Сарыарқа газеті көтерген Алаш идеясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Сарыарқа газеті ұлт зиялыларының басын қосып, ұлтқа Алаш идеясы арқылы қызмет етті. Сол себептен де Сарыарқа газетін таза ұлттық және саяси басылым деуге болады. Газет көтерген ұлттық тақырыптарға тоқталмас бұрын Алаш идеясы дегеніміз не, осы сұрақ төңірегінде жауап бере кетсек пе деп ойлаймыз.
Ең алдымен алаштанушы ғалымдардың пікіріне құлақ ассақ, Алаш идеясы дегеніміз - ұлттың мәңгілік темірқазығы іспетті идеологиясы. Филология ғылымдарының докторы, Ғарифолла Әнес Алаштың ұлы Халел атты мақаласында былай деген: Алаш арманы - бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан. Өйткені Алаш идеясы - ұлттық идеология.
Жасыратын түгі жоқ. Бүгін біз де не көп піспеген идеялар көп.
Қазақ мемлекетінің ұлттық идеологиясының негізі платформасы әлі жасалынған жоқ. Сол үшін көмескі кейбір идеялар жасанды жүйеге айналады. Бұл әрине менің субьективті пікірім. Кезінде ақ патшаның тұсында партияны өсірмесе, өшіруге қару қылған жоқ .
Дүйім жұртты дүрмекке түсіріп, қазақ топырағын шарпып өткен ақ пен қызылдар күресінің астарында да ұлтты бөліп алып билемек болған тұрпайы идеология жатыр. Барлығының қазақты жарылқаймын, теңдік әперемін деп ұрандатқанымен бір бармақтары іштерінде бүгулі болды.
Кешегі қазақтың ақ пен қызыл топтарының қайсысына сенерін білмей аңтарылып қалғаны да осыдан еді.
Дәлірек айтсақ, олар тек тамақтың төңірегінен ұзай алмаған тағылық көзқарасынан идеология жасағысы келді. Әрине, жасап та үлгерді.
Ал, алаш жолы адамдық құндылықтарға бай, тек гуманизмнен ғана тұратын ұлттық идея болатын. Мұнда ешбір елді бағындырып алып жаныштап отыру деген атымен жоқ. Алаш идеясы бізге сонысымен құнды, сонысымен биік.
Белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай мырза Алаш идеясын мынадай бес топқа бөліп жүйелейді:
1. Жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді.
2. Жердің астындаға, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә. Бөкейхановтың айтуынша: Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек болатын.
3. Ә. Бөкейхановтың жобасы бойынша, Қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.
4. Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Мемлекет басқару одақтық дәргейде жүргізіледі, ұлттық мәдениет үстемдігі сақталады, тәуелсіз сот құрылымы болады, тең және туыстық қарым-қатынастарды қамтамасыз ететін одақтық қағидаттар жасалады... (Х.Досмұхаметов).
5. Ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді. Түркістан сотын Ресейдің ішкі істері дәргейінен шығарылып, ұлтаралық сотты енгізу, Түркістанның ұлттық сотын Ресейге тәуелсіз жасақтау туралы қаулылар қабылданды (З.Тоған).
Бұл бес тармақ Алаштың жұмыс бағыты мен болашақ стратегиясы еді. Бүгінгі Қазақстан 2050 стратегиясы сияқты. Бағыты - анық, мақсаты - түсінікті. Ал енді сол бағыттың алтын арқауы - Алаш идеясы. Өте қарапайым ғана бес бағыттан тұратын тұғырнамада бүкіл құндылықтар мен ұлы мақсаттар жатыр. Бес бағытты ғана арман қылған зиялылар тобы өздерінің газеттерін осы төңіректі терең түсіндіруге ғана бағыттады. Сарырқадағы ұлттық тақырыптардың легі жоғарыдағы бес тақырыптың айналасында болды.
Бес тұғырнаманың ішінде жер мәселесі неліктен алдыңғы сапта тұр. Мұның да өзіндік себептері бар. Ең алдымен жер болмайынша қалған төрт мақсаттың түгенделуі де еш мүмкін емес.
Автономиясыз жұрт жер-суға жеке ие емес, көптің аузына қарайды. Қазақ-қырғыз жұрты жерінен айырылса, шаруасы күйзеледі, малынан айырылады. Малмен адамның өмірі байлаулы. Малдан айырылған жұрт өмір жүзінен жоғалмақшы.
Біздің қазақ-қырғыздың жері мол. Енші аламын деп телміріп отырған жұрттан жерімізді қорғауға автономия үлкен қару. Автономиялы жұрттың жер билігі өзінде болады. Билік өзінде болған соң, әлбетте халқын шаруасына, тұрмысына қарай орналастырады. Жұрттың еңбек сіңіріп, күн көріп отырған жерін басқаның қолына кетпестей қылып қорғайтын заң шығарады. Қазақ-қырғыз жерінің саны көп болғанымен, сапасы жоқ. Осы күнгі тұрмысына, шаруасына лайық жер тимесе, қазақ шаруасы сөзсіз бұзылады, жұрт байлығы құриды. Жердің зары күшті. Жер дегенде орыс жерінде отырған 10 миллион еуро мұжық ішкен асын жерге қояды.
Саған жерді текке алып берем деп С. Р.партиясы бар мұжықты соңынан ертіп отыр. Кімнің жерін алып беретінін құдай біледі. Алпауыт (дворян) қолындағы жер мұжық сусынын қандырмайды. Біз бұл күнде автономия алғанмен түбінде өз алдымызға жұрт болып жасаудан үмітіміз болса, Алаш ордасы бір заманда теңеледі деп сенсек, сонда да бас қосып, дүкен құрып отыруымызға жер керек. Жерлі жұрт табанды, іргелі, қонысы мықты болады. Басқа жұртқа қоңсы қонып, тізесі ашылып, бытырап, сіңіп кетпейді; өз алдына мемлекет болып отыруына болады. Жерсіз жұрт қанша талпынса да, басы қосылып, бірігіп, өз алдына билік алып, өмір жасай алмайды дейді.
Басылым беттерінде білім мен иманға байланған парасатты ел құру тақырыбы бір сәтке болсын толастаған жоқ. Қазақ газетіндегі ... Заманына қарай амалы деген сөз бар. Мұның мағынасы - заманның түріне қарап іс істеу. Төңірекке қарасақ, түнерген-түнерген бұлттар көрінеді, түбі қандай белгісіз, не боларын білмейміз. Нұр болып жауып, жерімізді көгертіп, несібемізді молайтар ма? Болмаса, дауыл боп соғып, үйімізді жығып, общинамызды шашып тастар ма? - деген Ахмет Байтұрсынұлының қамырық қалі осыны аңдатады.
Күреспей жеңістің келмейтіндігін халық қаперіне салған қайраткер: Көп ісіне көп болып жабылайық. Саңылаулы, саналы, халық азаматтары көмек етіп, күш қосып, демер деген үміт зор. Қолымнан не келеді деп қорынбаңдар! Ұлтына қызмет етуге ниет болса, жұмыс табылғандай. Көп жұмыстың ішінде ауыры да, жеңілі де болады. Қазақтың бітіп, тынып тұрған нәрсесі жоқ. Әркім әлі келетін жұмыс алсын. Жадымызда болсын, аз нәрсе көпке әсер болмақшы, - деп түйін жасайды.
Мұндай ойды Имам Әлімбеков та Сарыарқаның №3 санындағы мақаласы арқылы ары қарай сабақтай түседі: Біздің ел жиып, мал шашып, талас-тартыс шығарып, партияласып жатқанымызды біліп отырған орыстар қазақ ел бола алмайды, комиссариатқа санына қарай өкіл кіретін болса қазақтан көп кіреді. Қазақ көбейсе зорлық қылады. Қазақ әділ емес, - деп отыр. Мұнысы рас та һәм өтірік те: көп деп аздың үнін шығармай бүктеп тастау заманы қалған да; азға көп көптік қылмайтын заман тұрғанда бұрын қазақты езіп үйренген, енді қазақтың теңелгенін көре алмайтын жүзі қаралар әлі табаққа кіріп, тонын айналдырып киіп, жаңалық ісіне де кірісіп, тағы бізге жауып отырған жаласы. Жаңа заманда да тағы бізді құбыжық қылып көрсетпегі. Онысы бола қояр ма екен?
Егер де біз өз жұмысымызды өзіміз жүргізіп, басқарып кетсек, әділдік жолына таймай ұйымдасып, іс қылуға тырыссақ арам көңіл орыстардың жаласы өзі-ақ адыра қалатын нәрсе деп жазады.
Барлығы береке-бірлікке ғана тіреліп тұрғандығын, берекесіз ненің болсын қазаққа қайырылыс бермейтіндігін Сарыарқа №13 санында Абай хакімнің сөзімен үстей түседі: Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, іс ортақ, киім, дәулет ортақ болса екен деп. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не зиян? Ағайын қорымай, мал іздеп неге керек? Осы ма, бірлік? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып, бірлік қылады. Бірлік малға сатылса антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса екен, сонда әркім несібесін Құдайдан тілейді. Әйтпесе, Құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі, біріне-бірі бәле іздейді. Не түсірін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір, бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі.
Сарыарқаның алғашқы санына алғадайлап Жүсіпбек Аймауытов жазғандай: Мұндай заманда атқа мініп, іс қылмағанда қайда істейсіңдер? Бар болсаңдар, істейтін істерің мынау: мұғалім, учитель, болмаса жоба білетін жас жігіттер басшы болып, қара бұқараның басын қосып, Бұқараның ұйымы деген ұйым жасау керек. Бастаушы болса, қостаушы табылады. Қорқатын, қорғалайтын заман емес; жыбырлайтын, сыбырлайтын заман емес; ұйым жасауға Құдайдың пәлесі болмаса, адамның пәлесі түк қыла алмайды дейді.
Ұлт қайраткерлі осылайша ұран тастап халықтың бір жолда, бір ұйымда болуы ғана керек екендігін, білім болмай бірлік болмайтындығын, бірлік болмай ұлттың бостандығы ұзаққа бармайтындығын насихаттаумен болды. Сөйтіп, Сарыарқа газеті Алаш идеясын жәмиғаттқа жеңіл әрі ұдайы жүргізе берудің таптырмас құралына айналды. Біз өзімізше осылай деп ой түйеміз. Егер де екі том (Алаш көсемсөзінің 9-10 томдарын айтып отырмыз) еңбекті парақтаған адам болса біздің бұл пікірімізбен толық келісер еді деген сенімдеміз.
Ұлттық ұйым құру кешегі кезеңнің күн тәртібінен түспеген бас тақырыптарының біріне айналған болатын. Ал ұйым құрылды делік, оның атқарар ісі қандай болмақ керек? Бұған берілмек жауап та дайын.
Сарыарқаның екінші нөмерінде Жүсіпбек Аймаутов, Тұр, бұқара! Жиыл, кедей! Ұмтыл, жастар! мақаласында қазақтың құрылмақ ұйымы нені бітіру қажет екендігін толыққанды тәпіштеп береді:
1. Қара бұқараға теңдік әперу жолында бас қосып, түсіндіріп, партияны тоқтату;
2. Комитеттерге зәбірсіз, таза кісілерден сайлату;
3. Ел ішіндегі атақты зиянды кісілердің көзін жоғалту;
4. Комитеттің істеген жұмысын бақылап отырып, жамандығы шыққандарды түсіру;
5. Билердің билігін байқап жүріп, қиянат қылған, пара алғандарын түсірту;
6. Қолы жете алмай жүрген нашардың ақысын алып беруге тырысу;
7. Халыққа алым-шығынды әділдікпен салдыру: кедейге кедейше, байға байша;
8. Елге пайда келтіру жолында мектеп, уақ қарыз серіктігі, потребительский лавкалар ашу;
9. Ұрыны тию;
10. Оязный һәм обласной комитеттермен өз тұсынан хабарласып, не жұмыс болса халыққа таратып һәм елдегі жұмысты комитеттерге білдіріп тұру.
Осы он тармақтың бірнешеуіне тереңірек тоқталып кетейік. Ең алғашқы тармақты таратқандағы айтарымыз (Партия болды да, ел іші бүлінді деп Абай хакім айтпақшы) бұқараны партиялар салатын бүліктен аман-сау алып қалу. Жалпы партия атаулы халықты жікке бөлмейтін керісінше топтастыра түсетін құрылғы болу керек дейді.
Олай болса, партия дегеніміз не? Оның ішікі құрылымы қандай болуы керек? деген сұрақтарға Сарыарқаның № 3 санында жарық көрген Партия атты мақаласымен Жүсіпбектің өзі жауап береді:
...Байлар, саудагерлер партия жасаса, байлығын үлкейтіп, кәсібін зорайту; кедейлер бірлессе байға пайдасын жібермеу, теңдік алуға тырысу; жұмысшы, қызметшілер партия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш ұранды Сарыарқа газеті
XХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлттық мемлекеттілік үшін идеалдық күресі
Мақаладан алынған осы үзіндіде
Қазақ газетін зерттеушілер
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ТІЛІ
Алашорда және қазақ әдебиеті
Қазақ баспасөзі – алаш зиялыларының большевизмге қарсы күресі тарихының дерек көзі
Қазақ газетінің зерттелуі
Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері
Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы
Пәндер