XIV-XV ғасырларда өмір сүрген қазақ би-шешендері


XIV-XV ғасырларда өмір сүрген қазақ би-шешендері
Жоспары:
1. Шешен дегеніміз кім?
2. Асан қайғы-шешен, би, философ
3. Жиренше шешен
4. Жиренше шешен шешендіктері
5. қорытынды
Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік, сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыс", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген. Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Олар ауылына келгенде баласының аузына түкіріп, отырған жеріне аунатып алған. Ел сыйлаған адамдар есімі халық жадында мәңгі сақталған. Мыңдаған, жүздеген жылдар өтсе де, Бәйдібек, Қазыбек, Байдалы билердің, Домалақ ана, Гауһар, Ақбикеш, Айбике аналардың, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынбай батырлардың есімін жұрт әлі де мақтанышпен айтып отырады. Шаршы топта сөз бастау қиын: Тауып айтсаң, мереке қылады, Таппай айтсаң, келеке қылады. -Досбол шешен.
Шешені судай төгілген халықпыз. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. «Сылдырап өңкей келісім» деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан халықтың перзентіміз. Небір дүлдүлдер домбыраны дәсерлетіп, қиыннан қиыстырып сөз тауып айта білетін аталар мен әжелер, ару аналар мен абзал әкелер тәрбиелеген ұланбыз. Тізбекті тарата берсем, таусылмасына көзім жеткендей-ақ. Ата-бабамыз жаудан қаймықпаған, сөзден тосылмаған. Ерттеулі атына міне сала жауға шапқан, шынайы шешендік өнерге машықтанғандар. Біз - шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демей ме дана халқымыз?! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешіп бере алатын қайран қазағым демеске лажым жоқ! Шешендік өнерді ең асыл өнер деп бағалаймын мен өзім. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығарған халқымның өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары десем, нағыз бағасын бергенім ғой. Иә, көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге тоқығандарын, одан жасаған қорытындыларын құймақұлақ жастарға үйретуден жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған. Үлгілі, аталы сөз кемеңгер ой мен шебер тілден ғана тумаса керек-ті. Қазақтың оқу жасына толмаған баласынан бастап, қол бастаған батырларына дейін бақылап, шешен-билерін тыңдаған поляк саяхатшысы Янушкевич халқымыздың ақыл-ой қабілетін ерекше бағалайды. Бір көргенін үйреніп, лезде жаттап ала қоятын, өзінің білгенін біреуге жеңіл де тез түсіндіре қоятын қабілетіне, зеректігіне шет жерлік жолаушы да қайран қалады. Шешендік - тек жақсы мен жайсаңның ғана еншісі емес, бүкіл халықтың қасиеті екендігіне көзі жетеді. Міне, осындай зор қасиет-қабілетке ие, менің халқым! Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, сол жерде ғана дамиды деп ойлаймын. Өйткені, ақыл-ойға, сөзге, тілге қысым жасалса, шек қойылса, ақындар мен шешендер сөйлей алмайды, сөз өнері де тоқырауы әбден мүмкін
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы[1] (14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) - мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.
Жыраудың бір алуан толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына көз салмай, шабылып жатқан халқының жағдайын ойламай бейғам отыруына наразылық тұрғысында айтылады («Қымыз ішіп қызарып, мастанып неге терлейсің, өзіңнен басқа хан жоқтай елеуреп неге сөйлейсің?») . Ертеңгі халық болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді («Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан, Қарағай басын шалмай ма?») . Асан Қайғы осы «ақ шортан» мен «қарағай» бейнесін келесі бір толғауында кеңірек ашып, орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегенділік танытады. Халық басына төнген бұл қауіптің зардабын, оның немен тынатынын да дәл болжайды («Ол күнде қарындастан қайыр кетер, Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, Ұлы, қызың орысқа бодан болып, Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?») . Асан Қайғы Қаласының жыр, толғаулары негізінен үлгі-өсиет, мақал-мәтел іспеттес болып құрылады. Жырау ру-тайпалық одақтардың генеалогиясын, халықтық әдет-ғұрып, дәстүрлерді дәріптеп, өмір сүрудің мәні туралы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, үлкенді сыйлап-қастерлеу, олардың ақылын алу, бір-бірімен босқа қырқыспау, бейбіт өмір кешуге, ізгі ниетті, қарапайым, адал, шыншыл, иманды болуға шақырады («өле-тұғын тай үшін, қонатұғын сай үшін, желке терің құрысып, бір-біріңмен ұрыспа») . Түсіністікпен үйлесімді өмір сүру үшін әр адам өзін-өзі жетілдіруі қажет, ізгілікті болу - бүкіл адамзат атаулының бәріне ортақ дейтін гуманистік тұжырым жырау шығармашылығының негізгі арқауы («Әділдіктің белгісі, біле тұра бұрмасауыл Ақылдының белгісі, өткен істі қумасауыл Жамандардың белгісі, жауға қарсы тұрмасауыл. . ») . Енді бір алуан жырлары тұрмыста түйген ой-тұжырым, болжау түрінде келеді («Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер, аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер?») . Асан Қайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ, ноғай тағы басқа) кеңінен тараған. Бұл орайда жырау толғауларындағы жоғарыдағыдай философия және психология мәні зор қанатты сөздердің атқарған өзіндік рөлі ерекше. [4]
Асан қайғы ел қиялындағы осындай аңыз кейіпкері ғана емес, сан алуан жыр-толғаулар тудырған белгілі жырау да еді. Ол өз толғауларында белгілі бір тарихи кезеңдегі ел-жұрттың көкейкесті ой-арманы мен мұң-мүддесін өзекті тақырып етіп жырлап, соны нақты іске асыруға да өз үлесін қосты. Халық бақыты ел басшысының іс-әрекетіне тікелей байланысты деп санаған жырау көптеген толғауларын Жәнібек ханға арнады. Оны дұрыс жолға салып, бұқара тұрмысын жақсартуға болады деп сенді. Мастанған ханды батыл сынап, кемшіліктерін бетіне басты.
Әй, хан, мен айтпасам білмейсің…-
деп, біржолата ат құйрығын кесуге дайын екенін танытады.
Асан толғауларының саяси-әлеуметтік сипаты оның жоғарыда сөз еткен “Әй, хан, мен айтпасам білмейсің” атты жырымен қатар, “Қырында киік жайлаған”, “Алты атанға қос артып” тәрізді жырларында да үшталып, тереңдей түскен дей аламыз. Әсіресе, “Қырында киік жайлаған” атты толғауы елдің Шу бойына көтеріле көшкен кезеңін бейнелейді.
Жыраулық поэзияда, оның ішінде Асан толғауларында үлгі-өсиеттік, насихаттық, тағылымдық ойларға ерекше мән беріледі. Мұның бәрі айтылар ойдың ұтымдығы мен әсерлігіне орай қайталаулар мен дыбыс үндестігіне (аллитерация, ассонанс) құрылып отырады.
Асан қайғы көп жағдайда өзі көзбен көріп кейбір мәнді де құнды кіші-гірім оқиғалардан үлкен түйіндеу, жинақтаулар жасауға да шебер. Бұл, сөз жоқ, жыраудың алғырлығы мен дарындылық қуатының шама-шарқына байланысты көрініп отырады. Мәселен, оның:
Ердің құны сөз емес,
Есебін тапқан сабазға.
Төрден орын тимейді,
Патша болсын малы азға, -
деп келетін жолдарын осының айқын айғағы дер едік.
Қорыта келгенде, әңгіме, аңызға қарағанда, Асан қайғы XV ғасырдағы қазақтың тұңғыш ханы Әз-Жәнібектің тұсында жасаған белгілі тұлға болып саналады. Ол өмірінің соңғы кезеңдерінде туған халқының алғаш рет өз алдына шаңырақ көтеріп, ұлт болып қалыптасу кезеңін көзбен көрсе де, патша өкіметінің отаршылдық саясатынан сақтану қажеттігін, бұл үшін “Жер ұйыққа” көшудің тиімділігін өз жырларына арқау етті. Жыраудың ел жүрегіне ұялаған толғаулары, жер, қоныс туралы айтқан сын, бағалары халқымен әлі күнге дейін бірге жасап келеді.
Жиренше шешен (туған-өлген жылы белгісіз) - Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (15 - 16 ғ-лар) - қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын құруда ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі 15 - 16 ғ-лардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуінен өткен ортақ мұраға айналып кеткен. Жиренше шешен туралы аңыздарда оның әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр жан ретінде суреттеледі. Басқа түркі тілдес халықтар фольклорында да Жиренше шешен туралы ертегі, аңыз, әңгімелер кездеседі. Мысалы, қарақалпақта Жиренше шешен, қырғыздарда Жээренче чээчэн, түрікменде ақылды да тапқыр, әділ Ийкренче туралы аңыздар бар. Жиренше шешен туралы әңгімелерді, негізінен, үш салаға бөлуге болады. Біріншісінде ол Жәнібек ханның уәзірі, ақылшысы, досы ретінде бейнеленеді, екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл-парасатымен өзін оған мойындата білген әділ адам ретінде суреттелсе, үшіншісінде оның өз әйелі Қарашашпен, т. б. қарапайым халық бұқарасы өкілдерімен қарым-қатынасы көрсетілген Жиренше шешен жайлы аңызӘз Жәнібек хан жігіт кезінде өзінің бір топ достарымен серуен құрып келе жатса, алдынан бір аққұбаша бала кездесе кетеді. Жеті-сегіздер шамасындағы әлгі бала жалаң аяқ, үсті-басы жұлым-жұлым екен.
- Бұл елсіз далада неғып жүрген баласың?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz