Зақымдану ошағы


Н 3-1. 1. 37-2022
1 баспа02. 02. 2022

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Өнер және спорт факультеті
Кафедра Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау
Тәжірибелік
жұмыс №1
Ядролық зақымдану ошағы
Тобы : НВП 19-1
Орындаған : Қарымбек Самал Еламанқызы
Қабылдаған : Джиембетова Индира Сагадуллаева
Тараз қаласы 2022ж.
Н 3-1. 1. 37-2022
1 баспа02. 02. 2022

Мазмұны:
Кіріспе. 2
- Зақымданған ошақтағы құтқару және қалпына келтіру жұмыстары. . …… 3Зақымлану ошағы(ЗО) . . . . 3Ядролық зақымдану ошағы. 4
- Төтенше жағдай. . 5
2. 1 Техногендік сипаттағы төтенше жағдай. 5
2. 2 Эвакуациялық шараларды жүргізу және ұйымдастыру……… 6
Қорытынды. 8
Глоссарий 9
Қолданылған әдебиеттер 10
1
Н 3-1. 1. 37-2022
1 баспа02. 02. 2022

Кіріспе
Ядролық жарылыстар зақымдау әрекетінің сипаты мен көлемі бойынша кәдімгі оқ-дәрілер жарылысынан едәуір ерекшеленеді. Соққы толқын, зиянды сәулеге шалдығу және өткір радиацияның бір уақытта әсер етулері адамдарға, қару-жарақ, әскери техника мен құрылыстар бетіне ядролық оқ-дәрілер жарылысы зақымдау әрекетінің сипатын қамтамасыз етеді.
Жеке құрамның түйдектелген зақымдану кезінде соққы толқын әсерінен пайда болған жарақат пен зақымға зиянды сәулеге шалдығудан жасалған күйіктер, өткір радиация мен радиоактивті зақымдану әсерінен болған сәуле ауруы қосылуы мүмкін.
Түйдектелген зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы: сәуле ауруы жарақаттар мен күйіктердің жазылуын қиындатады, ол, өз кезегінде, сәуле ауруы барысын асқындырады. Сонымен қатар жұқпалы ауруларға адам ағзасының қарсыласуы төмендейді.
Зақымдануды оның ауырлығына қарай өлтіретін, өте ауыр, орташа және жеңіл деп бөледі. Өте ауыр және орташа ауырлықтағы зақымданулар адам өміріне өте қауіпті болады, көбінесе өлімге әкеп соғады. Орташа және жеңіл ауырлықтағы зақымдану адам өміріне қауіпті емес, бірақ жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін төмендетеді.
Ядролық жарылыстың зақымдау факторлары әсерінен жеке құрамның шығыны қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді. Қайтарылмайтын шығындарға медициналық жәрдем көрсетуге дейінгі қаза тапқандарды; санитарлық шығындарға ұрысқа қабілеттілігін кем дегенде бір тәулікке жоғалтқан және медициналық пункттер немесе емдеу мекемелеріне түскен науқастарды жатқызады.
Қару-жарақ пен әскери техниканың істен шығуы көбінесе соққы толқын әсерінен болады да ұшақтар мен тікұшақтар жеңіл бүлінуі, ал қалған техника үшін орташа бүлінумен айқындалады.
Қару-жарақ пен әскери техниканың әлсіз зақымдануына объектінің ұрысқа қабілетін онша төмендетпейтін және экипаж күшімен оны жоюға болатын зақымдану жатады. Орташа зақымдануға әскери жөндеу мен бөлімшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін қару-жарақ пен әскери техниканың зақымдануы жатады.
Күшті зақымдану кезінде объект түгелдей жарамсыз болады. Толық зақымдану кезінде объектіні орнына келтіру мүмкін болмайды[5] .
2
Н 3-1. 1. 37-2022
- баспа02. 02. 2022

- Зақымданған ошақтағы құтқару және қалпына келтіру жұмыстары
Мақсаты: Ядролық жарылыс кезіндегі жергілікті жердің, атмосфераның жерге жақын қабаттарының және объектілердің радиоактивті зақымдануы туралы түсінік беру.
Міндеттері: Төтенше жағдайлардағы зақымдану ошақтарын және құтқаруды жүргізу жұмыстары. Зақымдану ошақтарында құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру.
Өзектілігі: Зақымдану ошағы(ЗО) - адамдары, ұрыс техникасы, көлігі мен әр түрлі мүліктерінің бәрі бактериялық залалдануға ұшыраған аумақ. Зақымдану ошағы жұқпалы аурулар таратудың негізгі көзі болып саналады, осыған байланысты қарсыластар қоздырғыштар қолданғанға дейін зақымдану ошағы аумағына обсервация орнатылады. Онда зақымданған жеке құрамға медициналық бақылау күшейтіліп, жұқпалы ауруларды оқшаулау, госпитальға жатқызу жұмыстары және санитариялық- гигиеналық шашалар, төтенше сақтандыру жұмыстары өткізіледі, сондай-ақ зақымдану ошағы арқылы кіру, шығару әрекеттері шектеледі.
Заманауи зақымдау құралдары қолданған ошақтарда құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізудің бірнеше қатар ерекшеліктері бар. Олар бір- бірінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін жұмыстар түрлеріне қарай ерекшеленеді. Жетекші оқытылатындарға ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі басты рөлді АҚ құрылымдарының атқаратынын ескерген жөн. Олардың негізгі міндеттері адамдар мен материалдық құндылықтарды сақтау болып табылады. АҚ құрылымдары әрекеттерінің сипаты мен тәртібі бұл міндеттерді орындау кезінде ЗЗҚ түрінде, қалыптасқан жағдайға, күштер мен құралдардың саны мен дайындық деңгейлеріне, жыл мезгілі мен тәулік уақытына ауа- райы жағдайы мен басқа да факторларға байланысты болады. [3] .
- Зақымдану ошағы
Зақымдану ошағы (ЗО) - адамдары, ұрыс техникасы, көлігі мен әр түрлі мүліктерінің бәрі бактериялық залалдануға ұшыраған аумақ. Зақымдану ошағы жұкпалы аурулар таратудың негізгі көзі болып саналады, осыған байланысты қарсыластар қоздырғыштар қолданғанға дейін зақымдану ошағы аумағына обсервация орнатылады. Онда зақымданған жеке құрамға медициналық бақылау күшейтіліп, жұкпалы ауруларды оқшаулау, госпитальға жатқызу жұмыстары және
3
Н 3-1. 1. 37-2022
1 баспа02. 02. 2022

санитариялық-гигиеналық шаралар, төтенше сақтандыру жұмыстары өткізіледі, сондайақ зақымдану ошағы арқылы кіру, шығу әрекеттері шектеледі.
Химиялық зақым ошағы - химиялық қарудың немесе өте күшті улы заттардың әсеріне ұшыраған аумақ. Мұның салдарынан адамдар, жануарлар мен өсімдіктер зақымданады. Химиялық зақым ошағы улағыш заттар тікелей колданылган ауданды, мен аэрозольдардың таралу бағытындағы жерлерді қамтиды. Химиялық зақым ошағынын аумагы колданылған улағыш заттардың мөлшеріне, олардың типіне, метеорологиялық жағдайлар мен жер бедеріне байланысты. Химиялық зақым ошағының сақталу ұзақтығы, орта есеппен алғанда, жазда Ү-газдарымен зақымданғанда 1-3 апта, заринмен зақымданғанда 6-8 тәулік, ипритпен зақымданғанда 1, 5 тәулікке дейін, қыста кейбір улагыш заттар, мыс., Ү газы зақымдаушы әрекетін бірнеше ай бойы сақтай алады. Химиялық зақым ошағындағы құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ең алдымен арнайы құрылған жасақтар тартылады, қажет болған жағдайда оларға көмекке АҚ-тың баска да жасақтары бөлінеді[1] .
- Ядролық зақымдану ошағы
Ядролық зақымдану ошағында келесідей құтқару және басқа да қауырт жұмыстардың келесі түрлері көп орындалады:
- Уақытша өткелдерді жабдықтау;
- Құлаған жасырыну ғимараттарын ашу және оларға ауаның өтуін қамтамасыз ету;
- Адамдарды қираған немесе бір бөліктері құлаған ғимараттар мен құрылыстардан құтқару;
- Жұмыстар жүргізілетін аумақтардағы өрттерді жою және сөндіру;
- Ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе құлату;
- Тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі аварияларды жою.
Ядролық зақым ошағы (Очаг ядерного поражения) - ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының әсерінен үлкен аумақта ерттер, зақымдану, жаппай қирау, оның ішінде қорғаныс құрылыстардың да қирауы, коммуналдық-энергетикалық тораптардың бүлінуі, жердің радиоактивті зақымдануы және халық арасында едәуір шығын болатын аумақ. Ядролық зақым ошағының аумағы қолданылған қарудың мөлшері мен қуатына, жарылыстардың түріне, ғимараттардың сипатына, жер бедеріне (акватория тереңдігіне) және ауа райы жағдайларына
4
Н 3-1. 1. 37-2022
1 баспа02. 02. 2022

байланысты. Соққы толқыныныңқысым шамасы ОД кг/см2 және одан да көп бөлған жердегі шартты сызық Ядролық зақым ошағының сыртқы шекарасы болып табылады. Қираудың ықтимал сипатын анықтау және құтқару жұмыстарының көлемін белгілеу үшін Ядролық зақым ошағын төрт аймаққа боліп қарау қалыптасқан. Бұл аймақтардың радиустары ядролық жарылыстың қуаты мен ғимараттардың сипатына байланысты.
2. Төтенше жағдай.
2. 1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай- өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өтр(жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын(тарату қауіпі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгердердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр- энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.
Төтенше жағдайлар аймағы
Төтенше жағдай аймағы бұл- төтенше жағдай туындаған келгілі бір аймақ. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай таралу аумағына және келтірілген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері.
Қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан халық пен шаруашылық объктілерін қорғаудың, құтқарудың негізгі принциптері мыналар:
- Бейбіт және соғыс уакытындағы АҚ жоспарларын әзірлеу;
- Халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қылып жою құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау;
- Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікті ұстау;
- Көшіру шараларын даярлау;
- Бейбіт және соғыс уакытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу;
Осыған байланысты халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада және бүкіл Республикада міндетті түрде жүргізілуі қажет.
5
Н 3-1. 1. 37-2022
1 баспа02. 02. 2022

2. 2. Эвакуациялық шараларды жүргізу және ұйымдастыру.
Эвакуация
- адамдардың өмiрiн сақтау және өндiрiстiң жұмыс iстеуiне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкiн аудандардан ұйымдасқан түрде әкету (шығару) .
Эвакуацияланған барлық халық қауiпсiз аймаққа орналастырылған пункттерде тiршiлiк қызметiне қажеттілерiмен аз шамада қамтамасыз етiлуге тиiс.
Төтенше жағдай тәртiбiн енгiзе отырып, соғыс кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар жүргiзедi. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қаупi мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар алдын-ала жүргiзедi.
Барлық категориядағы халықты әкетудi (шығаруды) және оларды қауiпсiз аймаққа орналастыруды олардың жұмыс iстейтiн, оқитын, тұратын жерлерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдастырады.
Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен- халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пайдалануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жеке жасалады.
Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қаупі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған арнаулыоқу орындарының төменгі курс студенттері, колледждердің, лицейлердің, мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жүмысының кестесін бұзбастан эвакуациялық шаралар басталғанға дейін ішінара эвакуациялауға жатады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз аймақтарға уақытша көшіру жүзеге асырылады.
Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардын тыс жерлерге жеткізу(шығару) мерзімі оның аяқталуы болып
6
Н 3-1. 1. 37-2022
1 баспа02. 02. 2022

саналады. Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының облысында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы(пункті) белгіленеді.
Бытыраңқы орналастыру- соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерінің категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру. Әр ұйымның жұмысшылар ауысымын тасымалдау үшін жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне көшіруге және қайта әкетуге кететін уақыттың мейлінше аз жұмсалуын (2-3 сағаттан көп емес) ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді.
Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауға жататын барлық халыққа эвакуациялық тізім жасалады. Тізімдер ұйымдар мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері (ПИК) бойынша күні бұрын жасалады және эвакуациялық шараларды жүргізуге арналған өкімді алған уақытта анықталады. Жұмысшылар мен қызметшілердің өндірісте және қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүшелері отбасы қожасының жұмыс істейтін орны бойынша тізімге алынады.
Эвакуациялық тізімдер үш данада жасалады:
- Ұйымды немесе пәтерлерді иеленушілер кооперативінде қалады;
- Эвакуациялық шараларды жүргізуге өкім алысымен жиналатын эвакуациялық пунктте (тізімді анықтағанна кейін) жіберіледі;
- Бытыраңқы орналастыру мен эвакуация басталысымен қабылдау комиссиясына жіберіледі.
Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастыратын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймаққа есепке алатын, орналастыратын және жабдықтайтын негізгі құжаттар болып табылады. Қауіпсіз аймақта бытыраңқы орналастыратын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға, жабдықтауға және қорғау үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған дайындық шаралары алдын ала жүргізіледі. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.
Бытыраңқы орналастыру мен эвакуацияға орталық және жергілікті атқару орғандарының Азаматтық Қоғаныс бастықтары, ал қауіпсіз аймаққа (селолық жерлерге) келушілерді қабылдау мен орналастыруға, аумағына халық келетін селолық аудандардың Азаматтық Қорғаныс бастықтары басшылық жасайды[3] .
7
Н 3-1. 1. 37-2022
1 баспа02. 02. 2022

Қорытынды.
Яғни, ядролық зақымдау ошағы және оның сипаттамасы, ядролық зақымдау ошағындағы қирау аумағы және олардың сипаттамасы, ядролық жарылыс бұлтының ізіне пайда болатын зақымдау аумағы болып табылады. Жергілікті жердің, атмосфераның, жерге жақын қабаттарының, әуе кеңістігінің, су мен басқа да объек-тілердің радиоактивті зақымдалуы ядролық жарылыс бұлтынан радиоактивті заттардың түсуінен болады.
Ядролық жарылыс кезіндегі радиоактивті зақымданудың негізгі көздері: ядролық жарылғыш заттардың (плутоний - 239, уран - 235, уран - 238) бөліну өнімдері және осыдан барып топырақтың ядролық зарядтың бөлінбейтін бөлігімен активтелінуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz