеу есімдіктері
::Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы: жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:
Атауменсенол
Ілікменіңсеніңоның
Барысмағансағаноған
Табысмені сені оны
Жатысмендесендеонда
Шығысмененсененонан (одан)
Көмектесменіменсеніменонымен
Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.
::Сілтеу есімдіктері
Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? Қайсы? Деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.
Сұрау есімдіктері мыналар: кім? Не? Неше? Қай? Қандай? Қанша? Қалай? Қашан?Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.
::Өздік есімдік
Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.
::Белгісіздік есімдіктері
Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме.Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай ,әлдеқашан (алдақашан).
::Болымсыздық есімдіктері
Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. Б.).
::Жалпылау есімдіктері
Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.
Негізгі бөлім
Қазақ тілінде есімдік дербес сөз табы ретінде қарастырылып жүр. Ал орыс тілінде бұл мәселеде екі түрлі көзкарас болды. Ғалымдардың біразы есімдікті есім сөздермен бірге карау керек десе, кейбір галымдар есімдік өз алдына жеке сөз табы болу керек деп санайды. Есімдіктерді есім сөз таптарымен бірлікте карау керек дейтін пікір ұстанушы ғалымдардан А.А.Шахматов, А.М.Пешковский, А.Н.Гвоздевті атауга болады. Ал есімдікті жеке сөз табы деген көзкарасты дәлелдеушілер: В.В.Виноградов, Е.Н.Сидоренко т.б.
Қазақ тіл білімінде есімдіктер мәселесі А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, А.Ибатов, А.Төлеуов еңбектерінен орын алган. Аталган ғалымдардың кай-қайсы да есімдіктерді орынбасар сөздер ретінде қарастырады. Мәселен, А.Байтұрсынов есімдікке былайша анықтама береді: Есімдік дегеніміз есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер. Ғалым есімдікке осылайша анықтама бере отырып, есімдікті магыналык жағынан бес топқа бөледі. Олар: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) сұрау есімдігі, 4) жіктеу есімдігі, 5) таныктык есімдігі. Көріп отырғанымыздай, есімдіктердің саны да, атауы да казіргіден баскаша. Сондай-ақ ғалым жіктеу есімдігі деген атауды екі рет колданып, біріншісіне казіргі мен, сен, (сіз), ол деген жіктеу есімдіктерін жатқызса, екіншісіне бәрі, барша деген казір жалпылау есімдіктері аталып жүрген есімдіктер тобын кіргізеді.
Профессор Қ.Жұбанов есімдікке: Орынбасар есім (есімдік) деп түбірдің де, қосалкы шылаулардың да орындарында жүре беретін түбірлерді айтамыз -- деген аныктама береді. Қ.Жұбанов есімдікке мынадай сөздерді жаткызады: мен, сен, ол (зат есім орнына), бұл, сол, ол (зат пен сын орнына), мұндай, сондай (сын есім орнына), сонша, мұнша (бұ да), олай, бұлай (бұ да), ойтіп, сөйтеді (етістік орнына), өйткені, онда (жалғауыш орнына), т.б.. Ғалым есімдік деп таныған сөздердің ішінде есімдіктер де, есімдіктен баска сөз таптарына қатысты сөздер де араласып жүр.
А.Ыскаков есімдіктер: заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары -- деп сипаттайды.
Ғалым Ә.Төлеуов: Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері өзінен бұрын айтылған есім сөздердің орынбасары болып саналады -- деп, орынбасарлық кызметті есімдіктің белгілі бір топтарына гана жатқызады.
Есімдіктерді арнайы зерттеген -- галым А.Ибатов. Ғалым А.Ибатов есімдіктердің сөз табы ретіндегі тұлгасын, олардың мағыналык топтарын жеке- жеке сөз етеді. Ғалым: Қазақ тіліндегі есімдіктер өзге де соз таптары сияқты сөздерді таптастырудың белгілі жүйеге түсіп калыптасқан негізгі үш принципіне сай лексика-семантикалық магынасына, морфологиялық белгілеріне жэне синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып бөлінеді -деп, ...оларга 1) мағыналары тым жалпы, 2) контексте қолданылу мақсатына қарай әр қилы нақтылы магыналарға ие болып отыратын сөз табы, 3) әрқашан субъективті қатынаста қолданылатын сөздер -- деген түсінік береді.
Есімдіктердің өзіндік тарихи дамуы бар, өйткені есімдіктер көне сөздер сапынан орын алады. Бұл туралы А.Ибатов: Есімдіктердің өте ерте заманда пайда болуы, ең алдымен, олардың магыналарының тым жалпылама түрде келуінен көрінсе, олардың түбір сөздері мен қосымшаларында кездесетін өте көне формалардың сақталып қалуынан да айқын көрінеді -- дейді.
Сұрау есімдіктерін зерттеген галым -- Б.Омарова. Ғалым сұрау есімдіктерін арнайы зерттеу нысаны етіп, жалпы сұрау қоюдың заңдылықтар мен ерекшеліктерін, сұрау есімдіктерінің грамматикалык сипатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz