Жайылым сыйымдылығы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданындағы «Ынтымақ» шаруақожалығы. 4
1. 1 Жалпы мәліметтер . . . 4
1. 2 Т. Рысқұлов ауданындағы жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер . . . 12
1. 3. Жер бедері (рельеф) . . . 13
1. 4. Өсімдіктер . . . 13
1. 5 Жайылым сыйымдылығы . . . 13
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ . . . 15
ҚОСЫМШАЛАР . . . 16
КІРІСПЕ
Өндірістік практика студенттердің бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастырудың қажетті кезеңі болып табылады. Оның құндылығы жаңа білім алуда және бұрыннан алынған білімді бекітуде. Практикалық оқу кезеңінде студенттер теориялық материалды бекітуі, практикалық дағдыларды меңгеруі керек.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты - тиісті құзыреттерді қалыптастыру.
Бұл мақсатқа қол жеткізу келесі міндеттерді шешуге көмектеседі:
- бастапқы құжаттамамен жұмысты ұйымдастыру процесін талдау, жер учаскесінің кадастрлық ісін, құжаттық тіркеуді жүргізу процесімен, берілген жер теліміне арнайы құжаттар жасап, есепке алу бойынша ақпаратты жинақтау;
- Мемлекттік сәйкестендіру құжатынының қалай жүзеге асырылатынын жалпылау;
- Жаңадан беріліп жатқан жер учасекелерінің құжаттарын нөлдік деңгейден бастап, соңына дейін сол жер учаскесінің құжаттарын өз иесінің қолына тапсыру.
Тәжірибе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ың Жамбыл облысы бойынша филиалы -Тараз қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімі, Тараз қаласы, Төле би 69 өтті.
1. Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданындағы «Ынтымақ» шаруақожалығы
1. 1Жалпы мәліметтер
«Ынтымақ» шаруақожалығы -Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылдық округінде құрылған. Т. Рысқұлов ауданының экономикасында ауыл шаруашылығы саласы жетекші орын алады. Еліміздің азық түлікпен толық қамтамасыз ету міндетін орындауда мал шаруашылығын дамыту айрықша орын алатын болса, оның негізі-табиғи жайылымдарды тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады. Жер пайдаланушылар мен меншік иелері үшін табиғи жайлымдарды тиімді пайдалану, жайылымның тозығын болдырмай жақсарту шараларын жүзеге асыру кезек күттірмейтін міндет. Т. Рысқұлов ауданы Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында орналасқан Байзақ, Мойымқұм, және -Қырғыз Республикасымен шектеседі, аумағы 9, 08 мың шаршы киллометр немесе Жамбыл облысы аумағының 14, 5% құрайды.
Аумағының басым көпшілігі жазық жер болғанына қарамастан, Т. Рысқұлов ауданы табиғатының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Ауданның оңтүстігі таулы келеді. Онда Қырғыз Алатауының, Ойранды, Қарақыстақ, Сұлутөр, Шөңгер, Көкдөнен, Көгершін, Мыңбел таулары орналасқан.
Ауданың орталығы мен солтүстік бөліктері жазық. Солтүстігінде Мойынқұм құмына ұласып кетеді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары, жер асты сулары барланған. Ауданның климаты континентальды, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы -6-8 С шілдеде тиісінше +20 С- +25 С. Жауын шашынның жылдық көлемі жазық жерлерде 200-250 миллиметрге дейін, таулы аймақтар мен тауларда 450-500 миллиметрге дейін. Топырағы күңгірт және тақыр түстес сұр, шалғынды сұр, қарақошқыл және қаратопырақты.
Аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы мал басының саны: 31413 бас ірі қара мал, 418461 бас ұсақ мүйізді мал, 18227 жылқы, 77 түйені құрайды.
Жоспардың мақсаты: жайылымдарды басқару және оларды пайдалану.
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасынның (картасы)
Сурет-1
Жайылымдардың қолайлы схемасы
Сурет-2
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Сурет-3
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы
Сурет-4
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Сурет-5
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Сурет-6
Т. Рысқұлов ауданы бойынша ауыл шаруашылығы малдарын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
Кесте-1
(шөл-далалық, таулы-далалық аймақа)
малдарды айдап шығарылу мерзімі
(шөл-далалық, таулы далалық аймақтан) малдардың қайтарылу мерзімі
1. 2 Т. Рысқұлов ауданындағы жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер
Ауданның оңтүстігі таулы келеді. Онда Қырғыз Алатауының Ойранды, Қарақыстақ, Сұлутөр, Шөнгер, Көкдөнен, Көгершін, Мыңбел таулары орналасқан. Ауданың орталығы мен солтүстік бөліктері жазық. Солтүстігінде Мойынқұм құмына ұласып кетеді.
Климаты континентальды, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы - 6-8 С шілдеде тиісінше +20 С- +25 С. Жауын шашынның жылдық көлемі жазық жерлерде 200-250 миллиметрге дейін, таулы аймақтар мен тауларда 450-500 миллиметрге дейін. Жері таулы-шалғынды, шалғынды-сұр, шалғынды-батпақты келеді.
Аудандағы ауыл шаруашылығының негізгі саласы егіншілік және мал шаруашылығы. Ауданның негізгі бағыты ет-сүт мал шаруашылығымен қоса астық игеру. Егіншілік жүйесінде бидай, арпа, жүгері, қарбыз, өсіріледі, ал көпжылдық шөптер мал шаруашылығын азық-жеммен қамтамасыз ету үшін шығарылады. Ауыл шаруашылығына бөлінген жерлерде мал шаруашылығының қарқынды дамуына орай жайылымдық жерлерді пайдалану ұлғаюда.
Аудандағы мал ұстау - жарты жыл жайылымда, жарты жыл қыстауда. Жайылым уақыты сәуірдің соңы - мамырдың басында басталып, қазанның соңы - қарашаның басында аяқталады. Қыс уақытында мал қыстауда. Қысқы азық, тұқымы жақсартылатын жерлерден шабылған табиғи шөптен және астық қалдықтарынан дайындалады.
Т. Рысқұлов ауданының санат бойынша бөлінген жер ауданы
Аудан жерлерінің жалпы жер көлемі 906106, 9 гектар, оның ішінде жайылымдар - 567547, 1 гектар.
Санаттары бойынша жерлер келесідегідей бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 752709, 1 гектар;
елді мекендердің жерлері - 32316, 8 гектар;
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер - 13003, 4 гектар;
орман қорының жерлері - 61853, 0 гектар;
су қорының жерлері - 908, 9 гектар;
қордағы жерлері - 45315, 7 гектар.
Т. Рысқұлов ауданында жер балансының мәліметтері бойынша 906106, 9 мың гектар жалпы көлемде барлығы 752709, 1 ауылшаруашылық құрылымдар есептеледі, оның ішінде жайылымдар 567547, 1 мың гектар, оның ішінде:
746569 мың гектар көлемде 567776, 6 шаруа және фермер қожалығы, оның ішінде жайылымдары 429162, 2 мың гектар;
178792, 6 мың гектар көлемде 43 шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және ауылшаруашылық кооператив, оның ішінде жайылымдар 133749, 9 мың гектар;
6135, 9 мың гектар көлемде 7 мемлекеттік ауыл шаруашылық заңды тұлғалар, оның ішінде жайылымдар 4635, 0 мың гектар.
1. 3. Жер бедері (рельеф)
Аудан территориясының беті Қырғыз Алатауымен шектеседі, осы таулардан солтүстікке қарай ағатын 9 тау өзені бар.
Жер бедерінің ерекшелігі - бау-бақшаға қолайлы, жиі тал бұталардың айналасында, қаратал мен - теректі ағаштармен немесе шалғындармен және батпақтармен таратылған дала табақшалар болып саналады.
Т. Рысқұлов ауданының табиғи шарты, соның ішінде климат, топырақ және жер бедері дәнді және жем-шөп дақылдармен айналысуға өте қолайлы. Табиғи құнарлы жер телімдерді, жайылым азықтар мен пішендерді алу үшін қолдануға болады.
Микрорельеф, яғни микро жер бедері топырақ қабатының кешенділігіне сәйкес келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz